Мал шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 19:24, реферат

Краткое описание

Ежелден отырықшы мәдениеттің ұясы болған үлкенді-кішілі қалалар мен елді мекендер Қазақстан жерінде баршылық. Бірақ олардың орналасуы әр аймақта әртүрлі. Оның негізгі себептері Қазақстанның табиғи-географиялық жағдайына байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

2 вопрос тарих.docx

— 29.47 Кб (Скачать документ)

Орта ғасырдағы түріктің данышпан ойшылдары түрік халқын жалпы көшпелі демеген. Керісінше олардың ертеден отырықшы болып, қала мәдениетін дамытқанын басып айтқан. Бұл пікірді осы күнгі Түркияның ғалымдары да мойындайды: «XI ғасырдағы түрік қауымдарының өмір сүру ерекшеліктері туралы Махмұд Қашғаридің берген мағлұматтары, соның ішінде аталған уақытта түріктердің басым көпшілігінің отырықшылыққа ауысқандығы жайында айтуы шындығында да өте маңызды. Шындығында да,  оның еңбегінде Жоғарғы Нарым, Іле және Орта Сырдария арасындағы аймаққа орналасқан 40-тан астам үлкен түрік қалалары мен қалашықтарының, ауылдарының аттары жазылып, ол өмір сүрген уақытта түріктерде отырықшылықтың кең етек алғандығы жайында жақсы әңгіме болады»[23].

Келтірілген түркиялық қандасымыздың пікірі жалпы шындыққа жатады. М. Қашқари және Ж. Баласағұнилер түріктердің көпшілігінің отырықшы болғанын баяндаған. Бірақ түрік ғалымының пікірлерінің кейбір жерлерін анықтауға тура келеді. Біздіңше, түріктердің отырықшы болғаны антикалық заманнан басталса керек. Сол кездегі салынған қалалар мен ауылдардың көпшілігі бұл түрік ғұламаларының кезінде жермен-жексен болып, олар тарихи ескерткішке айналған. Оған қосымша, жоғарыдағы айтылған аймақта 40-тан астам қалалар мен ауылдар болды деген пікірге қосылуға болмайды. Өйткені Сырдариядан Шығыс Түркістанға дейінгі болған түрік қалаларын, ауылдарын санап шығу қиын шығар. Олардың ішінде дүниеге әйгілі үлкен қалалар да көп болған.

Түріктер Орталық Азияда, соның ішінде Әмудария мен Сырдарияның алқаптарына антикалық дәуірден қалалар, бекіністер, ауылдык мекендер салғанын тарих босқа шығармайды. Бұл екі үлкен дарияға алғашқы ат қойған түріктер болатын. «В рукописях «Худуд ал-Алем» и «Сафарнамаи Насири Хисрау» также имеются интересные топонимические сведения. В частности, в «Худуде впервые упоминается, а Бируни впоследствии подтверждает, что Сырдарья называлась - Хасарт. Следовательно, упоминаемое в древнегреческих источниках классическое название Сырдарьи Яксарт не греческое, а исконно местное, переделанное греками. Это же относится к Амударье - Оксусу, местное название которой было Окуз, что по-древнетюркски означает вода, река»[24].

Бұл келтірілген топонимикалық пікірден көп нәрсені байқауға болады. Әлем тарихынан орын алған Орталық Азиядағы Қос өзен деп аталатын Әмудария мен Сырдарияның алғашқы атамаларын ұмытып, оларға гректердің койған бұрмалау атымен дүниеге белгілі болған. Оларға түріктердің қойған төл атын бізге дейінгі ұрпақтар естен шығарған. Бұндай топонимикалық өзгерістер тарихта жиі кездеседі. Оны Абу Рейхан Бируни өзінің «Индиш» деген еңбегінде көрсеткен[25]. Егер де сырттан басқа тілде сөйлейтін халықтар келсе, олар жергілікті жер атамаларына өзгерістер кіргізіп, оларды өздерінше бұрмалап өзгертуге тырысады. Уақыттың өтуімен топонимикалық терминдер алғашқы мағынасын жойып кетуі мүмкін. Бұндай жағдайлардан қазақ жер атамалары сырт қалған жоқ. Әсіресе, жоңғарлардың, Ресейдің қазақ жерін отарлап, топонимикаларды трансформациялады. Бұл мәселе Кеңес үкіметі кезінде тамырын тереңге жіберді. Енді егемендік алғаннан кейін, сол қателерді түзетуге кіріскенімен, сан алуан жер атамалары бұрынғы қалпында айтыла алмай келеді.

 

Ертедегі және орта ғасырдағы  қалалар мен қонысты мекендер Қазақстанның оңтүстігінде, Сырдарияның (Хасарт) орта, төменгі ағыстарында Талас, Шу және Жетісу өңірлеріне шоғырланған. Олардың үлкендері Ұлы Жібек жолының, оның тармақтарының бойларынан байқалады. Бұл өлкелер ертеден түріктердің қалың жайлаған отырықшы мәдениетінің ұясы сияқты. Әмудария мен Сырдарияның бойын ертеден ірі отырықшы мәдениеттің негізін салған әлемге белгілі қаңлылар жайлаған. Осы қаңлылардың тікелей ұрпағы оғыздар екенін М. Қашқари айтады: «Өкүз: Жайхун мен Фират (Ефрат) секілді үлкен дарияларға берілген ат. Бұл сөз жалғыз қолданылғанда оғыздарша Benigit: Бенегіт – Бенегит» дариясы деген ұғымды білдіреді. Олардың шаһарлары сол өзеннің жағалауларына орналасқан; олар, көшпелілер де сол дария жағалауларында тіршілік етеді. Түрік өлкелерінің басқа бірталай өзендері мен өлкелері де «Оkуz, Окуз»: деп сол атты алған, солай аталады»[26]. Оғыз түріктері ертедегі Қос өзен (Әмудария, Сырдария) бойларында отырықшы мәдениеттің негізін салған Қаңлы тайпасының ұрпақтары болып, олардың мекендері ірі өзендер (Оқұз) болған соң, өзен атын қабылдап, өздерін оғыз деп кетулері де мүмкін. Оғыздардың қалың көпшілігі Орталық Азияның оңтүстігінде шоғырланған. Олар ертеден қалалар және қонысты мекендер орнатқан. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік жеріндегі қалалардың көпшілігін осы оғыздар салдырғанын М. Қашқари айтады: «Сұғнақ: оғыз қалаларының бірі... Қарнақ. Оғыз қалаларының бірі – Қарнақ: (Қарынды)..., Қарашұқ - Фараб қаласының атауы. Бұл оғыздар шаһарларының бірінің атауы... Сауран - оғыз қалаларының бірі...»[27]. М. Қашқаридің айтқанын негізге алсақ, оғыздар Әмудария мен Сырдария өңірлерін кең мекендеген түрік тайпаларының бірі екені байқалады. «Оғыз - Түрік тайпаларының бірі. Оғыздар - түрікмендер. Олар жиырма екі ұрық; әрбірінің айырым-белгілері мен малға басатын таңбалары бар. Руларды, бір-бірлерінің малын сол таңбаларға қарап таниды... Бұл ұлыстардың тегін білуге адамдардың ынта-ықтияры болғандығы үшін, мен оларды бір-бірлеп жазып шықтым. Бұл таңбалар ат, мүлік пен малдарының белгілері. Малдары араласып кетсе, әр тайпа өз малын сол таңбалардан айырып алады.

Бұлар негізгі тайпалар. Олардың әрқайсысының аймақтары бар. Қысқарту үшін оларды жазбадым. Бұл есімдер сол тайпалардың ең ежелгі ата-бабаларының аттары. Арабтарда Бану Сәлім, яғни Сәлім әулеттері, Бану Хафажа, яғни Хафажа әулеттері деп қалыптастырғандай, бұлар ежелгі ата-бабаларына қарап сондай үлгімен жалғастырады»[28].

М. Қашқаридің берген мағлұматына  қарағанда, ол оғыз тайпалары туралы бай деректерді жинағанын байқаймыз. Олардың көлемі көп болғандықтан, ғұлама өзінің еңбегіне қысқартып бергенін айтады. Әттең, соның жинаған деректері табыла қойса, онда түрік тарихына керекті негізгі мағлұматтарды алуға болар еді. Сондай-ақ, оғыз тайпалары түріктердің негізгі тайпалары екенін ашық айтқан. Олар араб халықтары сияқты ежелгі бабаларының аттарын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келгенін ғұлама баяндайды. Міне, осындай көп халық Орталық Азияда отырықшы мәдениетті дамытып, қалалар, ауылды мекендер салған. Олардың басым көпшілігі Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан.

 

Осы қалалардың, қонысты мекендердің  үстімен арабтардың, парсылардың, Үндістанның, Шығыс пен Батыстың саяхатшылары мен ғалымдары, саудагерлері жүріп, түріктердің тарихы мен тұрмыстары, шаруашылықтары, әдет-ғұрыптары, салт-саналары жөнінде құнды деректер жазып қалдырған. Олардың еңбектерінде түріктердің барлығы көшпелі өмір сүретінін жазбаған, керісінше, олардың шаруашылығы көп салалы болып, тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылық өмір сүріп жатқанын баяндаған деректер баршылық.

Ұлы Жібек жолының бойындағы Қазақстан жеріндегі орта ғасыр қалаларына қасқаша тоқталайық.

 

 [4] Қазақстан тарихы. 1-т. - А.,1996. – 347-б.

[5] Алпысбаев Х.А.   Памятники  нижнсго палеолита Южного Казахстана. - Алма-Ата, 1979.

[6] Каменный   век   Казахстана и   сопредельных  территорий. - Туркестан, 1998. – 12-б.

[7] Сонда.

[8] Қазақстан тарихы. 1-т. - Алматы, 1996. – 78-б.

[9] Сонда. 80-б.

[10] Каменный век Казахстана   и   сопредельных территорий. - Туркестан, 1998. - 32-37 бб.

[11] Археологическая карта Казахстана. - Алма-Ата, 1960.

[12] Сонда. 31-46 бб.

[13] Сонда. 67-б.

[14] Сонда. 150-153 бб.

[15] Сонда.163-б.

[16] Сонда.164-б.

[17] Сонда. 65,89,151,154,197-б.

[18] Толстов С.П. По древним  дельтам Окса и Яксарта. - М.,1964.

[19]   Қазақстан тарихы. 1-т. - Алматы, 1996.

[20] Сонда. 352-б.

[21] Шәлекенов У.Х. Кұм басқан қала. - Алматы, 1992. - 44-48 бб.

[22] Қашқари М. Түрік сөздігі. 1-т. - Алматы,1997. – 31-б.

 


Информация о работе Мал шаруашылығы