Әмір темір

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 22:39, реферат

Краткое описание

Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (1336—1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған. Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл ӨзбекстанныңҚащқадәрия облысының Шахрисабыз қаласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, о

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әмір Темір реферат.docx

— 78.06 Кб (Скачать документ)

 

Солардың бірі 1937 жылы тізімге енген, өзі пір тұтатын, өзінің Сталин деген фамилиясын осыған орай алған (Сталь – қазақша мағынасы болат темір. Сталиннің өзі де бір аяғының башпайлары алтау болғандықтан сылтып басатын) , оң аяғынан сылтып басып жүрген, дүниені дүр сілкіндірген жаһангер, атақты қолбасшы, Әмір Темір (1333-1405жж.) еді. Ол 26 жасында шайқаста аяғынан жараланып – «Ақсақ Темір» аталады. Иран, Үндістан, Кавказ еліне жорық жасаған. Жорықтарында мұсылман қағидасына қарама-қайшы болатын, әруақтармен тіл табыса алатын әулие сопыларын, көріпкелдерін бірге алып жүретін, сопылары шайқас алдында дұға оқып, жаудың бетін қайтаратын.

 

1391 жылы Алтын Орда  ханы Тоқтамыспен шайқасар алдында сопы жаудың алдына «Жау қашты», – деп ұсақ тастарды лақтырып еді, шайқас басталып, аяғында Темір әскерінен күшті және саны жағынан көп болған Тоқтамыс әскері әруақтардың әсерінен қашып, жеңіліс табады.

 

1405 жылы 18 ақпан айында Ақсақ Темір 72 жасында Қытайға жорыққа бара жатып жолда Отырар қаласында қайтыс болған. Самарқанд қаласында өзінің немересіне салған Гүр-Әмір мазарында жерленген.

 

1941 жылы Сталин Самарқандқа Темір ұрпағына көрме ашу мақсатымен арнайы экспедиция жұмсайды, ол экспедиция жаз басталысымен жұмысқа кірісу керек деген бұйрық береді. Экспедицияның міндеті Әмір Темірдің сүйегін тауып, оның Ақсақ Темірдің сүйегі екенін дәлелдеп, бас сүйегінің бедерінен бейнесін көрсету болды.

 

1941 жылы мамыр айының соңына таман Самарқандта экспедиция жұмысын бастау үшін бәрі де әзір болды. Экспедицияның төрағасы болып, академик Қарниязов сайланды. Мазардағы тас плиталардағы жазу мен өрнектерді оқу үшін әлемге әйгілі шығыстанушы ғалым Мәскеуден Александр Семенов, бас сүйек арқылы адамның бейнесін қалпына келтірудің ерекше әдісінің авторы, антрополог Михаил Герасимов өзінің көмекшілерімен бірге Ленинградтан шақырылды. Көне аңыздар мен ертегілерді жинақтаушы, Тәжікстаннан келген жазушы Сариддин Айни де экспедицияға қатысты, ол Әмір Темір туралы роман жазуды армандап жүрген болатын.

 

Сондай-ақ экспедицияға арнайы кинохроника түсіру үшін операторлар да бөлінді. Экспедицияның барлық кезеңдерін түгел таспаға түсіру үшін келген үш оператордың бірі жас кинодокументалист Мәлік Каюмов болатын.

 

1941 жылғы маусым айына дейін Әмір Темірдің нақтылы қай жерде жерленгенін ешкім білген жоқ. Гүр-Әмірдің парсы тілінен аударған мағынасы – патша зираты. Көне жазулардың айтуы бойынша осы жерде Ақсақ Темірдің туған-туысқандары: ұлдары, немерелері, шөберелері жерленген.

 

Белгілі шығыстанушы академик Массон 1925 жылы Гүр-Әмір мазары тылсым сәуле жарығымен нұрланып тұратынын айтып, қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат, қаржы сұраған. Бірақ та жас Кеңес үкіметінде зират қазудан да маңызды істер жетерлік болатын. Мазардың құпия тылсымы туралы сөздер халық арасында кеңінен тараған еді.

 

Сталиннің тікелей нұсқауымен зерттеу жұмысы 16 жылдан кейін 1941 жылдың 1-маусымында басталды. Жоспар жасалды: Герасимов Гүр-Әмір мазарынан бастау керектігін және осы зиратта Әмір Темірдің үш ұрпағы жатқанына баса назар аударды. Осылардың ішінде Ақсақ Темір мүрдесі бар ма және де туыстардың өзара ұқсас белгілері бар ма екен деген сұраққа жауап беріп, ғылыми түрде дәлелдеу қажет болды.

 

2-ші маусым күні таңғы сағат 8-де Шаһрухтың бейітін ашудан жұмыс басталып кетті. Шаһрухтың мүрдесі нашар сақталыпты, Герасимов Шаһрухтың бас сүйегін және омыртқасының бір бөлігін ерекше ыждағаттылықпен алды. Қалған сүйектерін мұқият өлшеп, жазып, сызып, бөлек жәшікке салды. Бұған 3 күн уақыт кетті.

 

5-ші  маусым күні Әмір Темірдің немересі Ұлықбектің зиратын ашты. Ұлықбек Мырза-Мұхаммед астроном, суретші, математик болған. Ұлықбек салған аспан әлемін зерттеуге арналған обсерваторияның биіктігі қазіргі замандағы он қабатты үйдің биіктігімен бірдей болатын. Қазіргі заманда бізге жеткені жер астындағы орасан зор доға, осы аспаптың көмегімен Ұлықбек мыңдаған жұлдыздардың орналасқан аумағын (координаттарын) есептеп анықтаған.

 

Қазіргі заманғы астрономдар өздерінің ашқан жұлдыздарының орналасқан аумағын Ұлықбектің есебімен салыстырады. Ұлықбек күндіз-түні обсерваториядан шықпайтын, ол ғылымды бірінші орынға қойған болатын, сол себепті ислам қағидаларын толық ұстанбаған. Ислам дін басылары ғалым Ұлықбекті сиқыршы, бақсы, көріпкел деп айыптап, басын шаптыртқызған. Герасимов көрді ашқанда Ұлықбектің шабылған басы денесінен бөлек жатқанын көреді, басының шабылғанын қылыш табының ізі дәйектеп береді. Зерттеушілердің бұл мүрденің Ұлықбек екеніне күмәндары болмады. Ұлықбектің мүрдесімен екі жұма бойы жұмыс істеді, киноға, фотоға түсірді, мүрде жақсы сақталған екен.

 

Гүр-Әмірдегі мүрделерді салыстыру үшін арнайы тізім, кестелер жасалды да, барлық мәліметтер күнделік дәптерге мұқият жазылып отырды, Герасимов Мәскеуге материалдарды жіберу үшін арнайы жәшіктерді дайындады. Мөлшермен Ақсақ Темір мүрдесі жатқан табыт ашылуының уақыты таяды. Экспедиция басталысымен Семенов үшінші табыттың бетіндегі мүрдені және әруақты қорлаудан сақтау үшін көне араб әрпімен жазылған киелі мөр басылған жазуларды оқи бастады, 17-ші маусымда тарихшы Семенов табыт бетіндегі киелі мөр басылған құпия жазудың мағынасын толықтай аударып бітеді.

 

Табыт бетінде Темірдің 16 есімі және Құран аяттары жазылған екен. Жазбада былай делініпті: «Біз бәріміз де о дүниелікпіз, біз де кетеміз. Бізге дейін де ұлы адамдар болған, бізден кейін де бола береді. Егер де кімде-кім дандайсып, көкірек керсе немесе ата-баба әруағының мазасын алса, онда олар ең ауыр жазаға ұшырасын! ».

 

Соңғы «Жазаға ұшырасын! » деген ескерту сөйлемі қатысушылардың зәресін алды. Араларынан кейбіреулері жұмысты тоқтатайық деп қорқынышпен ұсыныс жасады, бірақ жұмысты тоқтату мүмкін емес еді, себебі бұл зерттеудің барысын бүкіл әлем бақылап отырды, дүниежүзі газеттеріне жарияланды және де Иосиф Виссарионовичтің тікелей нұсқауы болатын. Бұл жұмысқа жергілікті ақсақалдар қарсы болды, олар әруақтардың киесі атады деп ескертті, бірақ олардың сөздеріне мән берген адам болған жоқ.

 

Ақсақ Темір табытын ашатын күн де келді, 21 маусым күні таңғы сағат 7-де барлық қатысушылар жиналып, жұмыс басталды. Ә, дегеннен жұмыс жүрмеді, жарты сағаттан кейін тас плитаны көтеретін қондырғы істен шықты, еріксіз тасты қолмен сантиметрлеп отырып, итеріп жылжытты, астында мүрде болмады, тек топырақ жатты, қолмен оларды шарпып алып тастады. Содан кейін адамдарды үрей билеп, белгісіз бір иіс келді. Күндізгі сағат 1-де топырақ астындағы көлденең салынған тағы үш мәрмәр плита алынды.

 

Ағаш табыттың беті көрінді, осы мезетте кенеттен жарық сөніп қалды. Осы мезетте Ақсақ Темірдің әруағының бу түріндегі сұлабасы көрінді. Адамдардың үрейлі дауыстары шықты. Ішінде ауа жетіспей, адамдар тұншыға бастады, үзіліс жарияланды.

 

Оператор Мәлік Каюмов ары қарай оқиғаны былай әңгімелейді:

 

–       Сағат күндізгі 2-ге таяу шай ішуге бардым. Шайханаға барсам, үш

 

ақсақал қолдарындағы кітабімен отыр екен. Сонда бір ақсақал маған:

 

–       Балам, бұл қазбаларға қатысың бар ма?

 

–       Иә бар, бұлар менсіз түк те істей алмайды, – деп жартылай

 

қалжыңдап айттым.

 

–       Темірді  ашуға болмайды, әйтпесе соғыс басталады.

 

–       Бұл қайдан белгілі?

 

–       Кітапта  осылай жазылған, – деп, қолдарындағы үлкен арабша

 

жазылған кітапты көрсетті.

 

–       Әкеліңіз, мен оқиын.

 

–       Сен  арабша оқи аласың ба?

 

–       Иә.

 

Олар кітапты маған берді, мен мұқият оқып шықтым, кітапта «Ұлы

 

қолбасшының әруағын қозғауға болмайды, әйтпесе соғыс басталады, әруақтың киесі атады» деп жазылыпты.

 

Осы сәтте Мәлік Каюмов табыттың бетіндегі ескертпе жазуларды және де серіктестерінің қорқынышын есіне алады. Осы көріпкелдікті қолма-қол серіктестеріне баяндайды. Қарниязов осы кезде Семеновқа айтады: «Жүр, барып көрейік». Қарниязов, Айни, Семенов, Каюмов төртеуі ақсақалдарға келеді. Қарниязов:

 

–       Ассаламуғәләйкүм!

 

–       Уәғәләйкүм-ассалам! – деп шалдар жауап берді. Сонан соң олар

 

жандарына отырып, шай ішуге  жайғасты. Алдындағы әңгіме қайта басталды: Ұлы қолбасшының әруағын қозғауға болмайды, әйтпесе соғыс басталады. Кітаптан Қарниязов, Айни, Семенов үшеуі де осы сөйлемдерді оқыды. Бірақ мән берген жоқ, «Ә, жаза береді», – дегендей сыңай білдіреді.

 

Айни оларды парсы тілінде  кемсітіп, қорлап, таяғымен соғып, қуалай бастайды. Жәбірленген, қорланған үш ақсақал Айниге «жылы» сөздерді айтып, кетіп қалады. Шалдар жақын бұрылысқа барып, ғайып болады. Каюмов төбеден ұрғандай тұрып қалады, есін жиып, іле-шала шалдардың артынан жүгіреді, бірақ ешкімді де, ештеңені де көрмейді... Сөйтсе, бұлар адам кейпінде ескертуге келген әруақтар екен.

 

Әруақтар ғайып болғаннан кейін жұмыс қайта жалғасады, табытты ашқанда табыт ішінде жатқан алып адамның мүрдесін көреді. Мүрденің бойы 180-190 см, ұлы тұлға екені айқын көрінеді, бас сүйегінің жаратылысы да ерекше. Бірер минуттен кейін ғалымдар тізесінен жаралы болған оң жақ тоқпан жілікті қолдан-қолға аса бағалы заттай өткізеді. Бұл Ақсақ Темірдің мүрдесі екеніне күмән қалмады.

 

Герасимов сондай күмән келтірмейтін тағы бір бұлтартпас дәлел келтіреді. Алдындағы мүрделерден жасалған сараптаманың қорытындысы бойынша бұл әулеттің барлығының мойын омыртқасының алтыншысында ерекше белгісі бар еді, сондай белгі Ақсақ Темірде де болды. Экспедицияның көздеген мақсаты толықтай орындалды, мүрде Әмір Темірдікі екені дау туғызбайды.

 

21-ші маусым күні кешке дейін жұмыс істелініп, көтеріңкі көңіл-күймен қонақүйге беттеп, нәтижелі бітірген істерін тойлату үшін демалуға қатысушылар кетеді. Олармен Ташкент киностудиясының директоры Николай Ким де болады, оның үлкен радио қабылдағышы бар еді. Николай Ким ағылшын тілін білетін, радиодан Кеңес ғалымдарының Ақсақ Темірдің мүрдесін тапқаны туралы бүкіл әлем радиолары өз тілдерінде хабарлап жатты.

 

1941 жылы 22-ші маусымда  таңертең радио тыңдап отырған Николай Ким бір уақытта түрі бозарып, сыбырлап соғыс басталды дейді. Гитлер Кеңес Одағына шабуыл жасады. Каюмовтың әңгімесі: «Біз бәріміз сілтідей тындық, әруақ ақсақалдарды жәбірлеген Айнидің үні мүлдем өшті. Біз Қарниязовқа хабарладық, Қарниязов Осман Юсуповке хабарды жеткізді. Ол бізге экспедицияны жауып, Ташкентке дереу қайтыңдар деп бұйрық берді. Тез арада экспедиция жұмысы жабылып, Темір әулеттерінің мүрделері Мәскеуге жіберілді».

 

Майданға аттанған Мәлік Каюмовты халықтың басына түскен апатқа өзінің тікелей себепкер болған сезімі тыным таптырмайды, ол қайтсе де мемлекет басшыларына осы тылсым дүниені жеткізуді өз алдына мақсат етіп қояды. Кинооператор Мәлік Калинин майданына тап болып, Ржев қаласының түбінде ұзақ тұрады. Күндердің күнінде майдан қолбасшысы Г.К. Жуковтың штабы сол жерде екенін біледі де, оның қабылдауында болады. Қолбасшы дұрыс қабылдап, мұқият оны тыңдайды да:

 

–       Сіз  расында да Әмір Темірдің мүрдесін кинотаспаға түсірдіңіз бе? –

 

деп сұрайды.– Маған бүге-шүгесіне дейін түк қалдырмай баяндаңыз.

 

Мәлік Каюмов осы жағдайды толығымен жеткізуге тырысып бағады.

 

Жуков бар ықыласымен тыңдайды. Мәлік майдан қолбасшысына былай дейді:

 

–       Ақсақ Темір мүрделерін қайта жерлемей, Кеңес сарбазы ешуақытта

 

жеңіске жетпейді, – деп мәлімдейді. Осы жайды Сталинге толықтай жеткізуін Жуковтен сұрайды, Жуков бұл мәлімдемеге өте байсалды түрде қарап, Сталинге жеткіземін деп уәде береді.

 

1941 жылдың тамыз айынан 1942 жылдың қазан айына дейін Темір әулетінің мүрделері Мәскеуде болады. Герасимов үкіметтік тапсырманы орындады: Ақсақ Темірдің сұсты бейнесін және оның ұрпақтарының бет-бейнесін жасап шығарды.

 

1942 жылдың тамыз айынан бастап майдан жағдайы күрт нашарлай бастайды. Қырымнан айырылып, жау Еділ өзеніне (Волга) ентелей жақындады, Кубань аймағынан айырылу және майданға мұнай, азық-түлік пен шикізаттар беріп тұрған Кавказбен байланыстың үзілу қаупі төнеді. 1942 жылы қыркүйек айында Сталинград түбінде ауыр шайқастар жүреді, Кеңес үкіметі жеңу мүмкіншілігінен күдерін үзеді. 1942 жылдың қазан айында Мәлік Каюмовтың майдан қолбасшысы Г.К. Жуковпен қайта тілдесуге мүмкіншілігі туады. Жуков Сталинмен кездескенде тылсым дүниені баяндағанын айтады. Осыны естіген Сталин, Өзбекстанның Орталық Комитеті КП бірінші хатшысы О. Юсуповқа Ақсақ Темірді ұлдарымен қайта өз қабірлеріне жерлеуін тапсырады.

 

1942 жылдың 15 қарашасында Мемлекеттік комиссия Ақсақ Темір әулетін қайта жерлеу туралы шешім қабылдайды. Ақсақ Темірдің қайта жерлеуі бір айдан кейін Самарқандта екінші экспедицияның көмегімен жүзеге асырылды.

 

Осы аралықта мүрделермен не болғаны туралы ешқандай деректер жоқ, халық арасында көптеген әңгімелер шыға бастады. Соның бірі көсем ұйымдастырған қорғаныс операциясы деп аталған сөз: Ақсақ Темір әулетінің мүрделері тиелген соғыс ұшақтары майдан шебін айналып, бірнеше тәулік ұшқан, мақсат біреу-ақ: ұлы қолбасшы Ақсақ Темірдің әруағынан көмек. Сондай-ақ Ақсақ Темір әруағы Орта Азияда жасақталған мұсылман дивизиялардың жауынгерлік рухын көтеру үшін әкелінді деген сөз бар. Бұл әңгімелерді майданнан қайтқан қарт жауынгерлер айтады. Бұл әңгімелерге сенбеуімізге негіз жоқ.

 

1942 жылдың 20-шы желтоқсанында Ақсақ Темірдің және ұрпақтарының мүрделері өз зираттарына Гүр-Әмірде құрметпен қайта жерленеді. Бұл туралы ғалымдар және жерлеген комиссия төрт тілде: өзбек, парсы, орыс, ағылшын тілдерінде және Самарқандта ХVІІ-ғасырда жасалған жұқа қағазға қытай сиясымен мұқият акт жазып, комиссия мүшелерінің қолдары қойылып, актінің бір данасын арнайы су, ауа өтпейтін қобдишаға салып, мүрдемен бірге жерлейді. Құдайдың құдіретімен, тылсым дүниенің әсерімен ұлы қолбасшы Әмір Темірді жерлегеннен кейін екі күн өтісімен – Сталинград түбіндегі майданнан жеңіс туралы хабар келеді. Жаудың 17 дивизиясы құртылып, 60 мың сарбаз тұтқынға алынады. Сталинград түбіндегі бірінші жеңіс Әмір Темірді қайта жерлегеннен кейін сенсеңіз де, сенбесеңіз де  ұлы қолбасшының әруағының қолдауымен келеді. Тылсым дүние мұнымен тоқтап қалмайды.

Информация о работе Әмір темір