Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 09:04, реферат
Грекия (гр. Ελλάδα), ресми аты Грекия Республикасы (гр. Ελληνική Δημοκρατία) — Еуропа оңтүстігінде, Балкан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Македония республикасымен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі шайып жатыр. Осы елді мекендейтін юнандар (гректер) атымен аталған.
Ежелгі Грекия
Грекия (гр. Ελλάδα), ресми аты Грекия Республикасы (гр. Ελληνική Δημοκρατία) — Еуропа оңтүстігінде, Балкан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Македония республикасымен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі шайып жатыр. Осы елді мекендейтін юнандар (гректер) атымен аталған.
Грекия қала-мемлекеттері.[
Полис - қала-мемлекеті.
Полис — қала-мемлекет, Ежелгі
Грекия мен Римге тән қоғамның
әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының
ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан,
оның айналасындағы халқы
Ежелгі Спарта.
Спа́рта (көне грекше: Σπάρτη, лат. Sparta) немесе Лакедемон (көне грекше: Λακεδαίμων, лат. Lacedaemon) – ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін б.з.б. 6 – 1 ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін қамтыған. Гомердің “Илиада” шығармасына қарағанда, Спарта Лакониканың ахейялық 12 қауымының бірі. Б.з.б. 12 ғасыр шамасында дорийліктер Пелопоннеске басып кіріп, Спарта қоныстарын қиратты. Археологиялыұ мәліметтер бойынша жаңа дорий қонысы Спарта деген атпен б.з.б. 10 – 9 ғасырларда басқа жерде – Эврот өзеннің жағасында пайда болған. Б.з.б. 8 – 6 ғасырларда Спарта көрші аймақтар: батыста Мессанияны, шығыста Клаурияны жаулап алды. Спартаның барлық жері мемлекеттік меншігіне алынды. Бұл жерлер Спартаның толық құқылы азаматтары – спарталықтарға мұра ретінде пайдалануға берілді. Жерді басыбайлы құлдар – илоттар өң- деді.
Ал Спартаның бұрынғы жергілікті халқы – периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқы жоқ) қолөнермен және саудамен айналысты.
Спарталықтардың өздері жеті жасынан әскери қызметке тартылды. Спартаның саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Халық жиналысы (апелла) жоғарғы орган саналды. Мемлекетті екі әулеттен (Еврипоний және Ашад) шыққан екі патша басқарды. Олар әскери жасақтарға жетекшілік етіп, бірқатар діни міндеттерді жүзеге асырып отырды, ал ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелерін ақсақалдар кеңесі (герусия) шешті.
Экономикаалық жағынан Спарта қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болып, тәуелді халықты аяусыз қанады. Б.з.б. 6 ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес соғысын (б.з.б. 431 – 404) жүргізді. Спарта жеңіске жетіп, біраз уақыт Грекияда үстемдік құрды. Бірақ билеушілердің ішкі дағдарысы Спартаның соғыс күшін әлсіретті. Ол б.з.б. 371 – 362 жылы болған соғыстарда өз қарсыластарынан күйрей жеңілді. Б.з.б. 338 жылы Спарта Македонияға, ал 146 жылы Римге бағынып, мемлекет ретінде жойылып кетті.
Тарихы[өңдеу]
Афины мемлекеті.[өңдеу]
Афина қаласы ежелгі өркениет
орталықтарының бірі, Грекияның астанасы.
Эгей теңізінің жағасында, Аттика түбегіндегі
төбелі жазықта орналасқан. Ол өзімен
іргелес жатқан ең ірі теңіз порты
— Пиреймен қосылып, үлкен Афинаны
құрайды (аумағы 433,28 км²). Афина —
Жерорта теңізінің
Адамзат өркениеті ошағының бірі болған Афина ішкі жанжалдардың, алауыздықтың салдарынан, 176 жылы Римнің қол астына өтті. Рим үстемдігіне қарсы бас көтерген Афинаны Корнелий Сулланың әскерлері жаулап, қалаларын қиратты. Б.з. 3 ғасырында сыртқы жаулардың шапқыншылығынан Афина біржола дербестігін жоғалтты. Қазіргі Афинада ежелгі грек, рим заманы мен орта ғасырлардың сәулет ескерткіштері жақсы сақталған.
Ежелгі грек өнері
Грек мүсіндер
Зевстің алтың мүсіні.
Зевстің алтын мүсіні –
кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп
тауында Зевс құдайға орнатылған
ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің”
бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі
афиналық мүсінші Фидий сомдаған.
Ежелгі гректер құдайлардың құдайы
деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан
зәулім сарай тұрғызған болатын.
Фидий өзінің мүсінін осы сарай
ішіне сомдаған. Тақта отырған
құдай мүсінінің биіктігі 17 м
болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей
тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей
алтын және піл сүйегінен жасалған.
Негізгі ағаштан істелген құдай
мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық
төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген
піл сүйегімен түгелдей қапталған.
Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен,
жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар
бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен
жабылған. Мүсінші Зевстің бір
қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы
Ника бейнесі де, екінші қолындағы
қыран қонған тұғыр да алтын мен
піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің
басына таза алтыннан өрілген тәж
кигізілген болатын. Ежелгі гректер
ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың
алтын мүсінін көрместен бұрын
өліп кету деп есептеген. Сондықтан
да ес білген әр адамға бұл бейнені
көру арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс
мүсінін Грекиядан
Ежелгі грек театры.[өңдеу]
Театрдың даму кезеңдерінің
бірі — көне замандағы театр мәдениеті.
Ертедегі грек драмасы мен театры
— жүзім мен шарап жасау
Құдайы Дионистің құрметіне ауылдык
жерде мереке өткізу негізінде пайда
болды. Бұл мерекелерде маскалы
адамдар, теке терісін кигендер (теке
— Дионистің қасиет тұтатын жануары)
өнер көрсетті. Маскалылар хорының
би аралас әндерінде диалог элементтері
мен сахналық қимыл- әрекет басым
жатты. Эллинистік дәуірге дейін
хор грек драмасындағы басты элемент
болып келді. Феспид бірінші болып
б.з.д. 534 жылдың көктемінде Ұлы Дионис
мерекесінде, өзінің трагедиясын көрсетіп,
бас жүлдеге ие болды. Сондықтан
да б.з.д. 534 жыл әлем театрының туған
жылы деп саналады. Ақын Феспид хордан
ерекше орындаушыны — актерді
бөліп шығарды. Сөйтіп, дүниеге бірінші
актер — протагонист келді. Хор
басшысы — корифей бастаған хор
12, кейіннен 15 адамнан құралды. Грек
драмасы өзінің даму процесінде діни
әдет-ғұрыптардан бірте-бірте
Қазір біз қолданатын "трагедия" және "комедия" сөздері Ежелгі Грекияда өткен мерекелерден шыққан. "Трагедия" сөзі гректің екі сөзінен алынған: "трагос" — теке және "одэ" — өлең, ән, яғни "текелер әні" деген ұғымды береді. Бұл ат бізді Дионистің серіктері — сатирлерге әкеледі. Сатирлер адам мен текенің қосындысынан тұрады: денесі адамдікі болғанымен, текенің мүйізі, сақалы, тұяқтары, құйрығы, жүні, т.б. белгілерін жапсырып алған.