Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 16:32, реферат
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамдармен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады. Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық - әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos – халық, logos - ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Дінді философиялық - әлеуметтік тұрғыдан түсіну дегеніміз – оны қоғамдық сана мен дүниетанымның нысаны, діни мәдениет түрінде көрінуі, белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, діни идеология, діни мораль тұрғысынан қарастыру, дін және саясат мәселелерін зерттеу.
I.Кіріспе Дін туралы түсінік
II.Негізгі бөлім. 1.Діннің адам өміріндегі рөлі
2.Діннің шығуы
3. Ислам діні