Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2015 в 21:52, реферат

Краткое описание

Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады. Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар - ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклевстар. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника "малта тас мәдениеті" (өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан.docx

— 27.31 Кб (Скачать документ)

 

Бұл ауданның неолиттік тайпаларының мәдениеті Оңтүстік Оралдың, Солтүстік Қазақстанның және Арал маңының неолит мәдениетіне ұқсас; мұның өзі, сірә, ол дәуірде Солтүстік-Батыс Қазақстанда күрделі тарихи үрдістер болғанын керсететін болса керек. Ырғыз өзені бойындағы тұрақтар тобы одан да гөрі соңғы уақытқа жатады. Бұл тұрақтардың тұрғындары бұйымдардың көпшілігін тас тіліктерден жасады. Ырғыз ыдыстарындагы өрнектер тарақ тәрізді ірі қалыппен түсірілген. Мұнда өрнектелмеген ыдыстар да көп. Осы белгілердің бәрі ырғыздық тұрақтар тобын Батыс Қазақстанның басқа неолиттік ескерткіштерімен жақындастырады.


Информация о работе Ежелгі дәуірдегі Қазақстан