Ежелгі тархи діндер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Августа 2015 в 22:07, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезге дейін өмір сүріп келе жаткан «Прамонотейзм» деген теологиялық теория бойынша діннің шығуы туралы былай дейді: көне діндердің шығуы алдында алғашқы дәуірдегі адамдарда бір Құдайлық немесе бір Жаратушы Құдайға сенген. Кейіннен бүндай сенімге жалған көзқарастар қосылып көп діндік (политеизм) тарады. Дегенмен «жалғыз-Құдайлық» ұғымы олардың арасынан аман өтіп біздің дәуірімізге жетті. Бұл бір Құдайлыққа сену (монотеизм). Мәселен, монотейстік дін -Христиан діні. Ол ең бір «ақиқат» дін деп есептейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

религия.doc

— 60.50 Кб (Скачать документ)

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 ЭКОНОМИКА, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

ҚҰҚЫҚТАНУ КАФЕДРАСЫ

 

 

  

            

СӨЖ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Асылгожина А. Н.

Тобы: ЮР-407

Тексерген: Мамырбаев А. М.

 

                                               

 

 

 

Семей 2015

 

 

2- дәріс 

Ежелгі тархи діндер

Қазіргі кезге дейін өмір сүріп келе жаткан «Прамонотейзм» деген теологиялық теория бойынша діннің шығуы туралы былай дейді: көне діндердің шығуы алдында алғашқы дәуірдегі адамдарда бір Құдайлық немесе бір Жаратушы Құдайға сенген. Кейіннен бүндай сенімге жалған көзқарастар қосылып көп діндік (политеизм) тарады. Дегенмен «жалғыз-Құдайлық» ұғымы олардың арасынан аман өтіп біздің дәуірімізге жетті. Бұл бір Құдайлыққа сену (монотеизм). Мәселен, монотейстік дін -Христиан діні. Ол ең бір «ақиқат» дін деп есептейді.

Фетишизм - (португ.сөзі-сиқырлы зат) әр түрлі заттарды, кейде өсімдіктерді киелі ету, әр алуан заттардан бірнеше немесе бір затты бөліп алып, оған киелі, құдіретті мән беріп, сол зат арқылы өзіне қолайлы, керек оқиғаға әсерін тигізеді деп ойлау. Ондай фетиштік заттарды тек табиғаттан емес, қолдан да жасап алуға болады. Фетиштің заттары - табиғи: тас, ағаштың бөлігі, аңның тісі, ...келе-келе қолдан жасалған заттар: талисман, крест, икон, жарты ай т.с.с. Осындай заттардың арқасында әр түрлі аурудан сақтану, көз тиюден сақтау, жаулардан сақтау, аң аулауда сол заттардың жәрдем беруі және т.с.с

Тотемизм - өсімдіктер және жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бар деп түсіну. Ертедегі рулық қоғамда аң аулау мен үй жануарлардың адам өміріне, оның өмірі тікелей сол жануарларға байланысты болғандықтан (жануарларды тамақ, киім, көлік ретінде пайдаланды), малдардың алдында ризашылығын білдіріп, жануарлардың бірнеше түрлерін киелі етіп қарастырды. Қазіргі кезде әрбір діннен тотемнің ізін табуға болады. Міне, осы күнге дейін Африка континентін тотемдік жер деуге болады. Үнді мемлекетінде тотемдік көрініс - сиыр. Сиырды кұрметтеп, киелі деп есептеп, оның етін жемейді.

Магия (грек. тіл. сиқыршылық, тәуіпшілік) - бір обьектіге иррационалды түрмен әсер ету, немесе әр түрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіп өзгерту.

Магияның қолдану әдісі бойынша: тікелей объектімен жанасу; инициалды объектімен жанасуға мүмкіншілік жоқ; парциалды - бір зат арқылы әсерін тигізу, шаш алу, тырнағын aлу...; имитативтік- объектіге үқсас объектімен әсер тигізу.

Анимизм (лат.-тіл. жан) - деген жан бар дегенге сену. Анимизмнің алғашқы түрі аниматизм деп аталады. Аниматизмдік түсінік жан мен тән (дене) бірге өмір сүреді. Тән өлсе немесе қираса, жан да өледі. Ал анимизмде «жан» тәннен дербес өмір сүре алады. Мұндай түсініктің ертедегі адамдардың көптеген құбылыстарды білмеуі, түсінбеуінің нәтижесі.

Вавилон мәдениеті болса, тікелей Шумер-Аккад мәдениетінің мұрагерлері десек те болады. Б.з.д. II мыңжалдықтың ортасында, әсіресе, Хаммурапин (б.з.д. 1792-1750 жж.) патшасының тұсында вавилоңдықтардың өркениеттері ең биік шыңына жетеді. Вавилондықтар да көп құдайларға табынды, олардың ішінде ең бастылары: Шамаш - Күн құдайы, Син - Ай құдайы, Адад - жауын-шашын кұдайы, Нергал - Өлім құдайы, Ирра - соғыс құдайы.

Ертегі Иран діні. Ертедегі Иран діні зороастризм (Парсизм) діні болды. Бүл дін б.д.д. VIIғ. ертедегі Иран мемлекетінде шықты. Зороастризм Египет және Вавилон діндеріне қарағанда «пайғамбарлығы» жетілген немесе бір жүйеге келтірілген дін деп айтуға болады. Зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштра аңыздық пайғамбар. Аңыз бойынша, Заратуштра (гректе «Зороастр» деген сөз), ежелгі Иран сөзінен шыққан «түйелі адам», түйе жетектеген адам деген мағына береді.

Ертедегі грек діндері. Діни мифологиялық көзқарас бойынша: алғашқы кезде Хаос (түпсіз түң-ғиық) өмір сүрді, одан жер құдайы Гея және жерасты құдайы Тартар шықты. Гея аспан құдайы, әрі баласы, әрі әйелі Уранды туды.

Ертедегі Рим діндері. Ежелгі Рим діндерінде Грек дініндей айқындық миф жоқ. Олардың діні қарапайым, сөзге сараң болды. Керек болса ертедегі Рим діндерінде құдайлардың суреттері мен образдары болмады. Рим құдайлары ұзақ уақыт антропоморфтық түрінде, Юпитер болса, шақпақ тас түрінде, Map құдайы найза түрінде, Веста құдайы от-жалын түрінде бейнеленді. Римдіктер жай ғана Юпитерге сенсе жеткілікті деп түсінді.

Ертедегі славян діндері

Ертедегі славяндарда 9 табиғаттың күшіне табыну үлкен орын алып отырды. Ең жоғарғы қүдай Перун - күн күркірейтін және найзағай құдайы. Перун құдайына екі жақты көзқарас болды. Біріншіден, ол өзінің жауын және найзағайымен жерді көгертеді. Екіншіден, қиратушы және жазалаушы құдай болып көрінеді. Одан кейінгі құдайлар, Сварог - жарық пен аспан құдайы, Әке Дажбога - Күн мен от құдайы, Хоре - жел, Стрибог - мал құдайы жэне т.е.с Көптеген мейрамдар табиғаттық қүбылыстарға байланысты болды. Қыстың уақы-тында күннің үзаруына, масленица, Купала, егін тойы өткізілді. Олар-дың барлығы магиялық түрғыда өтіп жатты.Русьтің Византиядан Христиан дінін (988ж.) қабылдауы орыс өміріне, тарихына бет бұрыс алып келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-дәріс

Ұлттық діндер

Үнді халықтарының діндері: брахманизм, индуизм,сикхизм.

Үнді халкында қандай да бір діни ағымдар болмасын олардың барлығының ортақ көзқарасы: кайта туу және әрбір жеке адам өз жолдарымен күнәларын жеңілдетуді іздейді. «Әрбір адамның тағдыры өз қолында» деген пікір бар. Ерте дәуірден бастап әр түрлі діни көзқарастар, ритуалдар, салтанатты өлеңдер мен жалбарыну өлеңдері, ритуалды құрбан шалу түрлері «Веда» деген киелі жинақта топтасқан. Ведалар дегеніміз- діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу негізінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлендердің жиынтығы. Веда б.з.д. II мың жылдықтарда және б.д.д.1 мың жылдарында кұрастырылған төрт бөлімнен тұратын жинақтар. Ең маныздысы Ригведа «симхат».

Ригведа бойынша, ең басты құдай - Аспан Дьяус құдайы, құдайлардың әкесі, оның әйелі - Жер Притхива құдайы. Барлық құдайлар осы екі құдайдан тарады дейді. Ең атақты құдайдың бірі - Индра әлемді ұстап түрған, жындарға қарсы, данышпан және батыр, жылы мен жарықтың, жауын мен дауылдың құдайы. Оның ерлігіне арналған 250 гимн бар. Тағы да, үй мен отбасының, бақыт пен денсаулықтың құдайы - Агни. Оған арналған Ригведада 200 гимн бар

Брахман діні - бар әлемнің генетикалык, түп негіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Бірінші түрі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жеке түрлі болады. Брахман жрецтері әр түрлі дәлелдер аркасында Веданы өздерінің жағдайларына ыңғайлап, халық арасында үлкен авторитетке ие болады. Жрецтерге құрбандық жасау ритуалына ақы төленеді. Ақыны алтын мен бұқа, ат және киіммен төлеуге болады. Олардың мүліктеріне ешкім тиісе алмайды, солардың арасында - патша да.

Индуизм Веданың көптеген көзқарастарын сақтап, ары қарай дамыды. Мысалы, «карма» туралы, Веданың қасиетті екенін, «сансара» туралы, яғни, өмір жанының тоқтамауы, жанның бір денеден екінші денеге көшуі және т.е.с көзкарастары. Индуизм үнді халкы үшін қатардағы дін емес, ол өмір сүру формасы, этикалык, адамгершілік және жеке адамның өмір сүру мәні болып есептеледі. Индуизм діні Брахман дініне қарағанда өте қарапайым және түсінікті.

Брахма - бар әлемді жаратушы, барлық нәрсенің түп негіздік бастамасы, ең жоғары ақикаттың бірлігі, әр түрлі тірі нәрселердің негізі мен қозғаушы күші. Үнді халықтары көбінесе қалған екі құдайға шоқынады, Шива мен Вишнаға.

Шива өз мүсініне көптеген кұдайларды ендіреді. Шива - қатал, қоркынышты құдай. Оның үш көзі бар, денесіне жыландар жабысқан, мойнында бас сүйектері бар. Шива - өнер мен ғылымның, салтанатардың кұдайы. Ол сонымен қатар, өлімнің, қиратудың, «бұзудың», өзгертудің құдайы болып табылады.

Вишну - адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. Ол адамдарды зұлымдық пен қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп-қатерден сақтайды және адамдарға шындықты жариялап отырады. Ол әрдайым әр түрлі образдар арқылы көрінеді. Мысалы, ол тасбақаға айналып, құдайларға сусын жасауды үйретеді, осының арқасында құдайлар өлмейтін болады. Вишна тағы да аватарх кейпіне антроморфизмдік түрде көріне алады. Вишнаның аваторлық кейпіне айналуы негізінен он дейді.

Даосизм б.д.д. VI-V ғғ. өмір сүрді. Даосизмнің негізін қалаушы Лао-Цзы б.д.д. VI ғ. өмір сүрген, өз өмірінде «Кәрі дана» деген атаққа ие болған. Бұл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау десек те болады. Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырады. «Кәрі дананың» негізгі идеялары «Дао дэ цзин» кітабында баяндалған. Оның айтуынша, барлық заттар өз «жолының» даоның арқасында туып дамиды.

Конфуций діні. Қазіргі Қытай халқының ең беделді ұлттық діні Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы, яғни Кун - ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 ж. шамасында өмірге келген. Оның негізгі ілімі бізге өзінің шәкірттері Ман-Цзы және Сюн-цзыдың еңбектері арқылы жетті.

Жапонның ұлттық діні: синтоизм. Синтоизм - «синто құдай жолы», б.д.д. VI-VII ғғ. шығыс Кюсю аралында Жапонияда пайда болды.

«Ерте дәуірдегі жазу» немесе «Койки» деген кітаптағы аңыз бойынша, синтоизм дінінің шығуы туралы айтылады. Бұл әдеби жинақ б.з.д. 712ж. жазылған. Оның негізгі мақсаты император рухын халықтардың үстінен қарап, билеу құқығын бекітуге арналған.

Еврейлердің ұлттық діні: иудаизм. Иудаизм б.з.д. XIII ғ. Еврей халқының арасынан шыққан дін. «Иудаизм» деген сөз Еврей тайпасынан шыққан Иуда руының атымен аталады. Иуда руы еврей халқының 12 рудан шыққан ең ірі және бірінші патшасы Давидтан таралған беделді ру болады. Олардың құдайы Яхва (Найзағай құдайы, от кұдайы, су құдайы) барлық рулардың құдайы деп алынады да, монотеистік жеке, еврейлер Палестинаны жаулап алған соң, Яхва құдайының кұрметше Иерусалим храмын салады.

Иудаизмнің даму кезеңі; «модернизаторлық шағы». Қазіргі кезде Иудаизмде әртүрлі ағымдар мен сектілер бар. Негізгі Иудаизм догмасы бойынша: Құдай бір - Яхва, еврей халқы «Құдайдың таңдаған» ерекше халқы, Яхва жерге қайтып келеді, жан мәңгі, ол дүниеде бар, Талмуд пен Танаха қасиетті кітап және т.б.

Иудаизмде діни табынушылық, әдет-ғұрыптар, мейрамдар өте көп. Діни регламенттер бойынша 365 іс-әрекетке тыйым салынады да, 248 іс-әрекеттерді істеуге шақырады. Иудей ораза ұстау керек, баланы туған соң сегіз күннен кейін сүндетке отырғызу керек, балалық шаққа жету тойы, жерлеу т.с.с діни әдет-ғүрыптар бар.

 

 

 

 

 

 

 

4-дәріс 

Дүниежүзлік діндер. Будда діні

     Орта Азия мен Қазақстан жеріне Будда діні V-VІ ғғ. таралды деп есептейді. XX ғасырдың екінші жартысында жүргізілген археологиялық зерттеу бойынша буддизмнің Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Қытаймен шекаралас Жоңғар қақпасының аймағында іздері табылды..

Қазіргі кезде буддистер Қазақстанда аз, Алматыда будда қауымы тіркелген. Оларға жергілікті бурят, қалмақ, моңғолдар барады.

Жалпы Буддизм дініне келсек Буддизм Суддхонаның баласы Сиддхартхи Гаутаманың ілімінен (б.д.д. 563-483 жж.) таралған дін деп есептеледі. Буддизм дінінің шығу себебі сол кездегі Үнді мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық жэне мәдени дағдарысқа ұшырап жатқан кезі болатын. Будда діні, оның негізгі идеалды қөзқарастары таптық қоғамның шығуына, дамуына жол беріп отырды. Сол кездегі рулық-брахман дініне оппозиция болған Будда діні варна-касталық бөлуге қарсы шығып, елдердің басын біріктіруге талпынды.

Қазіргі кезде буддизмнің үш ағымы бар. Олардың діні, әдет-ғұрыптары, догмалары бір-бірінен айырмашылығы өте зор десек те болады. Бұл ағымдар: 1)Үнді-буддизмі - Тхеравада, немесе оңтүстік және шығыс-оңтүстік буддизмі. 2)Дао-буддизмі – махаяна немесе үлкен күйме, Қиыр Шығыс буддизмі. 3)Тантрикалық буддизм – ваджраяна немесе орта азиялық буддизм.

 

1.Тхераведа ағымы - (ескі жол) будданың салт жолы. Ұстаздың бейнесін жай құрмет етудің орнына тәңірге айналдырылған Буддаға табыну Үндіде етек алды.

2. Махаяна ағымы (үлкен күйме, ұлы жол) - сергектенуге және нирванаға баратын жол, барлық адамға ашық, тек монах тәртібін сактау мен будда жолы және бодхисаттардың жәрдемі керек дейді.

3. Ваджраяна немесе тантраяна ағымы (айрықша салт күймесі) б.ғ.д. II мыңыншы жылы шықты. Ол гуру (оқытушы, бастық) басшылығымен йогамен шүғылданады. Әрбір гуру өз әдістерімен йога жүйесін қолданады. Иоганы адамның ойын кірден тазарту, ояту деп түсіндіреді. Ламаизм будда дінінен бөлініп шықкын ағым. Бұл ағым екі бөлшектен тұрады. Ламаизмнің сырткы табыну тәжірибесі тхеравадаға ұқсап, ішкі жақсы тәжірибе жинау, рухани оқу жүрегі немесе ваджараяна ілімі бойынша, адамның ақылы космостық Будда денесімен қосылуы. Рухани жүрек әр түрлі құрылымнан тұрады, ваджарамен теңестіріле отырып, мәңгілік символы - тұрақтылық және бұзылмайтындығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-дәріс

 Христиан діні

Христиан діні - екінші әлемдік дін. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Израильде (Палестинада) б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа үлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан қауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар христиан дінінен басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өміріне де қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен өмір сүрді. Мұның бәріне халықтың жоғары топтары қарсы түрды..

Информация о работе Ежелгі тархи діндер