Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2015 в 08:48, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі 1991 жылдан кейін Евразияның саяси картасының түпкілікті өзгеруіндегі тұлғалардың рольін қайта бағамдау қажетінен туындаса керек. Адамзат тарихындағы екінші – дүние жүзілік соғыстың тағылымдарын үнемі сараптап отыру әрбір жаңа ұрпақтың алдындағы қажырлы міндет. Екінші дүние жүзілік соғыста Америка Құрама штаттары елеулі роль атқарды. Осы кездегі АҚШ – тың саясатына ретроспективалық шолу жасау қызықты да тағылымды.
І – тарау. Эйзенхауэр тұлғасының қалыптасуы
1.1 Д.Эйзенхауэр әулеті. Эйзенхауэрдің балалық және жастық шағы
1.2 Д.Эйзенхауэрдің әскери мансабының басталуы
ІІ – тарау. Д.Эйзенхауэр соғыс және соғыстан кейінгі жылдарда
2.1 Д.Эйзенхауэр соғыс жылдарында
2.2 Д.Эйзенхауэрдің президенттік қызметі
2.3 Тақырыпты оқытудың әдістемесі
Қорытынды
Колумбия университеті Нью – Иорк – тің негрлер тұратын ауданы Гарлемге барынша жапсарлас орналасқан еді. Мұнда ақ нәсілділер мен қаралардың арасында жиі қақтығыстар болып тұратын. Эйзенхауэрдің өміріне екінің бірінде қауіп төнуі мүмкін еді. Сондықтан оның өзімен бірге писталет ұстау құқы болды. Дегенмен басты мәселе бойынша, Д. Эйзенхауэр қанағат сезімінде еді. Ол өмірде орнын тапқандайтын. «Екі жарым жыл, Колумбия университетінің президенті қызметінде болдым, маған үлкен қуаныш силады – кәсіпшілік жағынан да және жеке өмірім тұрғысынан да»33
Колумбия университетінде 39 мың студент оқыды. Жаңа президент өзінің, оқу ағарту, ғылым мәселелерінен хабарсыз екенін мойындап, декан, кафедра меңгерушілерінен кеңес сұраудан қымсынбайтын. Президент күніне 14 – 15 сағат жұмыс істейтін. Кез келген уақытта оның кабинетіне кез келген мәселе бойынша кіруге болатын. 1948 жылы Эйзенхауэрдің «Европаға крест жорығы» атты мемуарлық еңбегі жарық көріп, авторға көп қаржы әкелді. Айк кәсіпқой жазушы болмағандықтан, оған салықтық жеңілдіктер беріліп, 1966 – жылдың соңына қарай «Крест жорықтары» 1, 7 млн.данамен сатылып, 22 тілге аударылды. Эйзенхауэр өмірбаянын зерттеушілер: Колумбия университетінің президенттігі, оған Ақ Үйге бару үшін трамплин болды деуден жалықпайды. Американ дәстүрі бойынша елдің президенті, белгілі бір азаматтық жұмыс тәжірибелерінен тәжірибесі болуы керек.
Д. Эйзенхауэр Колумбия университетінің ректорлығы қызметінде ұзақ болған жоқ. Оның жиі – жиі әскери кеңестерге шақырып, мазалайтын. Эйзенхауэр ғылымның ұңғыл шұңғылын игеріп жатқан кезде, әлемде «салқын соғыс» басталып кеткен еді. 1949 жылы Солтүстік Атлантика әскери одағы – НАТО құрылды. Бұл блокқа кірген елдер басшыларының бастамасымен оны басқаруға бірауыздан – Д. Эйзенхауэр сайланды. 1951 жылдың 7 қаңтарында генерал Парижге келіп НАТО ны басқаруға кірісті. Өзінің орынбасарлығына Д. Эйзенхауэр – ағылшын генералы Мантгомериді шақырды. Сонымен Д. Эйзенхауэр соғыс жылдары одақтастардың біріккен күштерінің бас қолбасшысы болса, соғыстан кейін НАТО ның бірінші бас қолбасшысы болды. Ол оппозициялық көңіл күйдің болатынын, әсіресе, Францияны НАТО ға тарту қарсылық тудыратынын сезгенді. Шынында да, 70 жылдың ішінде үш рет оккупацияға ұшыраған Франция Европалық қорғаныстың қауымдастыққа қарсы шықты (ЕҚҚ). Франция, сондай – ақ ФРГ – ны НАТО ға тартуға қарсы шықты. Осындай күрделі жағдайда Д. Эйзенхауэр, өзінің іс қимылдарын Черчилльмен үйлестіріп, тамаша дипломатиялық жеңістерге жетті. Ақырғы соңында, Франция үкіметі Германияның НАТО ға қабылдануына көнуге тура келді.34
Д. Эйзенхауэрдің НАТО қарулы күштерінің Бас қолбасшылығына тағайындалуы – оның саяси мансабының маңызды кезеңі. Эйзенхауэр Парижде НАТО істерімен айналысып жатқан кезде, АҚШ – та саяси құмарлықтар қыза түсті. 1952 жылы Эйзенхауэрды саяси биржа онша қызықтырған жоқ. Президент Г. Трумэннің саяси биржадағы бағасы төмен тұғын. Ол шын мәнісінде саяси банкрот еді. Реконверсия, қарусыздануды жүзеге асырмай экономиканы бейбіт рельстерге көшіру мейлінше кеселді жүрді, сөйтіп 1948 – 1949 жылдарғы экономикалық дағдарыс кезінде, өзінен кейін терең тыртықтар қалдырды. БҰҰ – ның туымен жүрген Кореядағы соғыстың барлық ауыртпалығы АҚШ – тың мойнына түсті.
Барлық ішкі және сыртқы қиыншылықтарды Трумэннің дарынсыз жетекшілігімен түсіндіре отырып республикандықтар демократтарға қарсы шабуылын үдете түсті. Саяси лидерлердің көпшілігі Эйзенхауэрдің сағаты соқты деп есептеді. Жаңа саяси бағытқа жаңа лидер қажет болды. Демократтар да республиканшылдарда теңдей дәрежеде Эйзенхауэрге үміт артатын. Мәселенің бір ұшығы, Эйзенхауэрдің бірде бір партияға іш тартып көрмегендігінде еді. Келесі бір проблема, Эйзенхауэр НАТО – ның қолбасшылығынан кеткен жағдайда, альянстың одан арғы басшылығында байсалды проблемалар туу мүмкін еді. Эйзенхауэр НАТО жетекшісі ретінде барлық елдерді қанағаттандыратын. Д. Эйзенхауэрді президенттікке ұсынған ұсыныстар үдей түсті, бірақ ол табандылықпен күтетін. Тек, 1952 жылы ғана Д. Эйзенхауэр өзін республикашыл деп жариялады.
1952 жылдың 11 – наурызында ол Нью – Хемпшир штатындағы алдын ала сайлауда – праймериз – тамаша жеңіске жетті. 11 – сәуірде Ақ Үйдің шешімімен, ол НАТО ның Бас қолбасшысы қызметінен босатылды, ал 1 маусымда армиядан босатылды. 1952 жылдың 7 – 12 шілдесіндегі өткен республикашыл партияның ұлттық съезінде (Чикагодағы) болашақ президенттікке кандидаттардың саны екеу болды: Д. Эйзенхауэр және оның бұрынғы шефі Дуглас Макартур. Олардың бірі «Атлант батыры» болса, екіншісі «Тынық мұхит батыры» еді. Чикагодағы съезден кейін республиканшылдар партиясынан бірден бір кандидат ретінде Эйзенхауэр ұсынылды.35
Сайлау науқаны кезінде көптеген проблемаларды шешу қажет болды. Халықаралық өмірдегі ұстанған қағидасы – үшінші дүние жүзілік соғысқа жол беруге болмайды. «Бірден бір жеңіс жолы оны болдырмау». Бұл уақытта Корей соғысы жүріп жатты. «Салқын соғыс» барынша өршй бастады. Сайлау науқаны басталған кезде Кореядағы американ соғысы тұйыққа тірелді. Проблеманы әскери жолмен шешу мүмкін болмады. 1952 жылы 6 – маусымда АҚШ – тың сыртқы саясаты туралы сұраққа жауап бере келе Эйзенхауэр: «американ сыртқы саясатының басты кемшілігі – оның жалпы, мүлде жоқтығында» деп жауап берді. 1952 жылдың 1 қазанында Эйзенхауэр Кореядағы соғыстың негізгі ауыртпалығын корейлердің өздері көруі, тиіс» деп жариялады. Кореядағы соғысты тоқтату позициясы – сайлаушылардың даусын алуға жәрдемдесті. Сайлауда жеңіске жеткен генерал Кореяға сапар шекті.
1952 жылғы президенттік сайлауда АҚШ – тың Европадағы саясаты мәселелері де айрықша роль атқарды. Сайлау науқаны кезінде Д. Эйзенхауэр тұңғыш рет теледидарды пайдаланды. Бұл оның көп миллиондық аудиторияға шығуына жәрдемдесті. Алайда, Д. Эйзенхауэрдің сайлаушылармен тікелей кездесулерінің нәтижесі күткендегіден асып түсті. Оның жауаптарының барлығы қысқа да нұсқа еді. Оның ашықтығы, әзіл – қалжыңы өте табиғи шығып жататын. Эйзенхауэрді аса ірі іскерлік әлемінің өкілдері де қолдағанын айту қажет. Олардың қатарында: «Чейз нэшнл бэнк» басқармасының төрағасы У. Олдрич, аса ірі қамсыздандыру компаниясының президенті Т. Перкинсон, «Интернэшнл бизнес машинз» компаниясы төрағасы У. Уатсон болды. Бұлар құдыретті Рокфеллерлер, Маргон, Дюпондардың отбасыларының өкілдері еді. Сайлау компаниясындағы алғашқы табыстардан кейін Эйзенхауэрді Генри Форд ІІ, А. Слоуан («Дженерал моторс»), Ф. Рид («Дженерал электрик»), Г. Коллиер («Стандарт ойл оф Калифорния») сияқты алпауыттарда қолдады.36
Американ дәстүрлері бойынша, президенттікке үміткерлер ғана емес, сайлау науқанына олардың әйелдері де қатысты. Мәми Эйзенхауэр сайлау науқанына белсенді қатысты. Сайлау науқаны эксцессіз болмай қойған жоқ. Республикалық партиядан вице – президенттікке кандидат Ричард Никсон коррупциялық әрекеттері үшін айыпталды. Жас саяси қайраткер, өзін ақтап алу үшін көп күш жұмсады, соған қарамастан сайлаушылардың жүрегінде қыжыл қалды. Дегенмен 8 жыл бойы Р. Никсон Эйзенхауэрдің аппаратында вице президент қызметін атқарып, Эйзенхауэрдің сеніміне кірді. Никсонның қызы Эйзенхауэрдің немересіне күйеуге шықты. Кейініректегі «Уоттергейт жанжалы» Эйзенхауэрлер әулетіне де көп зиянын тигізді.
1952 жылғы сайлау науқаны кезінде Р. Никсонға қарсы коррупциялық кінәрәттің артылуы, Д. Эйзенхауэрді өте қиын жағдайға қалдырды. Эйзенхауэр Р. Никсонды жақсы білмейтін, білетіні әскери – теңіз флотының капитан – лейтенанты, конгрессмен – антикоммунист. Ол тіпті, Никсонның жасының нешеде екенінде білмейтін. Вице – президенттікке кандидатқа қарсы тағылған айып, сайлау компаниясына қауіп төндірді. Алайда, Никсон өзінің алибиін - кінәсіздігін дәлелдей алып, саяси мансабтағы күрделі кедергілерді жеңе алды. Эйзенхауэрдің беделін пайдаланған Никсон вице – президент қызметіне тағайындалды. Президенттік жылдардағы Дуайттың ең жақын кеңесшісі інісі Мильтон болды. Мемлекеттік хатшы қызметі – «туған күнінен дипломат» Джон Фостер Даллеске тапсырылды. Даллес туралы қарама қайшы пікірлер көп – ақ. Кейбіреулер оны – Эйзенхауэр тұсындағы Распутин» деп бағалайды. Келесі бір аса маңызды қызмет – қорғаныс министірлігіне, Эйзенхауэр «Дженерал моторс» басқармасының бұрынғы төрағасы Чарльз Вильсонды тағайындады. Эйзенхауэр кабинетінің мүшелері мен оның жақын көмекшілері өте күрделі команданы құрап, өздерінің шефіне көптеген жағымсыздықтар алып келді. Мысалы, Ақ Үйдің штат бастығы, Эйзенхауэрдің жақын көмекшісі Шерман Адамсқа коррупциялық кінә артылып, ол отставкаға кетуге мәжбүр болды. Көптеген министірлер жас жағынан президенттің құрдастары еді. Оның алғашқы кабинетін «сегіз миллионер мен бір суқұбыршысының үкіметі» деп аталынды. Эйзенхауэрдің кабинет мүшелерінің сынға ұшырағаны жоқ. Дегенмен Эйзенхауэрдің жеңісі, бұл оның партиясынан гөрі, жеке басының жеңісі еді.37
Эйзенхауэрдің президенттігі жылдары Корея мен Вьетнамдағыдай соғыс жүрген жоқ. Оның сегіз жылдық президенттігі екі соғыстың арасындағы өзіндік антракті еді. Француз отаршылдарының Үндіқытайды талқандалуы қарсаңында 1954 жылдың 26 сәуірінде Женевада АҚШ, КСРО, Ұлыбритания, Франция мен ҚХР – сы сыртқы істер министірлерінің мәжілісі өз жұмысын бастады. Министірлер екі мәселені: Корея және Үндіқытай мәселесін талқылады. АҚШ үшін бұл өте күрделі мәжіліс болды. Мемлекеттік хатшы Д. Даллес мәжілісті орынбасарына тастап кетуге мәжбүр болды. Эйзенхауэрдің сыртқы саясаттағы қызметін сипаттай келе, мамандар «пактомания» дәуірі деп атайды. 1954 жылы – СЕАТО, 1957 жылы - СЕНТО әскери – саяси ұйымдары құрылды. 1950 жылдардың соңына қарай АҚШ, әлемнің 42 елімен әскери міндеттемеге қол қойды. АҚШ – тың Қытай халық Республикасымен қарым қатынасы күрделі болып қала берді. Әсіресе, 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін Қытай Кеңес қарым қатынасы күрт шиеленіскен кезде, АҚШ осы жағдайды пайдалануға тырысты.
Эйзенхауэрдің президенттігі жылдары Латын Америкасындағы АҚШ саясаты да белсенді бола түсті. 1950 жылдардың екінші жартысындағы барлық «коммунистік қозғалыстар мен революциялардың басылып жаншылуына АҚШ жәрдем көрсетті. Гватемалла, Доминикан Республикасында осылай болды. Соған қарамастан 1957 – 1959 жылдары Венесуэла, Колумбия мен Кубадағы диктаторлық режимдер жойылды. Өмірінің соңғы жылдары Эйзенхауэр АҚШ тың Латын Америкасындағы саясатын банкрот деп мойындауға мәжбүр болды.
50 жылдары Таяу шығыс елдерімен қарым – қатынаста өте күрделі болды. 1951 жылы 29 сәуірде Иранда билікке Мосаддық үкімет келіп, мұнай өндіретін және мұнай өңдейтін өнеркәсіп салаларын национализациялау туралы маңызды шешім қабылдады. Бұл соғыстан кейінгі Батыс елдерінің экономикалық мүдделеріне берілген үлкен соққы еді. Черчилль, Ирандағы оқиғалардың интернациональдық сипаты туралы айта келіп НАТО – ның Батыс елдерінің мүддесін қорғауы қажеттігін айтты. Иранға қарсы экономикалық санкциялардың салдарынан 1953 жылдың тамызында Мосаддык үкіметі биліктен тайдырылды. Сөйтіп, шах билігі қалпына келтіріліп, оған 45 млн. көлемінде шұғыл жәрдем көрсетілді. 1954 жылы Иран Халықаралық мұнай консорциумымен келісімге қол қойды. Оңтүстік Иран мұнайын пайдалану осы бірлестікке беріліп, онда АҚШ – тың ықпалы басым болды.38
Ирандағы мұнай кендерін национализациялау таяу және орта шығыста ұлт – азаттық қозғалыс үшін күшті дүмпу туғызды. Әсіресе, Египеттегі революцияның жеңіске жетуінің маңызы зор еді. Мұның барлығы АҚШ үкіметі үшін жаңа әскери – саяси ұйымдар құруға түрткі болды. 1955 жылы «Бағдат пактісі» құрылып, оған Англия, Франция, Туркия, Иран, Пакистан, Ирак кірді.
АҚШ, араб – израйль жанжалынанда тыс қала алмайтын. Израйль мемлекетін құруда Джон Фостер Даллесс көп еңбек сіңірді. Таяу Шығыс пен Орта Шығыс, Азия, Латын Америкасы – бұлардың барлығы американ сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі, алайда Эйзенхауэр үшін Европаның маңызы айрықша тұғын. НАТО – ның мүддесі тұрғысынан Батыс Германияның әскери экономикалық патенциалын пайдалану қажеттігі мәселесінде Эйзенхауэр мен Даллестің пікірлері бірауызды еді. Бірақ Германияны қайта қаруландыру, әскери мақсатта пайдалану бағытындағы нақты қандай да бір болмасын қадамдар қауіпті еді. Шынында да франция 1954 жылдың тамызында Европалық қорғаныстың ынтымақтастық құру туралы келісімді бекітуге қарсы шықты. «АҚШ бүкіл батыс әлеміне жетекшілік жасауы керек» деген тирада да европалық қоғамдық пікірге ұнамайтын. Эйзенхауэр бірінші болып, бұл пікірді мейлінше аз айтуымыз керек деп есептеген қайраткерлер легіне жатты. Бірақ 1956 жылы 21 сәуірде сөзінде «адамзат істеріндегі АҚШ тың айрықша рольі» туралы айтып қалды.
1955 жылы 16 июльде Женевада КСРО, АҚШ, Франция және Англияның жоғарғы дәрежедегі басшыларының кездесуі ұйымдастырылды. Бұл Одақтас елдердің соғыстан кейінгі бірінші кездесуі еді. Мәжіліс жұмысының барысын бүкіл әлем жұртшылығы тіпті қадағалап отырды. Женевадағы кеңестен кейін халықаралық атмосферада уақытша жылылық орнады. Американ басылымдарынан дөрекі антисоветтік мақалалар азайды. Алайда, Египет пен 1956 жылғы Венгриядағы оқиғалардан кейін «қырғи қабақтық» қайтадан өршіді. 1956 жылдың 29 – 31 қазанында Франция, Англия және Израиль – АҚШ қа ескертпестен Египетке шабуыл жасады. Бұл Эйзенхауэрдің шамына қатты тиді, өйткені ол «Атлантикалық ынтымақтастықтың»мейлінше шартты ұғым екенін көрсетті. АҚШ, - Израильді айыптауға мәжбүр болды. Бірақ, Эйзенхауэрдің тілімен айтқанда «отбасылық керіс» көп ұзамай шешімін тапты. 39
1957 жылдың күзінде АҚШ Израиль, Ирак пен Туркияның күшімен Сирияға интервенция жасағысы келді. Түрік әскерлері Сирия шекарасына шоғырландырылып, американың 6 флоты корабльдері түріктің Измир портына келді. Тек, Кеңес өкіметінің батыл позициясы бұған жол бермеді. 1958 жылдың шілдесінде Иракта революция жеңіске жетіп, елдің Бағдат пактісінен шығу қаупі төнді. 1958 жылдың шілдесінде американ қарулы күштері Ливанға, ағылшындар – Иорданияға келіп түсті. БҰҰ – қысымымен американ әскерлері Ливаннан кетуге мәжбүр болды. Осылайша, «Эйзенхауэр доктринасы» сәтсіздікке ұшырады.
Информация о работе Д.Эйзенхауэр соғыс және соғыстан кейінгі жылдарда