Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 00:35, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу, дербес мемлекет құру тарихында Шыңғыс хан мен оның үрім-бұтағы билеген мемлекет үлкен рөл атқарған. Түркі-монғолдар жауларын санмен емес, сапамен жеңді. Өйткені оларда мықты тәртіп, ғажайып ұйымдастырушылық қасиет болды. Оған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен қолбасылық қабілетінің ерекше жоғарылығы қосылды. Ол орнатқан жүйе мен тәртіп далалық өркениетті әрі қарай жетілдірді. Кейіннен бұл жүйе мен тәртіп басқа халықтарда жалғасын тауып, атап айтқанда, қазақтарда XIX ғасырға дейін, яғни олар өздерінің көшпендлік қалпын жоғалта бастаған кезге дейін сақталды.
Кіріспе................................................................................................................3
1 тарау. Шыңғысхан қызметі............................................................................4
1.1 Шыңғысхан (Тэмуджин) .............................................................................4
1.2 Шыңғысханның тұсында қабылданған заңдар..........................................8
1.3 Шыңғысханның тегі..................................................................................10
2 тарау. Монғол..............................................................................20
2.1 Монғол шапқыншылығы...........................................................................20
2.2 Монғол хандарының ұлыс билігі үшін таласы. .......................................23
2.3 Монғол шапқыншылығының Қазақстанға тигізген зардаптары............26
Қорытынды......................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................30
Ұлы жасақ — Шыңғысхан тағайындаған заңдар кодексі.
Ұлы жасақтың кейбір баптары:
1.3 Шыңғысханның тегі
Шыңғысхан туралы жүргізілген ғылыми зерттеулер болсын, журналистік-жазушылық зерттеулер болсын, ол туралы нағыз шындықты бермей тенденциялы түрде біржақты қаралау тұрғысында жазылды. Тек, Л.Гумилев қана «Қиял патшылығын іздеу» атты зерттеуінде ол туралы шындықты толық болмаса да, өз мүмкіндігіне сай жаза білді. Шыңғысхан туралы жүргізілген зерттеулер, не себепті тенденциялы сипаттағы біржақты қаралау тұрғысында жазылды? Шыңғысхан басқаруындағы монғолдар, 1211 жылы Цзинь империясының У-ша қаласына шабуыл жасап, төрт жылдың ішінде Қытайдың солтүстігін, Орта Қытай жазығындағы астанасы Пекинді, 1215 жылы басып алған кезде монғол әскерінің саны 100 мың ғана, ал Қытай әскері, олардан 3 есе көп болған. Монғолдар, 1219 жылы Хорезм мемлекетіне қарсы соғыс ашқан кезде олардың әскерінің саны 150 мың, ал хорезмшах әскері, олардан 2 есе көп болған. Осыған қарамастан Шыңғысхан әскері, Цзинь империясының астанасын алып, толық болмаса да жартылай бағындырды, ал Хорезм мемлекетінің әскерін күйрете жеңіп, оны толық бағындырды. Ресейдің XIX ғасырдағы әскери тарихшысы, генерал М.И.Иванин, монғолдардың соғыс жүргізу тактикасын арнайы зерттеп «О военном искустве при Чингисхане и Тамерлане» дейтін зерттеу жазған (Алматы. Санат. 1998). Егерде монғолдардың соғысу
тактикасына арналып зерттеу
жазылған болса, онда монғолдарда әскери
ғылым жақсы дамыған. Егерде монғолдарда
әскери ғылым жақсы дамыған болса,
онда олар, дамымай арта қалған жабайы
халық болмаған. Қандай да бір ғылыммен
айналысып оны дамыту, адам интеллектісінің
бір деңгейде тоқырап қалмай даму
үстінде болғандығын Қытай, монғол және басқа да тарихтардың деректеріне сүйене қытай киноматографистері 2007 жылы шығарған «Шыңғысхан» атты тарихи фильм дерегі бойынша Шыңғысхан, батысқа жорық жасап бүкіл әлемді жаулап алуды ойламаған, тек өз қоластындағы елшілікке жіберілген 450-499 адамды жазықсыз өлтіргені үшін Отырардың билеушісі Қайыр хан мен хорезмшах Мұхаммедті жазалауды ғана мақсат еткен. |
Себебі европалықтар, Шыңғысхан басқарған монғолдардың Орта Азиядағы Хорезм мемлекетіне жасаған шабуылын, жабайы көшпелі тайпалардың өркениетті елге жасаған шапқыншылығы, деп қабылдады. Олар, монғолдарды дамымай арта қалған жабайылар, деп түсініп, олардың Қайыр хан мен хорезмшах Мұхаммедті жазалау үшін Хорезм еліне жасаған жорығын, жабайы жыртқыш аңның адамға тарпа бас салатын шабуылына теңеді. Хорезм әскерінің Шыңғысхан әскерінен жеңілуін, хорезмшах Мұхаммедтің соғыс тактикасында жіберген қателігінен болған кездейсоқ жеңіліс, деп бағалады. Ал, Шыңғысханды – әлемді жаулап алуды мақсат тұтқан баққұмар, қанышер, жауыз, өзімшіл озбыр билеуші бейнесінде берді. Европа, араб және орыс тарихнамаларында білдірілген осындай пікірлер мен тұжырымдардың, теңеулер мен бағалаулардың Шыңғысхан мен монғолдар туралы шындыққа қаншалықты жанасатындығын тарихи-этнологиялық, археологиялық фактілер мен адамзат қоғамы өрістей дамуының тарихы негізінде қарастырып көрейік Тарихи драмадағы Шыңғысханның
батысқа жорық жасауына себепші
болған мотив туралы дерек пен
Рашид-ад-дин және Әбілғазының тарихи
шығармаларындағы Шыңғысханның Хорезм
еліне шабуыл жасауына себепші болған
мотив туралы дерек, бір-біріне сәйкес
келеді. Қытай киноматографистерінің
тарихи драмасында да, аталмыш мұсылман
тарихшыларының шығармаларында да Шыңғысханның
Хорезм мемлекетіне қарсы соғыс
ашуына кінәлілер ретінде иналшық
Қайыр хан мен хорезмшах Тарихи драма мен аталмыш мұсылман тарихшылары шығармаларының деректері бойынша Шыңғысхан, себепсізден-себепсіз баққұмарлық, атаққұмарлық пендешілікпен бірде-бір тайпаға немесе елге өздігінен шапқыншылық жасамаған, яғни жаулап алу соғыстарын жүргізбеген. Ол, 9 жасында әкесіз жетім қалып, әділетсіздік пен кедейшілікті, қиыншылық пен қорлықты, зорлық пен зомбылықты көп көріп, досқа адал, дұшпанға мейрімсіз болып өсті. Досқа деген адалдығы сондай, өзіне бірнеше рет опасыздық жасап өлтірмекші болған досы Жамуханы өлімге қимай Темучин, оған Монғол мемлекетіндегі менен кейінгі екінші басшы бол, дейтін ұсыныс жасаған. Оның бұл ұсынысын қабылдамаған Жамуха, Шыңғысханнан өзін «қан шығармай» өлтіртуін сұрайды. (С.А.Козин. Құпия шежіре. М-Л. 1941. §200,201). Рашид-ад-дин, Жамуханы мүше-мүшеге бөліп азаптап өлтірген, деп жазады. (Сборник летописей. Т. I. М-Л. 1952. с. 190-192). «Юан-чао-би-ши» - Монғолдардың құпия тарихы немесе Құпия шежіре мен Рашид-ад-динның «Жылнамалар жинағында» Жамуханың өліміне байланысты берілген деректерді, салыстыра талдаған Гумилев «Құпия тарих»-тың, Жамуханы «қан шығармай» өлтірген дейтін дерегінің шындыққа жақын келетіндігін атап көрсеткен (Қиял патшалығын іздеу. Алматы. Балауса, 1992. 288-291 бетт). Осы тарихи фактілерден біз, Шыңғысханның ішкен антын, берген сертін бұзбайтын, досына опасыздық жасап, сатып кетпейтін, уәдеге берік ер тұлға екендігін аңғарамыз. Жоғарыда аталған орыс генералы Иванин, монғолдарды – жартылай жабайы бақташылар ретінде білген. Оның пікірінше бақташы монғолдар, 1211-1216 жылдар аралығында Цзинь имепериясын жаулап алғаннан кейін олардан соғысу тактикасы мен стратегиясын үйреніп, бұл ғылымды жетік меңгергені сонша жарты әлемді бағындырып, өздерінің ұстаздарынан да асып түскен. (О военном искустве при Чингисхане и Тамерлане. Алматы.Санат. 1998. 28-29 бетт). Осындай пікір білдіргенде Иванин, 100 мың ғана әскері бар, әскери ғылымды меңгермеген монғолдардың өздерінен 3 есе көп, соғыс өнерін жете меңгерген қытайларды қалайша жеңуі мүмкін екендігін ой елегінен өткізбеген. Логика бойынша соғысудың тактикасы мен стратегиясын білмейтін бақташы монғолдар, өздерінен 3 есе көп, әскери ғылымы мен техникасы дамыған, соғыс өнерін жете меңгерген қытай әскерін жеңуі, мүмкін емес. Олай болса, Иваниннің монғолдарды – жартылай жабайы бақташылар ретінде беретін және олар, соғысуды қытайлардан үйренген дейтін пікірі, дұрыс емес, қате. Бұл қателігі үшін Иванинді кінәлауға болмайды. Себебі, XIX ғ. монғолдардың этногенезі әлі анықталмаған болатын. Ал, тегі анықталмаған халықты – соғыс өнерін меңгермеген жартылай жабайы бақташылар, деп қателесу әбден мүмкін еді. XX ғ. бұрынғы Кеңес Одағының археологы Л.Л.Викторова монғолдардың этногенезін зерттеп, монғолдар тегі – Бортечино, ашина түріктердің Шығыс Монғолиядағы монғол-татарлардың арасына қоныс аудара келіп, кірме ретінде сіңіскен тармағы дейтін пікір білдірген. (Монголы. Москва. Наука. 1980. с.155-158). Мен, Викторованың осы пікірін қолдай отырып, бұл пікірге мынадай түзету енгіздім: Бөртечино мен оның қол-астындағы жұрты, Шығыс Монғолиядағы монғол-татарлардың арасына емес, татар мен татабы-қай- қимақ және қидан тайпаларының арасына қоңыс аударып келген. Себебі, Ергене Қоннан шыққан монғолдар – қытай тарихында «Хуян» атауымен берілген хун тайпасының ұрпақтары, яғни түркілер еді. Гуманитарлық ғылымдарда,
қытай тарихында дунху, шань жун,
бэйди дейтін атаулармен берілген тайпаларды
– ортағасыр монғолдарының ата- Түркологияда, түркі тілдері
дамуының хун дәуірі дейтін кезең
бар. Бұл кезеңдегі хундардың
қай тілде сөйлегендігі, түркологияда
әлі шешімін таппай келе жатқан мәселе
екендігі белгілі. Мен, қытай тарихына
«Хунну» болып тіркелген Түркі тілдес халықтардың, әсіресе
қазақтардың скифтанушылары мен
түркітанушылары және тарихшылары
арасында, ерте темір дәуірінде Евразия
далаларын мекендеген сақтарды, түркілер,
деп есептейтін пікір қалыптасқан.
Қазақ тіліндегі «сақ», басқа
тілдегі «сак» атауы, о баста
«асак» болып айтылған. өздерінің
қарамағындағы бағынышты
1 сурет. Шыңғысхан |
Аристотельден «Платон менің
досым, бірақ маған бәрінен де
шындық қымбат»,- деген сөз қалған.
Сіз математик ғалым бола тұра
соңғы жылдары қазақ тарихына
ерекше мән беріп, зерттеп жүрсіз.
Қазақ тарихына деген осыншама қызығушылық
қайдан пайда болды? Бұл сан жылдар
бойы бұрмаланып келген тарихымыздың
ақиқатына жету ме?
Кеңес Одағында дүниеге келдім. 70-80 жылдары
бәріміз жаппай коммунизм құрумен айналыстық.
Ол кезде халқымыз үшін саналы ғұмырын
паш еткен ірі тарихи тұлғаларымыз жайлы
айтпақ түгілі, есімін атаудың өзі мүмкін
емес еді. Басқасын қойғанда, тіліміздің
өзіне жойылып кету қаупі төнді. Мектепте
оқып жүргенімізде бізге «қазақ тілін
оқудың қажеті жоқ» деп үйретті. Кеңестік
жүйе грузин, азербайдан, укараин, қазақ
деген ұлттар болмайды, тек қана Кеңестік
үкімет болады, онда бәрі тек қана орыс
тілінде сөйлеседі, қазақ тілі өлі тіл
дегенді санамызға сіңіргені сонша барша
қазақ, балаларын орыс мектептеріне беруге
ұмтылды. Тоталитарлық жүйенің осындай
қатал саясатының салдарынан біз ұлтымыздың
айтулы тұлғаларын қазақ тарихының бетінен
сызып тастауға дейін бардық. Есімі машһүр
әлемге танымал, дүниежүзінің халқын даңқымен
таң қалдырған Шыңғысхан, Аттила, Томирис
сынды қолбасшыларды өзге ұлтқа телісек,
бергідегі Абылайхан, Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай, Райымбек сынды сүйегі
асыл ата-бабаларымыздың ерен ерліктері
жайында ауыз аша алмай, тарихи ақиқат
алдында мүсәпір күй кештік. Ал менің қатпар-қатпар
ғасырлар қойнауында жабулы қазан күйінде
қалған қазақ тарихының тереңіне үңілуіме
себеп болған жағдайлар баршылық. Бұл
жайында соңғы он жылдың шамасында көп
ойлана бастадым. Әсіресе, Алматы қаласындағы
Денешынықтыру институтына басшылыққа
келгенімде осы мәселеге ерекше ден қойдым.
Қазір бұл институт Қазақтың «Спорт және
туризм» Академиясы деп аталады. Бұл спортшыларды
дайындайтын оқу орны болғандықтан қызмет
бабы бойынша шетелдерге жиі сапарға шығуға
тура келеді. Көбіне ірі халықаралық әртүрлі
жарыстарға барып тұрамын. Сол кезде, әр
елден жиналған делегаттарымен қарым-қатынас
жасау үшін қай елден, жерден келгендігі
жайында айтуға тура келеді. Айтуын айтасың-ақ,
бірақ ең өкініштісі - олар сенің елің
мен жеріңнің қайда орналасқандығы жайында
хабарсыз боп шығады. Осындай жағымсыз
жайлар ұлттық тарихи тамырымызды зерттеуге
деген құлшынысымды оятты. Өзіңіз жер
ғаламшарға көз жүгіртіп қараңызшы. Моңғолия
Қазақстанмен салыстырғанда, елі мен жері,
тіпті экономикалық жағынан да салыстыруға
келмейтін ұлтарақтай ғана мемлекет. Ал
моңғол халқын білмейтін елдер кемде-
кем. Неге дейсіз ғой. Өйткені осы күнге
дейін моңғолдар өздерін әлемге Шыңғысханның
ұрпақтары ретінде танытып келді. Осы
тұрғыда өз басым, біз - қазақтар сан ғасырлар
ширегінде өмір сүріп, тек көшіп-қонып,
тонаумен айналысып, басқа біреулердің
жерін жаулап алып, өркениет үшін ешқандай
үлес қоспадық па деген тұңғиық ойға қалдым.
Географиялық құрылымға зер алсаңыз, Қазақстан
дүниежүзі бойынша, территориясы жағынан
9-шы орында тұр. Егер біз саны аз халық
болсақ, мұндай дәрежеге қалай жеттік?
Қазіргі таңда бар жоғы 10 миллион ғана
халықпыз ғой. Көршілеріміз болса - Ресей
мен Қытай сынды үлкен алып мемлекеттер.
Оңтүстікте Иран мемлекеті, иран тектес
халықтар өмір сүрсе, осыншама жерге иелік
жүргізу қазақтардың қолынан қалай келді?
Саны жағынан біздің халықтан асып түсетін
ұйғырлар мен күрттердің өз жері, отандары
да жоқ. Осындай жағдайлар ойымды мазалап
жүргенде, Қалибек Данияровтың «Альтернативная
история Казахстана» атты еңбегі қолыма
түсті. Осы еңбек қазақ тарихын зерттеуге
деген ынта-жігерімді арттырды. Қ.Данияров
жазғандай, біздің өткеніміз мағыналы
да, мазмұнды терең тарихи мұраларға бай
болса, бұл жайлы ешкім, тіпті өз ұрпақтары
білмесе, онда о дүниедегі ата-бабаларымыз
үнсіз қалып, күйініш білдіруде емес пе?-
деген ойға қалдым. Маған кейде «ХХІ-ші
ғасырдың оқыған қазақтары осы ақиқатты
халыққа неге жеткізбейсіңдер»,- деп ата-бабаларымыз
өкініш білдіріп тұратындай көрінеді.
Міне осыдан барып, қазақ тарихын зерттеуді
өзімнің ата-баба алдындағы борышым деп
түсіне бастадым.
Қазіргі кезеңде халқымыздың
негізгі бөлігі Шыңғысханның қазақ
тегінен шыққанын мойындады деп
ойлаймын. Неге десеңіз, халық арасында
аңыз-әпсаналарда Шыңғысхан
Қайрат Хайроллаұлы, сан ғасырлар ширегінде бүкіл әлем Шыңғысханды моңғол деп танып келді емес пе?! Осы арада Шыңғысханның қазіргі моңғолдарға қатысы бар ма, жоқ па? деген заңды сауал туындайды.
Шыңғысханның қазіргі заманғы моңғолдарға еш қатысы жоқ. Бұл пікірім айдан анық. Бұл мәселеге қатысты өз кітабымда көптеген дәйекті мысалдар келтірдім. Осында айта кететін жайт: Моңғолдардың ғылыми көне жазбалары бойынша, Шыңғысханның кезінде оның қол астында 40 түмен моңғол тайпалары және 4 түмен ойрат тайпалары тұрған. Шыңғысхан елшілікке жіберген адамдарын Хорезм ханы жауыздықпен өлтіргенін естіп, оны жазалау мақсатында өзінің 34 түменін алып батысқа жорыққа аттанады. Ал қалған 6 моңғол түмені мен 4 ойрат түменін Бежінді жаулап алуды міндеттеп Мұқалыны басшы етіп қалдырады. Бірақ Шыңғысхан кеткенен кейін моңғол, ойрат түмендері арасында билікке деген алауыздық туып, 6 моңғол түмені маньчжурлардан көмек сұрайды. Юань әулеті бұл шабуылға үндемей келісім білдірді. Моңғолияның кең байтақ жеріне сан жетпес маньчжур тайпалары басып кіреді. Өйткені жер қаңырап бос жатты. Осылайша олар өз билігін құра бастайды да, олардың қарамағында қалған 6 моңғол түмені ассимиляцияға ұшырап кетеді. Ал 4 ойрат түмені қазіргі қазақ жеріне келіп қоныстанады. Осы жерде мәселенің басын ашып айту керек. Сол кезде моңғол жерінде қалған 6 түмен моңғолдар емес, олар бүгінгі күні қазақтың жалайыр, керей, найман, үңгіт рулары болып табылады. Осындай деректерді негізге алатын болсақ, қазіргі ХХІ ғасырдағы моңғолдар ХІІІ ғасырдағы маньчжурлар деуге болады. Ал сол кезде қазақтардың біріккен тайпалары моңғолдар деп аталған. Біз қазақ деген атауға тек 15 ғасырда ғана ие болғанбыз. Ал қазақ халқы б.з дейін ғұн, сақ кейін түркілер (түрік қағанаты), моңғолдар Алтын орда кезінде біріккен ру-тайпалары өзбектер, ноғайлар деп аталып келді. Әйгілі моңғол ғалымы, тарих ғылымының докторы, профессор археолог, Баяр қазақ баспасөзіне берген сұхбатында «Дауласпай-ақ қоялық. Шыңғысханның аруағын мазалап қайтеміз. Қазақтар мен моңғолдар үшін Шыңғысхан ортақ болсын» дегенді айтады. Моңғол ғалымының бұл пікірімен мүлде келіспеймін. Әрине, қазақтар тәуелсіздігін алғанға дейін Шыңғысханның моңғол екенінде еш дау болған жоқ. Ал қазір заман өзгерді. Біз осы жылдар ішіндегі зерттеулеріміз арқылы Шыңғысханның қазақ екендігін дәлелдеп беруге тырыстық. Бұған моңғол ғалымдары да елең ете қалды. Біз 17 жыл тәуелсіздік ішінде осындай үлкен жетістіктерге қол жеткізсек, онда мұны моңғол ғалымдары және профессор Баяр да мойындап отыр дегім келеді. Осы арада қосарым, осы тарихи тұжырымдардың ақиқатына жету үшін, генетикалық зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру маңызды. Мәселен, әйгілі Оксворд университетіндегі ағылшын ғалымдары Шыңғысхан тегін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізуде Азияның 2000 тұрғынынан ДНК тест алған. Ең қызығы Шыңғысханның ДНК-не сәйкестік Алтай қазақтарынан табылса, моңғолдардың ДНК көрсеткіші о пайызды құраған. Ал ең шағын көлемдегі көрсеткішке бурят, тува, қалмақтар ие болған. Сонда ең жоғарғы 10 пайыздық көрсеткіш Алтай қазақтарында болып отыр. Генетика саласындағы осындай ғылыми жетістіктер қазіргі таңда жұмбақ күйінде қалып келе жатқан тарихи дүниелерді зерттеуде үлкен нәтижелер беруде. Кітабымдағы деректер де ғылыми негізде дәлелденген. Дегенмен де ғалымдар арасында да әртүрлі пікірлер бар. Жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, тарих факультетінің бұрынғы деканы, тарих ғылымдарының докторы, археолог Жакен Таймағанбетовпен жолығып, әңгімелескен едік. Ол қазіргі таңда Шыңғысханды зерттеп жүрген тарих мамандарына көңілі тола бермейтіндігін айта отырып, маған өз тарапынан ризашылдығын білдірді. Әрине бұны түсінемін. Шыңғысханды зерттеп жүрген мамандарға болжамдарымды қабылдау қиынға соғады. Әсіресе, ақсақалдар мен ғылым докторлары, лауазымды азаматтар қарсылық білдіруі орынды. Себебі, олар Шыңғысханға қатысты мүлдем басқаша, теріс бағыттағы идеяларды зерттеу арқылы ғылыми атақтарға ие болғаны белгілі жайт. Сондықтан да мұндай адамдарға Тілеуберді Әбенай, Қалибек Данияров және менің айтып жүрген ой-толғамдарымды растау өте қиынға соғады. Бұл ақиқатты мойындау оларға өз атақ-даңқынан бас тартумен бірдей болып табылады. Осы тұрғыда мұндай батыл шешімге кім барады екен? Сондай-ақ, қазіргі кезде олардың көпшілігінің жасы 70 асып отыр. Бұл ғалымдарды түсінуге болады. Себебі, осы уақытқа дейін Кеңестік идеологияның атақ-даңқына, шең-шепкеніне тәуелді болып келдік. Жоғарыдан берілген әмірді екі етпедік. Ал тоталитарлық жүйеге қарсы шыққан, батыл қадам жасаған ұлт жанашырлары қуғын-сүргінге ұшырады. Мәселен, Орталық Компартия Комитетінің бұйрығынан бас тарту, Кеңес Одағына қарсы шығумен бірдей болды. Сол себепті бұл жайындағы әңгімені қозғамай-ақ қоялық. Ал қазіргі уақытта арқаларын кеңге салған, шынайы тарихи ақиқатты ашуға жолдары молынан ашылған қазақ тарихын зерттеп жүрген еліміздегі жас ғалымдар тарапынан баспасөз беттері арқылы тарихи тұжырымдарыма қомақты ой танытып, пікір-талас тудырып отырғандар шамалы. Егер де, олар жекелеген деректеріме өз тараптарынан қарсылық білдіріп жатса, пікірталас ретінде көтерілген мәселемен де ықыласпен танысар едім.
Бұл мәселе - әлемдік тарихта
дау тудырып отырған
Болжамдарыма сәйкес, Шыңғысхан найманның Матай, немесе Бағаналы руынан шыққан. Ал мұның шынайы көрініс табуы үшін, осы ру өкілдерінен де ДНК тест алып сәйкестігін байқап көру қажет. Мәселен, Тілеуберді Әбенай Шыңғысханның Жалайыр руынан шыққандығын дәлелдеп жүр. Сондықтан да жалайырлардан да ДНК-ны алып Шыңғысханның ДНК-сымен қаншалықты ұқсастығын салыстырып қарауға болады. Ал егер моңғолдар Шыңғысхан бізден шыққан десе, оны да осындай жолмен көрейік. Себебі, қазіргі заманның ғылыми жетістігі осы мәселені шешуге айтарлықтай мүмкіндік береді. Екі жерде екім төрт дегендей осы күнгі ғылым бұған қатысты соңғы нүктесін қоя алады. Шыңғысхан мәселесі төңірегінде Е.Ертісбаевтың орынбасары: «Біз сіздің хатыңызды «Білім және ғылым» министрлігіне жібердік олар сіз айтып отырған сараптаманы жүргізу, жүргізбеу жөнінде қорытынды жасауы тиіс» ,- деп жауап қайтарды. Ал ең өкініштісі - аталмыш министрліктен еш хабар жоқ. Осылайша, жоғарыда көрсетілген жағдай әлі күнге жабулы қазан күйінде қалып келеді.
2 Монғол
2.1 Монғол шапқыншылығы
Монғол шапқыншылығынан
кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың,
Түркістанның, Жетісудың түркі тайпалары
бір мемлекетке біріктіріліп, алдымен
қазақ хандығының, кейіннен қазақ
ұлтының шығуына, яғни қалыптасуына
жағдай жасалынды . Сөйтіп Шыңғыс хан
империясы құрылғаннан кейін, көп
ұзамай қазақ халқының этникалық
территориясы қалыптаса бастады. Қыпшақ
сахарасының халықтары
Алтын Орданың құрамында болған ұлыс Ақ
Орда, шын мәнінде, қазақ мемлекеті болды.
Өйткені негізін Жошы қалаған бұл ұлыс
Сырдариядан Алтайға, Оңтүстік Оралдан
Жетісуға дейінгі қазіргі қазақ даласын
алып жатты . Екіншіден, бұл даланы ерте
кезден-ақ түркі тілді тайпалар жайлады.
Олар монғол шапқыншылығынан кейін қосылған
тайпаларды бойына сіңіріп, қазақтың этникалық
құрамын қалыптастырды.
Информация о работе Монғол шапқыншылығының Қазақстанға тигізген зардаптары