- Ұлы Бабалар насиятынан:
Әлиасқар Байғұтұлы (22.03.1898ж.–21.03.1981ж.) – Ұлы Сыпыра шежіреші. «Бестаңба», «Ізбөрі», «Ғасыр Табақ насияттары» кітабынан «Құсілім», «Қадым», «Ықылым» замандарынан қалған баға жетпес жәдігерлерді жеткізуші, басты бұлақ көзі.
Ақпантай Әлиасқарұлы (02.02.1962 ж. – 10.05.2009 ж.) – ерекше қабілет иесі, құйма құлақ, қазіргі заманғы «үн таспаның» қызметін атқарып, халқына мол жәдігерлерді, мұрахаттарды жеткізіп кеткен «Екі дүниенің арасын жалғаушы «Дәнекер!»
Асан Тұрабаев – бұл ұлы мұраларды тұңғыш рет қағаз бетіне, үнтаспаға жазып алған тарих танымгері, өнертанушы.
Әмір Темір Көрегеннің «жемқорларды» жазалауы
Тектіліктің белгісі – әділдіктің емшісі.
(Хиссамиддин).
Бір күні Әмірші диханшыларды аралап шығады. Диханшылар үсті-бастарының өрімі шығып бейнет істеп жүр екен. Әмірші ойланыпты: «Осылардың адал бейнетіне сай зейнетін төлеймін, ал бұлар болса өрім-өрімі шығып жүреді. Қой мен диханшылар-ымнан сұрайын, мүмкін маған өкпелі шығар, болмаса төлемақыны ай сайын беріп тұрмын» – деп бәрінің басын жинап сауал қояды. Сонда ортасынан бір кәрі диханшы тұрып:
–Уа, Әміршім! Сізге қоятын ренжу-наразылығымыз жоқ! Тек қана біздің өз арамызда адал бейнетімізді дұрыстап бермейтін «Көк мүсіл» жетім езу бар-ау! – деп басын иеді.
Әмірші жедел түрде Қазына басы мен Қамба Харлықты алдыртады. Екеуі де семіздіктен жарылып кетердей, ырсылдап келіп бас иеді. Үстерінде үлде мен бүлдеге бөленген, көркемделген киім, астарында жарау ат, саусақтарында небір асыл тастардан істелінген көздің құртын жейтін жүзіктерді көргенде Әмірші бірден түсініп:
– Менің алдыма мына екеуінің жан-ұяларының бірін де қалдырмай алып келіңдер! – дейді. Әмір Темір Көреген Қазына басы мен Қамба Харлыққа қарап тұрып және жанұясына сауал қояды:
–Неге диханшылардың зейнетін өздеріңе жаратып жүрсіңдер?! Тез жауап беріңдер! Қане, әділін айтып зарла! – деп қаһарын төгеді. Екеуінің де жанұясы еңіреп тұрып, әкелерінің кінәлі екенін айтып Әміршіге жалына бастайды. Әмірші оларға қарап тұрып:
– Мыналардың әлі тілі шыға қоймаған сәбилерінен басқасының барлығын да о дүниеге аттандырыңдар! – деп қаһарлы пәрмен беріп, олардың орындарына басқа лайықты деген азаматтарды тағайындап жүріп кетеді.
Арада біраз жыл өтіп диханшылардың тұрмысы түзеліп, дұрыстала бастайды. Бір күні бір тоғыз жасар бала келіп Әміршінің аяғына құлайды:
– Уа Әміршім! Кешіріңіз мені. Алдыңыздан әділін айтып кетсем, жазасын өзіңіз айтарсыз! – деп еңіреп, – Сіздің тағайындаған Қазына басының баласымын. Менің де әкем «Көк мүсіл жетім езуге» айналып барады, күнәға белшеден батып кетпей тұрғанда мына қызметінен босата көріңіз! – деп жылайды. Әмірші нөкерін шақырып алып:
– Қазына басының өзіне тиесілі алатын нәпахасын екі есе көбейтіңдер! – деп пәрмен береді. Жылап келген балаға сый-құрмет көрсетіп:
– Сенің әке-шешең, ата-бабаң да өте әділді адамдар болған! Жолың болсын фәрзәнтім! – деп шығарып салады. Әміршінің уәзірлері бұл көрініске таң қалып:
– Уа, садақаңыз болайық, Әміршім! Түсіндіріңіз! – деп шулапты. Сонда Әмірші тұрып:
–Менің алғашқы жемқорларды жанұясымен жазалауым, олардың қанында екіжүзділік бар екен. Себебі бала-шағалары шулап бар бәлені әке-шешелеріне жапты, ал әке-шешелері айтып тұрғандары дұрыс, – деп мойындап, балаларының аман қалуын тіледі. Ал мен бала-шағасын алып қалып, өздерін жазаласам, бұл «Жазылмас жемқорлықтың» – дертін кейінгі болашаққа шашар едім. Және айтарым, әке-шешесін сатқан бала, ертең өсе келе Отанын, иманын, шариғатын, ақиқатын сату – ол үшін су ішкенмен бірдей! Сондықтанда мен әлі тілі шыға қоймаған, әке-шешесінің екіжүзділік ісін ұға қоймаған сәбилерін «Сарай Бегімге» тәрбиеге беріп, «дұрыс тәлім үйрет!» деп әке-шешелерінің бұл дүниеде істеген күнәсін кешір деп, Аллаға жалына отырып әр бейсенбіде құран бағыштаса, дүниеден озған жемқорлар маған анау дүниеде жатып та ырзалығын айтар! Ал мынау бала еңіреп келіп, әкесінің істеп жүрген жағымсыз ісін айтып жазаламауын өтінді. Жоқ, мен оны жазалаудан бас тарттым! Оның қанында әділдік бар, әке-шешесі де адал азаматтар.
Менің беріп жүрген төлемақым оның жан-ұясына жетпейді екен, сондықтанда оның қазына мүлкінен жырымдауына тура келген. Мен осының бәрін түсініп, сый-құрмет көрсетіп, әкесінің нәпахасын жоғарылаттым. Ал ендігі жерде Қазына басы істеген қылығы үшін өкініп те жүрген болар! – деп Әмірші тоқтағанда, уәзірлері шулап келіп аяғына жығылып:
–Әміршім, құлыңыз болайық! Біздіңде істеп жүрген көлеңсіз, қолайсыз істеріміз бар еді. Кешіріңіз! Біз сізге уәзір болуға лайықты жандар емеспіз! – деп еңіреп, бөрідей шулап:
–Жазалаңыз! Сіз біздің әрбір адымымызға дейін біліп, шыдап жүр екенсіз! – деп бастарын жерден зорға көтеріпті.
Әмір Темір Көреген уәзірлеріне кешірім береді және «Әрбір іске әділ жолмен қарап, ақиқатын жазуға тырысыңдар!» – деп ақыл айтады.
Түсіндірме немесе әлемдік тарих не дейді:
Әмір Темір Көреген (1336–1405 ж.ж.)–Темірлан, Ақсақ Темір деп те атайды. Қазіргі замандағы қасаң түрде қалыптасқан ғалам тарихындағы Жаһандық Ұлы Қолбасшылардың бірі. Асқан қолбасшылық дарынымен, ерлігімен, әділдігімен, көріпкел-дігімен, терең білімділігімен, сәулеткерлігімен аты шыққан Елбасы. Шыңғысхан өлгеннен кейін қожырап кеткен жаһандық тәртіпті қалпына келтіруші. Жаһандық сауда мен пошта қызметін қайта қалпына келтіріп, ақша айналымы мен салық алуды жүйеге түсіріп реттеген мемлекет қайраткері. Алаш Қаһанның, Қазақ Қаһанның, Әмур Забур Дария, Суран Дария Жамшын, Күлтегіннің, Сары Оғлан Қарахан патшалардың, Шыңғысханның ұлы істерін жалғастырып, олар жасап кеткен «Жасақ–Жарғұптарды» қатаң сақтап, Ислам шариғаттарын берік ұстаған Ұлы билеуші. Діни соғыстар жариялап, бөтеннің елін жаулауды мақсат еткен қызылкөз патшаларды, ұлы ата–баба дәстүрлері мен рәсімдеріне сатқындық жасап, түрлі діндер ағымына еріп, азғындық жолға түсіп, «Тақ таласы» жолында миллиондаған қазақ түркілерінің жер бетінен жойылынуына әкелген өзара қырқыс-қырғын соғыстар туғызған, мансап жолында әкелері мен туған бауырларын шімірікпей бауыздаған Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орданың, қанішер ханзадаларын, түрік сұлтандарын тәубесіне келтірген, ілім мен білімді, астраномия мен сәулеткерлікті дамытқан көреген Елбасы. Азғынданған хан тұқымдарының билігін тұңғыш рет шектеп, оларды тұңғыш рет сайлап, билер алқасының шешімдерін жүзеге асырушы, және өзінің барлық іс-әрекетін сайланбалы ханға бекіттіріп заң шығарушы дәрежесіне жеткізген, қазіргі заманғы парламентаризм мен демократияның тұңғыш негізін салған Ұлы Әмірші. Қазіргі заманғы Конституциялық монархиялар (Англия, Швеция, Норвегия, Бельгия, Испания, Дания) осы Әмір Темір Көреген салып кеткен демократиялық жолмен келеді. Дала билеушілерінің ішінде алғашқы тұрақты армия мен өзеннен өтуге, қамалдарды қиратуға жағдай жасайтын инженерлік полктер құрған, ауыр және шолғыншы атты әскерлер құрып, оны Шыңғысхан сияқты ондық, қосын (жүздік), мыңдық-хазарлар, түмендерге бөліп, әскер түріне байланысты бірыңғай түсті киімдер мен сауыт-саймандар кигізген. Ішкі және сыртқы «Тура» деп аталатын барлау қызметі сол замандағы ең күшті тыңшылық істерді атқарған. Әлемнің қай елінде, патшалар мен хандардың сарайында болып жатқан тірліктер бірнеше күнде Әмір Темірге баяндалынып отырған. Әмір Темір Көреген бұл жолда керуеншілермен қатар, әсіресе пошта қызметін өте ұтымды пайдаланып, бұл қызметтен қаржыны аямаған. Барлық тараптағы пошта бекеттері барлық уақытта, күндіз-түні жарамды аттармен, мықты күзетпен, қажетті азық-түлікпен, киімдермен қамтамасыз етілсе, ал пошта қызметіне зиян келтіргендерді өлім жазасына кескен. Әлемнің қай мемлекетінде қандай жағдайлар болып жатқандығын, көз-құлақтары арқылы тез арада біліп отыруда қатаң тәртіпте жұмыс істеген пошта қызметінің орны да ерекше болған.
Керуен жолдарындағы тәртіпті жолға қойып, керуен сарайлар мен базарлар жұмыстары жанданып, қалалар өсіп, мәдениет пен өнер өркендеп дамиды. Саудагерлер де аса қажетті тауарларды, әсіресе ғылыми кітаптар мен жаңа үлгідегі заттарды әкелгенде баж салықтарынан босатылып, кейде жеңілдіктер де берілген.
Әкесін өлтірген сербтермен ауыз жаласып, шариғаттан ауытқыған, 500 мың әскермен Европаны жаулап, Италияға жетіп қалған Баязит Сұлтанды Анкараға жақын жерде тұтқындағаннан (Сұлтанның 200 мыңдық атты әскерлерінің арасында өз адамдары арқылы үгіт-түсінік жүргізілгеннен соң, 27 мыңдық христиандық сербтер мен басқа халықтардан тұратын гвардиядан басқалары, 173 мың түркі руларынан тұрған әскерлер Темір жағына шығады) кейін, Европа корольдері түгелге жуық Әмір Темірге тулары мен штандарттарын тапсырып, бас иіп келіп, елшілерін Самарқандағы атақты «Көксарайда» (Орыс генерал-губернаторы Каупманның бұйрығымен 19 ғасырда жермен-жексен етіп жарып жіберілген) ұстап, тарту-таралғы жіберіп тұрады. Маңғыстау Әміршісі Оғлан Сұлтан Ақ Ордада Алтын Ордамен болатын өзара қырқыс соғысқа қарсы шыққан көптеген ханзадалармен бірге Ақ Ордада (Сығанақ) офат тапқаннан кейін Әмір Темірге оның ұлы Тоқтамыс ханзада 300 нөкерімен қашып келеді. Оны қасында ұстап тәрбиелеген Әмір Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызып, бұлғақ пен берекесіздік жайлаған (бірін–бірі қынадай қырған ханзадалардың таққа отырған билігі бірнеше күндерден, бірнеше айларға дейін ғана созылған 1359-1379 ж.ж. аралығы) Жошы Ұлысын түгелдей біріктіруіне көмектеседі. Тоқтамыс Алтайдан Дунайға дейін жайыла жатқан Алтын Орда тағына отырып, бұл жолда таққа таласушы ханзадалар мен Түменбасы, Рим қолдаған кресшілерге арқа сүйеген Мамайдың 1381 жылы тас-талқанын шығарып жеңеді. 1382 жылы, Еділ мен Шыңғысқан, Батый тиіспеген жиендер елі орыс жерлеріне шабуыл жасап, Мосықауғаны (Москва) өртеп жібереді. Аяғына жығылып, бас ұрып 8000 сом күміс төлеген «Куликово шайқасының» қаһарманы саналған Дмитрий Донскойды Бас князь етіп қайта тағайындап, Алтын Ордаға салық төлеп тұратын етіп, оның үстіне 20 мың қыпшақтың әскерін көмекке беріп, бүкіл орыс жерін біріктіруге қаһарлы пәрмен береді. Мақсаты қарамағыңда қарашаң қанша көп болса, түсетін түтін салықта сонша көп?...
Әбден күшейген Тоқтамыс Еуропаны басып алуға дайындық жасай бастайды. Әмір Темір бұл кезде асқан қиыншылықтармен тоз-тоз болған Шағатай Ұлысын бастапқы қалпында біріктіріп, оны Тұран мемлекеті (астанасы Самарқан шаһары) деп атайды. Енді Тоқтамыс әкесіндей болған Темірдің істеген жақсылықтарын ұмытып, оның иеліктеріне 1387 жылы Мауренахрға шабуыл жасап, Түркістанды тонап кетеді. Енді Тоқтамыс билеген Алтын Орданың ішкі-сыртқы саясатына қарсы шыққан қашқын сұлтандар мен ханзадалар Әмір Темірдің айналасына топтаса бастайды. Қаны бір болса да түрлі дін ұстаған Алтын Орданың ақ сүйектері мен белді адамдарының ішкі тартыстары мен мемлекет мүддесінен жеке мүддені жоғары қойған тақ тартыстары, олардың бірінің Самарқанға, бірінің Мосықауғаға қашуына әкеліп, Ұлы Дала империясы тағы да іштен іри бастайды. Осы кезде Алтын Орданы билеген Тоқтамыс пен Әмір Темірдің арасындағы соғыс тұтанып бірнеше жылға созылып, өзара қырқыстардан (1391 Еділ өзені бойында, 1395 жылы Терек өзені жаға-сында Тоқтамысты тас-талқан етіп жеңіп, (Алтын Орда астанасы Сарай мен Астрахань қирайды) тағы да жүздеген мың қазақ түркілері қырылады. 1396 жылы Әмір Темір Алтын Орда билігіне Едіге батырды отырғызады. Одан соң Темір жихад соғыстарын жариялаған парсылық Иранды, араб шейхтарын Мысырға шейін жаулап, 26 елден тұрған араб, парсы, түрік халықтарынан тұрған алып империя құрайды. Оның елжамбысы-гербінде осы халықтар әлемін бейнелеген 3 шығыршық, дөңгелек салынып, жолбарыс пен шығып келе жатқан күн бейнеленген туы барлық елдердің шаһарларының үстінде желбірейді. 1405 жылы Әмір Темір Көрегеннің соңғы әскери жорығы, 400 мыңнан астам бақайшағына дейін қаруланған Тұран әскерлерін Қытайға қарай салып, өзі Отырарда отырып, Алып Тұран Елінің келешек стратегиялық жоспарын жасау үстінде жаулардың жансыздарының уынан офат болады. Алла одан разы болсын! Сол кезде алдыңғы авангарды Жоңғар қақпасынан асқан алып армияның соңы Самарқаннан шығып та үлгермеген. Жалпы, Әмір Темірден Алтын Орда мен Түрік Сұлтаны Баязиттің жеңіліс табуы түркі әлемінің одан ары әлсіреуіне әкеліп, өзара қырғыс жайлаған Евразия жерінен табыскөзінің күре тамыры, Батыс пен Шығысты байланыстырып тұрған керуен жолдары-ның алыстап кетуіне, ғаламдық жаңа теңіз жолдарының ашылуына әкеледі. Ең өкініштісі, осы Шағатай Ұлысы мен Алтын Орданың, кейінерек оның шашырап бөлінетін сынықтары (Қазан, Аштархан, Сибир, Дешті Қыпшақ, Қырым, Ноғай, Моғолстан, Өзбек – Қазақ) пайда болған хандықтардың халықтары да, осы Алты Алаштан тараған Қазақ халқын құрайтын барлық ру-тайпалардан жаңа түркі ұлттарының пайда болғандығы...
Қазір кейбір тарихшылар біздің осы Ұлыларға жала жауып миллиондарды қырып, адам басынан пирамида тұрғызған деген жала жауып келді. Соңғы кездері осы аталған жерлерге археологиялық қазбалар жасаған ғалымдар ешнәрсе де таппаған.
«Жасақ- Жарғұптар» – деген сөз – «Он алты Бақанның» бас құрап Сақ елінің әдет-ғұрпын заңын бекіткен және тасқа басылған «Таңбалы жазуын» айтады.
«Жасақ» – заңы Амур Дария Забур патшаға дейін келіп, кейін бұл заң өзгеріп, осы белгіні сарбаздарының тобына беріледі.
Қазақ елі Еуразия құрылығында бейбітшілікті ғана аңсайтын бірден – бір ең ірі мемлекет болды, сондықтан да біздің Елді «Тұрант» деп атаған. Қазақ елінің тектілері, көрегендері, көсемдері болмағанда Еуропа елдері қазір жойылып аты да аталмас еді. Бұған дәлел: Шыңғысханның, Батуханның, Әмір Темір Көрегеннің, Айқарақ Керей-Ханның дәуірі куә! Қазақ елінің бейбітшілік белгісі әрқашанда «Бес Жұлдыз», «Бес Тораңғыл», «Бес Әулие», «Бес Ғанибет» болған. Қазақ Елінің белгілі көсемдері, қолбасшылары, хандары, билері, батырлары жер бетінде болған небір алапат-нәубеттерді басып отырды»,–депті Сыпыра шежіреші Әлиасқар Байғұтұлы.
Әмір Темір Көрегеннің тұсындағы
шендер мен атақтар
Сапақ, Бек, Шах, Сұлтан, Шаһабат, Қазынабасы, Датқа, Би, Дуанбасы, Өзбек, Ашқаһбат, Бабыр, Баһадүр, Ділмар, Аягөз, Шешен, Жырау, Шайыр.
Шежірені ғалам тарихымен салыстырып, жүйелеп, қалпына келтіріп халқымызға жеткізуші, түсіндірме жазып, ғаламторға, баспаға дайындаған
Ілесбек БАЙЖАНОВ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
|