Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2015 в 21:52, реферат

Краткое описание

Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады. Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар - ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклевстар. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника "малта тас мәдениеті" (өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан.docx

— 27.31 Кб (Скачать документ)

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Тас дәуірі

Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады. Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар - ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклевстар. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника "малта тас мәдениеті" (өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады. Мұны тапқан археолог Халел Алпысбаев. Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда – Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас.

Мустье кезінде тас өңдеудің жаңа техникасы табылды. Ол оңтүстік  Қазақстанда Ш.Уәлиханов  атындағы тұрақ деп аталады. Адамдар ол кезде бизон, жылқы аулаған. Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық даму жағынан хомо сапиенс (саналы адам) сатысына сай келеді.

Палеолит

Соңғы палеолит – б.з.б. 40-35 мың жылдық аяқталады. Адамдар жер бетінің барлық аймағында өмір сүрді. Ру пайда болды. Ана жағынан (экзогамия-аналық ру). Дүниетаным өсті. Өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда болды. О дүниеге сену болды. Мәдениеті – Шығыс Қазақстанда - Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбі тұрақтары.

Мезолит

Мезолит – Қазақстанда аз зерттелді. Тек 80-90 жылдары Батыс және оңтүстік Қазақстанда археологиялық жұмыстар жүргізілді. Мезолит (орта) кезінде садақ пен жебе пайда болды. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары – Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная, Маңғыстауда – Қызылсу және т. б.

Неолит

Жаңа тас ғасыры – неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық - 2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Қыш құмыра, тоқымашылық пайда болды. Қазақстанда 600-ден астам неолиттік, энеолиттік ескерткіш бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік болып 4-ке бөлінеді. Бұлақтық тұрақ көп тарады. Үй малдары пайда болды. Жылқы. От жағу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).

Энолит

Энеолит - адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті (Көкшетау облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б.з.б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В.В. (Энеолит. Урало-Иртышского междуречья, Петропавл,1993). Қазір 158 тұрғын үй жұрты табылды, сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70.000 жылқының сүйегі табылды. Маңғыстауда ең елеулі тұрақ Бозащыда, Шебірде табылды. Шақпақ тас, керамика, кішкене метал, біз табылды. Жылжымалы мал шаруашылығы пайда болды.

 

 

 

 

Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Н-тің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Еуропа, Азия мен Африканың көптеген табиғи-климаттық аймақтарында негізінен Неолиттің хронологиялық шеңбері б.з.б. 6 – 4-мыңжылдықтардан басталып, б.з.б. 3-мыңжылдықта аяқталды.[1] Қазіргі мәліметтерге қарағанда Таяу Шығыстағы ең ежелгі егінші-малшылар мәдениеті б.з.б. 8 – 7-мыңжылдықтарға жатады. Қытайда б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта (Яншао), Еуропада (Македония) б.з.б. 7-мыңжылдықтың соңында пайда болды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай — бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мүндай тұрақтардағы негізгі құрал-саймандар — пышақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар. Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар неғүрлым көп тараған, өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады. Бұлақтардың жанындағы төрақтар — көбінесе кезбе аңшылардың уақытша маусымда тұрған жерлері. Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі — ашық үлгідегі тұрақтар. Барлық тұрақтарда жергілікті материалдардан жасалған тас құралдар — жебелер мен найзалардың ұштары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар табылды. Белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлері сараланып, іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр түрлі техникалық тәсілдерің дамытып, жетілдіруге себепкер болды. Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтық топ құрайды

Неолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанда Есіл бойында Атбасар мәдениеті тайпалары, ал Торғай үстіртінде Мақанжар мәдениеті тайпалары тарала бастады. Рулардың көбеюі мен жаңа туыстық топтардың пайда болуына байланысты неке қатынасына тыйым салу қалыптасты (екі атадан, үш атадан қосылатын туыстардың некелесуіне» тыйым салу).

 Адамның шаруашылық іс-әрекетіндегі, аналық рулық кауымның Ішіндегі коғамдық қарым-қатынастардағы өзгерістер оның біртіндеп ыдырауына әкелді. Ақырында, ер адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің өсуі туысқандык есебін ауыстыруға және әке жағынан жеке мүлікке мұрагер болуына алып келді.

 

Энеолит дәуіріне Орталық Азиядағы Анау мен Намазғы-Төбе мәдениеті, Украинадағы Триполь мәдениеті, Оңт. Кавказдағы Шенгавий мәдениеті, Қазақстанда Жезқазған көне құдықтары жатады. Энеолит кезінде егіншілікпен қатар, аңшылық және мал шаруашылығы қатар дамыды

Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті «Ботай мәдениеті» деп атайды.

 Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген.

Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған.

 

Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Сәулетшілерді бұзылған тұрғын-жайлардан қалған ойпаттар қызықтырған. Ғалымдар ежелгі тұрғын-жайлар құрылысын қайта тұрғызуға мүмкіндік алады. Алғашқыда дөңгелек және көпбұрышты қазан шұңқыр қазып алынды. Қазан шұңқырдың тереңдігі 60-80см, ауданы - 30-дан 70 шаршы метр. Кейін сазды сулап, домардақ күйінде қабырғаға салған, сыртынан жануарлар сүйегімен бекіткен. Ежелгі тұрғын-жайлардың қабырға ені 80-120 см, биіктігі - 60-100 см. Тұрғын-жайлар маңында арнайы ор қазылып, ол жерден еден, қабырғаға арналған сылауға қажетті саздар алынды. Қабырға периметрлері бойынша бөренеден шатырлармен қаптап, ортасында түтін шығаратын тетік жасалды. Бөрене  сазбен сыланып, жоғарыдан жануар терісі мен қыртыспен жабылды. Ғимараттың ішкі биіктігі 250-320 см құрады. Қайта тұрғызу сараптама жолы арқылы жүргізілді. 1983 жылдың жазында ежелгі тұрғын-жайдың үстіне ежелгі Ботай тұрғын-жайы салынады. Қайта тұрғызу өз-өзін анықтады. Жазда сараптамалық тұрғын-жайда суық әрі құрғақ болатын. Күз-қыс мерзімінде температурасы бір қалыптан түспеді. Тұрғын-жайды тұрақты түрде күтім жасағандықтан, адамдарға қапталған сыртының беріктігіне қарай тұруға қолайлық жасады (кем дегенде 15-20 жыл). Әрине, жыл сайын қабырға, қазан-ошақтың ішкі бөлігі сыланып отырған.

 

Қазба жұмыстарын жүргізгенде ботайлықтардың тұрғын-жайлары бір-бірімен тығыз жалғасып жатты. Тұрғын-жайдың ішкі жобасы туралы біраз нәрсе айтуға болады. Ортада еденде ошақ орнатылған. Қабырға маңайында ұсақ шаруашылық шұңқырлар болды. Қазан ошақтарының қабырғасында көптеген шаруашылық және діни қажеттіліктер тізіліп тұрған. Ботайлықтар қабырға айналасында шыға беріске қарсы сәкілерді орнатып, терілерді төсеген. «Шұңқыр-консервілерде» ұзақ уақыт бойы сақтаған. Ол былай жасалған: 1 метрге дейін шұңқыр қазып, оның ішіне жылқы етін тұтастай салып, терісімен және сазбен жапқан. Үстінен от жағып, оттегінің толғымен жанып болғанын күтеді. Дайын болған ет ауасыз да, сол шұңқырда бұзылмай сақталады.

 

Өзен жағасы маңындағы өндірістік құрылыстарда ежелгі адамдар тас, ағаш, аңдардың сүйегі мен терісін өңдеп, киім тіккен, қыш ыдыстар дайындаған. Тастан жасалған жебе, садақ, қанжар, пышақ, найза ұштықтарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар жылқының сүйегінен ағашты өңдейтін қашауғыш, құс сүйегінен киім тігуге арналған инелер, жуалдыз, тескіштер, тұмар мен әшекей бұйымдарының кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді.

 

Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтар шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай аттары бұрынғыда белгілі жылқылар түріне жатпайтын боп шықты. Ботай аттарының сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан ботай аттарының қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Олар далада жүрген жабайы жануар еместігін айтады. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда қолданылған. Күні бүгінге дейін жылқылар қолға кеш үйретілген деген пікірлер айтылды. Қоныстың материалдарымен әлемнің барлық ғылымдары қызыға бастады. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Көптеген ғалымдар ортақ пікірге сүйенді, яғни Ботай қонысы Еуразия даласында мал шаруашылығы орталығы болған.

Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі Виктор Зайберт Англияның Кембридж университетіне Ботай қонысы бойынша лекция өткізуге шақырылған. Ғалымдар Ботайды 28 жыл бойы зерттеді. Оншақты мақала жазылып, кітаптар басылды.

Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Ертіс пен Жайық өзендері аралығын мекен еткен тайпалар мәдениетіне жатады.

Алайда, Ботай жері сақтаған жұмбақтар әліде бар. Әлі де ежелгі адамдардың тайпалас адамдарды қалай жерлегені анықталмаған. Бірнеше ежелгі адамдардың қалдықтары табылып, археологтарға жаңа жұмбақтарға кенелтті. Олар бұзылған тұрғын-жайлардан табылды. Әсіресе, адамның бас қаңқасы қызығушылық туғызды. Ол қазірде облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы тұр. Ботай жеріндегі қазбалар жалғасуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

1.Қазақ энциклопедиясы, 10 том

2. Массон В.М., Хлопин И.Н., Неолит и энеолит, в сб.: Средняя Азия в эпоху камня и бронзы, М.–Л., 1966. Д. Байғонақов

3. Авдусин Д.А., Основы археологий, М., 1989;

4.Гальперина Г.А., Доброва Е.В., Популярная  история археологий, М., 2002

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

1.Кіріспе

2.Жаңа тас ғасыры 

3.Неолит және Энеолит тұрақтары

4.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік  Қ.Жұбанов атындағы университеті

 

 

 

   Мамандығы: Шетел  филологиясы

   Пән аты :

 

 

Мәнжазба

                       Тақырыбы:

 

 

 

 

                                                                                                        Орындаған:

                                                                                         Тексерген :   

 

 

 

Ақтөбе – 2015

 


Қосқұдық-1 тұрағының тас индустриясы көп ретте ойықты мәдениетінің дәстүрін сақтап қалған. Оның соңғы кезеңімен тұспа-тұс келеді. Онда асимметриялы трапециялар мен үшбұрыштар, орталы және түзетілген кескіштер, шетті қырғыштардың үлкен сериясы, шеті шабылған қырғыштар, «шағын кескіштер», аздап түзетуден кейін шеті сынған тас жаңқалары мен тас тіліктері кездеседі. Бұйымдардың жаңа түрлері де пайда бола бастайды. Олар қашау тәрізді құралдар, ұсақ сегменттер мен көптеген шағын бұрғылардан тұрады. Қабыршақ-ұлутастардан жасалған моншақтар мен олардың дайындамасы қосқұдықтардың бұрғылау ісін жетік меңгергендігін айғақтайды. Олар жіп тоқуды да меңгерген. Мұны табылған ұршықбас тастардың сынықтары нақты аңғартады. Шаруашылығын сонымен қатар жебе ұштары, әктастан жасалған атқыш-тастар мен ауды суға батырып тұратын тас-батырғы да нақты айғақтайды. Қосқұдық тұрағынан алынған қыш ыдыстарының бір бөлігі ойықты дәстүріндегі ою-өрнек техникасы мен төменгі-еділ неолитінің композициясын сақтап қалған. Сондай-ақ жаңа типтегі ыдыс сынықтары да ерекше көз тартады. Ыдыстардың ернеулері ірілеу келеді, олардың көбінде тарақты ою-өрнегі бар және қыш ыдыс жасалынған саз балшық құрамында қабыршақ-ұлутас бөлшектері кездеседі. Мұндай қыш ыдыстары әдетте Еділ бойы мен Солтүстік Каспий маңындағы хвалын мәдениетінің материалдарынан ғана кездеседі. Бұл мәдениеттің ескерткіштері де Маңғыстаудан табылған. Олар шебір типіне жатқызылған. Бұлармен маңғыстаулық тайпалардың тарихындағы жаңа кезең, яғни энеолитке өту өте тығыз байланысты. Хвалын қыш ыдыстарының негізінде Қосқұдық-1 тұрағы б.з.б. V мыңжылдық соңы мен б.з.б. ІҮ мыңжылдық алғашқы жартысына жатқызылған. Ежелгі қосқұдықтықтардың наным-сенімдері мен жерлеу ғұрпын бірнеше олжалардан көруге болады. Баспана маңынан егде жастағы ер адамның жерлеу орны аршылған. Сол қырымен жатқызылған ол дөңгелектеу келген шұңқырға жерленген. Қасына жерлеу саймандары қойылмаған. Моланың үйіндісінен шақпақ тастан жасалған бұйымдар алынған. Тұрақ жанынан су жиналатын шұқырлар, ұзындығы 5 м жыланның бедері, т.б. заттар қосқұдықтықтардың су стихиясына табынғандығын білдіреді. 2006 жылдан бері аталған аталған ескерткіш төңірегіндегі Қосқұдық-2 қонысы да зерттеліп келеді. Қазба барысында 232 шаршы м алаңқай аршылып, одан баспана, шаруашылық орындары анықталған. Мамандардың алдын-ала есептеуінше қоныстың ауданы 1500 шаршы м-ді құрайды. Аршылған мәдени қабаттан және қоныс аумағынан 5 мыңнан астам шақпақ тас бұйымдары (тас жаңқа, призма пішінді өзектас, қабырғалы тас тіліктері, кескіштер, қырғыштар, т.б.) жинастырылған. Табылған жебе ұштары (4 дана) келтеминарлық сипатта. Қыш ыдыстарының 940 сынығы жинастырылған. Олардың 134-нде ою-өрнегі бар. Мамандар қыш ыдыстарын 9 типке бөлген. Баспана ішінен және жанынан түрлі бұйымдармен қатар әктастан жасалған антропоморфты мүсін немесе ауды батырып тұратын тас-батырғыш (115х80х170 мм), «үтікше» (139х78х34 мм), «таяқша» (ұзындығы 61 мм), тастан жасалған заттар, ұлутас-қабыршақтар, т.б. аршып алынған. Табылған заттар мен мәдени қабатқа қарағанда Қосқұдық-2 қонысын адамдар ұзақ уақыт мекендеген. Оны жер бетіне салынған үлкен баспана орны да нақтылайды. Шақпақ тастан жасалған бұйымдар жиынтығы Қосқұдық-1 ескерткішімен үндеседі. Олар ойықты мәдениетінің кейінгі кезеңіне жатады. Қосқұдық-2 қонысының қыш ыдыстарында хвалын мәдениетінің дәстүрі басым, ал қыстырмалар мен тас тіліктерінен дайындалған жебе ұштары келтеминар мәдениетіне өте жақын. Қосқұдық-2 қонысында бірнеше мәдениеттердің бөлшектері тоғысып, мұнда өзіндік бірегей мәдени тип қалыптасқан. Алынған материалдарына қарағанда Қосқұдық-2 қонысы б.з.б. ІV мыңжылдық соңына жатады.

Информация о работе Ежелгі дәуірдегі Қазақстан