Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2012 в 14:26, реферат
Ел тәуелсіздігі, бас азаттығы үшін күрескен көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары санаулы еді. Олардың санаулы болса да, алмақ асу, атқармақ шаруалары асқақ, биік болатын. Бірақ, өкінішке қарай, ол мақсаттарға басталмай жатып балта шабылды. Айтулы азаматтар айдаһар қоғамның аузында кетті. Мұстафа Шоқай да сол құрбандардың бірі еді... «Әділеттілік үстемдік құратын кез келеді, бірақ ол 50 жылға кешігіп жетеді» деген халық батыры Бауыржан Момышұлының сөзі бар-ды. Мұстафа ақиқатының айтылар күні де енді ғана туғандай. Мұстафа кім? Елінің патриоты ма, әлде сатқын ба?
Кіріспе..........................................................................................................1
Негізгі бөлім..............................................................................................3
I тарау
Түркі әлемінің ұлы перзенті
II тарау
Мұстафа Шоқай эмиграцияда
Қорытынды................................................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................16
Еуразия Ұлттық Университеті
ЖСФ кафедрасы журналистика факультеті
Тақырыбы: Мұстафа Шоқай және оның түркішілдік идеясы
ҚЖ-11 тобының студенті
Жоспар
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім.........................
I тарау
Түркі әлемінің ұлы перзенті
II тарау
Мұстафа Шоқай эмиграцияда
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Ел тәуелсіздігі, бас азаттығы үшін күрескен көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары санаулы еді. Олардың санаулы болса да, алмақ асу, атқармақ шаруалары асқақ, биік болатын. Бірақ, өкінішке қарай, ол мақсаттарға басталмай жатып балта шабылды. Айтулы азаматтар айдаһар қоғамның аузында кетті. Мұстафа Шоқай да сол құрбандардың бірі еді... «Әділеттілік үстемдік құратын кез келеді, бірақ ол 50 жылға кешігіп жетеді» деген халық батыры Бауыржан Момышұлының сөзі бар-ды. Мұстафа ақиқатының айтылар күні де енді ғана туғандай. Мұстафа кім? Елінің патриоты ма, әлде сатқын ба?
Тағдыр сыйлаған тәуелсіздік таңының атқанына да 20 жылдан асты. Өшкенімізді жығып, жоғалқанымызды тауып, ұмытқанымызды жаңғыртып, тарихымызды түгендеп жатқан осы бір жаңару кезеңдерімізде кешегі күні тіпті аттарын атауға болмайтын, бүгін ортамызға оралған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат, Мұстафа Шоқай сынды арыстарымыздың асыл мұралары мәдени өміріміздің жарқын беттеріне айналды. Кеңестік саяси зілзаладан жабылып қалған ұлттық рухани бұлақтарымыздан халқымыз мейірлене сусындап келеді.
ХХ ғасырдың басындағы төл тарихымызға есімдері алтын әріппен мәңгілік жазылған ұлтымыздың осы алыптарының қазақ әлеміне шоқ жұлдыздай жарқырай шығуы – елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен тығыз байланысты болатын. Бұл кездері, біріншіден, Ресей өзіне толық қаратқан Қазақстанда отарлау саясатын кең көлемде жүргізіп, әкімшілік құрылыс, халыққа білім беру, дін мәселесі, жер қатынастары сияқты қазақ қоғамы үшін аса маңызды салаларды өз уысына жиғанды. Екіншіден, Батыстан жылжып келе жатқан капитализм ұлттық өлкелерге де қадам басып еді. Бұлардың барлығы қазақ халқының саяси санасын оятып, Ресейдің отаршылдық езгісіне, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың сан түрлеріне қарсылықты күшейтіп, ұлт-азаттық көтерілістеріне жол ашты.
Алаш алыптарының тобында Мұстафа Шоқайдың орны бөлек. Бір қоғамда туғанымен, тұлғалардың тарихи қалыптасу жолдарының әр түрлі болатыны белгілі. Әркімнің өз тағдыры, басқаға ұқсай бермейтін өзіндік сүрлеу бар. Мұстафа Шоқай өмірінің соңғы 20 жылдан астамын жат елде өткізді. Бірақ 1941 жылдың аяғында көз жұмғанша жас кезінде таңдап алған туған халқының тәуелсіздігі үшін күрес бір сәт толастамады. Өйткені оның бүкіл ұстанымының мәні мен мағынасы, арманы мен мұраты өз ұлтының, Түркістан аймағының саяси егемендігі, рухани бостандығы болды.
ХIX ғасырдың соңғы ширегі Түркістан тарихының ең қараңғы кезеңдерінің бірі еді. Бұл кезеңде патшалық Ресей Түркістанды жаулап алуын толық аяқтаған. Бұдан кейін Петербург өкіметі бұл жерлердегі билігін нығайтуға күш жұмсап жатты. Сонымен қатар Түркістанның кең даласын мүмкіндігінше жан-жақты қанау шараларын жүргізді. Ресейдің ішкі аймақтарындағы жері жоқ орыс мұжықтарының Түркістанға жаппай көшулерін тездетті.
Түркістандағы жергілікті орыс билеушілері де осы саясатқа сай билік жүргізді. Меншікті жер мен мал-мүлікке ие болуға әбден құнығып алған орыс келімсектерінің Түркістанның жергілікті қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік және түрікмен секілді халықтарының жерлерін иемденуіне тосқауыл болмады. Мұндай әділетсіздікке қарсы халық шарасыз еді. Өйткені жерлерінің қолдарынан тартып алынуына қарсы тұрарлық күш-қауқарлары жоқ еді. Әділетсіздікке қарсы бас көтеріп, қаруланып, жерін қорғауға тырысқандар ауыр жазаға тартылды. Халық жер дауына байланысты жүгініп барған орыс сот орындарынан көбіне оңды нәтиже ала алмады. Өйткені халық жергілікті жәрежеде орыс тілі мен заңдарын білмеуші еді. Түркістан осындай саяси-әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қиын жағдайға тап болып отырған тұста Шоқай дүниеге келді. [1]
І тарау
Халқының еркіндігін өзінің азаттығы деп білген, өз тағдырын ұлтының бақытынан іздеген, тарихи кезеңдегі көрікте шыңдалып, теориялық білімі мен кемелдігі жеткілікті сегіз қырлы саясаткер Мұстафа Шоқайдың қалыптасуында айрықша рөл атқарған аса маңызды факторларға соқпай кете алмай отырмын. Бұл – тұлға табиғатын аша түсудің тиімді жолы.
Мұстафа Шоқай 1890 жылдың 25 желтоқсанында Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі Наршоқы жерінде дүниеге келген. Ол - белгілі Торғай датқаның немересі, Ер Шоқай - бектің ұлы. Нағашылары Хиуадағы қазақ хандары тұқымынан. Сол кезеңдегі қазақ балаларының тағдыры қандай болса, Мұстафаның да тағдыры сондай. Бірақ оның екі ерекшелігі болды. Бірінші, Мұстафа қазақ даласына белгілі үлкен шонжар, Хиуа ханының үлкен датқасы болған Торғай бидің немересі. Екінші, бала күнінде естігені — Хиуа хандығына бағынбау үшін қазақтардың қаншама соғысқаны, қай жерде қандай шайқастар болғаны, қазақ жігіттерінің ерлігі туралы әңгімелер. Өзінің туған анасы сондай соғыстарда қолына ту ұстап, топтың басында жүреді екен. Анасы ертегі-жырға өте құмар болған және баласына соның бәрін айтып беріп отырған көрінеді. Осы екі жағдай Мұстафа Шоқайды сол кездегі басқа балалардан бөлек, үлкен болашаққа бастаған деп ойлаймын. [2] Бұған тағы бір дәлел, Мария Шоқай өзінің «Менің Мұстафа» атты естелігінде былай: «Көп баланың ішінде Мұстафа аса зеректігімен ерекшеленген. Құранды да ең жақсы оқитын сол еді. Ата-анасы да, өзі де бұны үлкен мақтаныш санайтын. Үйіне келген кісілерге бала Мұстафа білгендерін айтып, сұрамаса да оқып беретін», - деп жазады.
Мұстафа Шоқай жазу-сызуды өз анасынан жасы беске толмай жатып үйренген. Сұлутөбе станциясындағы орыс мектебінде бастауыш білім алған ол 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1910 жылы үздік бітіріп шығады. Болашақ қайраткер 1910 жылы Санкт-Петербор университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1917 жылы бітіреді. Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына қатысады. Балқан соғысына байланысты 1912 жылы Санкт-Петербордағы қазақ, татар, өзбек, башқұрт және әзірбайжан студент-жастары арасында Түркияны қолдау қозғалысы өріс алған кезде оның арасында Мұстафа Шоқай да болады.
Ол 1915 жылы түркі-мұсылман халықтарының азаттық қозғалысына іріткі салу мақсатында орталық билік орындары құрған «Сират-ул-мустақим» («Тура жол») партиясына алғаш қарсылық танытқандар қатарында болып, студент жастар тобымен бірлесе отырып, зиялы қауым өкілдеріне «Сират-ул-мустақим» партиясын қолдамау жөнінде үндеу тастады. Бұл үндеу сол кезде татар тілінде жарық көріп тұрған «Сөз» газетінде жарияланды. 1916 жылы Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық қызмет атқарды. Түркістандағы көтерілістің себеп-салдарын тексеруге Мемлекеттік Дума Ташкентке арнайы комиссия аттандырғанда, оның құрамында депутаттар А.Керенский, Тевкелевтермен бірге Мұсылман фракциясы жанындағы бюро мүшелері Ш.Мұхамедияров пен Мұстафа Шоқай болды.
Жергілікті халықтың жағдайымен терең танысу мақсатында Мұстафа Шоқай Ташкентпен ғана шектелмей, Самарқанд пен Әндіжанда болып, жергілікті жағдаймен танысты. Петроградқа оралғаннан кейін өзі жинаған материалдар негізінде 1916 жылғы көтеріліс кезінде билік орындарының Түркістан халқын аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратқаны туралы Мемлекеттік Думада Мұсылман фракциясы атынан жасалатын мәлімдеме мәтінін әзірледі. 1917 жылы Ақпан революциясы нәтижесінде патша өкіметінің құлауын зор қуанышпен қарсы алып, қалыптасқан саяси ахуал Ресей империясында ұлттық езгінің тауқыметін тартқан түркі-мұсылман халықтарының бостандыққа жетуіне мүмкіндіктер туғызады деп үміттенді.
1917 жылы сәуірдің 16-21-і аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-ш съезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланды. «Бірлік туы» газетінің негізін қалап, оның алғашқы редакторы болды. Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін қорғауды мақсат еткен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін құрылған «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне» төрағалық етті. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттар кеңесі жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын мойындаудан бас тартып, қарашаның 15-22-інде өткен кеңестердің 3-ші съезі қабылдаған «өлкедегі барлық билік еуропалық нәсіл өкілдерінен кұралған Түркістан Халық комиссарлар кеңесіне көшеді» деген қаулысын Мұстафа Шоқай нағыз әділетсіздік деп бағалады. Ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдарды кеңестердің қырына алуына байланысты Мұстафа Шоқай жетекшілік еткен «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» Ташкенттен Қоқанға көшіп, онда өлке мұсылмандарының төтенше съезін тез арада өткізу ісін қолға алды.
1917 жылы қарашаның 28-інде өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының төтенше 4-ші съезінің төралқасына басшылық етті. Осы съезд шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланды және жаңа Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметінің төрағасы М.Тынышбаев қызметінен кеткеннен кейін оның орнына Мұстафа Шоқай сайланды.
Ол сондай-ақ 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Съезд аяқталғаннан кейін Мұстафа Шоқай біртұтас автономия құру мәселесін қарау үшін Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті қайраткерлерге жеделхат жолдады. Онда: «Сырдария халқына өз тарапымнан айтарым, тегінде Алаш баласының басы қосылатын кезі осы бүгін. Айрылсақ, мұнан соң жұрттың басын қосуымыз қиын. Алаш ұранына шаппайтын қазақ баласы болмас. Сырдария қазағы кешікпей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз» - делінген еді.
Мұстафа Шоқайдың Сырдария өңірі қазақтарын Алаш автономиясына қосу жолындағы әрекеті нәтижесіз болған жоқ. 1918 жылдың бас кезінде өткен Сырдария облысы қазақтарының съезі «Алашорда өз алдына автономия жариялап, Түркістан (Қоқан) автономиясымен одақ болса, Сырдария қазақтары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіреді» деген қаулы қабылдады.
18 қаңтар күні большевик күштерінің Орынборды басып алуымен бірге Бөкейханов басшылығындағы Алашорда өкіметі тарап кетті. Айдың соңында Түркістан өкіметі де большевиктер тарапынан біржола тарқатылды. Сонымен, большевиктер Алашорда мен Түркістан өкіметтері арасында басталғалы тұрған ынтымақтастықтың іске асуына мүмкіндік бермеді.
Алайда бұл жағдай Алаш
көсемдері мен Түркістан
Олар ұлттық әрекеттің
бұдан кейінгі бағытын белгілеу
үшін 1918 жылдың 30 тамызы мен 7 қыркүйегі
арасында Орынбор және Самара қалаларында
бірқатар жиналыстар өткізілді. Бұл
жиналыстарға Шоқайдан басқа Алаш көсемдерінен
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулат
және М.Тынышбаев қатысты. Сонымен
қатар Қоқан өкіметі
Сонымен, 5 қаңтар күні Түркістан
қаласында Сырдария қазақтары құрылтайында
алғашқы қадамы басылған Алашорда мен
Түркістан автономияларының одағын
құру жолындағы жұмыстар сегіз айлық
үзілістен кейін Орынборда
1918 жылдың қыркүйек айында
Алашорда, Түркістан және Башқұрт
өкіметтері басшыларының
Осы федерация туралы қызық бір кездесуді орайы келгенде атап өткен жөн. Ол кездесу Шоқай, Бөкейханов, Уәлиди және Тынышбаев түрік ұлтшылдығының идеялық негіздерін салушы Юсуф Акшора арасында 1918 жылы Уфа қаласында болған еді. Ол кезде Акшора Түркияның Қызылай ұйымы атынан І дүниежүзілік соғыста орыстарға тұтқынға түскен түрік әскерлері мен офицерлерінің Түркияға қайтарылуы3 мәселесіне байланысты Ресейде ресми сапарда жүрген еді. Акшора Уфадағы ескі досы Мүпти Ғалимжан Барудидың қонағы ретінде Ресей Мұсылмандарының Дін Істері Басқармасы болып саналатын Мұсылман Рухани Мәжілісінің ғимаратында тұрып жатқан еді. Сол ғимаратқа барған делегация Оңтүстік-Шығыс автономиялық Мұсылман Өлкелер Одағы туралы оған мәлімет берді. Сонымен қатар француз тілін білетіндігіне байланысты онан болашақ федерациялық мұсылман ұлттық өкіметінің Сыртқы Істер министрі қызметін қабылдауын өтінді.
Информация о работе Мұстафа Шоқай және оның түркішілдік идеясы