Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Августа 2015 в 22:07, реферат
Қазіргі кезге дейін өмір сүріп келе жаткан «Прамонотейзм» деген теологиялық теория бойынша діннің шығуы туралы былай дейді: көне діндердің шығуы алдында алғашқы дәуірдегі адамдарда бір Құдайлық немесе бір Жаратушы Құдайға сенген. Кейіннен бүндай сенімге жалған көзқарастар қосылып көп діндік (политеизм) тарады. Дегенмен «жалғыз-Құдайлық» ұғымы олардың арасынан аман өтіп біздің дәуірімізге жетті. Бұл бір Құдайлыққа сену (монотеизм). Мәселен, монотейстік дін -Христиан діні. Ол ең бір «ақиқат» дін деп есептейді.
II ғасырдан бастап құл иеленуші жүйесінің дағдарысқа ұшырауы салдарынан, империяның нашарлануын тоқтата алмаған үстем тап дағдарысқа түсіп, пессимизмге ұшырады. Жағдайдың қиындығынан, одан шығудың жолын білмеген ауқатты үстем таптың адамдары христиан қауымына кіре бастады. Сол себептен христиан кауымының құрамы өзгерді. Епископ пен пресвитерлер бірте-бірте қауымға басшылық етуді өз қолына алды. Әр түрлі культті өткізу, уағыз айту, күнделік жүмысты басқару осы адамдардың қолында болды. Сонымен Шіркеу иерархиасының жоғарғы топтары құл иеленуші мемлекетпен жақындасты. II ғ. аяғы кезінде Христиан діні Рим империясының барлық облыстарына таралды. III ғ. басы кезінде 313 жылы Миланда Константин император Христиан дінін ерікті түрде кабылдау жөнінде жариялады. Міне, осы уақыттан бастап Христиан діні ресми түрде үстемдік етуші дінге айналды. Христиан дінінде магиялық қалдықтары да бар. Оларға әр түрлі дуа оқу (молитва), діни іс-әрекеттер жасау (таинства), құпия, сырлы жұмбақ, діни салт-жоралары. Христиан дінінің бөлінуі. Христиан шіркеуі алғашқы уақыттан бастап біртұтас дін болған емес. Кең байтақ Рим империясының халықтары өздерінің тұрып жатқан әлеуметтік, әдет-ғүрып жағынан әр түрлі болғандықтан, Христиан діні де сол жергілікті өмірге бейімделініп таралады. Рим мемлекетінің нәтижесінде алғашқы кезде төрт дербес шіркеулер пайда болады. Олар Константинопль, Александрия, Антиохий, Иерусалим шіркеулері, іле шала Антиохий шіркеуінен Кипр, кейіннен Грузин православы шіркеуі бөлініп шықты.
Христос - Құдай жасаған киелі адам. Шын мәнінде Құдай бір, ол Иегова Христостық Құдайлық мәнін, о дүниелік өмір барлығын бекер дейді.
6-дәріс
Ислам
Ислам (араб тілінде бас июшілік, құлшылык) - үшінші әлемдік, ең жас дін. Мұсылман қауымдары 120 мемлекетке тарап, 35 мемлекетте мұсылмандар саны басым болып, 28 мемлекетте мемлекеттік дін болып есептеледі.
Жалпы тарихи жағынан Ислам ҮІІ ғасырда Араб халықтарының алғашқы қауымдык құрылыстан таптық қоғамға өтуі, олардың феодалдық-теократиялық мемлекеттерінің Араб халифатына бірігуі кезеңінде пайда болып немесе осы жүйелердің тездеп өтуінің идеологиялық бейнесі болды.
Ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Абдолла Бен Абдул-Муталиб Мұхаммед туған кезде сауда-саттық жолда жүріп, Ясриб қаласында өз баласын көре алмай қайтыс болды. Анасы Амина 4 жасқа дейін баласын «ауылға», бедуинге - Халима ас-Саадияға беріп асыратты. Мұхаммед 6 жасқа толғанда анасымен Ясриб қаласына қонаққа барып, ал қайтар жолында анасы Амина қатты ауырып, Абве қонысында дүние салады. Мұхаммедтің атасы Абдул-Муталиб Мұхаммедті 8 жасқа дейін тәрбиелейді. Атасы дүние салғаннан соң, немере ағасы Абу-Талиб Мұхаммедті өзінің жанұясына алады.
12 жасынан бастап Абу-Талиб Мұхаммедті өзімен бірге басқа елдерге сауда-саттық жасағанда алып жүреді. Мұхаммед ер жеткен соң, сауда-саттықты өзі жасай бастайды. . Мұхаммедті барлық жағынан қолдап жәрдем беріп отырды. Мұхаммед болса Хадиджаны сүйгенінен және сыйлағанынан, оның тірі кезінде басқа әйел алған жоқ.
Мұхаммедтің қай кезде, неше жаста дін жолын бастағанын ешкім де айта алмайды. Бірақ білетініміз ол өз уақытында көптеген діндермен таныс болғандығы. Сауда-саттық жолда, көптеген елдерге барып, олардың діндерімен танысты. Меккенің өзінде де көптеген діндер болғандығын біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Бірақ Мұхаммед осы діндердің біреуін де қабылдамай өз жолымен жүрді.
Мұсылмандар түсінігі бойынша, ислам уағызында «Құран» Алланың үмбеті Мұхаммедке Жәбірәйіл періште көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мұхаммедке мезгіл-мезгіл жіберіп түрыпты. Ал Мұхаммед сол Құдайдың берген өсиеттерін халыққа ауызша жеткізіп отырды. Құран Құдай сөзі болғандықтан бұған ешкім де ешбір шәк келтіруге тиіс емес.
Мұсылман дінінің парыздары: 1. Иманану
1. Иманану (тавхид) - сену деген сөз, яғни бір Құдайға сену «бір Алладан басқа Құдай жоқ және Мұхаммед оның біз
2. Намаз- арабша «салят». Намаз сөздері Аллаға сыйыну, тілек тілеу, құлдық ұрумен өтеді. Күн сайын бес рет сыйыну (намаз). Әрбір сыйыну (намаз) рахаттан (араб тілінде құран сүресінен үзінді, дене тұрғысы мен қозғалысы) тұрады. Таңертеңгілік 2 рахаттан, түскайталық, кешкі және түнгі 4 рахаттан, түнгі - 3 рахаттан... Жұма күнгі намазды мешітте оқу ұсынылады. Намазға қалай дайындалу керек, қалай оқылуы керек шариғатта рет-ретімен жазылып көрсетіледі.
ге жіберген елшісі» -
3.Зекет (қайыр) - жылына бір рет мұсылмандар өздерінің табыстарының 10/1 бөлігін Мешітке беріп отырулары керек. Ислам діні мемлекеттік дін деген елдерде, барлык меншігінің нақты кұнының немесе оның таза пайдасының 2,5%-ын құрайды. дегенге сену.
4. Ораза- арабша «ас-саум» ұстау, «Рамазан» айында отыз күн ораза ұстау. Ораза ұстауда таң атқаннан (ақ жіпті қара жіптен айырғанда) кешке дейін (ақ жіпті қара жіптен айыра алмау), яғни жарық күннің өне бойында тамақ ішуден, судан, шылым шегуден, жыныстық қатынастан толық тыйылуды білдіреді.
5. Хаджи (хаджж) - әрбір мұсылман өмірінде ең болмағанда бір рет Мекке мен Мәдинеге барып, Каабаны айналып, намаз оқып, Мұхаммедтің бейітіне құран окып, кұрбандық шалып қайтуға тиіс.
Жалпы Ислам дінінің қазақ мәдениетінің даму үрдісіндегі рөлдері әлі де жете зерттеліп біткен жоқ. Ондай ғылыми зерттеу әлі алда деп ойлаймыз. Қазіргі кезде Қазақстан егемендік алғаннан бастап, өз елінде жеке дербес Мұсылман орталық қауымы (ДУМ) ашылды. Жылдан жылға мұсылман мешіттері көптеп ашылып, емін-еркін әрбір мұсылмандар өз діни қажеттілігін орындауға мүмкіндік жағдай туды.