Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 09:04, реферат
Грекия (гр. Ελλάδα), ресми аты Грекия Республикасы (гр. Ελληνική Δημοκρατία) — Еуропа оңтүстігінде, Балкан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Македония республикасымен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі шайып жатыр. Осы елді мекендейтін юнандар (гректер) атымен аталған.