«Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 18:18, курсовая работа

Краткое описание

1914 жылдан басталған және оған патшалық Ресей де қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр – қасіреттер әкелді: әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның шет аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық – зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақстнда бірінші кезекте Сырдария облысның солтүстік – шығыс аудандарында, Жетісу облысының онтүстігінде және басқа бірұатар облыстарда қазақтардың жерлерін жаппай тртып алу жалғасып жатты.Тек Жетісу облысының бір өзінен ғана соғыстың алғшқы үш жылы ішінде 1800 мың десятина ең таңдаулы жайылымдық және егістік жерлер тартыпалынды, ал осы жерлердің шын қожалары - қазқтар шаруашылық жүргізуге жарамдылығы аз мүлде жармсыз шөл және шөлейт аудандарға күштеп көшіріліп жіберілді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………………….…..3
I. «Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы………….………………4
1.1. 1820 жылдағы Цинь Империясы………………………………………………4
1.2. ХХ ғасырдың Патшалық Ресейі……………………………………………….5
II. Ұлт-азаттық қозғалыстардың туу себептері………………………….…………….8
2.1. Абылай хан………………………………………………………….…………..8
2.2. Кенесары Қасымұлы…………………………………………………..………..8
2.3. Соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты…….……….9
III. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері..…12
3.1. Алаш партиясының жетекшілері………………………….……………...……13
3.2. Көтерілістің Жетісудағы орталығы………………………….……………..….14
Қорытынды…………………………………………………………………………….……18
Пайдаланылған әдебиет…………………………………………………………………….19

Прикрепленные файлы: 1 файл

1.docx

— 63.58 Кб (Скачать документ)

Жоспар

Кіріспе…………………………………………………………………………………….…..3

 

  1. «Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы………….………………4

1.1. 1820 жылдағы Цинь Империясы………………………………………………4

1.2.  ХХ ғасырдың Патшалық  Ресейі……………………………………………….5

 

  1. Ұлт-азаттық қозғалыстардың туу себептері………………………….…………….8

  2.1. Абылай хан………………………………………………………….…………..8

2.2.  Кенесары Қасымұлы…………………………………………………..………..8

    1. Соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты…….……….9

III.  Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері..…12

3.1. Алаш партиясының жетекшілері………………………….……………...……13

3.2. Көтерілістің Жетісудағы  орталығы………………………….……………..….14

 

Қорытынды…………………………………………………………………………….……18

Пайдаланылған әдебиет…………………………………………………………………….19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

1914 жылдан басталған және оған  патшалық Ресей де қатысқан  бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр – қасіреттер әкелді: әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның шет аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық – зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақстнда бірінші кезекте Сырдария облысның солтүстік – шығыс аудандарында, Жетісу облысының онтүстігінде және басқа бірұатар облыстарда қазақтардың жерлерін жаппай тртып алу жалғасып жатты.Тек Жетісу облысының бір өзінен ғана соғыстың алғшқы үш жылы ішінде 1800 мың десятина ең таңдаулы жайылымдық және егістік жерлер тартыпалынды, ал осы жерлердің шын қожалары - қазқтар шаруашылық жүргізуге жарамдылығы аз мүлде жармсыз шөл және шөлейт аудандарға күштеп көшіріліп жіберілді. Қазақтардан тартып алынған жерлер патша офицерлеріне, шенеуліктерге, дін басыларын, қазқ әскерлері мен Ресейден және Украиндан қоныс аудрған шаруаларға үлестірілді. 1916 ж ортсына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн. Десятинаға жетті. Соғыс шикізатты, азық – түлік, малдың және басқа материалдық байлықтардың орсакн зор мөлшерін жұтып жатты. Осыған байланысты қазақ халқының иығына жаңа ауыртпалықтар түсті: міндетті түрде ет тапсырылды, мемлекет керегіне мал жаппай еріксіз алынды,әрбір үйден жаңа соғыс салығын алу енгізілді,земстволдық салымдар және болыс басқарушыларын бағып – қағуға арналған байболыстық алымдар, сондай – ақ жол үшін төленетін және басқа салықтар мөлшері артты. Жергілікті халыққа салынатын салықтар соғыстың басталуымен байланысты 3 – 4 есе, ал жекеленген жағдайларда – 15 есеге дейін өсті

1916 ж таптық және ұлттық езушіліктің,  соғысқа деген өшпенділіктің  күшеюі жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегі жалпы – ұлттық дағдарыстың пісіп – жетілу процесін тездете тсті. Соның жрқн бір көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын дерлік қамтыған 1916 ж ұлт – азаттық көтеріліс болды. 
Көтерілістің шығуының басты себебі әлеуметтік - экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни орталық езгінін күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың өсуі, еңбекшілерді қанау, өлкенің қазақ және басқа бұрыннан тұрған жергілікті халықтары жөнінде царизмнің жүргізіп жатқан орыстандыру саясаты, соғықа байланысты қалың халық бұқарасы жағдайының күрт нашарлап кетуі, міне осыған алып келеді.Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 ж 25 маусымда- ғы армияның тыл жұмыстарына Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің 19 – дан 43 жасқа дейінгі «бұратандылық» еркек халықтарын шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау болды. Мемлекет әжетіне еріксіз алынандарды әрекеттегі армия қимыл жасап жатқан аудандарда қорғаныс құрылыстары мен әскери байланыс жолдарын салу жұмыстарына пайдалану жоспарланды.Қазақстан мен Орта Азияндан 400 мың адам, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан – 87 мың адам еріксіз алынуға тиісті болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. «Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы.

1.1. 1820 жылдағы Цинь Империясы

XVIII— XIX ғасырларда қазақ халқы  сырттан төнген экспансияға қарсы  үздіксіз күрес жүргізді. Қазақ  қоғамы XVIII ғасырдың алғашқы жартысында  Жоңғар хандығымен, оның артын  ала Цинь империясымен, Орталық  Азия хандықтарымен өз еркіндігі  үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе-бет келді. Мешеу көшпелі мал шаруашылығына сүйенген және өз ішіндегі феодалдық алауыздықты жеңе алмаған Жоңғар хандығы жеңіліске ұшырап, жері Цинь патшалығына қарады. Шамамен осындай дөрежедегі қазақ елін Ресей империясы өзіне қосып алды. Сөйтіп, екі-үш ғасыр бойы Орталық Азиядағы елеулі күш ретінде танылған қазақ және жоңғар мемлекеттері көрші қуатты империялардың тегеурінді ілгері жылжуын тоқтата аларлықтай қарсылық көрсете алмады.

Ұлт-азаттық қозғалыс — отар елдерге тән тарихи құбылыс. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты — ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс — отар халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі.

Оның басты мақсаты — ұлтты  өзге мемлекеттің экономикалық, саяси  және басқа езгісінен азат ету, елдің  табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті  мемлекеттілігін қалпына келтіру. Отаршыл жүйені жою және отарсыздандыру шараларын іске асыру арқылы шынайы дербестікке қол жеткізу. Яғни, ұлт-азаттық  қозғалыс дегеніміз — отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат-жұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі.

XVIII ғасырдағы қазақ халқының  жоңғар басқыншыларына қарсы  азаттық жолындағы күресі —  Отан қорғау мақсатын көздеді.  Елдің бір бөлігі жау қолында қалған жағдайда оны азат ету ісі жалпыұлттық міндетке айналды. Отан соғысы мен ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаты ортақ — елдің мемлекеттік тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сыртқы қауіптен қорғау. Сондықтан бұл ұғымдар бір-біріне жақын, мазмұны жағынан өзара астасып жатыр. Дегенмен ұлт-азаттық қозғалыстың мазмұны тереңірек. Ұлт-азаттық күрес қоғам өмірінің барлық салаларымен байланыста дамиды. Мұндай байланыстылық тек саясат пен экономикадан ғана байқалып қана қоймай, қоғамның мәдени-рухани жағын да қамтиды. Ұлт-азаттық қозғалыс — бұл ұлттық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, рухани қайшылықтардың түйіні. Демек, ұлт-азаттық қозғалыстар туралы жан-жақты шынайы тарихи контексте оқып-үйренуіміз қажет.

Қазақ халқының төл тарихы революцияға  дейін де, кеңестік дәуірде де отаршыл  саясат, таптық идеология, еуроцентристік қағидалар тұрғысынан зерттелді. Отаршылдық дәуірде ұлт-азаттық күрестерге «бүлік» деген айдар тағылды. Ал оған қатысушылар «бүлікшілдер», «тонаушылар» аталды. Ресейдің империялық пиғылдарына қарсы, жалпы адамзаттың өркениет көшінде өз этносын сақтап қалу жолындағы халықтың азапты күресі жоққа шығарылды. Осылайша ұлт-азаттық қозғалыстардың толыққанды шынайы тарихына қатысты талай шындықтар бұрмаланды.

 

 

 

1.2.  ХХ ғасырдың Патшалық Ресейі       

 Патшалық Ресейдің  ХХ ғасырдың басында Орта Азияның  шығыс аудандарын отарлауы өте  күшті қарқынмен жүргізілді. Тек  1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық  бөліктерін бұл жаққа 2 млн  400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау  кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың  жерлерінде патша өкіметі шаруаларды  қоныстандыру үшін жер қорын  жасап, 1916 жылға дейін олардың  45 млн. десятина ең шұрайлы  жерлерін тартып алды, сөйтіп  жергілікті халықтар таулар мен  шөл далаларға ығысуға мәжбүр  болды. Бұл жерлерде не су, не  мал жаятын жеткілікті шабындық  болмады.          

 ХІХ ғасырдың аяғы  ХХ ғасырдың басында бұрынғы  Түркістан аймағында (Хиуа мен  Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан  қоныстанған поселкелер пайда  болды. Бұл кезде Түркістанда  орыс посекілерінің әрбір тұрғынына  3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ –қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс –украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.         

1914 жылы патшалық Ресей  дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік  соғыс барлық халықтарға, соның  ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың  зорлық –зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өенркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.         

 Соғыс жылдары тек  Түркістаннан майдандағы әскерлердің  қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың  шаршы метр киіз, 3 млн. пұт мақта  майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт  ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына  жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап  жұмыс істету күшейді.         

 Дүниежүзілік империалистік  соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл щаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы  аштыққа алып келді. Жергілікті  жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің  зорлап алымсалық жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлунішілік  күшейді. Қазақ даласында жалпы  ұлттық дағдарыспісіп жетілді.        

 Соғыс ауртпалығы  Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.         

 Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа  және етек алып келе жатқан  аштыққа қарсы қалалар мен  деревняларда қала кедейлері  мен майданға кеткен солдаттардың  әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы  қаңтар айында мұндай тоқулар  Верный, Семей қалаларында болды. 

Орынбор облысы Ақ Бұлақ  поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі  уезінің бірқатар селоларының кедейлері  мен майданға кеткен әскерлердің  әйелдері жергілікті саудагерлер мен  көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы  қанаушы таптар арасындағы қарама –қарсылық, бір –біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.         

 Кәсіпорын иелерінің,  жергілікті буржуазия мен феодалдардың  зорлық – зомбылығы

1916 жылы 25 мусымда патша   өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық – түлік екі – үш есе қымбаттауы да халықтың наразлығына өршіте түсті.         

 Қазақ жастарын майданға  тыл жұмысына алу жөніндегі  патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы  халықтың шыдамын тауысып, олардың  отарлау езгісі мен орта ғасырлық  қанауға қарсы көтерліуіне себеп  болды. Жарлық бойынша Түркістан  мен Дала өлкесінен майданға  окоп қазуға 400 мың, соның ішінде  Қазақстанның далалық облыстарынан  – 100 мыңнан астам, Жетісудан  87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың  тууы туралы куәлігінің жоғын  пайдаланып болыстық басқармалар  мен ауыл старшындары жастарының  асқандығына қарамастан  кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты» , ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25 – 30 жастағы бай балаларды 50 жастағы  болып болып жазылды.         

 Майдан жұмысына қазақ  жастарын алу туралы жарлық  қазақ халқының зор наразлығына  тудырды. Елде болыстық басқармаларды  талқандау, ауыл старшындарын, қатігез  байдларды өлтіру, ірі феодалдардың  иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым – салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашу – ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың  ауылдарын өртеп, малдарын әкетеуі жиілей түсті.

Патшаның қатал жарлығына және жер – жерден оны орындаудағы  әіділетсіздік тәсілдерге қатты  ашынғн еңбекшілер қолдарына не түссе, сонымен қаруланып патша өкіметінің өкілдеріне, болыстық басқарушыларға, ауылдық ағамандрға, полицерлерге, қазақтарға, шенеуніктерге: «адамдар бермейміз» дегенайқаймен тарпа бас салып, сазайын тарттырды. Олар болыс басқарушыларының, ауыл ағамандарының кеңселері мен үйлерін өртеді, осылай ету арқылы тылдық жұмыстарға алынудан арыламыз деп аңғырт ойлап, іс жүргізу қағаздары мен әскерге шақырлатыңдардың тізімдерін жойды. 
Стихиялық қозғалыстар бірте – бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Торғай мен жетісу оның танылған жетекшілері А.Иманов, Ә.Жангелдин, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ө.Саурықов, Ж.Мәмбетов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.

Қазақ қоғамында патша жарлығы  мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ  интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.

Информация о работе «Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы