Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 08:48, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі 1991 жылдан кейін Евразияның саяси картасының түпкілікті өзгеруіндегі тұлғалардың рольін қайта бағамдау қажетінен туындаса керек. Адамзат тарихындағы екінші – дүние жүзілік соғыстың тағылымдарын үнемі сараптап отыру әрбір жаңа ұрпақтың алдындағы қажырлы міндет. Екінші дүние жүзілік соғыста Америка Құрама штаттары елеулі роль атқарды. Осы кездегі АҚШ – тың саясатына ретроспективалық шолу жасау қызықты да тағылымды.
І – тарау. Эйзенхауэр тұлғасының қалыптасуы
1.1 Д.Эйзенхауэр әулеті. Эйзенхауэрдің балалық және жастық шағы
1.2 Д.Эйзенхауэрдің әскери мансабының басталуы
ІІ – тарау. Д.Эйзенхауэр соғыс және соғыстан кейінгі жылдарда
2.1 Д.Эйзенхауэр соғыс жылдарында
2.2 Д.Эйзенхауэрдің президенттік қызметі
2.3 Тақырыпты оқытудың әдістемесі
Қорытынды
Эйзенхауэрдің 8 жылдық президенттік жылдары АҚШ тың сыртқы саясаты айрықша белсенділігімен көзге түсті. Американ сыртқы саясатының негізгі компоненттері – «азат ету», «коммунизмді лақтырып тастау», «жаппай кек алу» болды. АҚШ мемлекет хатшысы Даллес «Ресейге қарсы психологиялық соғысты...саяси күрестің стратегиялық линиясы» деп атады. Алайда 1957 жылы КСРО да жердің жасанды Серігінің ұшырылуы АҚШ – та қатты абыржушылық туғызды. Кеңестік жер серігінің ұшырылуы американдықтардың алдында жаңа міндеттер қойды. Бұдан былайғы жерде жаппай қарулану, барлау тарабтарын қисынсыз көбейте беру өзін өзі ақтамайтын болды. АҚШ – та ғылым мен білімге айрықша мән берілген стратегиялық жоспар жасалынды.
50 – жылдардың екінші жартысында АҚШ пен КСРО ның арасындағы ғылым мен өнер, мәдениет саласындағы байланыстары неғұрлым қызу жүрді. Экономикалық салада да сең қозғалды. 1959 жылдың шілдесінде АҚШ – тың вице - президенті Ричард Никсон Москваға келіп американ көрмесін ашты. Кеңес радиосы мен теледидарында сөйлеген сөздерінде вице – президент бейбіт қатар өмір сүрудің қажеттігі туралы көп әңгімеледі. 50 жылдардың соңына қарай жоғарғы кеңес басшылары өкілдерінің Америкаға сапары да оң өзгеріс алып келді. Кеңес – американ қатынастарындағы жылымық 1960 жылғы президенттік сайлау науқанының басталуымен де байланысты. Республикалық партия үшін үлкен сынақ еді. Алайда, екі ел арасындағы қатынасты қайтадан ушықтырған 1960 жылы Свердловск маңайында американ тыңшыл – ұшағы У – 2 нің атып түсірілуі болды. Кейіннен Эйзенхауэр өзінің бұл қателігін ресми мойындайды.40
Эйзенхауэрдің президенттігі жылдары нәсілшілдік мәселелерді шешуде елеулі ілгерілеулер болды. Соғыс жылдарында олар, үлкен кемсітушілікке ұшыраған еді. 1956 жылы Эйзенхауэр президенттіктің екінші мерзіміне сайлауға түскенде сайланушылардың 57% ы оған дауыс берді. Конгрестегі орындардың орналасуы да осыған сәйкес өзгерген жоқ. Республиканшылдар 47 орын иеленсе, демократтар – 49 орынды алды. Эйзенхауэрдің президенттік екінші мерзімін бағалауда да әртүрлі пікірлер өте көп, дегенмен Американ президенті – қашанда Американың мүддесін бәрінен жоғары қойғаны анық. Оның президенттігінің соңында кеңес – америка қатынасы қайтадан ушыға түсті
2.3 Орта мектеп пәндерінде тақырыпты оқытудың әдістемесі
Д. Эйзенхауэрдің өмірі мен қызметіне қатысты тарихи материалдармен оқушылар 11 сыныпта танысады. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың соңында антигитлерлік коалицияның екінші майдан ашу мәселелерімен байланысты. Бұрынғы кеңестік рухта жазылған еңбектерде одақтастардың екінші дүние жүзілік соғыстағы әскери операциялары, Солтүстік Африканы, Жерорта теңізін азат ету жолындағы шайқастары туралы көп жазылмайтын. Қазақстан Республикасында шыққан соңғы оқулықтарда, бұл бағытта мектеп оқулықтарын да біршама өзгерістер бар, атап айтқанда, одақтастардың әскери – материалдық жәрдемдеріне едәуір орын беріледі. Мектеп мұғалімінің, АҚШ пен Ұлыбритания, Франция одақтастарының біріккен қарулы күштерінің бас қолбасшысы Д. Эйзенхауэр туралы оқушыларға мәлімет беруіне мүмкіндіктері туады. Д. Эйзенхауэрдің өмірбаяны туралы, нақ осы тұста айта кеткен жөн.
Д. Эйзенхауэрдің жеке басына деген қызығушылықты арттыру үшін, оның одақтастар әскерінің қолбасшылығына тағайындалуы төңірегіндегі әртүрлі көзқарастардың болғандығын айтқан абзал. Оқушылар үшін қызықты да парадоксальды естілуі мүмкін. Д. Эйзенхауэрдің бұл қызметке тағайындалуында У. Черчилльдің және И. Сталиннің белгілі бір «рольі» болды. Бұл орайда, мұғалім мәселеге нақтырақ тоқталып, оқушылардың қызығушылық туғызғанын қанағаттандыруы керек. әскери маман ретінде Эйзенхауэр көзқарастарының Черчилльдің саяси шешімнен туындаған позицияларынан айырмашылықтарының болғанын атап өткен абзал. Мысалы, екінші майдан мәселесіне келгенде Черчилль, оны Балканнан ашуды ұсынса, Д. Эйзенхауэр Солтүстік Франциядан ашқанды дұрыс көрді.
Келесі бір қызығушылық тудыратын нәрсеге Дуайт Эйзенхауэрдің жұмыс стильінің ерекшеліктері жатады. Бұл тұста, оның қоғамдық пікірмен, журналистермен жұмыс істеу тәжірибелеріне тоқталған дұрыс. Қоғамдық пікір өкілдерімен жұмыс істеудің американдық, батыстық үлгісімен кеңестік үлгісін салыстыра отырып оқушыларға идеологиялық, дүниетанымдық бағытта терең тәлім тәрбие беруге болады. Әңгіме, әрбір үлкен ұрыстардың алдындағы және одан кейінгі, міндетті түрде өткізілетін баспасөз конференцияларындағы, Д. Эйзенхауэрдің шынайы жауаптары туралы болып отыр. Соғыстың соңғы кезеңіндегі Г. К. Жуков пен Д. Эйзенхауэрдің арасындағы шынайы сенімділікке негізделген қарым қатынаста осы тұрғыдан алып қарағанда маңызды.
Д. Эйзенхауэрдің өмірі мен қызметіне қатысты келесі мәліметтерді «Соғыстан кейінгі жылдардағы АҚШ» тақырыбын өткенде беруге болады. Д. Эйзенхауэр, соғыстан кейінгі жылдары құрылған Батыс елдерінің «Солтүстік Атлантика Одағының (НАТО)» тұңғыш бас қолбасшысы болып тағайындалды. «Қырғи қабақ соғысының» басталуы мен барысының басы – қасында болды. 1953 – 1960 жылдары Америка құрама штаттарының президенті болды. Батыс және Американ тарихшыларының арасында Д. Эйзенхауэрді «бейбітшілік орнатушы», «бейбітшілік жасаушысы» деген пікір қалыптасқан. Бірақ нақты тарихи материалдар нақ осы Эйзенхауэрдің кезінде негізгі әлемдік әскери блоктардың құрылғандығын білдіреді. Олардың қатарына НАТО, СЕНТО, СЕАТО, АСЕАН т.б.жатады. Дегенмен Корея соғысын тоқтатудағы Д. Эйзенхауэрдің еңбегін атап өткен жөн. Д. Эйзенхауэр – АҚШ тың дүние жүзіндегі мүдделерін, қызғыштай қорғаған Американ президенттерінің бірі екенін қадап айтуды ұмытпаған абзал.
Д. Эйзенхауэрдің өміріне қатысты деректерді соғыстан кейінгі Германия, Ұлыбритания, Франция, Жапония елдерінің тарихын өткенде де баяндауға болады. Соғыстан кейінгі жылдарда Генерал де Голльдің Черчилльмен және Ф. Рузвельтпен шиеленіскен қарым қатынастарының барысына, бұл қарама қайшылықтарды шешудегі Д. Эйзенхауэрдің дипломатиялық қызметіне де тоқталған дұрыс. Әдетте, мектеп оқушылары бұл қарым қатынастардың ұңғыл – шұңғылын жеткілікті біле бермейді. Сондықтан мұғалімнің ғылыми теориялық білімі, әдістемелік шеберлігі, кәсіптік жалпы біліктілігі шешуші роль атқарады.
Тақырыпқа қатысты әдістемелік жұмыстардың бір сабағын сыныптан тыс баяндама, рефераттар беру жатады. Мүмкіндігі болса, Д. Эйзенхауэр өмірінің әртүрлі кезеңін бірнеше оқушыға берген абзал, бұдан кейін факультатив сабақтарының бірінде бұл тақырып арнайы қарастырылса құба құп. Сабақтың мақсаты, білімділік сипаты, дамытушылық және тәрбиелік бағыттары дұрыс та оңтайлы айқындалғаны дұрыс. Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, топтық жұмыс. Көрнекілігіне әлемнің саяси картасы мен Эйзенхауэрдің үлкейтілген портреті, өмірбаяндық кітаптар мен еңбектері құрайды. Қорыта келгенде Д. Эйзенхауэрдің өмірі мен қызметіне қатысты мәліметтерді, орта мектептің 11 сыныбы сабақтарында үйлестіре пайдаланып, оқушылардың тарихи танымын тереңдетуге болады.
Қорытынды
1960 жылы өзінің сегіз жылдық президенттік қызметін қорытындылай келе, ол әлемдегі бейбітшілік ісіне елеулі үлес қоса алмағанына өкінетінін айтқан еді. Бұдан кейін Эйзенхауэр әлі тоғыз жыл өмір сүрді. Бұл жылдардың барлығын Эйзенхауэр екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы 5 томдық құжаттарды жарыққа шығаруға арнады. Осы жылдары оның президенттік атқарған сегіз жылда сөйлеген сөздері, сұхбаттары, баспасөз – конференциясы материалдары, жолдаулары – он томдық болып басылып шықты. Отставкаға шыққаннан кейін Эйзенхауэр екі томдық мемуарын – «Президенттік жылдар» деген атпен шығарды. Бұл өте маңызды да жауапты жылдар болатын. Эйзенхауэрдің отандық және әлемдік тарихтағы белгілі бір орын алған жылдар еді.
Оның есімі адамзат тарихындағы аса ірі оқиға – фашистік Германияны талқандаумен байланысты. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың ерлікке толы жылдар болды. Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысты көптеген мәселелерді шешуге Батыс Европадағы одақтастар әскерінің Бас қолбасшысы Дуайт Эйзенхауэр елеулі үлес қосты. Соғыс жылдары антигитлерлік коалиция елдерінің бұдан былай ынтымақтастықта өмір сүруіне үміт отын ұялатқандай еді, бірақ ол жүзеге аспады. Бұл үміттердің «салқын соғыс» желдерімен күллі көкке ұшты. 1953 – 1961 жылдардағы Д. Эйзенхауэрдің есімі «соғыс қарсаңындағы тепе теңдікті сақтау», «азат ету», «жаппай кек алу» сияқты кеселді сөз тіркестерін туғызды. Эйзенхауэр АҚШ тың Кореядағы соғысынан туындаған әлемдік саяси дағдарыстың ауыр кезеңінде Ақ Үйге келді. Американдықтар Кореядағы соғыстан құтылуды Эйзенхауэрдің есімімен байланыстырады. Ол, ең бірінші кезекте, американ мүдделерін дүние жүзілік көлемде қорғаушы болды.
Эйзенхауэр саясатының елдің ішкі өміріне қатысты аспектілері де үлкенді кішілі табыстармен жүрді. Кеңестік идеологиялық қыспақ жылдарында Д. Эйзенхауэрдің қызметін бағалауда біржоқтылыққа жол берілген еді. Оның президенттікке дейінгі қызметінің жағымды жақтары айтылғанымен негізінен «мемлекеттік монополистік капитализмнің» мүддесін қорғаушы ретінде бағаланатын. Кеңес оқырмандарын негізінен Эйзенхауэр қызметінің сыртқы саяси аспектілері қызықтыратын. Біздің ойымызша, бұл қызығушылық - өмірден алшақ тарихи сипатты қызығушылық емес көрінеді. Д. Эйзенхауэр президенттігі жылдарындағы үміттер мен өкініштер – бұлардың барлығы кеңес – американ қатынастарының күрделі астарларын дұрыс түсінуге тікелей қатысы бар және қазіргі қазақстан жұртшылығы үшін үлкен қызығушылық тудыратыны табиғи нәрсе болып табылады.
Қазіргі Қазақстан жағдайында ғана Д. Эйзенхауэрдің өмірі мен қызметіне объективті баға беру мүмкін болып отыр. Егер Эйзенхауэр АҚШ тың әскери күш қуатын көзсіз көл өсіруге ұмтылған болса, бұл оның таңдауы болған жоқ. Эйзенхауэрдің өмірін зерттеу АҚШ пен Батыс әлеміне қатысты қалыптасқан көптеген соқыр сенімдер мен стереотиптерді жеңуге мүмкіндік беріп, сындарлы көзқарастарды қалыптастыратыны сөзсіз.
Әдебиеттер
Информация о работе Д.Эйзенхауэр соғыс және соғыстан кейінгі жылдарда