Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 17:08, реферат

Краткое описание

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әрбір елдің капиталистері жаңа сауда рыноктарын, шикізат қоры мол жерлерді соғыс арқылы жеңіп, басып алуға тырысқан агрессиялық пиғылдары зор еді. Осы мақсатты көздеп, жоспар құрған Австро-Герман блогы еді. Австро-Герман блогы Антантаға қарсы шықты. Австро-Герман блогының құрамында Германия, Австрия-Венгрия, Түркия және Италия болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Асем реферат.docx

— 45.88 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бірінші дүниежүзілік соғыс  сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулаушылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Германия мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Греция, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішінде Германия – 13,2 миллион, Австрия-Венгрия – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар.

10 млн. адам қаза болды,  ал жаралылар одан екі есе  көп. Соғыстағы әскери шығын  және оның зардаптары сол уақыттың 266 млрд. долларын құрады. Толық қиратылған елдер де болды. Соғыс нәтижесінде әлемдік картадан Ресей, Германия, Австрия-Венгрия және Осман империялары жойылды. Әлем өзгерді, бірақ соғыс кезінде басталған әлемдік дағдарыс жалғаса берді.

Бірінші дүние  жүзілік  соғыс барысында және ол аяқталған  соң, Европаның  әскери-саяси құрылымы өзгерді. 1919 ж. 28 маусымда Версальда соғыстың аяқталғаны жөнінде Германиямен Версаль бітімшартына қол қойылды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Новая история стран Европы и Америки: Второй период. /Под ред. М.И. Кривогуза и Е.Е. Юревской.-М., 1998.

2. Новая история стран Европы и Америки. Второй период. /Под ред. А.В. Адо.-М., 1986. 

3. Новая история 1870-1918 /Под ред. И.С.Галкина. -М., 1973.

4. Новая история 1871-1917 гг. /Под ред. И.С.Овчаренко. -М., 1983.

5. Новая и новейшая история стран Европы и Америки. В 3 ч. -М., 2000

6. Европа және Америка  елдерінің жаңа заман тарихы.1870-1918жыл. Сманова.А.М. Алматы  2006ж.  194бет.

7. Жаңа заман тарихы. Қ.Ізтілеуов. – А., 1995.

8.Иолетика Н.П. Возникновение первой мировой войны. -М., 1964.

 


Информация о работе Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық