Мал шаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 19:24, реферат

Краткое описание

Ежелден отырықшы мәдениеттің ұясы болған үлкенді-кішілі қалалар мен елді мекендер Қазақстан жерінде баршылық. Бірақ олардың орналасуы әр аймақта әртүрлі. Оның негізгі себептері Қазақстанның табиғи-географиялық жағдайына байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

2 вопрос тарих.docx

— 29.47 Кб (Скачать документ)

2 вопрос тарих

 

Ежелден отырықшы мәдениеттің  ұясы болған үлкенді-кішілі қалалар мен елді  мекендер Қазақстан жерінде баршылық. Бірақ олардың орналасуы әр аймақта әртүрлі. Оның негізгі себептері Қазақстанның табиғи-географиялық жағдайына байланысты.

Алғашқы замандардан бері, осы күнгі Қазақстан жерін  мекендеген түрік тайпалары, халықтары өздерінің күнделікті өмір сүрген жерінің табиғи-географиялық ерекшелігіне икемделіп, шаруашылығы, тұрмысы және мәдениеті пайда болған. Қазақстан Республикасының жері - 2717,3 мың шаршы км., халқы - 15053 мың адам[1]. Ол Орталық Азияның қақ  ортасында орналасқан. Бұл келтірілген қазіргі Қазақстанның жері болғанымен, ол ертедегі Тұран (Түркістан) елінің ажырамас бір бөлігі. Осы еншіге тиген жердің табиғи жағдайы бұрын да, қазір де біркелкі емес. Табиғаттағы бұндай ерекшеліктер баяу өзгергенімен, алғашқы жағдайынан онша алшақ кетпеген. Сондықтан Қазақстанның табиғи ерекшеліктерінен қысқаша мәліметтер келтірейік

Қазақстан жерінің беті біркелкі болмағаны сияқты, оның ауа-райында да айтарлықтай өзгешеліктер бар. Күн  сәулесі түсетін уақыттың ұзақтығы солтүстігінде 2000 сағаттан, оңтүстігінде 3000 сағатқа дейін жетеді. Солтүстігінде қыс суық әрі ұзақ болады, орталық бөлігінде қоңыржай суық, оңтүстігінде, негізінен, қысы кысқа, әрі қоңыржай, ал қиыр-оңтүстігінде қыс жұмсақ келеді. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде –                   18 градус0 С, ал жазық бөлігінің киыр-оңтүстігінде - 3 градус0 С. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде - 19 градус0 С, оңтүстігінде 28-30 градус0 С-ге  дейін артады[2]

Жер беті мен ауа райының  әртүрлі болуына байланысты, жер  бетінің ағын сулары да біркелкі бөлінбеген. Шөлейттік аймақта өзен өте аз да, солтүстік бөлігі мен биік таулы өңірлерде өзендер анағұрлым көп. Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзен бар. Олардың 90%-ның ұзындығы 10 км-ге жетпейтін кішігірім өзендер. 228 өзеннің ұзындығы 100 км–ден асады. Республикада 48 мыңнан астам көлдер бар. Жердің топырақтары әр аймақта әртүрлі болып келеді[3].

Қазақ халқының еншісіне тиген  жердің табиғаты бай болып, бұл жерді  бабаларымыз ерте заманнан игеріп, өздерінің Отанына айналдырып, оны көзінің қарашығындай қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдырып келген. Осындай тамаша жерді мекендеген қазақтардың ауызекі әдебиетінде: «Жері байдың, елі бай» деген қанатты сөз өзінің жеріне негізделіп айтылған.

Осындай «түгін тартса, майы шығады» дегендей қазақтар жерін  ардақтап, оның әр аймақтарының ерекшеліктеріне қарай пайдаланып, көп салалы шаруашылықты дамытқан және отырықшы мәдениеттің іргетасын ертеден қалаған. Тамаша жерді жайлаған халықты көшпелі болды дегенге кім нанады? Оған қосымша, ежелгі түріктер Шығыс Азияның және Алдыңғы Азияның отырықшы көрші елдерімен өмір бойы байланыста болған. Отырықшы мәдениетті түріктердің өздері де пайда етіп, көршілес елдердің мәдени жетістіктерін қабылдаған және өздерінің тұрмыста қолданған  мәдениетінің ықпалын көршілеріне де тидіріп отырған. Бұндай қарым-қатынас өмірдің заңдылығынан шығатыны белгілі.

Отырықшы мәдениеттің  орталығы тұрақты ауылдар мен  қалалар ерте заманнан бері Қазақстан  жерінде болған. Бұл  туралы тілге тиек болатын қалалар Қазақстан жерінде баршылық. Олардың көпшілігі бізге тарихи археологиялық ескерткіш ретінде сақталып келген. Ертедегі және орта ғасырдағы қалалардың орналасуы біркелкі емес. Оның себебі, жоғарыда тоқталып өткендей, Қазақстанның табиғаты біркелкі болмағандығынан деп қараған жөн. Ойпатты жерлерде, сулы аймақтарда, ауа райы қолайлы жерлерде отырықшылық ертеден болған. Бұндай өлкелер, аймақтар елімізде жетерлік. Тарихи ескерткіш ретінде сақталып келген ертедегі, орта ғасырдағы қалалардың орнын Қазақстанның барлық аймақтарынан кездестіруге болады. Олардың көпшілігі отырықшылыққа қолайлы болған өлкелерде жиі болса, жартылай шөлдік жерлерде азырақ және шөлдік аймақтарда сирегірек кездеседі.

Бұл ескерткіштердің археология жақтан зерттеу үстіміздегі ғасырдың екінші жартысынан Казақстанның оңтүстік аймағында басталды. Себебі, бұл аймақ ертеден отырықшылықтың негізгі мекендерінің бірі және осы жер арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Сондықтан да ортағасырлық қалалар оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Республиканың басқа аймақтарындағы тұрақты мекендердің орындары айтарлықтай археологтар тарапынан зерттелмей келе жатыр. Өйткені кейінгі кезде дами бастаған археология ғылымының дәрежесі жетпейді: археолог-маман қатарының әлде де көбірек болмауы және бұндай зерттеуді кең көлемде алып бару үшін қаражаттың тапшы болуы және т.б. себептер жеткілікті.

Солай болса да, археологиялық  зерттеулердің барысында Қазақстанның барлық аймақтарында отырықшы мекендердің  ерте заманнан болғаны байқалады. Ертедегі, орта ғасырдағы отырықшы қоныстардың  Қазақстанда біркелкі зерттелмеуінің нәтижесінде, отырықшылықтың негізі - Оңтүстік Қазақстан болды деген ұғым бар: «Қазақстанның кең-байтақ жерінде отырықшылық және қала мәдениеті дамуының ірі-ірі тарихи-мәдени аймақтары ежелден ерекшеленген. Солардың бірі - Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағы. Ол, бір жағынан, Орта Азия, екінші жағынан, Орталық Қазақстан, Сібір мен Орал аралығындағы аумақты алып жатыр. Онда үш аудан - Оңтүстік Қазақстан (Сырдария алқабы), оңтүстік-батыс Жетісу (Талас және Шу өңірлерінің аралығы), солтүстік-шығыс Жетісу (Іле алқабы) аудандары өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Аймақ егіншілікті жазиралар мен көшпелілік даласының тоғысқан жерінде орналасқан»[4].

Қазақстан тарихынан келтірілген үзіндіге қарасақ, еліміздегі отырықшылық аймақтарға Оңтүстік Қазақстан, Талас, Шу мен Жетісу жататын көрінеді. Бұл үш аймақ Қазақстанның басқа көшпелі аймақтарымен шекараласқан делінген. Кейінгі жылдардағы жүргізілген археологиялық зерттеулер, ортағасырлық қоныстардың, қалалардың орындарын Қазақстанның барлық аймақтарынан тауып, олардың кейбіреулері зерттеліп жатыр.

 

Қазіргі Қазақстан жері археологиялық  және сәулеттік ескерткіштерге өте  бай. Оларды зерттеп, сырын ашу, негізінен  Кеңес үкіметі кезінде, әсіресе екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Егер де Ресейге бодан болған жылдарда еліміздегі ескерткіштер тиіп-қашты, үстіртін зерттелсе, Кеңес үкіметі орнағаннан кейін орыстың археологтары Қазақстанда археологиялық зерттеулерді бастады. Кейін өз халқымыздың ішінен мамандар шығып, арнайы археологиялық экспедициялар ұйымдастырды: Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы, 1946 ж. (академик Ә.Х. Марғұлан); Хорезм археология-этнография экспедициясы, 1936 ж. (академик С.П. Толстов); Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясы, 1945 ж. (проф.                      А.Н. Бернштам); Іле археологиялық экспедициясы, 1954 ж. (проф.               К.А. Акишев); Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы, 1969 ж. (проф. К.А. Акишев); ҚазМУ археологиялық экспедициясы, 1974 ж. (проф. У.Х. Шәлекенов) және көптеген археологиялық бөлімшелер, топтар зерттеулер жүргізді.

Жоғарыдағы аттары аталған  археологиялық экспедициялар тарихи қысқа мерзімнің ішінде кең көлемде жұмыс істеп, адам баласының басынан өткерген кезеңдеріне жататын Қазақстан жерінен көптеген ескерткіштерді ашты және зерттеді. Нәтижеде, бұрын тарихи ғылымға пайдаланылмаған өте бай деректер жиналды.  Ол деректер алғашқы қоғамнан бастап осы жерде пайда болған және оны өзінің мекеніне айналдырған бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен мәдениетінің қалдықтары екенін мойындап, қазақ халқының автохтондығын естен шығаруға болмайды. Енді сол бабаларымыздың басынан өткерген тарихи кезендерді суреттейтін археологиялық деректерді тілге тиек етіп, осы күнгі Қазақстан жерін мекендеген бабаларымыз отырықшы мәдениеттің іргесін ертеден қалағандығын дәлелдеуге тырысайық.

Орталық Азия, оның бір бөлігі Қазақстан алғашқы адамдардың мекені болғанын дәлелдейтін тас (палеолит) заманының қонысы Өзбекстандағы Байсун тауынан табылған Тесікташ 1938 ж. ашылса, енді Қазақстандағы Қаратау өңірінен: Бөріқазған, Тәңірқазған, Ақкөл, Кемер, Қызылрысбек, Тоқалы[5] және Қарасу (Уәлиханов), Қараүңгір[6], Қосқорған, Шоқтас[7]. Тас дәуірінің ескерткіштері Жезқазған өңірінен: Өгізтау-1 және 2, Үлкен Ақмаядан табылса, Батыс Қазақстаннан: Шақпақата, Өнежек[8] қоныстары. Осындай ескерткіштер Шығыс Қазақстаннан да табылды: Қанай, Свинчатка, Пещера (үңгір), Ново-Николаевское, Шүлбі[9]. Кейінгі жылдары тас кезеңіне жататын ескерткіштер Күнгей Алатау алқабынан Ақтоғай, Семізбұғы, Балқаш өнірінен Хантау; Орталық Қазақстаннан Шыңғыс-1, Бұрма; Қаратаудың күнгей бетінен - Қошқорған (Қосқорған), Шоқтас және т.б. ескерткіштер ашылды[10]. Осындай тас дәуіріне жататын ескерткіштердің Қазақстанда көптеп табылуы - біздің жеріміз алғашқы адамдардың пайда болған жері екенін көрсететін деректер.

Сол кездегі біздің жерімізді  мекендеген тұрғындар, тас дәуірінің кейінгі кезендерінде қоныстардың болғандығын дәлелдейтін археологиялық деректер баршылық. Археологтар мұндай қоныстарды (стоянка) Қазақстан жерінің барлық өңірінен ашты деуге болады. Олардың көпшілігі ежелден үлкенді-кішілі өзендердің, көлдердің төңірегіне шоғырланғаны байқалады. Олардың көпшілігі «Археологическая карта Казахстана»[11] кітабына енген. Бұл еңбектен басқа кейінгі кездердегі табылған тас дәуірінің қыруар ескерткіштері бар. Сол деректердің кейбіреулеріне тоқталайық: Тобол[12], Орал өзендері және Шалқар көлі[13]; Жезқазған өңірлерінен көптеген неолит қоныстары ашылды[14]. Бұндай тас дәуірінің қоныстарын Орталық, Шығыс, Оңтүстік, Батыс Қазақстан жерлерінде болғанын археологтар дәледдеді. Соған қарағанда, жергілікті тұрғындар тас дәуірінің кейінгі кезеңдерінде Қазақстан жеріне кеңірек таралып, әр аймақтарда баспана салу дәрежесіне жеткен көрінеді.

Бұдан кейінгі қола дәуірінде алғашқы тұрғындар бұрынғыдан да кең көлемде жер бетіне тарап, енді ауыл-ауыл болып жайласып, үлкен көлемдегі қоныстарды пайда еткен. Бұл жөнінде Ә.Х. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы қыруар деректерді жинады.            Ә.Х. Марғұлан өзінің шәкірттерімен Қазақстан бойынша, әсіресе қола дәуірін кең көлемде зерттеп, сол кездегі бабаларымыздың мәдениетін айтарлықтай дәрежеде ашты. Олардың көпшілігі «Қазақстан археология картасына» енді. Қола дәуірі ауылдарының орындары Тобол, Чаглинка, Орал, Шаған, Қарғалы, Нұра, Ертіс, Сарысу, Атасу, Жетісу, Шу, Талас, Сырдария және т.б. үлкенді-кішілі өзендердің жағаларына шоғырланған. Олардың көлемдері біркелкі болмаған. Қола дәуірінің ескерткіші - Атасу ауылы. Ол Атасу өзенінің оң жағасына, Қосагол қолтығына орналасқан. Оны 1955 ж. Ә.Х. Марғұлан зерттеген. Ауыл екі бөліктен құрылған. Біріншісінің диаметрі - 25 м, ені - 1,34 м., терендігі - 60 см. Қабырғасының едені гранит таспен екі қатар қаланған. Екіншісінің диаметрі - 24 м., ені - 1,4 м[15]. Мыңбайсай ауылы. Мұны да 1955 ж. Ә.Х. Марғұлан зерттеген. Ол Мыңбайсай өзенінің жоғарғы ағысына орналасқан. Оны қазғанда 26 бөлме шыққан. Әр бөлменің қасынан күлдің орындары болғаны байқалған. Бөлмелерді 75 см тереңдеткенде тас ошақтар шыққан, оның төңірегінде көптеген жануарлардың сүйектері табылған[16]. Бұндай қола дәуірінің қоныстары, әсіресе Орталық, Оңтүстік Қазақстаннан, Жетісу өңірінен кең көлемде ашылды.

Республиканың басқа аймақтарынан қола мәдениеті  ашылғанымен, Батыс  Қазақстанда жоғарыдағыдай бұл  дәуір кең көлемде зерттелмей келе жатыр.

Қола мәдениетін ашуда, сол  кездің өзінде қолдан суғару арқылы егістіктің болғанына куә болатын деректер де баршылық. Қолдан қазылған су жүйелері Утвы өзенінің Орал өзеніне құятын жерінен, Бурли, Байчеркеш ауылдарының қасынан, Шалқар көлінің жағасынан, Нұра өзенінің оң жағасынан, Сарысу өзенінің сол жағасынан ұзындығы 3,5 км-ге созылған, ені 3-4 м, терендігі 2 м су жүйесі осы өзеннің жоғарғы ағысынан Жаңа-Арқа станциясына жақын жерден, Іле өзенінің жағаларынан және т.б. аймақтардан ертедегі қолдан суару арқылы егіншіліктің болғаны туралы мағлұматтар да жиналған. Су жүйелерінің табылған жерлері бұрын-соңды отырықшылықтың болғанын көрсетеді. Бұл жерді мекендеушілер тек жаңбырдың суымен егіншілік етумен шектелмей, кейбір өзендердің бойларында қолдан суғару арқылы егін еккен. Қазақстанның оңтүстігінде суармалы егіншіліктің, ертеден басталғанын археологтар дәлелдеді[17]. Оған қазір ешкім күмән келтірмейді. Сөйтіп, қола дәуірінде Қазақстанның ертедегі тұрғындары жергілікті табиғатқа икемделіп, егістікпен шұғылданғанын байқаймыз.

Осы келтірілген деректерге қарасақ, адамдар ерте замандардан-ақ баспана салуды, егін егуді білген. Сөйтіп, отырықшы мәдениеттің іргетасы алғашқы қоғам кезінде-ақ қаланған. Сол кездің өзінде өздерін қоршаған табиғи-географиялық жағдайға икемдеп, көп салалы шаруашылыққа негіз салған: отырықшылық, жартылай отырықшылық және көшпелілік пайда болған. Оларға қосымша, қосалқы шаруашылықтар келіп шыққан: балықшылық, аңшылық, қолөнер кәсібі және т.б.

Жоғарыдағы келтірілген алғашқы қоғамда пайда болған қоныстар антикалық және орта ғасырда кең өріс алып, олар белгілі қалалар, бекіністер дәрежесіне жеткен. Әсіресе, ертеден отырықшылықтың мекені болған Қазақстанның оңтүстігінде, Ұлы Жібек жолының бойында, оның көп  тармақтарында қалалар ертеден салынған. Осындай ертедегі отырықшылық мекені - Сырдария өңірі. Бұл аймақты Хорезм археологиялық экспедициясы зерттеп, алуан санды отырықшы мәдениеттің орталығы болған қалаларды ашты. Ол қалалар өздерінің өмірін антикалық заманнан бастаған. Сырдарияның төменгі ағысынан сол дәуірдің бекіністері, қалалары ашылды: Шағырлы-1,2  бекінісі, Бабиш-мулла, Чирик-Рабат, Инкарқала, Ақтөбе қалалары және т.б.[18].

Оңтүстік Қазақстан және Жетісу өңірлерінен көптеген ортағасырлық бекіністер мен қалалар ашылып, «Қазақстан тарихының» 1-томының мұқабасына берілген «Ұлы Жібек жолының картасында» сол қоныстар берілген[19]. Қайталап жатпай-ақ, оларды түріктердің салған қалалары екенін дәлелдейтін деректерді келтірейік. Бұл жерде бір еске алатын нәрсе,  қоныстардың пайда болған кезеңдері. «Қазақстанның археологиялық картасына» көз жіберсеңіз, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу өңірлерінің ортағасырлық қалалары антикалық дәуірдің соңғы кезеңінен бастап, ертедегі орта ғасырды толығымен өз ішіне алады. Біздіңше, ол қалалардың ішінде антикалық дәуірдің бел ортасында іргесі қаланған қоныстар да болған. Өйткені біздің жыл санауымыздың басынан пайда болған қалалар деп сол ескерткіштердің үстіңгі қабатынан табылған деректерге қарап, сол қалалардың жасын шамамен белгілеген болуы керек. Себебі, Қазақстанда ортағасырлық ескерткіштер ХХ ғасырдың 40-50 жылдары ішінде оңтүстікте кең көлемде зерттеле бастады.

«Жаңа археологиялык материалдардың (деректердің - У.Ш.) жинақталуы, бұрын белгісіз болып келген қала жұрттарының ашылуы тарихи картаға алдыңғы ортағасырлық қалаларды, қоныстар мен басқа да елді мекендерді неғұрлым толық орналастыруға мүмкіндік берді... Оңтүстік Қазақстандағы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 37 болды»[20], деген пікір «Қазақстан тарихының» 1-томында жазылған. Бұл үзіндіде келтірілген 37 қала Қазақстанның оңтүстігінде болды деп айту шындыққа келіңкіремейді. Сырдарияның орта, төменгі ағыстарында Қаратау өңіріндегі Талас, Шу өзеңдерінің алқаптарында қалалардың саны одан көп болған. ІХ-Х ғғ. Ұлы Жібек жолымен келген арабтың ғұламалары, соның ішінде Әл-Мақдиси Қазақстанның оңтүстігінде қалалардың көп екенін, оларды аралағанын айтқан[21]. Кейінгі кездегі Қазақстандағы орта ғасыр мәдениетін зерттеу онша көп уақытты алмаса да, археологтарымыздың бірқанша табысқа қол жеткізгенін байқауға болады. Дегенмен, еліміздің оңтүстігіндегі орта ғасыр қалаларының саны анағұрлым көп болуы керек. Өйткені жыл сайын археологтарымыз осы аймақтан бұрын есепке алынбаған қалалардың орындарын тауып жатыр. Бұл өлкені ертеден түріктер тұрақты қонысына айналдырып, олар бекіністерді, қалаларды кең көлемде салып, оларды оты-рықшы мәдениеттің орталығына айналдырған. Ертедегі, орта ғасырдағы түріктің ғұламалары да, өз халқының басым көпшілігі отырықшы болғанын дәлелдейтін әдеби мұралар қалдырған. Олардың бірі Махмұд Қашқари (XI ғ.) өзінің «Түрік сөздігі» еңбегінде: «...Олардың (түріктердің - У.Ш.) шаһарлары мен сахарасын бастан-аяк аралап шықтым»[22], - десе, Жүсіп Баласағұни (ХІ ғ.) қалалардың көп болғанын жазған:25

Информация о работе Мал шаруашылығы