Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:51, реферат
Ежелгі Қытайдың әлеуметтік ойының гүлденуі б.з.д. VІ-ІІІ ғасырларға жатады. Ежелгі Қытайдың неғұрлым ықпалды әлеуметтік-саяси ілімдері даосизм, конфуцийшілдік, моизм және легизм болды. Даосизмнің пайда болуы жартылай аңызға айналған дана ЛАО-ЦЗЫ (б.з.д. VІ ғ.) есімімен байланысты.
Аристотельдің көңіліне жағатыны - полития, олигархия мен демократияның қосылуынан туған мемлекеттің аралас нысаны. Полития экономикалық тұрғыдан орта мөлшердегі меншіктер басым болатын құрылымды білдіреді, бұл отбасылардың жеткілікті тұрмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, байлар мен кедейлер арасындағы қарама-қайшылықтарды да бәсеңдетеді. Экономиканы Аристотель үй шаруашылығын дұрыс жүргізе білу ретінде хрематистикаға немесе баюды көздейтін жинақтау өнеріне қарсы қояды. Аристотель байлыққа деген сарқылмас құмарлықты, ұлғайтылған сауданы, өсімқорлықты және т.с.с. айыптайды. Меншік мөлшерін шектеумен қатар кемел мемлекетте ауқатты азаматтар мен ерікті кедейлердің ынтымағын қамтамасыз ететін бірлесе тамақтану мен басқа да шаралар көзделеді. “Меншіктің жеке болғаны, ал оны пайдалану көпке ортақ болғаны жақсы”, - деп тұжырымдайды Аристотель. Политиядағы биліктің әлеуметтік тірегі жердің меншік иелері болып табылады. Платонның “Заңдарындағы” сияқты Аристотель азаматтар қатарынан дене еңбегімен айналысатын адамдарды шығарып тастайды. Азаматтық айбын “күнделікті тамақтану үшін қажетті жұмыстан құтылғандарға ғана” жарасады деп мәлімдеді ол. Әйтсе де жер жыртушылар, қолөнершілер мен күнделікті жұмыс істейтіндер мемлекетке қажет болғанымен, оның маңызды бөліктері әскерлер мен билеушілер болып табылады. Политияда билік “өз есебінен қаруланатын әскерлердің қолына шоғырланады”. Олар азаматтық құқықты толық иеленеді. Азаматтардың кейбір тым қысқартылған құқықтары жер өңдеуші демос - шаруаларға да беріледі. Саяси жағынан бұл құрылым билікті іске асырудың демократиялық және олигархиялық әдістерін ұштастырумен сипатталады.
Информация о работе Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Грекия мемлекеттеріндегі әлеуметтік ілімдер