Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 14:26, реферат
Ел тәуелсіздігі, бас азаттығы үшін күрескен көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары санаулы еді. Олардың санаулы болса да, алмақ асу, атқармақ шаруалары асқақ, биік болатын. Бірақ, өкінішке қарай, ол мақсаттарға басталмай жатып балта шабылды. Айтулы азаматтар айдаһар қоғамның аузында кетті. Мұстафа Шоқай да сол құрбандардың бірі еді... «Әділеттілік үстемдік құратын кез келеді, бірақ ол 50 жылға кешігіп жетеді» деген халық батыры Бауыржан Момышұлының сөзі бар-ды. Мұстафа ақиқатының айтылар күні де енді ғана туғандай. Мұстафа кім? Елінің патриоты ма, әлде сатқын ба?
Кіріспе..........................................................................................................1
Негізгі бөлім..............................................................................................3
I тарау
Түркі әлемінің ұлы перзенті
II тарау
Мұстафа Шоқай эмиграцияда
Қорытынды................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................16
Бірақ, 1918 жылғы 12 қыркүйекте өткен кездесуде Акшора өзіне айтылған федерация пікіріне мән бермеді.4 Түркия азаматы болуына байланысты Ресей ішіндегі қандай да бір саяси қозғалысқа белсене араласуының мүмкін еместігін алға тартып, өзіне ұсынылған қызметтен бас тартты.5 Сонымен қатар Акшора одақ атын «Шығыс Түріктерінің Федерациясы» деп атаудың дұрысырақ болатындығын көрсетті. Бөкейханов орыстардың бұл одаққа бойлары үйренгенге дейін, оған пантүркизм таңбасы басылуына себеп болатын атаулардан бойды аулақ ұстаудың қажет екенін, бірақ уақыт өте келе ол аттың да қабылданатындығын айтты.6 Сонымен, Шоқай мен серіктерінің Уфадағы Түркістан Федерациясы туралы пікірлеріне қолдау іздеу жұмыстары табыссыз аяқталды. Түркістан Одағы пікірі – Алаш көсемдерінің халықаралық жағдайды көріп байқағаннан кейін геостратегиялық жағдайға байланысты ұтымды пікірі. Ол кейін Шоқайдың күресінің белді пікірлерінің бірі болды.
II тарау
Қоқан қаласын большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын құлатуына байланысты Мұстафа Шоқай шетелге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. 1918 жылы мамырда зайыбы Мария Горина Шоқаймен бірге Ақтөбеге, одан Екатеринбургке жетті. Онда кеңестік билікке қарсы оппозиция күштермен байланыс орнатып, большевиктер үстемдігіне қарсы күрес жүргізудің жолдарын қарастырды. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының Самарадағы комитеті мәжілістеріне қатысты. Осы комитеттің ұйымдастыруымен 1918 жылы қыркүйекте Челябинскіде шақырылған съезге қатыспақ болып барғанында өзге делегаттармен бірге Колчак әскерлері тарапынан тұтқынға алынды. Сәті түсіп, тұтқыннан босап шыққан соң 1919 жылы көктемде Маңғыстау арқылы Бакуге келді. Ол Әзербайжанда көп аялдай алмады. Аласапыран заман оны барған сайын елінен алыстата берді. 1919 жылы Грузияға өтіп, Тбилисиде екі жыл тұрды. Мұстафа Шоқай 1920 жылы Тбилисиде украиндықтармен бірлесе отырып «На рубеже» журналын шығаруды жолға қойып, оның редакторы қызметін атқарды. Сонымен бірге ол «Шафақ» («Таңсәрі») газетіне бас редактор болды.1921 жылғы ақпанның 25-іне дейін болып, осетиндік белгілі қайраткер А.Цалыковтың редакторлығымен шығатын «Вольный горец» және Грузия меньшевиктерінің «Борьба» газеттерінде істеді. 1921 жылы ақпанда қызылдар Грузияны басып алған соң Түркияға кетеді. Туыс ел болғанымен, онда да көп тұрақтай алмай, 1921 жылы көктемде Парижге келеді. Париж түбіндегі шағын Ножан-Сюр-Марн қаласында тұрақтайды.
1924 жылы Түркістан ұлттық бірлігі ұйымы құрылып, оған мүше болады, кейін оны өзі басқарады. Ұйымның «Жаңа Түркістан» («Йени Түркістан»), «Жас Түркістан» («Яш Түркістан») журналдарын ұйымдастырды. Ол «Яш Туркестанда» Түркістан халқының мәдениеті, кеңестік биліктің бұл өлкедегі саясаты және 2-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар, т.б. тақырыптағы қоғамдық-саяси мәні өткір зерттеу мақалаларын жариялады. Оның атсалысуымен жарық көрген басылымдарда тек Түркістан өлкесі ғана емес, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Еділ-Жайық бойы, Қырым халықтары жөнінде қоғамдық-саяси мәні бар материалдар басылып тұрды.
М.Шоқайдың халықаралық байланыстары тек түркі халықтарының өкілдерімен шектеліп қалған жоқ. Ол Украина мен Кавказ халықтарының Еуропадағы өкілдері құрған Прометей одағына кірді. Бұдан басқа, Парижде Кавказ, Түркістан және Украина халықтары достық комитетін ұйымдастырып, оның басшысының орынбасары болып сайланды. Мұстафа Шоқай «Кеңестер билеген Түркістан» және «Қазақ жеріндегі ашаршылық» деген мақалаларында ел жағдайын ашына баяндайды. «Мен большевик Сафаровтың айғақтарына сүйенемін. Ол – ВЦИК-тің Түркістан істері жөніндегі арнаулы комиссиясының мүшесі. Сафаров былай деп жазады («Правда», №133, 20 маусым 1920 жыл»): «Перовскіде (Сырдария облысы) патша жендеті Гержот деген билік етуде. Ол тұтас бір халықты – қазақтарды қырғынға ұшыратты. Соның кесірінен бір миллиондай қазақ аштан өлді», деп көрсетті қолында қайрат қылар дәрмен жоқ қайран ер Мұстафа Шоқай. [3]
Мұстафа Шоқай Орталық Азия кеңістігінде ұлттық-аумақтық межелеу негізінде бірнеше кеңестік республикалардың өмірге келуін құптаған жоқ. Ол большевиктер бұл өлкеде бөле отырып билеу саясатын ұстанып отыр деп түсінді. Ал республикаларды «ұлттық» емес, «ұлыстық» республикалар ретінде қабылдады. Түркістанда кеңестік биліктің орнауы және оның қызметі, іске асырылған жер-су реформасы, мемлекеттік мекемелерді жергіліктендіру, байлар меншігін тәркілеу, көшпелілерді отырықшы тұрмысқа көшіру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселелерін талдауда нақтылы мәліметтерге жүгіне отырып, тоталитарлық жүйені сынға алды және оның солақай саясатын әлем жұртшылығына паш етті.
Кеңес өкіметі басшылығына Мұстафа Шоқай сыны өте жайсыз тиді. Сондықтан да кеңес өкіметінің үгіт-насихаты Мұстафа Шоқай сынына қарсы мақсатты түрде жұмыс істей бастады, ал бұл істің басында И.Сталиннің өзі тұрды. Мұстафа Шоқайдың еңбектерінде фактілік материал ретінде пайдаланылған түркістандық қазақ және орыс тіліндегі басылымдарды кеңестік билік орындары қатаң бақылауға алды. 1925 жылы мамырдың 29-ында И.Сталин РК(б)П Қазақ өлкелік комитетіне жолдаған хатында «Ақ жол» мен ақ гвардияшыл эмигрант Мұстафа Шоқай арасында идеялық бірліктің байқалатындығын жазды. Мұстафа Шоқай қайда және қандай ауыр жағдайда жүрсе де бүкіл түркі-мұсылман халықтарының қамқоршысы болуға тырысты.
1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. Түрмеден босаған оны неміс-фашистері түркістандық соғыс тұтқындарынан құрылуға тиіс Түркістан легионын ұйымдастыруға тартпақ болды. Мұстафа Шоқай бұл ұсынысты соғыс тұтқындарының жағдайын жақсарту үшін пайдалану жолдарын қарастырып, нақтылы әрекеттерге барды. Бірақ көп ұзамай Мұстафа Шоқай Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар зиратына жерленді.
М.Шоқайдың шетелдегі саяси қызметінің ең таласты кезеңі гитлерлік Германиямен байланысы. Немістер оны 1941 жылдың жазында Франциядан Берлинге алып кетіп, өз мақсаттарына пайдалануды ұйғарған. Мұстафаны тұтқын түркістандықтардың тізімін жасауға, білімін, мамандығын анықтауға жұмсаған. Осы орайда айта кететін бір мәселе – орыс, славян емес тұтқындардың санын анықтау, олардың көңіл ауанын барлау мақсатында немістер 25 комиссия құрған екен, оларға кеңестік шығыс халықтарының 600-ге жуық адамы – саяси елауғандар тартылыпты.
Тұтқындар лагерьлерін аралап, ондағы адам төзгісіз ауыр жағдайды көргеннен кейін және оны титтей де болса жеңілдете алар амалы жоқтығына күйзелген Мұсекең өзін пайдаланғысы келіп отырған неміс генералы (группенфюрер) С.Иоахим дегенге шарасыздықтан мынадай хат жазады: «Гете, Фейербах, Бах, Бетховен, Шопенгауэр сияқты ұлыларды тәрбиелеген ұлттың тұтқындарға жасап отырған зұлымдығын көре отырып, мен Түркістан легионын басқару туралы ұсыныстан және сіздермен әрі қарай жұмыс істеуден бас тартамын». Бұл өзіне үкім шығарумен барабар еді. Көп ұзамай ол 1941 жылғы 27 желтоқсанда Берлиндегі Виктория ауруханасында жұмбақ жағдайда көз жұмады. «Сүзектен қайтыс болды» деген анықтама толтырылады. Қазір зерттеушілер ол кімнің тарапынан болса да – немістердің, әлде серігі өзбек Вели Каюмнің (легион басшысы болғысы келгендіктен не немістердің жұмсауымен), не кеңес жансызының қолынан қастандықтан өлген деген болжамға келіп отыр. [3]
Сонымен, М. Шоқай Парижде эмиграцияда жүріп, сырттай университетте оқиды. Үлкен түркологтардың қатарына қосылып, қазақ тілінде он шақты оқу құралын жазады. М.Шоқайдың Түркістан ұлттық тәуелсіздігі жолындағы түрікшілдік идеясы 1927-31 жылдары Стамбулда шыға бастаған «Жаңа Түркістан»журналында, кейіннен 1928-39 жылдар аралығында үзіліссіз шығып тұрған «Жас Түркістан» журналында жарияланып отырған.
Оның «Түркістан жастарына» үндеуі – түрікшілдік қозғалыстың ұранына айналды. Ол былай деп өнегелі сөз қалдырды: «Бостандық, теңдік, бауырластық деген ұрандар дүниеге XVIII ғасырда пайда болды. Оларды жалындата жар салған Францияның саяси қайраткерлері. Осы ізгілікті іздегендер қараса біздің Құраннан, Інжілден, Будда ілімінен, Лев Николаевич Толстойдың философиясынан да таба алады. Шын мәніндегі шынайы бақыт пен махаббатқа деген жол соларда. Басқа жол жоқ. Бұл жолдан тайғандар жауыздыққа тап болумен пара-пар».
Мұстафа Шоқай Түркістандағы кеңестік биліктің отаршылдық сипатын алғаш таныған және онымен күресуге бүкіл ғұмырын арнаған, түркі халықтары тарихында жаңа интеллектуалды көкжиекке көтерілген қайраткер болды.
Алматы қаласында Мұстафа
Шоқай есімімен аталатын көше бар. Қызылорда
қаласындағы Экология университетіне
Мұстафа Шоқай есімі берілген.
Қайраткердің туған ауылына ескерткіші
қойылған. Мұстафа Шоқайдың «Түркістан
Советтердің үстемдігі астында»
2002 жылы Мәскеуде шыққан
«Ресейдегі азамат соғысы:
Қорытынды
Мұстафа Шоқайдың бүкіл түркі халықтарының басын біріктіретін бір мемлекет құрғысы келгенін тарихтан білеміз. Ол бейбіт саясатты қолдады. Бүкіл іс-әрекеті, өмір жолы оның бейбіт те азат азамат болғанын көрсетеді. Халқын да сондай кейіпте көргісі келді. Оның осы жолда өмірлік серігі болған Мария Шоқайдың естеліктері де осының дәлелі: «Мұстафа Шоқай шенқұмарлықтан аулақ болатын. Бірақ өзі қаламаса да, алдыңғы қатарда болуға мәжбүр еді. Ол Түркістанда Швейцария тәрізді мемлекеттік жүйенің болғанын қалайтын және армандайтын. Түркістан халқын қазақтар, қырғыздар, өзбектер, түрікмендер, тәжіктер мен қарақалпақтар құрайды деп білетін. Бұлардың ішіндегі саны жағынан ең көбі қазақтар еді. Саяси интрига мен адамдардың жағымпаздығына жиіркенішпен қарайтын. Ешбір ұлтқа дұшпандығы болмайтын. Мақалаларының бірінде «Рязань мұжықтары» деген ұғымды қолданып, орыс ұлтына антипатиялық көзқарасын білдіргенін айтқанымда, ол: «Мен халыққа қарсы емес, халықты басқарып отырған басшыларға қарсы, сөзбен күресудемін. Бұның екі арасын ажырата білу керек, кейде саяси демагогия да қажет. Егер мен күннен-күнге сепаратист болып бара жатсам, оған да кінәлі орыстардың өздері».
Ол өмірінің соңында тамыз айының басынан қараша айының соңына дейін немістің бірнеше лагерін аралап, тұтқындағы ондаған мың түркістандықтармен кездеседі, оларды өлім тұзағынан құтқарып алуды өзінің бірден-бір борышы санайды. Жаны күйзелген Мұстафа Германияның билік орындарына жолдаған хатында: «Сіздер немістер өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті халықпыз деп санайсыздар. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз менің көріп жүргендерім болса, онда мен сіздерге тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін. Сіздер XX ғасырда өмір сүре отырып, XIII ғасырда Шыңғыс ханның жасаған зұлымдығынан асып түстіңіздер. Мәдениетті халық екендіктеріңізді айтуға хақыларыңыз жоқ» деп жазады. Осы хатты тапсырған СС офицері: «пікіріңді тым тура айтыпсың, мұның артықтау емес пе?» дегенде Мұстафа: « Егер сіздер осыған байланысты маған ату, не асу жазасын берсеңіздер қарсылығым жоқ. Мұндай мәдени қоғамда өмір сүргеннен гөрі өлгенім артық» дейді. Мұстафаның адал жары Мария Яковлевна арқылы бізге жеткен осынау деректер ұлтын сүйген ұлы азаматтың ұлтшыл жүрегінің жерлестері тартқан азапты көріп қалай ауырғанын, жанының қалай күйзелгенін әлемге жариялап тұрғандай.
Шындығында, қазақтар сол кезде түркі халықтарының ішінде жетекші рөлге ие болатын. Бірақ ол осы жетекшілігін сол кезде Мұстафа айтқандай, пайдаға асыра алмады. Бәлкім, сол кездегі саяси жағдай осы арнамен кеткенде қазақ одан кейінгі жылдардағы неше түрлі зобалаңдардан аман қалар ма еді?
Гуманист-ойшыл, демократ, энциклопедиялық білім иесі Мұстафа Шоқай ағартушы, Орта Азия мен Қазақстан халықтары тарихы мен мәдениетінің жоқтаушысы болды, ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін өте жетік меңгерді. Бүкіл ғұмырын ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ар-абыройын қорғауға, шындық үшін күреске арнады. Оның жан-жүрегі өле-өлгенше туған халқымен бірге болды.
Елім деп еңіреп өткен ер тұлға Мұстафа Шоқай – ең алдымен Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күрес жетекшілерінің бірі.
Сілтемелер
[1] Қазақстанның ашық кітапханасы:
Мұстафа Шоқай – Таңдамалы шығармалар І
[2] Авторы: Әкім Тарази, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
[3] “Егемен Қазақстан» республикалық газеті. 7 ақпан, 2012 жыл
«Түркі әлемінің көсемі» авторы: Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ, журналист-заңгер.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Бұл одақтың атын Уәлиди әртүрлі береді: Оңтүстік-Шығыс Мұсылман Өлкелері Федерациясы, Шығыс Ресей Мұсылмандар Федерациясы, Шығыс Ресей автономиялық Мұсылман Өлкелері Одағы және Түркістан Федерациясы. Бұл туралы қараңыз: Тоған З. У. “Türkili ve Türkistan’ın Yakın Tarihi”. Істамбұл, 1975, 370-371-бет.
2 Сонда, 370-бет. Тоган бұл федерация жоспарынан бір картаны ғана шетелге алып кете шығады. Бұл карта үшін қараңыз: Сонда, 371-бет.
3 Ресейдегі тұтқын түрік әскерлері мен офицерлерінің қайтарылуы мәселесі жөнінде көбірек мәлімет үшін қараңыз: Гүвен Е. “I. Dünya Savaşında Rusyadaki Türk Esirleri ve Rusya Türkleri”. Жарияланбаған мастерлик диссертация. Мармара Ұниверситеті Түркият Институты, Істамбұл, 1996; Қарақартал О. Dünya Savaşı Sonunda Sibirya’daki Esir Türk Askerleri Sorunu ve Türk Dünyası Gazetesi. “Sibirya Araştırmaları” Дайындаған. Амине Гүрсой-Наскали. Істамбұл, 1997, 317-322-бет.
Информация о работе Мұстафа Шоқай және оның түркішілдік идеясы