«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 18:18, курсовая работа

Краткое описание

1914 жылдан басталған және оған патшалық Ресей де қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр – қасіреттер әкелді: әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның шет аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық – зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақстнда бірінші кезекте Сырдария облысның солтүстік – шығыс аудандарында, Жетісу облысының онтүстігінде және басқа бірұатар облыстарда қазақтардың жерлерін жаппай тртып алу жалғасып жатты.Тек Жетісу облысының бір өзінен ғана соғыстың алғшқы үш жылы ішінде 1800 мың десятина ең таңдаулы жайылымдық және егістік жерлер тартыпалынды, ал осы жерлердің шын қожалары - қазқтар шаруашылық жүргізуге жарамдылығы аз мүлде жармсыз шөл және шөлейт аудандарға күштеп көшіріліп жіберілді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………………….…..3
I. «Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы………….………………4
1.1. 1820 жылдағы Цинь Империясы………………………………………………4
1.2. ХХ ғасырдың Патшалық Ресейі……………………………………………….5
II. Ұлт-азаттық қозғалыстардың туу себептері………………………….…………….8
2.1. Абылай хан………………………………………………………….…………..8
2.2. Кенесары Қасымұлы…………………………………………………..………..8
2.3. Соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты…….……….9
III. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері..…12
3.1. Алаш партиясының жетекшілері………………………….……………...……13
3.2. Көтерілістің Жетісудағы орталығы………………………….……………..….14
Қорытынды…………………………………………………………………………….……18
Пайдаланылған әдебиет…………………………………………………………………….19

Прикрепленные файлы: 1 файл

1.docx

— 63.58 Кб (Скачать документ)

Сонымен бірге көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.

Қазақстанның әр түрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар және т.б.) және Торғайда (басшылары - Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин және басқалар) оның ірі ошақтары пайда болды.

Жетісудағы көтеріліс тарихын: 1) шілде - стихиялық наразылық көріністері, 2) тамыз - оның қарулы көтеріліске ұласуы және 3) қыркүйек-қазан - көтерілістің біртіндеп бәсеңдеуі және жеңіліс табуы деген кезеңге бөлуге болады.

 

III. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері.

Қазақ халқының Ресей отаршылдығына  қарсы тәуелсіздік жолындағы  күресі ұзаққа созылып, XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 80-жылдарын қамтыды. 
Сырым Датұлы

Халық бұқарасының алғашқы әрі тегеурінді әрекеттерінің бірі — Сырым Датұлының қолбасшылығымен болған қозғалыс. Кіші жүз қазақтарының көтерілуіне патша өкіметінің қазақтардың «ішкі жаққа», Жайық сыртына өтуіне тыйым салуы, қазақ билеушілерінің бір бөлігінің құқықтарымен санаспауы негізгі себеп болған еді. Ресейдегі шаруалар көтерілісінің көптеген қолбасшылары сияқты Сырым батырға да «жақсы ханға» деген сенім тән еді. Сырым билердің қазақ қоғамындағы рөлін көтеру мақсатын көздеді. Сонымен қатар хандық билікті келтіруге де өз келісімін берді. Дегенмен қозғалыстың отаршылдыққа және хандар зорлығына қарсылық сипаты соңғы кезеңге дейін сақталды. 
Махамбет – Исатай ескерткіші

1836—1838 жылдардағы старшын Исатай  Тайманұлы бастаған көтеріліс  халық бұқарасының отаршыл билікке,  сондай-ақ сол билікке сүйенген  Жәңгір хан бастаған феодалдар тобына қарсы ашу-ызасының сыртқа шығуы еді. Бұл ретте Исатай Тайманұлы бастаған қозғалыс қазақ топырағындағы ашық әлеуметтік-таптық сипат алған алғашқы қоғамдық қарсылық болды.

1836—1838 жылдардағы көтеріліс оған  дейінгі қозғалыстардан ерекшелеу болатын. Бұл уақытта қазақ жерінің негізгі бөлігі Ресейдің қол астына еріксіз еніп, отаршылдық саясат барған сайын өктем сипат ала түскен еді. Хандық биліктің жойылуы, жаңа әкімшілік басқару жүйесінің енгізілуі, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы, міне, осының бәрі көтерілістің патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытын айқындап берді. Бұл стихиялы көтеріліс бола тұра, көтеріліс басшысы мен оның ақтастарының Ақбұлақ түбіндегі шайқасқа дейін табандылықпен күрескенін атап өту қажет. Сөйтіп, ол өзінің алдына қойған мақсатты күресінің идеясына, қатардағы көшпелілер алдында адалдығын дәлелдеді. Ал көтеріліске қатысқан кейбір билер тобының тұрақсыз әрекеттері, жазалаушы күштердің басымдылығы көтерілістің жеңіліске ұшырауын жылдамдатты.

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихында ауқымдылығы, қуаттылығы жағынан ең ірісі — 1837—1847 жылдардағы көтеріліс. Көтерілістің басталған уақыты патшалық Ресейдің казақ жеріне тереңдей еніп, әкімшілік-әскери шараларымен әлі де болса дербестігін сақтап тұрған аудандарға жеткен кезеңіне тұспа-тұс келді. Орта жүздегі округтік басқару жүйесіне қарсы басталған бұл көтеріліс Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүзеге асты. Қозғалыс 10 жыл бойы Ресейдің саясатына ықпал ете отырып, Орта және Ұлы жүздердің басым бөлігінің Ресейдің қол астына еріксіз кіру мерзімін біраз уақытқа болса да кейінге шегерді. Кенесары Қасымұлы бастаған козғалыс жеңіліске ұшырағаннан кейін ғана Орта жүз толығымен Ресейдің құрамына енген. Патша үкіметі Ұлы жүз иеліктеріне ауыз салуға мүмкіндік алды. Көтеріліс өлі де толығымен Ресейдің құрамына кіре коймаған аудандарды, ауқымы жағынан бүкіл үш жүзді қамтыды. Кенесары қозғалысы әлі де дербестігін сақтап қалған жерлерде орыс отаршылдығының тереңдей түсуіне қарсы бағытталды. Қазақ елінің Ресей империясының құрамына енгеннен бергі уақыттағы азаттық козғалысын қозғаушы күштер мен күрес тәсілдеріне байланысты мынадай кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші кезең — XVIII ғасырдың соңы және XIX ғасырдың екінші жартысы аралығын қамтиды. Қазақ қоғамындағы қалың бұқара атсалысқан азаттық қозғалыстың бұл алғашқы кезеңінде белгілі объективті себептерге байланысты билеуші әлеуметтік топ жетекші рөл атқарды. Сырым Датұлы (1783—1797 жылдары), Исатай Тайманұлы (1836—1838 жылдары), Кенесары Қасымұлы (1837—1847 жылдары), Есет Көтібарұлы (1847—1858 жылдары) және Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1856—1857 жылдары) бастаған көтерілістер, ең алдымен, орталық езгіге қарсы наразылықтың көрінісі болатын.

Ұлттың саяси белсенді тобы ұлттық тәуелсіздікті қорғау ісінде орасан зор табандылық танытқанымен, қазақ  қоғамының шектеулі экономикалық мүмкіншілігінен  асып кете алмады, қару күші, экономикалық қуаты мен отарлау әдіс-айласы басым империялық жүйе дегеніне жетті, халықтың қарсылығын күшпен басты. Ендігі уақытта сұлтан, батыр мен би сияқты әлеуметтік топтардан тұрған басқарушы элита жалпыұлттық мәселелерді шешу ісінде өз рөлін жоғалта бастайды.

Ұлт-азаттық козғалыстың келесі екінші кезеңі — зиялылар тобының  қызметімен байланысты. 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы қазақ қоғамында  дербестіктің ізін де қалдырмады, ал 1886 жылы (Түркістан уалаяты бойынша) және 1891 жылы күшіне енген Ережелер қазақ жерін орыс мемлекетінің меншігі  деп жариялады. Столыпиннің аграрлық реформасы тұсында жүргізілген орыс шаруаларын қазақ жеріне әкеліп жаппай қоныстандыру шаралары қазақ қоғамының дәстүрлік құрылымына әсер етпей қоймайды. Міне, осындай жағдайда ұлт тағдыры мен оның табиғи сұраныс-тілектерін, сондай-ақ ұлттық мүмкіндіктерді ортақ мақсаттарға жұмылдыра алатын заман талабына сай қабілетті әлеуметтік күш өзін көрсете бастайды. Ол ұлт зиялылары еді.

Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы мен  М.Дулатұлы бастаған бұл топ ұлттық құндылықтарды қорғау және негізгі  мақсат-міндеттерді анықтау тұрғысынан халық ағарту ісін негізгі мұрат ретінде алға тартты. Газет-журнал және кітап бастыру ісі қолға алынды. Заман сұранысына жауап реакция ретінде өмірге қазақ ұлтшылдығы келді. Бұл сыртқы экспансияға қарсы және оны тоқтатуды көздейтін, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды қорғау және оларды жаңғырту ұстанымындағы ұлтшылдық болатын. Ұлттық күрестің негізгі идеялық тіректері қазақ жерінің тұтастығын сақтау, ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру, ана тіліне негізделген білім жүйесін қалыптастыру сияқты ұғымдардан тұрды.

 
3.1. Алаш партиясының жетекшілері

1916 жылғы көтеріліс ресейлік  биліктің терең дағдарысқа келіп  тірелгендігін, қазақ халқының  отарлық езгіге қарсы шығуға  әзір тұрғандығын көрсетті. Ал 1917 жылдың күзінде Алаш партиясының  өмірге келуі, осы жылдың соңына  карай Түркістан (Қоқанда) және Алаш (Орынборда) автономияларын құру туралы шешімдердің қабылдануы ұлт-азаттық қозғалысының империядағы басқа да азаттық үшін күресуші күштермен бірлікте жүргізген қызметінің басты нәтижелері болды.

Ұлт-азаттық күрестің келесі үшінші кезеңі — Кеңестік билік жағдайында жүрді. Жер мәселесінің толық  шешімін таппауы, ішкі Ресейден қазақ  жеріне қоныс аударудың толастамауы, өнеркәсіптің шикізаттық сипат алуы, орыстандыру үдерісі, қазақ ұлтының өзін- өзі мемлекеттік басқару үмітінің ақталмауы азаттық үшін қозғалыстың жаңа мазмұн алуына негіз болды. Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж.Мыңбаев және басқа белсенді қайраткерлерден тұрған саяси топ, Ф.Голощекин айтқандай, алашшыл элитаның келесі екінші «жаңа буыны» болатын. Бұл буын өзінің бар күш-жігерін кеңестік автономияға ұлттық мазмұн беруге жұмсады. Империялық күштер олардың бұл қызметін саналы түрде бұрмалап, «буржуазиялық ұлтшылдықтың» немесе «ұлтшыл шектеуліктің» көрінісі ретінде бағалады.

XX ғасырдың 20—30-жылдары мемлекет  тарапынан тынымсыз жүргізілген  саяси қуғын-сүргін алашшыл ұлт  зиялыларының аталған екі буынын  да жойды. 20—30-жылдар аралығында  күштеп ұжымдастыруға қарсылық  ретінде көрінген 372 шаруалар көтерілісі саяси жетекшісіз қалған бұқара халықтың зорлықшыл саяси жүйеге көрсеткен ашық қарсылығы болды.

Кеңестік тоталитарлық жүйе орнағаннан кейінгі мезгілде азаттық үшін күрес  шетелдік эмиграция күшімен жүргізіле бастайды. Ал оның ең ірі өкілі Мұстафа Шоқай болды. Ол өзінің басшылығымен Париж және Берлин қалаларында шығып тұрған «Жас Түркістан» журналында (1929—1939 жылдары) үздіксіз жариялап отырған мақалалары мен зерттеу еңбектері арқылы отандастарының талап-тілегін әлемдік қауымдастыққа жеткізу міндетін өз мойнына алды. Осы бағытта ол азаттық қозғалысқа өлшеусіз үлес қосып, жаңа тарихи кезеңде ұлттық сананың қайта жаңғаруына зор ықпал жасады.

XX ғасыр басындағы ұлт-азаттық  қозғалысқа тән ерекшелік — оның тағдырлас көрші түрік халықтарымен күш біріктіруге ұмтылысы болды. Қай тұрғыдан болсын мұндай әрекет 1917 жылғы революциялық өзгерістерге шейін қазақ және татар, 1916—1917 жылдары қазақ пен қырғыз және өзбек, азамат соғысы тұсында қазақ пен башқұрт азаттық қозғалыстарының өзара саяси қолдаушылық әрекеттерінен анық байқалды.

Кеңестік дәуірде республика тұрғындары Коммунистер партиясының орталық органдарының саясатына қарсы наразылық білдіріп отырды. 1929—1931 жылдары күштеп ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілістері, 1959 жылы Теміртаудағы әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуінен туған жұмысшылар толқулары, ұлт саясатындағы қателіктер себеп болған 1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар да сондай қарсылықтардың бірі еді.

1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан  көтерілісі қазақ халқының тәуелсіздік үшін жүргізген ғасырлар бойғы күресін аяқтады.

Міне, бұл келтірілген деректік материалдар мен тұжырымдар қазақ ұлт-азаттық қозғалысының күрделі жолдан жүріп өткендігін, сондай-ақ осы жолда негізгі мақсат пен мүддесінен ауытқымағандығын айғақтайды.

Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.

Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.

1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.

Көтерілістың бүкіл қазақстанды  қамтып, царизмнің әскери-отарлаушылық және кең көлемді орыстандыру  саясатына қарсы әрі белгілі  бір дәрежеде ауылдардың бай-феодалдық  басшы топтарына қарсы бағытталған  ұлт азаттық қозғалысына ұласты.Осымен бірге бұл көтеріліс халық шаруашылығының дағдарысына және халықтың қайыршылануының ең шекті шегіне алып келген мипериалистік соғысқа қарсы бағытталды.Осы жағынан ол Ресей жұмысшы табы мен шаруаларының революциялық күресімен қабысты. 1916 ж көтерілістің басты мақсат қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұдан бұрынғы барлық күресіне қортынды жасайтын ұлттық және саяси азаттыққа жету болды.

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары, сондай - ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері,қолөнершілері болды. Оған қазақ халқының өзге топтарының (байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай - ақ демократиялық интеллигенцияның өкілдері де қатысты.

Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 ж  ұлт - азаттық қозғалысы көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан оның оңтүстік облыстарын (Жетісу және Сырдария облыстары) айтпағанда бір ұлттық сипатқа ие болды.

Қазақ қоғамында патша жарлығы  мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай - феодалдық басшы топтардың белгілі бір бөлігі, сондай - ақ жергілікті әкімшілік деп аталатының шенеуніктері патша жарлығын сөзсіз қолдады және оның басты жүзеге асырушалары болды. Қазақ интеллигенциясының батыл өкілдері (Боқин,Ниязбеков,Жүнісов) патша жарлығына қатал қарсы шықты, сөйтіп халықты қарулы қарсыластық көрсетуге шақырды, ал Қазақ газетінің төңірегіне топтасқан либералдық - демократиялық интеллигенцияның жетекшілері (А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов) тартыншақтық позиция ұстанды.Олар еңбек армиясына адам алу жөнінен асықпауға, алдын - ала дайындық шараларын жүргізу керектігіне патша әкімшілігін көзін жеткізуге талай рет тырысып бақты, ал сонымен қатар, қарусыз халық царизмнің қатал жазалау шараларының құрбандарына айналатынын негізді түрде ескеріп , жарлықтың орындалуына қарсылықты көрсетпеуге шақырды.

Көтерілістің аса ірі орталықтары Жетісу мен Торғай жері болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында-ақ бұқаралық сипат алды. Барлық жерлерде найза-сүңгілермен, аңшылық мылтықтармен, суық қарулармен қаруланған көтерілісшілердің жасақтары ұйымдастырылып жатты. 17 шілдеде Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыстық жағдай жарияланды. Патша үкіметі орындары мұнда ірі әскери күштерді жеткізе бастады, әскери горнизондарды нығайтты, қазақ және қырғыз көтерілісшілерінің жазалау үшін Жетісудың қоныс аударған халқының дәулетті топтарынан қарулы жасақтар құрып жатты. Көтерілісшілердің патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстары Асы мен Қарқара жайлауларында, Салымсы станциясы маңында, Қастек , Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде, Лепсі оязының Садыр Матай болысында және басқа жерлерде болып өтті. Қыркүйек пен қазан айының басында барлық жағынан жазалаушы отрядтар қыспаққа алған Жетісулық көтерілісшілердің едәуір бөлігі табан тірескен шайқастармен шегінуге, сөйтіп, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. 
Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып- жаншылған кезде Торғай даласында ол күш алып, күннен-күнге өрістей түскен еді. Басшылығында А.Иманов пен Ә.Жангелдин тұрған Торғай көтерілісі ең қажырлы және ұзаққа созылған көтеріліс болды. Архивтік құжаттар дәлелдейтіндей, көтерілістің ең шырқау тұсында оған қатысушы жасақтарда 50 мыңдай адам болған. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден А.Иманов ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлінген жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды. Әрбір бөлімшенің басына тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы қойылды. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А.Иманов көтерілісшілердің сардарбасы -бас командашысы болып сайланды, оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.

Информация о работе «Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы