Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 17:42, доклад
Баршаңызды, сіздер арқылы бүкіл Қазақстан халқын біздің қайта туған мемле-кеттігіміздің туңғыш мерейтойымен — тә-уелсіздігіміздің бес
жылдык, мерекесімен шын жүректен қүттықтаймын!Осынау Үлыстың улы күні — ет жүрегі Отан деп соққан әрбір азаматтың қасиетті ме-рекесі, еліміздің ең басты тойы. Тәуелсіздіктің бес жылы — тым тереңдеп тужырым түйіп, барынша байыпты баға беруге аздық ететін келте кезең. Бірақ, Қазақстан-ның тәуелсіздігінің тарихы алдағы болашаққа қарай зымырап бара жатқан біздің ғасырдың соңғы онжылдығына ғана тіреліп турған жоқ.
Нурсултан НАЗАРБАЕВ
ҚАЗАҚСТАН
ТӘУЕЛСІЗДІП: ТАРИХ
ТАҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ
ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 5 жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасалган баяндама
Баршаңызды, сіздер арқылы бүкіл Қазақстан халқын біздің қайта туған мемле-кеттігіміздің туңғыш мерейтойымен — тә-уелсіздігіміздің бес
жылдык, мерекесімен шын жүректен қүттықтаймын!Осынау Үлыстың улы күні — ет жүрегі Отан деп соққан әрбір азаматтың қасиетті ме-рекесі, еліміздің ең басты тойы. Тәуелсіздіктің бес жылы — тым тереңдеп тужырым түйіп, барынша байыпты баға беруге аздық ететін келте кезең. Бірақ, Қазақстан-ның тәуелсіздігінің тарихы алдағы болашаққа қарай зымырап бара жатқан біздің ғасырдың соңғы онжылдығына ғана тіреліп турған жоқ. Біздің халқымыз тарихтың қатпар-қатпар қыртыстарына тамырын терең жіберген қиын да қызықты, талайлы тағдыр кешті. Ол, негізінен, тәуелсіздік жолындағы күрестен өтті. Бүгінгі Қазақстанның алдына уақыт қойып отырған міндеттердің ауқымы мен ар-тар жауапкершілік жүгін әлгіндей оқиғалар-дың таңбалы тарихи тізбегін, ата-бабалары-мыздың жүздеген урпақтарының жанын жай таптырмаған азапты ізденістерін ескермей турып бағалау да, бағамдау да қиын. парақ бетіне күні кеше түсе қалған жоқ, оның көне дәстүрлері бар. Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуі-міз керек.
МЕМЛЕКЕТТІГІМІЗДІҢ
ТАРИХИ БЕЛЕСТЕРІ
Осыдан бір жарым мың жылдай бүрын біздің ата-бабаларымыз өздерінің туңғыш улы мемлекетін — Түркі қағандығьш қурды. Еура-зиядағы көптеген мемлекеттер, олардың ішінде біздің еліміз де сол қағандықтың бүгінге келіп жеткен сілемі болып табылады. Үлан-ғайыр аумақта арлы-берлі жөңкіліп күн кешкен Азия көшпенділері тұтас қурлықтардың этностық және мемлекеттік кел-бетін талай өзгеріске түсірді. Түркілердің көшпенді және жартылай көшпенді тайпала-ры бүгінгі көптеген халықтардың, ең алдымен турік тілдес халықтардың қалыптасуына негіз жасап берді. Олар улан-ғайыр аймаққа орна-ласты. Біршеті сонау Саха елінен бастап, екінші шеті сонау Жерорта теңізіне дейінгі аралықтағы мың шақырым жерді жайлап жатты. Бір елден кейін бір елді жаулап алып, жетінші ғасыр мен он ушінші ғасырдың ара-лығында жер-жаһанға қанатын жайған араб-тарды, улы географиялық жаңалықтар кезе-ңінен кейін ашылған қурлықтарды отаршыл-дықпен басып алған еуропалықтарды қоспа-ғанда, бурын-соңды бірде-бір халық немесе, тіпті, халықтардың тұтас бір тобы мундай аса улан-ғайыраумақты қоныстанып көрмепті. Осыншама улан-байтақ аумақты басқалар емес, тап көшпенділердің игеретін жөні де бар. Өйткені олар қоғамдық өндірістің ерекше табиғи жағдайларға бейімделген, төрт түлікті бағып-күтуге лайықталған, бітімі бөлек мәдени-шаруашылық турпатын жасақтады. „Жылқы ысқырса желдікі, айдаса жаудікі" дейді қазақ. Сондықтан да көшпенділер мал-шы ғана емес, жауынгер де бола білді. Әскери тұрғыдан даусыз басымдылығының арқасынг, да ғана көшпелі халықтар әлгіндей кең-байтақ-аймақтарға ие бола алды, Түркі көшпенділерінің әлем тарихында алар орны ерекше. Сан ғасырлар бойында түркілер қурған империялар, о баста жау-гершіліктің арқасында дүниеге келгенімен, бара-бара едәуір дәрежеде өркениетті рөл де атқарды. Сондықтан да көшпенділерге „жа-байы ордалар" деп қарау тарихи әділеттілікке жатпайды. Оның үстіне әлемдегі көптеген мемлекеттердің — Қытайдың, Үндістанның, Мысырдың, тағы басқа елдердің дамуына көшпенділердің қосқан үлесі қомақты екені даусыз. Түрік қағандығы тусында бастау алған мемлекеттігімізді кешегі тарихи оқиғалар көп өзгеріске ұшыратты. Еуразия қүрлығының келбетін Шыңғысханның басқыншылығы астан-кестен етті. Монгол шапқыншылығы Қазақстан аумағында халықтың қалыптасуын күрт тоқтатып тастады. Ірі тайпалар тобы сапы-рылысқа түсіп кетті. Қыпшақтардың бір тобы Қазақстанның солтүстігі мен Батыс Сібірдің ту сыртына көшті. Қуғынға түскен наймандар мен керейлер де солай қарай жөңкілді. Қыпшақтардың талайы Жерорта теңізінен Үнді мухиты мен Тынық мүхитқа дейінгі аралықтағы елдерге тарап, сіңіп кетті. Амалсыз қоныс аудару монғол билігі орнағаннан кейін де тоқтай қалған жоқ. Монгол билеушілері Шығыс Қазақстан мен Жетісудың шұрайлы жайылымдарын басып алды. Сол жерлердегі тұрғылықты халықтың тоз-тозын шығарды. Өздері меншіктеген өлкелерді улыс-улысқа бөліп тастады. Бул этностық турғыдан туыстас тайпалардың бір-бірінен қол үзіп, бөлшек-теніп кетуіне әкеп соқтырды. Басқыншылық біткеннің бәрі де қатыгездікпен жүзеге асы-рылғанында дау жоқ. Дегенмен, басқа жайды да естен шығаруға болмайды. Елді бір орта-лықтан басқарудың негізі тап сол кезеңде қаланған-ды. Тап сол улыстардың негізінде кейіннен Батыс, Оңтустік, Солтүстік хан-дықтары қурылды. Шыңғысхан көшпенділер-ді қарудың күшімен біріктіргенде бір орта-лықтан билік жүргізуді және салық төлетуді көздеген болатын. Бул өз кезегінде, қазақ жерінің бірігуіне жағдай жасады. Монғол империясының қиратылған жур-тында көптеген мемлекеттер дүниеге келді. Қазақстан ж.ерінде басқыншылық тоқтатып тастаған процесс — халықтың, мемлекеттің қалыптасу процесі қайта өріс алды. Қазақ хандығының дүниеге келуі — монғол басқыншылығы қарсаңында қазіргі Қазақстан жерінде бастау алған әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды нәтижесі болды. Қазақ мемлекетінің дүниеге келуі Жәнібек пен Керей хандардың есімдерімен, ал 1 4 8 0 жылдан бастап Бурын-дық ханның атымен байланыстырылады. XV ғасырдың үшінші бөлігінде Жетісудағы тайпа-лар мен рулардың бірте-бірте Қазақ хан-дығына қосылуы үдей тусті. Сырттан қазақ билеушілерінің қысымы жиілеп, іштен алау-ыздық күшейіп, бір кездегі тегеурінді Моғолстан хандығы бет-бетіне бытырап кетті. Моғол билеушілері Солтустік Үндістан мен Шығыс Түркістанға ығысуға мәжбүр болды. Осы кезеңде қазақ хандары Орта Азияға иелік еткен хандармен Сыр бойындағы қалалар үшін күресті өршітті. XV—XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып шек-шеңбері кеңи түсті. Енді оның аумағы қазақтардың этностық жер-суларының негізгі бөлігін түтасқа жуық қамтитын болды. Шектес жатқан Орта Азиямен, Астрахан, Сібір хандықтарымен, Орыс мемлекетімен алыс-беріс, барыс-келіс жиіледі. Туған жерді түгендеуді тездете түскен көрнекті қазақ хан-дарының арасында Қасым ханның орны айрықша. Қазақ мемлекетінің қүрылуы оның қуқықтық негізін жасақтауға мүмкіндік берді. Сол дәуірдегі заң жәдігерліктері деп біз бүгінгі күнге жетпей қалған „Қасым ханның қасқа жолын", осы дәуірге дейін сақталған Тәукеханның „Жетіжарғысын" атаймыз. Қазақ даласына қай кезде де дүшпан көздің сүғы көп қадалған. XVIII ғасырдың ба-сынан бері қарай Қазақстанның сыртқы сая-си жағдайы күрт шиеленісіп кетті. Батыс жақтан Орал казактары қолтығына су бүріккен Еділ қалмақтары шабуылдай бас-тады. Жайық бойындағы ен шалғынға башқурттар таласуын қоймады. Оның үстіне қалмақтар да, башқурттар да орыс патша-лығының бодандары еді. Муның өзі, айналып келгенде, орыс-қазақ қатынастарының шие-ленісе тусуіне себепкер болды. Дегенмен, басты қауіп шығыстан, ойрат-тардың бір орталықтан басқарылатын қуатты көшпенді мемлекеті — Жоңғар хандығы тара-пынан төніп турды. Орталық Азия тарихындағы осы бір қиын-қыстау кезеңде қазақ халқы азулы басқыншыға қарсы екі жүз жылдық күрестің ең ауыр жүгін жеке өз мойнымен көтерді. Бул жолда елім деп еңіреген ерлер мен кемел қолбасшыларды алға шығарды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Тайлақ, Саңырақ, Ма-лайсары, Есет, Жәнібек сияқты көптеген ба: тырлар сондай тулғалар болды. Олардың ерен ерлігін халық жырға қосып, атын аңызға айналдырды. Ер есімі — ел есінде. Еркіндік алған елдің бүгінгі урпақтары өздерінің батыр бабаларына тағзым етіп, әзіз аттарын ар-дақтайтыны әбден әділетті іс. 1726 жылы Туркістанның оңтүстік-шығыс бетіндегі Ордабасы биігінде қазақтың барлық тайпалары мен руларының жақсысы мен жай-саңының басы қосылған улы жиыны өтті. Сол жиында бүкіл қазақ қосынының басын біріктіру жөнінде тарйхи мәні ерекше шешім қабылданды. Халықтың үш улы перзенті — Әлібек улы Төле би, Келдібек улы Қазыбек би, Бәйбек улы Әйтеке би елдің бірлікті аңсаған арманын жүзеге асырды. Қазақ әскерінің бас сардары болып өзінің жаужүрек қолбасы екенін талай танытқан Әбілқайыр сайланды. Жоңғар қолы мен қазақ жасағының алғашқы ірі шайқасы 1727 жылы Буланты өзенінің бойында болды. Еуразияның жаңата-рихында өзінің ауқымы жөнінен де, кейінгі та-рихқа ықпал-әсері жөнінен де кешегі кеңес дәуірінің ғылымы жете бағаламай кеткен сол қанқасап қырғынға тең қелер шайқас болған емес. Ойраттарға ойсырата соққы берілді. Шайқас даласын халык, содан бері „Қалмақ-қырылған" деп атап кетті. Шыңғыс ханның улы жорықтарын қайталауды ниет еткен Жоңғар хандығына қарсы күрестің негізгі ауыртпалығы қазак, халқына түсті. Буланты бойындағы жеңіс үлтты үйытып, тастүйін жүмылдырды, жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы бары-сындағы бетбурыс кезеңнің басы болды. Содан бері қарай стратегиялык, басымдық қазақтар қолына көшті, 1730 жылғы Аңрақай шайқасындағы жеңіс соның айқын айғағы еді. XVIII ғасырдың 20-шы жылдарындағы жоңғар шапқыншылығының Қазақстан мен Орталык, Азия халықтары үшін қасіретті зар-дабы өте зор болды. Қалалар қирап, сауда мен қолөнер тоқырады, халық мың-мыңдап босқындыққа түсті. Көші-қонның дәстүрлі реті мен бағыт-бағдары бузылды. Көшпенді турмыс пен отырык,шы өмір арасындағы экономикам»^ байланыс үзілді. Аймақтағы өндіргіш күштер әлсіреді. Бул жылдар қа-зақ тарихында „ Ақтабан шубырынды" атанды. Ел өміріне үзақ уақыт жазылмайтын жара салды.
Жоңғар хандығымен күрескё бел шеше кірісу үшін батыс тараптағы елдермен бейбіт қарым-қатынас орнату қажет болды. Оны Ресейдің патша өкіметі де жақсы тү-сінді. Ол сол кездің өзінде халықтарды бір-біріне айдап салу саясатын шебер жүргізе бастаған-ды. Атап айтқанда, мүндай әдістер екі халықты да қирату мақсатымен, қазақтар мен ойраттар арасында соғыс өртін түтату үшін пайдаланылды. XVIII ғасырда мұнан кейін болған аса күрделі оқиғалардың алғышартта-ры осылай бодаы. Соның салдарынан алдымен батыс, одан кейін басқа да аймақтар тәуел-сіздігінен айырылды, ақыр аяғында Қазақстан Ресей империясының отарына айналды. Осы түста Қытайдың Орталық Азияға сүғына кіруі де өрістей түсті. Сол кездегі Қазақстанның екі империяның арасында қалған қиын халін Мағжан Жүмабаев: Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ, Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ. Арты — ор, алдында — көр, жан-жағы жау, Дағдарды Алаш енді қайда бармақ ?!— деп күйзеле суреттеген болатын. Ел басына ауыр күн туған XVIII ғасырдың орта түсында үлы ханымыз Абылай керемет қолбасы ретінде де, ақылы терең дипломат ретінде де таныла білді. Пекинмен елшілік және сауда байланыстарын үдете дамыта оты-рып, Абылай Ресеймен немесе Қытаймен бірлескен яки қапталдасқан түрде олардың бірде-біріне қарсы әрекет етудің қай-қайсысынан да бойын аулак, сала алды. Деген-мен, тарих доңғалағы тоқтамай алға жылжи берді. Көшпенді мемлекеттердің біртіндеп ба-сынан бағы тая бастады. Сан түрлі жағдаяттар жинала келіп, Қазақстанның тәуелсіздігінен айырылар күнін жақындата түсті. Қазақстанның Ресейге қосылуы бір жа-рым ғасыр уақытқа созылды. Ол бейбіт жол-мен де, әскери күшпен де жүзеге асырылды. Қалай дегенде де ол басып алу болатын. Қазақстанның Ресейге қосылуының әдіс-тәсілдерінің әр қилы екендігіне қарамастан, оның мәні айналып келгенде біреу — отар-лау. Бүл бір жағынан Қоқан мен Хиуаның басып кіруіне қарсы күресіп жатқан қазақ халқының табанды қарсылык, көрсетуіне тап болды. Халықтың тәуелсіздік жолындағы күресін бастаған Сырым Датов, Жоламан Тіленшіүлы, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов сынды талай-талай көсемдер мен батырлардың айрықша ардақты аттары дәл сол жылдар-да елдігіміздің тарихына мәңгі-бақи жа-зылды. Қазақ даласында тәуелсіздік жолындағы жалпы үлттык, қозғалыс басталды. Оның тізгінін атақты Абылай ханның немересі Ке-несары Қасымов үстады. Бас-басына босып жүрген қазақ рулары қанқүйлы көршілердің оңай олжасына айналатыңын, сондықтан да қоғамның үйысуы, қазақтың мемлекеттігін қалпына келтіру өмірлік қажеттілік екенін нақ Кенесары айқын түсінді. Кенесары хан-ның қазақ даласын біріктіру әрекеті әбден пісіп-жетілген болатын. Даланың дәстүрлері мен қүқықтық негіздеріне сүйене отырып, ол өзін хан сайла-тып алды да, патша өкіметі мен Орта Азия хан-дарының басқыншылық ниеттеріне кесе көлденең түрды. Кенесары Қасымовтың қазақ жерін отар-лауға қарсы 10 жыл бойы жүргізген соғысына Қазақстан халқының көпшілігі көтерілді. Ол күрес тарих шежіресіне ел рухының қайта өрлеген кезеңі және ең соңғы көшпенді Қазақ мемлекетінің біржола күйреген кезеңі болып енді. Кенесары хан мерт болғаннан соң қазақ рулары отаршылдық басқыншылыққа қарсы жеке-жеке қарсыласып жатты. XIX ғасырдың екінші жартысында Кенесары Қасымовтың, басқа да қазақ сүлтандары мен батырларының отаршылдыққа жан аямай қарсыласқаны арқасында Ресей империясы-ның Орталык, Азияға қарай жылжуы едәуір кешеуілдеді. XIX ғасырдың соңына қарай Қазақстан аумағына Ресей империясының еуропалық бөлігінен көшіп келушілер ағыла бастады. Ғасырдың алпысыншы жылдарында патша үкіметі Қазақстанды отарлауды әскери-казак-тарға • қоса шаруалардың қолымен де қатыгездікпен жүргізуге көшті. Отарлау бары-сында түрғылықты халықтың жері жаппай тартып алына бастады. Патшалык, Ресейден көшіріп келтіру сая-саты қазақ қоғамының шаруашылық өміріне аяусыз соққы болып тиді. Бүл кезде ең шүрайл, шүйгін жайылымдар, егін алқаптары бастау-бүлақтарымен қоса тартып алынды, қазақ елінің мүң-мүқтажын аяқ асты етудің салдарынан жүрт атамекенінен айырылып, ежелгі көш жолдарынан көз жазып қалды, Қазақ ауылдары өсіп-өнген өңірінен аластаты-лып, үй-мүлкі қиратылды. Байырғы жүртты зорлап жаппай көшіріп жіберіп, олардың жерін жаңа келгендерге еншілей салу әдеттегі іске айналды. Ендігі жерде азаттық қозғалысының тізгінін үлттың бірлесуін мүрат қып үсынған алаштың білімді де білікті асыл азаматтары қолға алды. Үлт-азаттық қозғалысының басшылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтүрсынов, Міржақып Дулатов, Мүстафа Шоқай, Мүха-меджан Тынышбаев, Бақытжан Қаратаев, Ха-лел және Жанша Досмүхамедовтер және басқалар болды, олардың көпшілігі Петер-бургтің, Мәскеудің, Варшаваның, Қазанның, Омбы мен Орынбордың жоғары оқу орында-ры мен училищелерін бітіріп шыққан, аса білімді адамдар еді. 1905 жылғы желтоқсанда Орал қала- сында Бірінші жалпықазақтык, қүрылтай болып өтті. Онда үлттық саяси партия қү- ру міндеті алға қойылды. Қүрылтайға қатысушылар патша өкіметінің, оның ішінде әсіресе жер мәселесіндегі саясатын қатты сынға алды. 1906 жылғы ақпан айында, Әлихан Бөкей- хановтың қамауға алынғанына қарамастан, Екінші жалпы үлттық қүрылтай болып өтті, оған 150 делегат қатысты. Қүрылтай қазақ- тарға барлық тартып алынған жерлерін қай- тарып беруді, шаруаларды көыгіріп әкелуді тоқтатуды, мектептер, медреселер мен уни- верситет ашу жөнінде заң қабылдауды талап етті. Ресей қатысқан Бірінші дүниежүзілік" соғыс қазақтарды тіпті титықтата түсті. 1916 жылы „бүратана" халықтарды тыл жүмыста-рына шақыру арқылы үкімет арзан жүмыс күшін пайдаланып қалуды, сонымен қатар бүдан босаған орыс жүмысшыларымен, шару-аларымен әскер қатарын толықтыруды көздеді. 1916 жылғы шілденің аяғы мен тамыздың бас шенінде Қазақстанда өз-өзінен қүрылып жатқан көтерілісшілер жасақтарының кәсі- би әскермен қиян-кескі шайқастары жүріп жатты.
Олардың арасында Торғай төсіндегі көте-ріліс басқаларынан гөрі үйымшыл, үзағырақ болды. Көтерілісті Кенесарының жауынгер серігі Иман батырдың немересі Амангелді Үдербайүлы Иманов бастады. 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін өкімет басына келген уақытша үкімет империялық үлт саясатының салдарларын жоюға, сөйтіп үлттық бітім-бәтуа саясатын жүзеге асыруға әрекет жасап көрді. Сол жылғы наурыздың 20-сында уақытша үкімет Ресей азаматтарының дінге, нанымға және үлтқа қатыстылығына байланысты қүқықтык, шектеулерінің барлығын да алып тастады. Сәуірдің 7-сінде Түркістан комитетін қүру туг ралы үкіметтің қаулысы қабылданды. Осы шешімнің арқасында Қазақстанды басқаратын үйымдардың қүрамына қазақтың озық ақыл-ой иелері алғаш рет енді. Мүның өзі Алаш қозғалысы қайраткерлерінің Дала өлкесінің саяси өміріндегі белді орнын мойын-даудың белгісі болатын. Патшаның тақтан түсуі, елдегі қоғамдық-саяси өмірдің демократиялануы қозғалысты үйымдық түрғыда бекітіп, оның негізіне 1917 жылғы шілдеде Орынбор қаласында өткен Жалпықазақтық қүрылтай „Алаш" партия-сын қүруға мүмкіндік берді. Көп үзамай партия бағдарламасының 1 0 тараудан түратын жоба-сы да жасалды. Партияның негізгі мақсаты — қазақтың мемлекеттік егемендігін бас-тапқыда Ресей күрама демократиялык, рес-публикасының қүрамында автономияны жүзеге асыру болатын. Қазақ халқы өзінің басты мақсатына же-туте — үлттық мемлекеттігін қайта қалыптас-тыруға мүмкіндік алды. Алайда, Ресей қо-ғамындағы жаңа тығырық оқиғаларды одан әрі бейбіт түрде дамытпады, соның салдары-нан болыневиктер партиясьшың диктатүоасы орнатылып, елді азамат соғысының өрті шар-пыды. Үлттық мемлекеттік десе аза бойы қаза бо-латын большевиктер өздерінің билігін нығайту үшін оянған Ресей халықтарының үлттық мүдделерін атымең ескермей түра алмады, сөйтіп үлттық-мемлекеттік қүрылымдар түзу-ге көшуге мәжбүр болды. 1920 жылы қүрыл-ған Қазақ АССР-і дүниеге осылайша кедді. 20-сыншы жылдардың екінші жартысы-нан бері қарай болыпевиктік мемлекет жаңаэкономикалық саясат қисынынан бірте-бір-те аулақтап, өз саясатын қазан революция-сы түсында межеленген халықты жазалай отырып, алға жылжу бағытына бет бүра бастады. Қазақтарды күштеп ортақшылдандыру мен отырықшыландыру, ауылдағы қарама-қайшылықтарды қолдан ушықтыру, қоғам-ның бір бөлігін бір бөлігіне айдап салу ақыр аяғында үлттык, апатқа үрындырды. Социалистік утопия идеяларын қазақ ауылында жиырмасыншы-отызыншы жылдар-дың өзінде жүзеге асырып тастаймыз деген әпербақандық бүрын-соңды көрмеген қасі-ретке әкеліп соқтырды. Дәстүрлі шаруашы-лық жүргізудің негізі болып табылатын мал шаруашылығы толықтай қирап тынды. Демографиялық апаттың ауқымы бәрінен де сүмдық болып шықты. 1929—1933 жыл-дардағыаштык,тан, соған байланысты індеттен қайтыс болған, шет жерге көшіп кеткен қазақтардың саны әлі күнге онша анық бол-май түр. Айтушылар бүл жылдарда опат болғандар санын 1 миллион 750 мың мен 2 миллион 200 мың деген сандардың арасынан іздейді. Демек, үжымдастыру барысында осы елдегі негізгі этностың 54—49 проценті қүрбан болған. Аштық жылдарында 1 миллион 30 мың адам республикадан шет жерлерге көшіп кетті, олардың 616 мыңы қайтпай қалды. Мемлекеттің тізеге салған зорлықшыл сая-саты халықтың ашу-ызаға толы қарсылығын туғызбай қоймады. Жүртшылықтың арасында режимге қарсы бой көрсетудентайынбайтын-дар көбейе түсті. 1929—1931 жылдарда ша-руалардың 380 рет бүрқ ете қалған бүлігі мен көтерілісіне 80 мыңға жуык, адам қатысты. Солардың ең ірілері Созақ, Ырғыз, Ақсу, Абыралы, Адай, Қарақүм және басқа да көтерілістер еді. Бәрі де қызыл армияның қарулы әскерінің күшімен аяусыз басып жан-шылды. Бүған сол жылдарда республикада кеңінен қанат жайған сталиндік жаппай жазалауды қосу керек. Оның барысында қазақ мәдение-тінің, ғылымы мен білімінің аса көрнекті өкілдері атып-асылды, лагерьлерде көзі жой-ылды. Дәл бүгінгідей күні 1937—1939 жылдар-дағы жазықсыз жазалаудың қүрбаны болған Шәкәрім Қүдайбердиевті, Ахмет Байтүрсы-новты, Міржақып Дулатовты, Мүхамеджан Тынышбаевты, Мағжан Жүмабаевты, Санжар Асфандияровты, Ораз Жандосовты, Түрар Рысқүловты, Сәкен Сейфуллинді, Ілияс Жансүгіровті, Бейімбет Майлинді, Сүлтанбек Қожановты, тағы басқа да мындаған адамдар-ды еске алмау мүмкін емес. Социалистік утопияны жүзеге асырамыз деп әлектенген большевиктік эксперимент қазақ халқын осындай күйге үшыратты. Алай-да, халықтардың тарихындағы сол бір қасіретті, қанқүйлы кезең туралы сталиндік режимнің түсында да, жеке басқа табнушы-лықты әшкерелеген жылдарда да ешкім тіс жара алған жоқ. Тоқырау жылдарында мүны ешкім ауызға алмады. Кешегі кезеңді боямалап көрсетуге бейім түрғандар қазір де ол күндерді үмытуға тырысады. Бірак, ол күндерді үмыту дегеніміз қанқүйлы режимнің миллиондаған қүрбанда-рының аруағын қорлау деген сөз. Социализмнің бүдан кейінгі „үлы" қүры-лыстары аса ауқымды экологиялық апатқа — Арал қасіретіне әкеліп соқтырды. Әскерилер-дің әулекі әрекеттері Семейдегі, Қазақстан-ның өзге де аймақтарындағы қасіретке үласты. Қазак, халқы мен қазақ жері XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 90-шы жылдарына дейін алдымен Ресей, со-дан кейін кеңес империясының отарлық шы-лауы болып келді. Ондаған жылдар бойы айтылмай келген та-рихи шындық түжыра айтсақ осындай. КСРО-ның батыс бөлігі жауда қалған Екінші дүниежүзілік соғыс, Батыспен те-кетірес түскен „қырғи-қабақ соғыс" кеңес үкіметін экономикасын бір жерге шоғырлан-дырмай, елдің шығыс бөлігінің де әлуетін да-мытуға мәжбүр етті. Көбіне-көп шикізат өндіріп, үқсататын кәсіпорындар салынды. Қазақстан басқа аймақтарға минералдык, шикізат шығарып, жаппай экологиялық зиян-ды өндіріс республикасына айналды.
Соғыстан кейінгі жылдары екпінді қүры-лыстар салғанда да коммунистік басшылық осындай жымысқы саясат жүргізді. Біз мемлекеттік тәуелсіздікке көп үлтты және көп дінді күрделі қүрамда жетіп отыр- мыз. Сондықтан да, тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап, барлық үлттар адамдары ара-сындағы теңдікті, туысқандықты, достықты және бірлікті өз саясатымыздың өзегі қылып үстандық. Ол „Біз, ортак, тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы..." деп бастала-тын біздің Ата Заңымызға да жазылып, бола-шак, дамуымыздың да негізі болып сана-лады. Біз өз халқымыздың тарихын шындыққа адалдық түрғысында айтып отырмыз. Бірак, бүдан қосымша астар іздеудің қажеті жоқ. Қазақстандықтардың бүгінгі көзі тірі үрпақтары — біздің еліміздің азаматтары. Осы бәрін де үқтырады. Қазіргі Ресей, патшалық Ресей, кеңес үкіметі — әрқайсысы әр сипатты мемлекет. Қазақстан көршілерінің бәрімен де, оның ішінде Ресеймен де, достық және ынты-мақтастық жөнінде келісім шартқа отырды. Оны бүлжытпастан орындаймыз. Жаңа Қазақстан, өз мемлекеттігін орната отырып, күллі адамзаттық қауымдастықпен тату-тәтті өмір сүруді, өз ішінде үлтаралық ын-тымақты нығайтуды көздейді. Бірақ, біз бүл туралы тек тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мак,сатында ғана емес, бүл істе белгілі бір өкімет билігі жүйесі Ашықтан-ашық саяси қарсы шығудың мүндай жаңа үлгісі бүкіл Кеңес Одағындағы үлттык,-демократиялық қозғалыстың дамуына орасан серпін берді. Тбилисидегі, Бакудегі, Киевтегі, Вильнюстегі, Мәскеудегі, елдің басқа да қалаларындағы осы тектес оқиғалардың бар-лығы Алматыдан кейін болған еді. Ескі саяси жүйенің аясында да тізгін үзуге болатындығы айқын көрінді. Әрине, мемлекетте демократиялық проце-стердің мүндайлық қарқынмен өрістеуінің басқа сан түрлі себептері бар. Дегенмен бүл істегі негізгі тетіктің бірін өздерін басқаның айтқанынан шықпайтын қүлақкесті орындау-шылар емес, азаттыққа жаны қүштар ата-ба-баларының мүрагерлері деп сезінген қазақ
жастарының қозғап жібергендігі даусыз. Сондықтан да өзінің туған мемлекетін оңды-солды сынап сөйлейтіндердің кейбірі тәуелсіздік өзі келіп қолымызға қона қадды деп көкіп жүрген бүгінгі күндерде мен тәуелсіздік жолында халқымыздың сан ғасырларбойыкүресіпкелгенін, осыдандәлон жыл бүрын өрімдей жастар Тәуелсіз Қазақстан үшін қан төккенін арамыздан шыққан мәңгүрттердің есіне әдейі сала кет-пекпін. Бүкіл қазақ халқының үлттық қадір-қасиетін аспандатқан азаматтардың аруағын, ең алдымен жастарымыздың батыл да қалтқысыз іс-әрекеттерін ардақтай отырып, мен жастай қыршынынан қиылған есіл ер Қайрат Рысқүлбековке біздің еліміздің ең жогары наградасы — "Халық қаһарманы" атағын беру туралы жарлыққа қол қой-дым. Бүгін бес жылдығын тойлап отырған біз-дің тәуелсіздігіміз қазақ халқының талай ғасырлар бойғы тарихындағы миллиондаған жандардың еркіндік жолындағы күресінің, төгілген қанының өтеуі. Біз Екінші дүние-жүзілік соғыста Отан мүддесі жолында қаза тапқан жүздеген мың Отандастарымызды да үмыта алмаймыз. Сол жолда шейіт болған бабаларымыздың аруағына бас иіп, қолдай гөр деп орындарымыздан түрып еске алайық! Сталин жүргізген қайғылы жаппай жаза-лауға 1997 жылы 6 0 жыл толады. Осы алды-мыздағы жылды тоталитарлық жүйенің қүрбаны болған барлық бабаларымызды еске алып, елдің басын біріктіретін жыл ретінде атап өткен дүрыс деп санаймын.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ САЯСИ
ЖӘНЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕПЗДЕРІ
XX ғасырдағы ең тамаша тарихшылардың бірі былай деген еді: Империяларға, король-дер мен саяси режимдерге бөліп-бөлшектеуге жүрттың неге қүмар болатынын түсіну оңай. Мүның астарында өкімет билігінің белгілеріне баяғы дәстүрлер бойынша берілер марапат қана түрған жоқ. Уақыт өлшемінде белгілі бір оқиғаның нак,ты анықталған орыны, жы-лына, тіпті күніне дейін көрсетілген уақыты болады. Дегенмен, жалған дәлдік деген тәңірге табынбай-ақ қоялық. Әлеуметтік қүрылым-ның, экономиканың, наным-сенімнің, ойлау жүйесінің өзгеріске түсуін хронологиялық тар аяға сол күйінде енгізе қою мүмкін емес". КСРО-ның қүлауы — бір күнде, тіпті бір айда жүзеге асты деп кесіп айта қоятындай оңай оқиғаға жатпайды. Мен бүл кезеңге өз бағамды мүнан бүрын айтқан болатынмын. Уақыттан өткен әділ қазы жоқ. Қазірдің өзінде бүл оқиға ерекше қуатты державалар-дың бірінің экономикалық, геосаяси, идеоло-гиялық түрғыдан стратегиялық жеңілісі болғандығы талас тудырмайды. Әрине, КСРО- ның қүлауының себептерін сөз еткенде, гео-саяси бәсекенің қатаң қысымы да бар екенін байқамау үшін барып түрған идеалист болу ке-рек шығар. Бірақ мүны ешкім жасырып жауып та жатқан жоқ. Солай бола түрса да, негізгі се-беп — жүйенің іштей ірігені еді. Бүл арада ең алдымен экономиканың бү-гінгі заман талаптарына сай болмағанын айту шарт. Кеңестік жүйенің қирауының алдын-дағы хал-ахуалын көзге елестету үшін үзын-нан-үзақ шүбатылып жататын кезектерді, талон-карточкасыз ештеңе берілмеуге айнал-ғанын, қүны кетіп, қадірі қашқан ақшаны еске алсақ та болады. Экономиканың әбден түра-лауы жаппай зат алмасуға әкеліп соқтыратын еді. Кешегі Одақтың көптеген аймақтарында азаматтық және үлттык, қақтығыстар жүріп жатқан сол түста Қазақстан экономикалық қүз-шатқалға қүлап кетудің аз-ақ алдында түрған еді, мүның аяғы неге соқтырарын бол-жау қиын болатын. 1993 жылдың соңына дейін біздің өзіміздің экономикалық саясатымыз болған жоқ. Бюджетті жоспарласақ та, инфляцияға қарсы шараларды, әлеуметтік қолдау бағдар-ламаларын ойластырсақ та біз күннен-күнге „семіп" бара жатқан сол баяғы сомға қарай-лайтьшбыз. Оның үстіне бәріміз бір „қаржы қайығына" мінгесіп алғаннан кейін жеріне же-те ойластырылмаған ырықтандыру бағдарла-масына амалсыздан қосылдық. Еңді бүгін мына жайды ашық айтуға болады: біздің жас мемлекетімізге апат қаупі анық төнген еді. Сол апаттан бізді КСРО қүламай түрып бірқатар ең тиімді өндіріс салаларын өз бетінше қызмет етуге бейімдеп алғанымыз ғана сақтап қалғанын атап айтқым келеді. Президенттік билік институтын енгізу жөніндегі шешіміміздің маңызы да мүнан кем болған жоқ. Бүл арк,ылы сондай күрделі жағдайда өкімет билігін орнықты үстап, мемлекетті басқару тетігін к,олдан шығар-мадық. Тарихи тандау жасаған кезеңде еркіндік аясы неше түрлі қисындардағы қүрғақ қиялға қүрылған кеңістіктерден әлдеқайда тарлау болып келеді. Осы онжылдықтың екінші бөлігінде; „шьш мәнінде нарықтық реформа-лар стратегиясына балама жол болды ма?" деп сәуегейситіндер көбейе бастады. Әрине, болды. Бүл арада алдымен баяғы „бүйрық соқпағына" түсіп тарта беруді айтар едік, ал оған түссек, бүл соқпақ талон-кар-точка жүйесіне біржола көшіріп, жүртшы-лықтың, шаруашылық жүргізуші субъекті-лердің экономикалық ынталылығьшан біржола айырылып тынар едік. Бүл балама-ңыз былыққа, мемлекеттің күйреуіне соқты-рар еді. Былығы мүнан кем соқпайтын тағы бір жол бар болатын. Ол жол — экономиканы жүз, екі жүз немесе бес жүз күн ішінде ерекше рево-люциялықпен ырықтандыру еді. Қазақстан жағдайында бүл өндірісті басқарудан то-лықтай айырылып қалуға апаратын қауіпті жол болатын. Бұғанасы қатпаған мемлекетіміз мұндай сілкіністі көтере алмайтын. Революцияны алып-үшпа албырт жандар жүзеге асырады, ал реформаны бәріне байып-пен қарайтын ақылды жандар жүзеге асырады. Біз елімізді эволюциялық даму арнасына салып, іргелі институттық реформаларды та-банды түрде жүргізе алдық. Бүгінгі әлемде бүған дейін ойлап та-былғанды қайта ойлап табудың қажеті жоқ. Біздің стратегиямыз экономикалық трансфор-мацияны ойдағыдай жүзеге асырған елдердің классикалык, тәжірибесіне арқа сүйейді. Де-генмен, өзгенің істегенін айнытпай қайталауға да болмайды. Ал жаңғыртудың Түркиядағы, Оңтүстік Кореядағы, Қытай мен Мексикадағы, тағы басқа елдердегі талай-талай үлгілері қатаң қалыпқа салмай, белгілі бір жағдайға бейім-деп жүргізілген жүмыс өз жемісін беретінін дәлелдей түседі. Қазақстанда бүгінгі күні болып жатқан ок,иғаларды бағамдау үшін Робинзон Крузо-ның психологиясынан арылу шарт. Біз адам мекендемейтін аралда емес, қым-қуыт тірлікке толы ашық әлемде өмір сүріп жатыр-мыз. Жас мемлекет өлшемдердің бүгінгі жүйесінде өз орнын таба білуі керек. Оқиғалар ауқымының кереметтей кеңеюі Қазақстандағы ішкі экономикалық және сая-си процестерге ықпал етпей әрі өте нақты ықпал етпей қоймайды. Бүгінгі әлемге біз ондаған жылдар бойы өзімізбен өзіміз болып, томаға түйық күй кеш-кен күннен келіп отырмыз. Өз бетімізбен, та-лай жерде сүріне-қабына жетіп отырмыз, бірақ осылай етпесек, онда біржола тоқырап, артта қаламыз. Біз онсыз да бүл істі кешігіңкіреп қолға алдық. Енді баяуласақ, осы қалғанымыз — қалған. Қазіргі хал-ахуалымызға баға бергенде, біз осыдан жарты ғасыр бүрынғы күні өткен қалыптардан шығып, жалпы қабылдаған өлшемдер бойынша ой түюге тиіспіз. Алайда, экономикалық даму үлгісін таңдау өткен бесжылдықтың басқа бір маңызды қүбылысын ескермеуге апарып соқтырмауы керек, ол қүбылыстың мәні — XX ғасырдың соңындағы үғымдарға сай келетін төл мемле-кетімізді күру. Он сегізінші ғасырдың жасыны жарқыл-даған қазақ сахарасында Абылай армандап өткен, мүң-шерге толы он тоғызыншы ғасырда Кенесарыны мерт еткен, жаппай қырып-жою-дың қарсаңында Бөкейханов межелеп кеткен асыл мүраттар өлген жок,. Ол арман-аңсардың барлығы да „Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" конституци-ялық заң қабылданған сол бір тарихи күнде — 1991 жылғыжелтоқсанның 1 б-сындажүзеге асты. Осы бес жылда біз толыққанды тәуелсіз мемлекеттің барлық нышандарына ие болып үлгердік. Азаматтық институтының маңызын ескере отырып, тәуелсіздігімізді жария-лағаннан кейін төрт күн өткен соң „Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" заң қабылдадық. Бір ғана 1992 жылдың өзінде мемлекеттің төл күш қүрылымдары — Әскери күштер, Республикалык, үлан, Ішкі және Ше-кара әскерлері қүрылды. 1993 жылдың сәуір айынан бастап біз үлттық тарихымызда түңғыш рет төл Әскери-Теңіз Күштерімізді қүруға кірістік. СөіЦТІіі, ліиы___мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін қүру ісі аяқталды. Елдің жаңа мемлекеттік рәміздері қабылданып, төл наградаларымыз тағайын-далды. Бүл істің соңғы нүктесі 1993 жылғы қарашаның 11 -інде Қазақстанның өзінің үлттык, валютасы — теңге енгізілген күні қойылды. Осынау бес жылда елдегі саяси-қү-қықтық жағдаят түбегейлі өзгерді. Мемле-кеттілікті қалыптастырудың мән-маңызы айрықша белесі артта қалды. Қазак,стан әлемдік қоғамдастық түгел та-ныған мемлекетке айналды. Президенттік басқару нысаны біржола қалыптасты, Демок-ратиялық институттар мен принциптерді бекіткен жаңа Конституциямызды қабылда-дық. Негізінен алғанда, елдің жаңа турпатты қүқықтық жүйесі қалыптасты. Мемлекет өмірінде өкімет билігін бөлу принципі нақты жүзеге асты, соның арқасында билік к,үры-лымдарының өзара іс-қимыл жасау мәселе-лері өркениетті жолмен шешімін тапты. Мемлекеттің біртүгастығы және оны басқарудың тиісті деңгейі қамтамасыз етілді. Мемлекет қүру тәжірибесі мемлекеттік инс-титуттардың өміршеңдігіне, Қазақстандағы реформалардың жедел жүруіне кепілдік бе- ретін іргетас — елдің біртүтастығы екендігін көрсетіп берді. Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін мемлекеттің біртұтастығына нүқсанкелтірмейтіндей етіп жөнімен ше-шудің де жолы табылды. Осы бес жыл бойында біз көптеген мәселелер бойынша ымыраға келу жолыменжүріп отырдық. Конституциялык, қүрылыс мәселелерінде де біз дәл осылай еттік. Мүның өзі түсінікті жәйт. Өйткені, үлкен саясат де-геніміз, „үлы мәртебелі ымыра" мен батыл сая-си шешімдердің кейде адам айтса нанғысыз, кейде қисынға келе бермейтіндей астасуы болып келеді. Алайда, ымыраның да ымырасы бар. Мем-лекеттік қүрылым мәселелерінде ақтап алғысыз босбелбеулік пен көңілжықпастық мемлекеттік билік тетіктерінің ойдағыдай жүмыс істемеуіне әкеліп соқса, тілдердің мәртебесі, Қазақстан мемлекеттігінің та-биғаты мен жерге жеке меншікті енгізу мәселелерінде ымыраға келу ауадай қажет болды. Осы іргелі мәселелер біздің тәуелсіздігіміз жариялануынан бес жыл өткеннен кейін лайықты конституциялық шешімін тапты. Соңғы бес жыл ішінде жүргізіліп жатқан реформалардың қүқықтық негізі жалпы алғанда қалыптасып үлгергенімен, мүның өзі азаматтардың к.үк,ык,тары мен еркіндігін қорғауға, отандык, тауар өндірушіні қолдауға, шетел инвестицияларын тартуға неғүрлым қолайлы жағдайлар жасауға, қылмыстыауыз-дык.тауға, заңдылық пен к,үк,ык, тәртібін нығайтуға қызмет ететін үғынықты да әділетті зандарды қабылдау қажеттігін күн тәртібінен түсірмек емес. Елдің қүқықтык, және эконо-микалық жүйесінің даму келешегін дәл осы-лайша болжайтыным менің Қазак,стан халқына Жолдауымда баяндалған. Неміс философы Лейбниц туралы ай-тылған: „Ол не нәрсенің де дәл аныкдамасын береді, бірақ сол айтқан анықтамасы сөзбен ойнайтын тұстарда әлгіндей еркшдігшен айырылып кдладыГ деген сөз бар екен. Сыртқы саясат та дәл сондай сала, мұңда анықтаманы дәл беру ерекше к.ажетті. Бес жыл бүрын Қазақстан дербес сыртқы саясат жүргізуді тақыр жерден бастаған бола-тын. Рас, КСРО-ньщ тұсыңда да бізде сыртқы істер министрлігі бар еді» бірақ республика-ның сол мішистрлігін наіыз сырпуы саясат ме-кемесі деп атау там жөнсіз болады. Осы жылдарда халықдралық, ынтымак,таспықтпьщ толык, келісщдік-к.үқык.тык, негізі жасаады. Осы кезеңде шет еддермен жәве ха- лықаралық үйымдармен барлығы 800-ден ас-там қүжатқа қол қойылды. Сыртқы саясат са-ласындағы жаңа тарихымызда Қазақстан аумағындағы ядролық қару-жарақтың тағ-дырын шешкен ерекше бір сәттер де болды. Бүл жөніндегі шешім оңайлықпен қабыл-данған жоқ, сол бір күндердің шиеленісті жағдайы тарихшыларымызды толғандырар-дай так.ырып. Алайда, неше түрлі жобалардың арасынан, олардың ішінде отандык, „геосаясатшылар-дың" қиял жетпестей үсыныстары да бар, біз бірден-бір дүрыс шешімді таба алдық, мүның өзі сөз жоқ, еліміздің халықаралык, беделінің артуына септігін тигізді.