Ғұнмен қытай арасындағы соғыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 17:35, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттілік мәселесін зерттегенде тәуелсіз сана мен еркін ой, сол халықтың өзі жазған тарихи деректері маңызды. Қазақ даласында кем дегенде мемлекеттіліктің 2,5 мың жылдық тарихы бар. Бізге тәуелсіздік өзінен-өзі келген жоқ, оның бастауы мен сабақтастығы ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Еуразия даласының ұлы көшпелі мемлекеттері өз кезегінде тіршілігін тоқтатқанмен, артына өшпестей мұра қалдырып отырған.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
Ғұн мемлекетінің саяси-тарихы..............................................................................4
Мөденің дәуірі..........................................................................................................5
Ғұнмен қытай арасындағы соғыс............................................................................6
Қорытынды..............................................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қз.Тарих 1.docx

— 57.80 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

Ғұн мемлекетінің саяси-тарихы..............................................................................4

Мөденің дәуірі..........................................................................................................5

Ғұнмен қытай арасындағы соғыс............................................................................6

Қорытынды..............................................................................................................11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Кіріспе

 

Мемлекеттілік мәселесін зерттегенде тәуелсіз сана мен еркін ой, сол халықтың өзі жазған тарихи деректері маңызды. Қазақ даласында кем дегенде мемлекеттіліктің 2,5 мың жылдық тарихы бар. Бізге тәуелсіздік өзінен-өзі келген жоқ, оның бастауы мен сабақтастығы ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Еуразия даласының ұлы көшпелі мемлекеттері өз кезегінде тіршілігін тоқтатқанмен, артына өшпестей мұра қалдырып отырған. Бұл дала мемлекеттерінің заңы еді. Сақтар, ғұндар, түріктер, қыпшақтар, кейінгі қазақ хандығы осы жүйемен өмір сүрген.

Тарихта дала заңы бойынша алғашқы көшпелілер мемлекетін құрған ғұндар болатын. Оның негізін ғұн мемлекетін құрған Мөде шаньюйдің дунхуларға жауабында жер мемлекеттің негізі дегенді келтіреді. Олар негізін қалаған көшпелі мемлекеттердің құрылымы мен қоғамдық жүйесі, әскери-соғыс өнері кейінгі дала мемлекеттеріне өнеге болып қалды. Модэнің дәуірі - ғұндарда ерлік жырын тудырған бір жарқын заман. Оның бар өмірі Қытайдың озбырлық ісімен алысып, оны жеңіп шығуға не тең түсуге арналған.Ғұндардың аса күшейіп, мықты болған кезі - б.з. бұрынғы IV-III ғасырлар арасы. Олардың бар өмірі Қытай елімен соғысумен өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қытаймен ғұндардың өзара байланысы.

Б.з.б 1 мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жатқан жерді этникалық жағынан әртүрлі тайпалар мекендеді.Солардың басты бір тобы б.з.б IV-III ғасырларда Солтүстік Қытайды мекендеген Сюнну мен Дунху бірлестігі еді.Сюннулар хунну немесе ғұндар деп аталады ,әсіресе б.з.б 3 ғасырда мейлінше күшейді.

Ғұндардың құдіреті тасып түрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан “ғұн” атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп Қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Хань империясы кезінде Қытайлықтар ғүндарды талай рет басып алмақшы болады, бірак ғұндар іргелес тайпалармен бірігіп, Қытайлыктардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады. Ғүн тайпаларының бірігіп топтасуы б. з. б. 209 жылы “ғүн үйінің өрлеуі” кезінде іске асты.

Ғұндардың аса күшейіп, мықты болған кезі - б.з. бұрынғы IV-III ғасырлар арасы. Олардың бар өмірі Қытай елімен соғысумен өтеді. Қытай - олардың көп заманнан бергі ескі жауы, оларды бүтіндей құртып, жерін тартып алуға кіріскен залым ел: деп айтады Аммиан Марцелиан. Осы кезде ғұндар ортасынан ел қорғайтын кемеңгер басшы, жойқын алып ерлер шыға бастайды. Соның бірі - Тұман, оның алып ұлы ер Модэ (Бодэ) б.з. 209-174 жыл бұрын жасаған ғұндардың жойқын ері, ол ғұндарды Қытаймен терезесі тең қылған,ғұндарды бір тұтас елге айналдырған атақты «Шаньюй».

Модэнің дәуірі - ғұндарда ерлік жырын тудырған бір жарқын заман. Оның бар өмірі Қытайдың озбырлық ісімен алысып, оны жеңіп шығуға не тең түсуге арналған. Алғашқыда қытай үкіметімен ғұн мемлекетінің арасындағы қарым-қатынас шиеленіспей тұрған,алайда қытайлықтар Модэні өздерінен кем санап, одан салық сұрайды, қымбат дүние, алтын күміс алмақшы болады. Соның бірі Модэнің әкесінен қалған күніне мың шақырым жүгіретін атақты тұлпар, «соны бізге тартсын» деп елші жібереді. Модэ бұл істі билердің кеңесіне салады. Бектер жаны қызып, жойқын наразылық білдіреді.

– Бұл не деген сөз? Мың шақырым жүгіретін тұлпар тек ғұн елінің қазынасы. Оны қалай бересің?

Модэ болашаққа көз салып, «бұл залыммен әзірше жауласпайын, бізде тұлпар жылқы аз емес қой» деп беруге ұйғарады. Тұлпарды алып, Қытай үкіметі тағы да өршелене бастайды: «Бізге Модэнің бір ханымын сыйға тартсын» деп елші жібереді. Ғұнның бектері оның хатын оқи отырып:

– «Қытай хандарында ар, ұят деген нәрсе жоқ! Не деген сөз, ханның әйелін берсін» деу?

«Оның сөзін тыңдап отырғанша, тура соғысқа шығу керек» деседі.

Модэ оған қарамай, бір тоқалын беріп жібереді. Оларға айтқаны: «Ғұндар Қытай елінен тыныштық тілейді, сыпайылық, әдептілік – адамның сүйетін ісі ғой».

Бірақ Қытайдың ғұндарға астамшылық ісі кейін үсті-үстіне көбейе береді. «Модэ бізден қорқады екен. Олай болса, екі үкімет арасындағы ұзындығы мың шақырымға созылып жатқан бос жерді сұрап алайық» деп, тағы да елші жібереді. Модэ бектерін жинап, кездескенде, «бос жатқан шөлді жерді» кейбіреуі беру, кейбіреуі бермеу керек деді. Модэ оған қатты ашуланып:

– Бұл не деген сөз? Жер - халықтың қазынасы, оның күнкөрісі. Оны қалай бересің?

«Берейік», - деген бектердің бәрінін басын кестірді. Сол арада отырып, «мұндай зорлықты естігенше, не бүтіндей жойылып, не ұлы жойқын соғыс ашайын», - деген ұлы тілекке келді. Ең алдымен Қытайға қарсы тұратын жойқын күшті үкімет күшін жасады. Күнбатыс пен күншығыстағы көп тайпаларды бүтіндей біріктіріп, ұлан-байтақ күш жиып, олардың не заманнан Қытайға қарсы тістерін қайрап жүрген ашуларын үсті-үстіне күшейтіп, Қытайдың жаулап алу зұлымдығына қарсы шығады.

Модэнің басқарған елі күншығыста жиырма тайпадан артық тайпадан тұратыны жайлы олар: қыпшақтар, қыяттар, қайлар (оғыз), қырғыздар, динлиндер икюй т.б . Олардың басшылары Модэні «кемеңгер алып» деп атады.Солардың ішінде ең мықтылары - икюй (қазақ ұлысында екей), Ортос, Қансу бойларында отызға тарта қала салып, қыстыгүні қал ада отыратын тайпалар, екінші тоғыз тайпа екейлермен аралас.

Қытайлар осы екей тайпасына көп әскер жіберіп, оларды тегісімен құртты. Сол жерге ұзын қамал тұрғызады.

Қыпшақты ескі Қытай тарихында Кюеше, Кыйчақ, Ше, Ши деп атаған.Тарихтың баяндауынша: «В середине III в. до н.э. многие тюркские племена соединились в одно могущественное государство, которое китайцы называют государством Хун-ну, достигшим в царствование Модэ (209-179) наибольшего значения... Они распадаются на тюрков западных и восточных, враждующих друг с другом, которые соединились вместе лишь благодаря походам Модэ. Восточные тюрки состоят из Уйгуров..., которые занимают область между Тангну Ола и Желтой рекой и к югу от Тянь-Шаня до бассейна реки Тарим. К северу от них живут Дин-Лин около Тангну Ола, Кыргызы (Кя-Кяси) по Енисею, Карлыки и Тюрки (ту-гю) на Алтае и к югу до Тарбагатая. В числе западных тюрков китайцы называют У-сунь к югу от Балхаша и далее на запад канглы, (Кангю) до Амударьи, к юго-западу от них до Каспийского моря Юэджи. Модэ покоряет все эти племена»

Модэ үйсіндерді ғұндармен біріктіріп, мықты күш жасаған. Модэ Қытай патшасына жазған хатында серпіле айтады: «Басқа тайпалар сияқты үйсіндер де ғұн әскеріне қосылды»

Мұны Қытай елшілері де қостайды: «Үйсін алыста жатқан ел болған соң Қытайды білмейді, өздері ғұндарға жақын, оларға бағынады»

Тағы бір жерінде елшілер ашық айтқан: «Ғұндардың ұлы үкімет жасауы үйсін, қаңлымен бірігуінде. Олар туысқан ел, кейде соғысып, кейде бірігіп жүреді. Осыған қарсы олардың арасынан Қытай үкіметі от жақпақшы болды: «Китайский двор... выдал царевну за Усуньского владетеля, чтоб отделить от хуннов союзные государства на Западе» Демек, осылардың барлығын біріктіріп, басқа елді жаулағыш Қытай үкіметіне қарсы тұрады. Барлық тайпаларды Модэ 24 Ұлысқа бөліп, олардың ішінен мыңбасы, жүзбасы, онбасы деген атақ береді. Есімдері ел есінде қалатын кемеңгер басшыларын жауке (чжуки), дүй (ұлы), «төрт мүйізді» деп атайды. Олардың барлығы бір мықты әкімшілікке бағынады.

Модэнің билеген кезінде оның үкіметі орасан күшті болды. Оның саяси мұрасы баласына, ұрпақтарына дейін келіп жетті, билеген елінің жері Қаңғай, Алтай тауынан бастап, б.з. 177 жыл бұрын Каспий теңізіне дейін жетті

Барлық тайпаларды бір саяси орталықта отырып биледі, оны «Орда» деп атады.

Ғұндардың ордасы әрбір өлкеде жасады. Жазды күнгі ордалары Алтай, Қаңғай тауының ішінде, Орхон өзенінің бойында болып, қысқы ордалары Қансуда, Ортос бойында, Лобнорда, Күншығыс Түркістанда, Жетісуда, Талас, Сырдария бойында орналасып тұратын. Ең ұлы ордасын «Қоян ұлысының ордасы» деп атайтын.

Осы өлкелерді мекендеп отырған ғұн мен үйсіндердің мәңгі дуласқан елі Қытай, олардың зорлығына қарсы тұру. Қытай мен ғұндар мыңдаған жыл соғысты. Ең үлкен жойқын соғыс Модэ заманында өтті. Модэ жойқын күшті мемлекет жасап, елін күшті тәртіпке түсірді. Осыған орай, олардың ортасында кемеңгер ойшылар, атақты әскербасылар аз болған жоқ. Ғұндар сол кездегі ұлы мемлекеттің бірі болып Қытаймен тең түсіп отырды.

Модэнің өмipi - ғұн тарихында ерлік жырын шығарудың бір жарқын дәуірі. Ол барлық Орта Азиядағы халықтарды біріктіріп, Қытайға қарсы қойған мықты күш. Көп ғалымдар Модэні Оғыз ханның жорығымен салыстырады. Демек, екеуінің өмірбаяны өте ұқсас, екеуі де әкесін өлтіріп, елді жарқын түрде басқару, екеуінің зұлымдыққа қарсы аттанған жорықтары халық аузында аңыз болып қалған.

Модэ бар жорығын Қытайға арнап жасайды. Ең алдымен көптеген жағдайды түзейді, қару-жарақты көбейтеді, қаншама жебе оқтарын құйдыртады. Ол үшін барлық жігіттерін, ұсталарын кен қазу жұмысы, металл, алтын, күміс, қола балқытып, қаншама топталған қару-жарақ, қылыш, ұзын селебе, қанжар, сан жетпейтін садақ оғын, жебе, көбелерді топтатты. Көптеген жойқын әскерлерін топтап, Қытаймен жойқын соғысуға шығады. Шекарадағы өлкелерге әскер демалып жататын көптеген жер үйлер тұрғызады. Модэнің әскерінің саны 300 мыңнан аса бар еді, Қытай әскері 100 мыңнан артық емес еді, олардың атты әскері тіпті аз болатын.

Модэнің өзгеше бір ісі жігіттеріне «алтын қабақ» аттырып, мергендердің санын орасан көбейтті, олар аспанда ұшып келе жатқан құстың өзін тез атып түсіретін, асқан мергендер еді. Енді бір ісі, соғыс үстінде жау әскеріне үлкен әсер ететін, ысқырып шығатын жебе оғын жасатты. Сүңгі, садақ, қылыш, қанжар, селебе жасайтын ұсталарды ерекше қадірлеп, олардың өзіне арнап, шеберлік үйін жасап берді.

Модэ осы әскери күші мен қытай әскеріне қарсы шығып, олармен жойқын түрде соғысты.Қытай әскері төтеп бере алмады, Модэ оларды тез арада қиратып жеңді, Ортос алабын өзіне қайырып алды.

Демек, ғұндардың Қытай үкіметіне үлкен әсер еткен кезі осы Модэнің кезі. Модэ Қытайды өзіне бағындырып, оларға жыл сайын салық төлеп тұруды міндет етті. Ғұндар не сұраймын десе еркі толық жетті. «Бұл, әрине, ұлы мемлекеттің ісі. Қытай оларға бағынышты болып, салық төлеп тұрды» Ғұндармен Хань әулетінің бейбіт қатынасы б.з.б 166-163 жылдарға дейін созылды Бұдан соң туыстық пен бейбітшілік туралы шарт қайтадан басталып,жаңарып отырған.Ұлы Қытай қорғаны салынуынын бір себебі осы ғұндардың шабуылынан қорғану амалы еді.

Модэнің баласы Лаошан да атақты алып ердің бірі. Ғұндардың күнбатыстағы шекарасы бұл кезде Каспий теңізіне жететін. Қытай мемлекеті ғұндардан көп сескеніп, үрейі ұша бастайды. Қытайлардың ортасында бір аңыз тарап, «бізді Ху елі жоймақшы» деген сөз шығады. Осыны негізге алып, Қытай үкіметі бес мың шақырым шекараға өздерінің ұзын қамалын тұрғызуға кіріседі.Қорған елдің солтүстік аудандарын көршілес көшпелі тайпалардың жауынгер атты әскерлерінің шабуылынан корғау үшін, елдің бүкіл солтүстік шекарасын қамтитын қорғаныс қабырғасын салуды ұйғарады.Бұл атақты Ұлы Қытай қабырғасының күрылысы еді.Қорған 5000шақырымға созылған,биіктігі10 метр,әр 60-100 метр сайын күзет мұнарасы орнатылған.

Бірақ ол ұзын қамал ғұндарға артық бөгет бола қойған жоқ - Ғұндардың күші артыла берді.

Модэ біздің заманымыздан 174 жыл бұрын дүние салды. Оның немерелерінің кезінде феодалдық Қытай күшейе бастаған кезі. Қытайдың патшасы У-ди (140-87 б.з.д.) ғұндарды тегіс құртудың жолына түседі. Біздің заманымыздан 114 жыл бұрын ол көп әскермен ғұндарға шабуыл жасап, оларды Ортос, Қансу, Инь-Шань тауларынан қуып шығады. Инь-Шань түрікше Күмістау, орманы, алтыны, күмісі көп бір қадірлі жер. Ол жерді көбінесе Модэ тұрақ етіп, оның алтын, күмісі мен қола темірінен қару соқтырған. Ол жер ғұн шеберлерінің көркем дүние жасайтын, қызықтаған жері. Шекарада тұратын ғұн қарттарының қария сөзі бойынша, Инь-Шань тауын Қытай әскері тартып алғанында, ғұндар ботадай боздап, одан кеткісі келмеді. Бірақ Қытай әскері ғұндардың жастарын тегісімен қырып, қалғандарын қуып шығады. Олар өліп-талып не Жетісуға, не Алтайдағы туысқандарына барып қосылады.

Модэнің ұрпағынан Қытаймен аяусыз соғысқан атақты алып ер Шижы. Ол У-дидың саясатына айрықша қарсы шығып, күнбатыс пен күншығыстағы, теріскейдегі көп тайпаларды жаңадан біріктіріп, Қытайға бар қуатымен қарсы тұрады. Оның ықпалына ерген тайпалар ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, қыпшақтар, қайлар (оғыз), қырғыздар. Шижы б.з. бұрын 73 жыл үйсіндерге ой түсіріп: «Қытаймен дос болуын қойсын, Қытайдың ел жаулап алуына қарсы бізбен одақ болсын».

Бұл кезде Қытайға қарсы болған үйсіннің басшылары ордасынан қашып, қаңлыларға келіп жүретін. Үйсіннің ордасында бүлік шығарғандар үйсіннің хандарына шыққан қытайдың қыздары. Олар Қытай үкіметінің тапсыруы бойынша, қасында жиналған көп қытай тыңшылары мен үйсіннің ордасын екіге бөліп, олардың күшін азайтып, бір-біріне айдап салып үлкен зұлымдық істейді. Шижы осыған қарсы бағынбаған үйсіндерге әскер шығарып, оларды өзімен біріктіреді.

Шижы  елді билеп тұрғанда қала мәдениетіне көп көңіл бөлген.Шу, Талас өзені бойындағы көп қаланы тұрғызған.Ол Жетісуда үлкен ұлыс, үкімет жасап, Талас қаласын көркейтіп, оны өзінің ұлы астанасы етеді. Ол қала Алатаудың теріскей бетінде, Талас өзенінің бойында құрылған.

Ғұндар, үйсін, қаңлылар қыстыгүні осы қалаларда отырып, жаз шыға Орталық Қазақстанға жайлауға баратын. Осының дәлелі ретінде олардың қалдырған мәдениет белгілері Орталық Қазақстанда, оңтүстік өлкелерде бірінен-бірі айнымайтын ұқсас болып тұрады.

Соның бірі әйдік «Тасақыр» сарайы, «Қызылқайнар», «Түймекент». Бұлардың барлығында Қытай әскеріне қарсы тұратын ұлы қамалдар, ұлы бағаналар, биік мұнаралар болған.

Сыма Цяньның баяндауынша, күнбатыста Шу - мемлекеттің астанасы Қытайдан көп алыс жерде тұрады. Өздерінің әлеуметтік салты жүн елінің заңымен жүргізіледі. «Жүн» қытайлардың ескі заманнан айтып келе жатқан, ғұн елінің халық аты».

Информация о работе Ғұнмен қытай арасындағы соғыс