Ежелгі Египет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2014 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Ежелгі Египет мемлекеті – әлемдегі көне мемлекеттердің бірі. Ол б.д.д. ІІІ мыңжылдықта Солтүстік Шығыс Африкада құрылды. Қазіргі уақытта Египет деп аталатын Араб Республикасы елінің жерінде бағзы заманда қазіргі кездегі барлық адамдардың назарын өзіне магнитше тартқан күшті және құпиялы өркениет пайда болған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ.doc

— 194.00 Кб (Скачать документ)

2. Мемлекеттік құрылым.

Египеттегі мемлекет деспотия

нысанында болған, мұнда биліктің барлығы тек бір адамға — патша перғауынға тиесілі болатын.  Перғауындардың барлығы бір рудан тарайтын жəне бір-бірін тақты мұрагерлікпен иемдену тəртібі нəтижесінде ауыстыратын.  Египеттегі деспотияның ерекше белгісі болып мемлекет басшысы —  патша перғауынның діни культы табылатын.

3. Лауазымды тұлғалар:

1)  перғауынан кейін басты лауазымды тұлға болып уəзір, патшаның жақын көмекшісі табылды, оның өкілеттіктер ауқымы өте кең болған:  мемлекетті басқарған,  сотта басқарушы болған,  жоғарғы сот органы болып табылатын ондық кеңесті басқарған, шаруашылықты басқаруға қатысқан, əскери күштердің басында тұрған, нотариустың міндеттерін орындаған;                    2) келесі лауазымды тұлға — мөрді сақтаушы немесе бас қазынашы —  табиғи сыйлықтар сақталатын мемлекеттік қоймаларды меңгерген;                 3)  барлық патшалық жұмыстардың басшысы —  еркін халыққа жүктелген міндеттердің орындалуын бақылаушы жəне сəулетшінің лауазымын орындаған. Жергілікті басқару. Египеттің бүкіл аумағы номдарға бөлінген,  олардың басында перғауынға тəуелді лауазымды тұлғалар —  номархтар басқарған.  Номарх жоғарғы сот жəне əкімшілік билікті иеленген. Əкімшілік өкілеттіктерді, сонымен қатар, шіркеулер де иеленген. Жергілікті жерлерде басқарудың төменгі органдары болып ауылдық общиналар табылған. 

Əскер. Алғашқыда тұрақты əскер перғауынның жеке күзетімен жəне мемлекет ішіндегі көтерілістерді басуға міндетті топтармен ғана шектелген. Соғыс болған жағдайда рекруттың жүйе бойынша жинақталған əскер жиналатын.  Жаңа патшалықта жалданбалы əскер жүйесі кеңінен дамыған.  Сот өндірісі. Ежелгі Египеттегі сот өндірісі алқалы түрде жүзеге асырылатын.  Жаңа патшалық кезеңінде 30  судьядан құралған орталық соткенбет құрылған болатын.  Жергілікті жерлерде округтер мен жекеленген қалалардың кенбеттері енгізілген. Ежелгі Египеттегі сот əкімшіліктен бөлінбегендіктен,  лауазымды тұлғалар мен номархтар бір мезетте жоғарғы судьялар болып табылатын.  Жоғарғы сот инстанциясы перғауын болатын.

4. Құқықтың негізгі сипаттары. Ежелгі Египеттің құқығы белгілі бір дəрежеде алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтарын сақтап қалған болатын, сол себепті де құқықтың негізгі қайнар көзі болып əдет-ғұрып табылатын.  Алғашқы жазбаша заңдарды жазу б.э.д. 3000 жылы жүзеге аса бастаған. Менес перғауын дін мəселелері бойынша қылмыстық заңнаманы құрастырса,  Бокхорис перғауын қаржы мен сауда саласындағы кодексті қабылдаған, ал Амасис пайғамбар жергілікті əкімшілікті заңнамалық түрде реттеуді жүзеге асырған.

Міндеттемелер:Қарыз,жалдау,сауда-саттық,жерді жалға беру сияқты бірнеше келісім түрлерін ежелгі Египет құқығы білген.Египетте жер негізгі байлық болғандықтан оның қолдан қолға өтуінің ережесі,тәртібі жоғары болды.Бұл тәртіп мынадай үш актілі көріністі құрастырды:бірінші,шарт заты және төлемді жүзеге асыруы туралы сатушы мен сатып алушының бір шешімге келуі,екінші акт,діни сипатта,яғни жерді сатушы адамның ант беруімен шартты бекітті;үшінші акт,сатып алушыны иелігіне еңгізу,бұл жер жеке меншік құқыққа өткендігін көрсетті,Уақыт өте екінші акт қолданыстан шықты.

Неке және отбасы қатынастары:Неке күйеуі мен әйелінің келісім негізінде жүзеге асты.Бұл келісім әйелінің әкелген төсек орыны мен енші мүлкінің де құқықтық режимін анықтаған:Бұл мүліктер әйелінің жеке меншігі болып қалдырылып және отбасының барлық мүлкін әйеліне аударуға болатын.Египетте көптеген уақыт матриархаттық қалдықтары болған,бұл отбасында әйелдін орны жоғарылығымен көріні тапқан.Уақыт өте күйеуінің құқығының нығайып,ер отағасы құқыққа ие болып,әйел адам бұрынғыдай еркекпен тең құқығы болмаған.Египетте екі жақтың келісімімен жүзеге асырылатын.

Египет құқығы бойынша мұралық заң және өсиет бойынша қалдырылған.Заң бойынша мұрагер ұл да,қыз да бола алады ал,өсиетті күйеуі де,әйелі де құра алады.

Ежелгі Египетте туыстар ішінде неке құруға тыйым салынды,бірақ  перғауын апа-қарындастарына үйлене алды.Ер  адам бірнеше әйел алуға құқығы болды,ал әйел адамнын адалсыздығы өлім жазасына тартылып отырды.Кейбір әдебиеттерде күйеуне адал емес әйелдерді отқа өрттеген,ал кейбір мәліметтер бойынша күйеуі адалсыздығы үшін әйелін өлтіріп,итке тастаған.

Қылмыстық құқық және процесс: Египет құқығы бойынша қылмыс болып табылатын әрекеттердің шеңбері кең болды.Ен ауыр қылмыстардың қатарына мемлекет және қоғамдық құрылысқа төндіретін әрекеттер жатады(опасыздық,сатқындық,көтеріліс жасау,мемлекеттік құпияны жария ету сияқты әрекеттерді жатқызған).Бұндай жағдайларда тікелей кінәлімен қоса отбасы мүшелері жауапқа тартылды.Діни сипаттағы қылмыстар өтеауыр жазаланған(қасиетті жануарларды өлтіру:мысық,үкі).

Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар ішінде кісі өлтіру қылмысы ауыр қылмыстар қылмыстар қатарында болды;соның ішінде әкесін өлтіру қатаң жазаланған.Бекітілген емдеу өнер ережесі бұзылу нәтижесінде сырқат адам қайтыс болған жағдайда ауыр қылмыс қатарына жатқызған.

Қайнар көздердің көрсету бойынша мүліктік қылмыстар қатарына ұрлық,артық өлшеу,артық таразылау жатқан.Ар-намыс және абыройға қарсы бағытталған қылмыстарға көрсеқызарлық,зорлау жатады.Қатаң жазалар қорқыту мақсатын көздеді.Ең көп тараған жаза өлім жазасы.Сонымен қатар мүшесінен айыру,мүшесіне  жарақат түсіру жазалары:мұрын,құлақ кесу,таяқпен ұру және түрмеге қамау,құлдыққа беру,ақшалай айыппұл төлеу.Қылмыстық және азаматтық істер бойынша процесс бірдей жүзеге асты және жәбірленушінің шағымы бойынша ғана басталды.                                                                                                         Куәгерлердің жауабы,берген анттары дәлелдемелер болыптабылған.Азаптау әдістері кеңінен қолданылған.Іс жүргізу жазбаша жүргізілген.                                                                                                                                                                       Қылмыстық құқықта аса ауыр қылмыстар ретінде перғауынның билігіне қол сұғу мен мемлекеттік төңкеріс жасау табылатын.                                              Жазалар айрықша қатаңдықпен ерекшеленген. Өлім жазасы екі нысанда қолданылатын:  жай түрі басты шабу жəне дарға асу, ерекше түрі — отқа өртеу, ағашқа керу жəне тірідей көму.                                                          Сонымен қатар, талион түріндегі жазалар да қолданған: бірінші түрі — кінəлінің қылмыс жасаған мүшесіне зақым келтірілетін,                                екінші түрі —  кінəлінің жəбірленушіге зиян келтіруі өзіне қатысты жасалатын.

2. Ежелгі дәуірдегі Египеттің мәдениеті мен тұрмыс тіршілігі

туралы ескерткіштер

   Египет көптеген  жылдар бойы еуропалық саяхатшылар  мен зерттеуші лерді өзіне  тартты. Оған деген қызығушылық  әсіресе, қайта өрлеу кезеңінде  көңіл бөлінді. ХҮІ ғасырдағы  философ Дж. Бруно ежелгі Египет  мәдениетін ерекше бағалап, грек, рим, еврейлердің ұстазы болғанын атап өтеді. ХІІІ ғасырдың ортасында Покок, Норден, Брюс Египетте болып, патшалар жазығындағы пирамидалар туралы сипаттайды. Бірақ 1798 жылы Напалеон Бонапарттың әскери экспедициясынан кейін ғана, ежелгі Египет мәдениетінің мұралары шынайы зерттеле бастады. Бұл экспедициядан кейін «Описание Египта» деген көп томдық еңбек жарық көрді. Кейбір зерттеушілер египеттік жазулар құпиясын ашуға кірісті. Олардың қатарында француз филологы Ф. Шампальонды ерекше атауға болады. Ол жазу құпиясын ашып, египтологияның негізін қалады. Зерттеуші алғашында әр түрлі фактілік материалдарды-жазулар, суреттерді жинастырды. Ол Мысыр халқының шаруашылығы, мемлекеттік құрылысы, ғылымы мен білімінің дамуы, қолөнері туралы да зерттеді. Ғалым Египетте сақталған барлық «этнографиялық рельефтерді, астрономиялық суреттер» иероглифтік жазулардың көшірмесімен қалдырды. 1828 жылы ол Египетке 1,5 жылдық экспедициямен келіп, «Памятники Египта и Нубии» атты еңбегін шығарды. Ол алғаш болып египет тілінің грамматикасы мен сөздігін құрастырды.

     ХІХ ғасырдың  ортасында неміс ғалымдары Лепсиус  және Бургум барлық Египетті  және Синай түбегіне жақын  аймақтарды-Палестина мен Нубияны  зерттеді. Экспедиция барысында  көптеген археологиялық ескерткіштер  жиналды. Лепсиус және оның серіктерінің зерттеулері нәтижесінде «Памятники из Египта и Эфиопии» атты монументальды еңбегі жарияланды.

      Табыну текстері  – өлілер кітабы (қақпалар кітабы, күн кітабы, түн кітабы) Әдебиет: хордың Сетпе дауы, Аменемопе  ілімі, екі ағайындар туралы ертегі, Унамунның Библияға саяхаты.

      Ежелгі кезеңнен  бүгінгі күнге дейін ең ескі  құжат –Библия жеткен еді. Ортодоксальды  шіркеу дәстүрінің айтуы бойынша  Пятикнижьені Моисей, Иисус Навина  кітабын Иисус Навик, Руфь, Судия, І мен ІІ патшалық кітаптарын  Самуил, Притча, Экклезиастаны Соломонға жүктейді. Ал Ветхий Заветтің басқа қалған кітаптарын атауларына сәйкес Исайя, Даниил, Иускиил жазды деп тұжырымдайды. Библия Израиль, Египет және жақын аймақтарының тарихынан көптеген мағлұмат береді. Бұл мағлұматтарды дәлелдеу немесе жоққа шығару қазіргі таңда археологияның бір бөлігі болып табылады. Библиялық археологияның зерттеу аймағы бірінші ретте Палестинада, ерте христиандық тез тараған деп санайтын – Египет болып келеді. Сонымен қатар, объектер қатарына Ежелгі Қосөзенді құраған Ассирия мен Вавилон жатады. Кіші Азиядан Ветхий Завет жайлы көптеген мәлімет алуға болады. Ал Италия территориясы «Новый Завет» жақын болғандықтан библиялық археология зерттеу жұмыстары өтпеген. ХІХ ғ. ортасында Месопотамияда археологиялық зерттеу қазба жұмыстарының пионерлері ретінде ағылшын Рич, Лэйярд және Францияда қызметте жүрген итальян Ботта алдыңғы орынға шықты. Олар кез келген қаржы көздеріне қазба жүргізіп, қызығушылар қатарына жатты. Себебі, біріншісі-коммерсант, ал қалған екеуі консулдық және дипломатиялық аппарат қызметкерлері еді. Әр қазба орындарына ставка қойып, пайда табу мақсатында қала орындарын тапса, оларды Библия қалаларының атауларына сәйкестірді. Библия елдерін археологиялық зерттеу үшін арнайы ұйымдасқан қорлар мен одақтар құрыла бастады. Солардың қатарына 1865 жылы құрылған Палестиналық зерттеу қорын жатқызуға болады. Қазіргі күнде, осындай ұйымдар саны жиырмаға жетті: Израильдік зерттеу қоғамы, Ватикан библиялық институтының Иерусалим филиалы және т.б. Аталған елдер территориясында қазба жұмыстарын жүргізу, әрине, қызықты, бірақ та негізгі мақсат библияда жазылған тұжырымдамаларды заттай түрде дәлелдеу керек екенін ұмытпаған жөн. Осындай пікірді ұстанған ағылшын зерттеушісі Пол Илтон былай дейді: «Великие учителя… вдохновили меня на то, чтобы заняться археологией со специальной целью: подтверждение Библии». Библиялық археолегияда ірі зерттеуші ретінде танымал американ Уильям Олбрайт: «не может быть сомнений в том, что археология подтверждает существенную историчность ветхозаветной традиции» деп жазса, Нельсон Глюк: «почти невероятно точных исторических свидетельствах Библии нет никакого археологического свидетельства» – деген пікір білдірді.

      Төменде  іс жүзінде археологиялық мәлімет  саны көбейген сайын, Библияны дәлелдеу қиынға соғуда. Енді қандай дәрежеде археология шындық екенін көрейік.

      Ной қайығының шындығы. Бізге Ной қайығының Кавказдағы Арарат тауына тоқтағанына және суық ауа-райының нәтижесінде оның сақталғаны белгілі. Вернер Келлердің мәліметі бойынша Арарат тауының жанындағы армян селосы Вайзитте шопанның тау басынан ағаш қайықты көргені жайлы аңыз кең тараған. 1833 жылы түрік экспедициясы жаз уақытында ағаш қайықты көргені, ал 1892 жылы Ефрат өзенінің көзін анықтауға шыққан доктор Нури бастаған экспедицияның мәңгілік мұздар арасынан қайықтың қалдықтарын аңғарып: «Внутри он был полон снегом, наружная стена –темно –красного цвета» деп сипаттаған. Сонымен қатар, І Дүниежүзілік соғыс кезінде орыс офицер-авиаторы Росковицкий самолет бортынан қайық қалдықтарының барын айтады. ІІ Николай бұл хабарды естіп, жіберген экспедициясының оны тек қана көрмей, фотаға түсіргені де белгілі. Осы мәселені зерттеп жүрген американ тарихшысы және миссионері Аарон Смит 80 мың ғылыми жұмыс жазып, 1951 жылы оны іздеуге шығады. Арарат шыңында 12 күндей жүріп, бірақ ешнәрсе таппайды. 1952 жылы осындай мақсатпен Жома де Рике жетекшілігімен жүргізілген іздеу жұмысы сәтсіз аяқталады. Бұл факт Библияда атап көрсетілген географиялық пункттер мен оқиғалардың тарихи шындықпен жанасатындығы немесе жанаспайтындығы туралы мәселенің тек кішкентай ғана бөлігі.

     Соддам және  Гонар. Библия аңызына сәйкес  Соддам мен Гонар қалалары  толығымен талқандалғаны жайлы  мағлұмат береді. Кейбір жағдайда  бұл оқиғаны, космостан келген  бейтаныстар қаланы ядролық жарылыспен жер бетінен жоғалтты, дейді. Алайда, өлі теңіздің оңтүстік бөлігінде 400 м. тереңдікте ағаш қалдықтарына ұқсас үгінділер табылған. Американ археологы Д. Финегану, кейін В. Кеплер Соддам мен Гонар апатты өртпен байланыстырып, ал қалдығы теңіз түбіне түскені жайлы тұжырымға келеді. Бірақ та, Библияда, құдай Соддам мен Гонарға күкірт пен отты жауын сияқты жаудырды, дейді.

3. Ежелгі Египеттің мәдениеті 

  Ежелгі Египеттің мәдениетінің  тарихы көптеген және әр түрлі  деректердің негізінде көптеген жылдар бойы зерттеліп келе жатыр. Қазіргі кезге дейін көптеген жазба ескерткіштердің түрлері, әдет-ғұрыптары, рухани өмірлері, тілі, материалдық мәдениеті дерек көздері арқылы құнды мәліметтер береді. Деректерді үлкен жеті топқа бөлуге болады:

1. Жазбаша түп-деректер: тарихи еңбектер, көркем әдебиеттер, ғылыми және діни мәтіндер, әр түрлі құжаттар.

2. Материалдық мәдениеттің ескерткіштері: қалалардың, храмдардың, мазар лардың, тұрғын үйлердің қалдықтары, керамика, статуя, табынушылықтың әртүрлері  және заттар т.б.

3. Халықтың ауыз әдеби шығармалары  бойынша ескерткіштер: өлеңдер, ертегілер, мақал-мәтелдер, аңыздар, жаңылтпаштар  т.б. жатады.

4. Тілдік мәліметтерге: басқа тілдердің  осы әдебиетте қолданылуы жатады.

5. Этнографиялық материалдарға: әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер.

6. Антропологиялық мәліметтерге: мумиялар, ежелгі адамдардың бейнелері, қаңқалар, фрескалар мен рельефтегі бейнелер  т.б.

7. Географиялық ортаның және  табиғи ландшафттардың өзгеруіне  байланысты: каналдардың қалдықтары, жолдар т.б. жатады.

Ежелгі және ертедегі Египет деректері: материалдық мәдениеттің ескерткіштері

Египеттегі қазба жұмыстарының нәтижесінде табыттар мен храм қабырғалары, жерлеу ескерткіштері, тас плиталар, саркофаг, папирустардан Египет тарихынан мәлімет беретін жазулар табылды. Бұл жазулар тарихшылар үшін аса маңызды. Ежелгі кезең тарихы туралы Нармер патшаның теңіз жазбасында айтылады. Онда шенеуліктер титулы, патшаның жеңістері, шайқастар туралы жазылған. Ежелгі патшалық кезеңіне пергама тасына қашалған жылнама жатады. Онда Ү династия перғауындарының аттары, қысқаша оқиғалар аталып өтіледі.

Египеттің сыртқы саясаты туралы Эхнатон патша салдырған Ахет-Атон қаласындағы клинопистік жазбаларда ХҮІІІ династияның саясаты, дипломатиялық байланыстар, Рамзес ІІ келісім шарттары сақталған.

Ежелгі патшалық дәуірінен патшаның бұйрықтары сақталды. Ежелгі Египеттің жеке хаттары да сақталған. Зират қабырғаларында ақсүйектердің өмірін суреттейтін еңбектер көп мөлшерде сақталған. Рехмир уәзірдің өмірбаянында Египеттің шаруашылық өмірі және әкімшілік басқару жүйесі, уәзірдің атқаратын қызметі, міндеті баяндалған.

Египеттен тыс жерлерден табылған жазулар да ерекше қызығушылықты тудырады. Олар Нубия, Палестина, Финикия, Сирия, Крит, Грециядан табылған. Бұл жазбаларда Египеттің көрші елдермен экономикалық және мәдени байланыстары туралы айтылады.

Ежелгі Египеттің тарихы мен мәдениеті туралы мол ақпаратты көптеген жазба деректерден табуға болады. Көрнекті француз египтологы Ж.Ф. Шампальонның иероглифтың жазба құпиясын ашқаннан соң, ғалымдар ірі мөлшердегі әр түрлі жазба деректерді тауып, аудара бастады. Тарихшылар үшін ең алдымен ежелгі египеттіктердің тарихи шығармалары аса қызықты болып табылады. Қазіргі күнге дейін Палермода сақталған, палермдік тас деген атпен белгілі ежелгі шежірелер үлкен плиталарда сақталған. Шежіреде династиялық кезеңге дейінгі уақыттан Ү династияға дейінгі патшалық құрған перғауындардың аты-жөндері, ірі жорықтар туралы қысқаша сипатталып жазылған. Карнактағы Амон-ра храмының қабырғаларында жазылған «Анналы Тутмоса ІІІ» (ХҮІІІ династия) тарихи сипаттағы ескерткіш болып табылады. Автор Тутмос ІІІ әскери жорығы мен патшалық құрған жылдарындағы маңызды оқиғаларды ғана жазып қойған жоқ, сонымен қатар патшалық еткендегі тұжырым тарихын дамытты. Ол Египетті ерекше құдайдың қарамағындағы, сол кездегі әлемнің орталығы ретінде қарастырды.

Информация о работе Ежелгі Египет