Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 17:51, реферат
Ежелгі Қытайдың әлеуметтік ойының гүлденуі б.з.д. VІ-ІІІ ғасырларға жатады. Ежелгі Қытайдың неғұрлым ықпалды әлеуметтік-саяси ілімдері даосизм, конфуцийшілдік, моизм және легизм болды. Даосизмнің пайда болуы жартылай аңызға айналған дана ЛАО-ЦЗЫ (б.з.д. VІ ғ.) есімімен байланысты.
Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Грекия
мемлекеттеріндегі әлеуметтік ілімдер
Ежелгі Қытайдың әлеуметтік ойының гүлденуі б.з.д. VІ-ІІІ ғасырларға жатады. Ежелгі Қытайдың неғұрлым ықпалды әлеуметтік-саяси ілімдері даосизм, конфуцийшілдік, моизм және легизм болды [2].
Даосизмнің пайда болуы жартылай аңызға айналған дана ЛАО-ЦЗЫ (б.з.д. VІ ғ.) есімімен байланысты. Ол “Дао дэ цзин” (“Дао және дэ туралы кітап”) канондық трактатын жазған деп айтылады. Ілімнің негізінде “дао” (сөзбе-сөз алғанда - жол) ұғымы жатыр. Лао-цзы ізбасарларының түсіндіруі бойынша, Дао - абсолюттік дүниенің бастауы. Ол аспан әміршісінің ізашары және өзінің күш-қуаты жағынан одан асып түседі. Дао - барлық тіршілік иелерінің бастау көзі, табиғи пайда болулардың және барлық құбылыстар алмасуының, олардың бір нәрседен екінші нәрсеге өтуінің шексіз ағыны, туу мен өлудің мәңгі иірімі. Адамға ол әлемді билейтін тылсым заң ретінде көрінеді. Жаппай өтімді бұл күштің алдында адамға тек өзінің бишаралығын сезінуден және құштарлықтан босану жолымен өзінің өмірін ұзартуға тырысудан басқа ештеңе қалмайды.
Лао-цзы өзінің адамдық
қатынастардың табиғи қарапайым-дылығын
қалпына келтіруге деген үмітін
“даоның керемет құпиясын” көре
алады және соңынан халықты ерте
алады деген мұрагер
Қытайдың әлеуметтік ойлары
тарихындағы аса ықпалды
Конфуцийге сәйкес мемлекетті тақсырдың басшылығымен асыл текті қайраткерлер басқаруға жаралған. Конфуций адамдарды “жоғарғы” және “төменгі” деп бөлу жойылмайды деп дәлелдеді және асыл тектілерді шығу тегіне байланысты емес, моральдық қасиеттері мен біліміне қарай бөлді. Конфуций ілімінде асыл текті қайраткер - кемел өнегеліліктің үлгісі, өзінің бар мінез-құлқымен мораль нормаларын дәлелдейтін адам. Конфуций мемлекеттік қызметке ұсынуға дәл осы белгілерді алуды ұсынды.
Асыл текті қайраткерлердің
басты міндеті - адамды сүюге өзін
тәрбиелеу және жан-жақты тарату.
Бұл ұғымға Конфуций ерекше, қазіргі
заманға дәлме-дәл келмейтін
Eрте конфуцийшілдіктің
әлеуметтік-саяси бағдарламасы
Мұрагерлік аристократияның билеуіне сын айтқан моистер мектебінің негізін қалаушы МО-ЦЗЫ (шамамен б.з.д. 479-400 жылдар) болды. Оның ілімін оның жолын қуушылар “Мо-цзы” кітабында баяндаған. Моизм әлеуметтік жағдайы тұрақсыз, қарама-қайшылықты ұсақ меншік иелерінің - ерікті жер өңдеушілердің, қолөнершілердің, саудагерлердің, мемлекеттік аппараттағы төмен шен иелерінің мүддесін білдірді. Бір жағынан, олар еңбекші бұқараға жақын болды және белгілі бір дәрежеде олардың сенім-пікірлерін қабылдады, ал екінші жағынан - қоғамда белгілі бір орынды иеленгеннен кейін билеуші төбе топқа жақындауға тырысып бақты, жоғары тектің артықшылықтарын өздеріне талап етті. Моистердің ілімін осындай қарама-қайшылықтар жайлаған болатын.
Әлеуметтік төменгі топтың
кейбір түсініктерін қайта жаңғырта
отырып, моистер мемлекеттік
Мо-цзы қалыптасқан атқарушы қызметтің басында ақылды билеушісі бар мемлекетті биліктің керемет ұйымдастырылуы деп есептеді. Биліктің беріктігінің кепілі мен негізі шенеуніктердің тақсырдың еркін бірдей етіп орындауында деп түсінді. Мемлекеттің толық біртұтастығын орнату үшін бірдей ойлауды енгізу, зиянды ілімдерді жою ұсынылды.
“Әрбір адам жақсы немесе
жаман нәрсе туралы естігендерін
жоғарыда тұрғандарға хабарлауға тиіс,
жоғарыдағылар дұрыс деп
Осылайша моизм
Ерте легизмнің ірі өкілі ШАНЬ ЯН (б.з.д. 390-338 жылдар шамасы) ұсынған реформалардың жобалары мен жарлықтары “Шань цзюнь шу” трактатына (“Шань облысының әміршісі кітабы”) енген. Легизм ілімі оның алдындағы тұжырымдамалардан едәуір өзгеше болды. Легистер саясатты дәстүрлі моральдық баяндаудан бас тартып, билікті атқару техникасы туралы ілімді жасады. Шань Ян осы қайта бағдарлануды жүзеге асыра отырып, патриархалдық тәртіпті жоюға қол жеткізген мемлекеттік міндеттерді атқарған ақсүйектер мен ауқатты қауымшылдардың ұмтылыстарын басшылыққа алды. Саяси теориядан олар басқаларға қарағанда ізгілікті ақыл-өсиеттерді аз күтті. Оларға керегі жалпы мемлекеттік түрлендірулердің салыстыра тексерілген бағдарламасы болатын.
Легизмнің ерекшеліктерін қоғамдық құбылыстарға тарихи көзқарастардың элементтері құрады. Жаңа аристократияның жеке меншіктік мүдделері қауымдық өмірдің архаистік ұстанымдарына қайшы келгендіктен, оның идеологтарына дәстүрдің беделіне емес, әлеуметтік шарттардың бұрынғымен салыстырғандағы өзгерістеріне шағынуына тура келді. Ежелгі тәртіптерді қалпына келтіруге шақырған даостарға, конфуцийшілдерге және моистерге қарсы легистер ескіге қайта оралудың мүмкін еместігін дәлелдеп бақты.
Легистер қауымдық өзін-өзі
басқаруды шектеу, отбасылық-рулық
қауымдар мен патронимияларды жергілікті
әкімшілікке бағындыру қажет
деп есептеді. Шань Ян қауымдық өзін-өзі
басқаруды теріске шығармастан,
азаматтарды мемлекеттік
Барлық мемлекет үшін біртұтас заңдар белгілеу ұсынылды. Басқа да ерте легистер сияқты Шань Ян әдет-ғұрып құқығын заңнамамен толық алмастыруды ойлаған жоқ. Заңды ол қуғын-сүргін саясаты (қылмыстық заң) және үкіметтің әкімшілік өкімі деп түсінді.
Билік пен халық арасындағы қарым-қатынастарды Шань Ян жауласушы тараптардың бір-біріне қарсы тұруы деп қарады. Үлгілі мемлекетте әміршінің билігі күшке арқа сүйейді және ешқандай заңға бағындырылмаған. Шан Янға азаматтардың құқығы, олардың заңды кепілдері туралы және т.б. ұғымдар белгісіз. Заң, оның ойынша, қорқыныш ұялатушы, ескерту жасаушы террор болып шығады. Тақсыр қызметінің жоғарғы мақсатын Шань Ян басқыншылық соғыстар жолымен Қытайды біріктіруге қабілетті күшті билік құру деп есептеді.
Легистік тұжырымдамаларды
іс жүзінде қолдану қатыгездіктің
күшеюімен, бодандардың санасына әмірші
алдында жаппай үрейді сіңірумен
және жаппай сезіктенумен қатар жүрді.
Жалпы бұқараның легистік тәртіпке
наразылықтарын ескере отырып, Шань Янның
ізбасарлары неғұрлым жексұрын жағдайлардан
бас тартып, легизмді моральдық мазмұнмен
толықтырып, оны даосизммен немесе
конфуцийшілдікпен
Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-
Ежелгі Үндістанның саяси және құқықтық идеологиясының жетекші бағыттары брахманизм мен буддизм болды [5]. Олар б.з.д. І мыңжылдықта пайда болған және өзінің тамырын арийлердің ежелгі салттық кітаптары - Ведаларда баяндалған діни-мифологиялық көзқарастардан алған. Брахманизм мен буддизм арасындағы идеялық алшақтықтар дін құрметтеген мифтер мен мінез-құлық ережелерін түсіндіруде пайда болған.
Ежелгі үнділіктерде төрт варна болған - абыздар варнасы (брахмандар), жауынгерлер варнасы (кшатрилер), жер өңдеушілер, қолөнершілер және саудагарлер варнасы (вайшилер) және төменгі варна (шудралар). Алғашқы үш варнаның мүшелері толыққанды қауымдастар болып саналды. Шудралар оларға бағынышты болды.
Брахмандар діни-мифологиялық ұғымдардың негізінде жаңа идеология - брахманизмді құрды. Брахманизмнің әр түрлі мектептерінің әлеуметтік-саяси идеялары сансыз көп заңтану және саяси трактаттарында көрсетілген. Олардың ішінде неғұрлым беделдісі б.з.д. ІІ ғасыры-б.з. ІІ ғасыры кезеңінде құрастырылған “Манавадхармашастра” трактаты - “Ману заңдары” болды.
Брахманизм дінінің негізгі қағидасы жанның жаңа түрге енуі туралы қасаң қағида болды, оған сәйкес адамның жаны өлгеннен кейін тексіз адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің денелерінде адасып жүреді не болмаса, егер де ол адам адал өмір сүрсе, онда қоғамда неғұрлым жоғары орындағы адам немесе көктегі өмір сүретіндер болып қайта туылады. Брахмандарға Ведаларды зерделеу, халықты басқару және оны дінге үйрету белгіленді; кшатрилерге әскери іспен айналысу қажет болды. Мемлекеттік және қоғамдық істерді басқару екі жоғары варнаның артықшылықтары болды. Жат жұрттықтар мен варналарға бөлінбейтін тайпалар үшін құлдық табиғи құбылыс ретінде мойындалды.
Тектік белгісі туғаннан анықталып, өмір бойы сақталды. Брахмандар жоғары варнаға өтуге адам өлгеннен кейін, оның “болашақ өмірінде” ғана құдайларға қызмет еткені, төзімі мен момындығы үшін марапат ретінде жол беріледі деп ойлады. Брахманизмде касталық жазмышты қамтамасыз ететін құрал құдайлардың жазалаушы күшінің жалғасы деп ұғынатын мемлекеттік мәжбүрлеу болды.
Брахмандар тақсырлардың зайырлы заңнан діни заңның жоғарылығын мойындауына үміттенді. Брахманизм теориясы бұл тұрғыдан ұсынған идеялардың көмегімен абыздар қоғамдағы саяси гегемондық үшін күресті.
Ежелгі үнділік саяси ойдың тарихындағы ерекше орынды “Артхашастра” атты (“Пайда туралы өсиеттер”) трактат иеленеді. Оның авторы КАУТИЛЬЯ (б.з.д. ІV ғ.) болып саналады. Трактат брахманизмнің касталық жазмыш туралы, дхарма заңдарын қатаң жазалаулармен қамтамасыз етудің қажеттігі туралы, абыздардың басқа тектерден басымдығы, діни табынушылықты атқару монополиялары туралы ережелерін дәл береді. Брахманизмнің жорамалдарына толық сәйкес келе отырып, мұрагерлік ақсүйектердің үстемдігі және зайырлы билеушілердің абыздарға бағынуы идеяларын жүргізді. Трактатта Патша, “шәкірті ұстазына, баласы әкесіне, малайлар қожайындарына” құлақ асқандай, сарай Абызын тыңдауға тиіс делінген.
Информация о работе Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Грекия мемлекеттеріндегі әлеуметтік ілімдер