Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 17:08, реферат
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әрбір елдің капиталистері жаңа сауда рыноктарын, шикізат қоры мол жерлерді соғыс арқылы жеңіп, басып алуға тырысқан агрессиялық пиғылдары зор еді. Осы мақсатты көздеп, жоспар құрған Австро-Герман блогы еді. Австро-Герман блогы Антантаға қарсы шықты. Австро-Герман блогының құрамында Германия, Австрия-Венгрия, Түркия және Италия болды.
Германияның жалғыз берік
одақтасы Австро-Венгрияның жағдайы
нашар еді. Оның өз ішіндегі ұлттық
күрес күннен-күнге әлсіз
Германияның он жыл ішіндегі, яғни ағылшын-француздық Антантаның кұрылуынан басталған мерзім ішінде, оның ірі саяси жеңісі Түркияның қолдауы болды. Бірінші Балкан соғысы оның жаңа одақтасын сәл әлсіретсе, ал екінші Балқан соғысы Германияға өзіндік үлесін тигізді деуге болады. Өйткені, 1913 жылға дейін Антанта орталық державаларға балкандық блокты қарсы қоя алатын болса, ал екінші балқан соғысынан кейін бұл блок жойылған еді. 1913 жылдың аяғына таман германдық басшылығын да Италияның "жұмсаруы" туралы сөз қозғала басталды.
Болгария мен Румыния, Антанта мен орталық державалар арасындағы таластың негізіне айнала бастады. Бұл елдер екі жақта да өзіндік қызығушылығын тудырды.
Антанта алдында Патшалық Ресейдің әскери күшінің әлсіздігі үлкен қиындықтар туғызды. 1914 жылға таман Германия өзінін теңіздік жоспарларын көбейте түсірді, сонымен жаяу әскерінің саны аса жоғарылай түсті. Өзінің одақтасы Австро-Венгриямен бірге коса алғанда, олардың қарамағында әскери іске даярланған адам саны 8 миллионға таяу болды. Антанта одақтастарының лагерінде әскер саны жағынан бұдан да аса түсті. Бірақ герман әскері француз және орыс әскерімен салыстырғанда, әскери техникалық жағынан әлдеқайда жақсы жабдықталған еді. Ал, ағылшын әскерін оның санының аздығына байланысты, мүлдем аса қауіп төндіретін жау ретінде қарастырмаған да еді.
Ағылшындық экспедициялық әскері саны жағынан аз болды, тек 6 дивизияны құрады. Дегенмен сапасы, әскери дайындығы жағынан жоғары болды.
1914 жылға таман теңізде
Германияның жетістіктеріне
Балқан соғыстары халыкаралық жағдайдың одан ары ушығуына әкелді. Оның арқасында ұзақ жылдық балқан славяндарының Түркия езгісі аяқталды. Бірақ ол Балқан мемлекеттері арасында қарама-қайшылықтарды күшейтті. Түрік езгісі революциямен емес, балқан монархиялық басшылардың соғысының салдарынан жойылды. Бұл Түркияны жеңгендер арасындағы күресті аса ушықтырды. Греция мен Сербия, Албания үшін жасалған шекарамен келіспеді; Болгария екінші Балқан соғысының салдарымен келіспеген еді. Сонымен бірге Түркия Грециядан Эгей аралдарын қайтарып алу үшін сәтті жағдайды күтті.
Ресей Сербияны өзінің Австрияға қарсы балқан плацдармында негізгі тірегі ретінде қарастырды. Австро-сербия арасындағы тағы бір жанжал туындаған сәтте, Ресей мен Австрия арсында лезде соғыс басталып кетер еді. Ал, Австрия Сербияға қарсы Германияның қолдауынсыз ешқандай іс-қимылдарға бара алмады. Егер де мұндай соғыс туындаған сәтте, бұл Германияның дүниені бөлісуге арналған сәттің туындағанын мойындағандығын білдірер еді. Мұндай жағдайда Франция мен Англия да Ресейге өзінің жауы Германияға қарсы көмек бермей қоя алмас. Осылайша, Балқан бүкілеуропалық жарылыс төніп тұрған орталығына айналды.
Сараеводағы оқиға. Австро-Венгрияның славяндық аудандарындай, Сербияда да оңтустік славяндардың бірігуі үшін күрескен бірқатар ұйымдар болды. Сербияны әскерлерінің офицерлері арасында құпия "Қара қол" ("Черная рука") атты ұйым болды. Оның негізгі мақсаты Австро-Венгрияның қоластындағы сербтерді босату және "Ұлы Сербияны" кұру болып табылады. Оның тікелей басшысы полковник Драгутин Дмитриевич (Апис) болды. Сонымен бірге ел ішінде демократиялық сипаттағы, басқа да ұлттық ұйымдар жеткілікті еді. Оның қатарына "Млада Боснияны" жатқызуға болады.
Қартайған австриялық император
Франц-Иосиф біртіндеп
1914 жылдың наурызында
оның Боснияға келетіндігі
Сербтік басшылық дайындалып
отырған жағдайлар жайлы
5-6 шілде күндері Потсдамда
Австро-Венгрия мен Германия
Франция мен Ресей Сараеводағы
оқиғалардан кейін орнаған
Пуанкаренің Петербургтан кетуін қалаған австриялық басшылық, ультиматумды ұсынуды тежеді. Веналық саясаткерлердің ойынша Пуанкаренің араласуынсыз, патша және оның министрлері Австро-Венгрияның Сербияға соғыс жариялауға кедергі келтіре алмайды деп есептеді. Осылайша, Белградта 23-ші шілде күні 48 сағаттық мерзімді ультиматум тапсырылды.
Онда, Сараеводағы оқиға Белградта дайындалды, қару-жарақпен қылмыскерлерді сербтік офицерлер мен шенеуліктер қамтамасыз етті және де қаруланған қылмыскерлердің – Боснияға кіруін де сербтік шекаралық кызметтің басшыларымен ұйымдастырылды деп айыптады. Сондықтан да, Австро-Венгрия сербтік басшылықтан ашық түрде Австрияға қарсы насихаттауларды және ұйымдарды жауып, тыйым салуды талап етті. Сонымен қатар, нақтылы он талаптар қойылды. Олардың ішінде: сербтік басылымдарда Австро-Венгрияға қарсы үгіт-насихаттауларға жол бермеу; анти-австриялық ұйымдардың жабылуы; мектептік білім беруде анти-австриялық үгіттің элементтерін жою; Австро-Венгриялық басшылықпен жасалған анти-австриялық іс-қимылдарда байқалған, офицерлер мен мемлекеттік қызметкерлерін орнынан алуды; сонымен қатар, сербтік басшылық өз территориясында Австр-Венгриялық басшылықтың өкілдерін Сараеводағы оқиғаны зерттеуге жол беруді талап етті.
Австриялық ультиматумның мазмұны арнайы сербтік егемендігіне нұсқан келтіретіндей, яғни бұл талаптардан бас тартатындай етіп жасалған еді.
25 шілде күні, тура мерзімінде
сербтік премьер Пашич барон
Гизляға сербтік басшылыктың
жауабын тапсырады. Онда
Ультиматумның мерзімі аяқталмас бұрын, 24 шілде күні патшалық басшылық төрт әскери аймақтардың мобилизациясы жөнінде шешім қабылдады. Яғни, Одессаны, Мәскеулік, Қазандық және Қаратеңіздік, Балтық флоттары. 25 шілде күні Ресейдің барлық территориясында соғысқа дайындық кезеңі деп жарияланды. Сол күні Француз басшылығы әскери сипаттағы бірққатар дайындық шараларды жүргізді.
25 шілде күні Сербия
әлі өз жауабын бермей тұра,
британ дипломатиясының
28 шілдеде Австро-Сербия
территориясында әскери
30 шілденің кешіне карай Николай II бүкіл Ресейде жаппай мобилизация шешімін бекітті. Ол туралы қаулы 31 шілдеде жариялады. Ал, ертеңінде герман басшылығы мобилизациядан бас тартуды талап ететін ультиматум жариялады. Басты Еуропалық державалардың әскери қақтығысы болмауы мүмкін емес еді.
Екі жылдан астам әскери қимылдар, 1914 жылдың тамызы - 1916 жылдың аяғы екі жаққа да шешуші жеңіс әкелмеді. Тіпті жеңістің жақындап келе жатқаны туралы сенімділікте берілмеді. Германияның әскери жетістіктері Антантаға қарағанда маңыздырақ көрінді. Германия бүкіл Белгияны, Францияның маңызды бөліктерін, Полшаны, Прибалтика мен Белоруссияның бір бөлігін алып Сербия мен Румынияны талқандады. Оның барлығына Антанта, Морнедегі жеңісі, Вердена қорғау және орыстардың австриялықтар мен түріктердің жеңуімен ғана жауап қайтарды.
Антанта державалары мен территориялық жаулаушылықтары өзінің мазмұнымен көлемі жағынан немістердің соңында қалды. Бірақ Антанта Германияның стратегиялық жоспарын бұзды және олардың қысқа соғысқа дайындалуын іске асырмады. Нәтижесінде бұл одақтастардың жеңісін алдын-ала анықтады. Германия соғысқа жақсы дайындалған болатын. Бірақ Антантада экономикалық ресурстар, ақшалары, адамдары көбірек болды. Шлиффен жоспарын бұзып және соғысты созып Антанта державалары өздерінің басымырақ потенциал күштерін мобилизациялауға мүмкіндік алып Германияны өзінің әскери дайындығы жағынан қуып жетті. Соңында оны жеңді.
Бірақ, 1916 жылдың аяғында
әлі кім жеңетіні белгісіз болды.
Соғысушы екі лагерьде тез арада
соғысты аяқтау қажет екені сезінді.
Империалистер арасында өздері созған
соғысты тоқтатуға негізгі
Франция жағынан бейбітшілікті орнатуды қолдап сөйлеген бұрынғы премьері Кайо, Англия жағынан - бұрынғы шет ел істері бойынша министрі - Ленсдаун. Ал Австро-Венгрияның жаңа императоры Карл (Франц Иосиф 1916 ж қарашада қаза болған) әулетті сақтау үшін жалғыз мүмкіндік соғыстан тез шығуы керек екендігін көрді.
Германия үшін соғыс одан ары күрделенді. Англиямен оның одақтастары Германия отарларын иеленіп ғана қоймай, теңізде блокадалық саясатты қатаң жүргізді. 1916 жылы 31 мамырда Ютланд түбегінде бірінші әрі соңғы Германия мен Британияның соғысы болды. Немістер бұл күресте қарсыластарына қарағанда аз шығынға ұшырады, бірақ блокаданы бұза алмады. 1916 ж. соңына қарай Германияның жағдайын Людендорф былай бағалады: «Өте күрделі және лажсыз жағдайда» деді. Осы жағдайлардан кейін генерал Бетман ұсынған пацифистік (соғыс атаулыға қарсылық) декларациясына рұқсат берді. Канцлер бұл декларацияны 12 желтоқсанда рейхстагта (1945 жылға дейін Германия парламентінің мәжіліс үйі) жариялады. Бірнеше күннен соң соғыстың тоқтауын қалайтынын АҚШ президенті Вильсон да жариялады.
Антанта елдері Бетман мен
Вильсон декларациялары негізіндегі
келісім сөздерден бас тартты.
Германия сонымен қатар АҚШ
Ескі дүниеде соғыс басталысымен-ақ Нью-Йоркте құнды қағаздар құны тез өсіп кетті. Лондондағы АҚШ елшісі президентке: «Еуропада банкрот болатындығын болжап, бұл жағдай әлемді біздің қолымызға әкеледі» деп хат жазған. Вильсон әкімшілігінің маңындағылар тіпті қаржы министрі Мак Аду да үлкен бизнестермен айналысқан. Вильсонның бейтараптылық жариялау саясаты монополияны байыту және АҚШ-тың жағдайын нығайтуға багытталды. 1914 жылы 15 қарашада «Арнайы бұйрық» АҚШ азаматтарына соғысушы елдерге «Сауда сатуға» рұқсат етті. Көп ұзамай Англия мен Франция американ банктерінен қарыз алды. Антантаның көп сауда жасауы АҚШ-ты депрессиядан шығарды. Мыс пен шойынды экспорттау бірнеше есеге өсті, 1916 жылы жарылғыш заттарды шығару 6 еседен 467 млн доллорға өсті. АҚШ бейтараптылығы арқылы отарларға тауарлар сатты. Мысалы, 1914 жылдың соңында АҚШ арқылы тауарлар шығару Данияда 14 есе көбейді. АҚШ-қа қарулы заттар жасауға көп ұсыныстар түсті. Оның буржуазиялық жандануына бұл жағдай тағы бір себеп болды. Нәтижесінде соғыс кезінде зауытшылар, банкирлер байыды. Жағдайды пайдаланып АҚШ империалистері Батыс жарты шарына экспанциясын белсенді етті. Олар Солтүстік Мексикаға интервенция бастады. АҚШ Мексиканың мұнайы мен шикізат байлықтарына қызығып ғана қоймай, бұл елдерде революциялық демократиялық халық қозғалыстардың жандануына карсы шықты. Вильсон Мексикадан жауланған әскерилерді шығаруға бұйырды. АҚШ Британ елдеріне экономикалық экспансиясын күшейті. 1919 жылы Канада да АҚШ инвестициясы екі есе өсті. Ағылшындардың «теңізге басқыншылық доктринасына» қарсы Америка «теңіздің бостандығы» принциптерін шығарды. 1916 жылы олар үлкен әскери теңіз құру бағдарламасын жасап, оны Ұлыбритания мен Жапонияға қарсы бағыттады. Бірақ АҚШ пен Германия арасындағы қақтығыстар күштірек болды, Германияның жеңісі АҚШ-қа көп зиян келтірер еді. 1916 жылы Вильсон сайланғаннан
кейін демогратиялық партиялар
жетекшілері «ол бізді Лондонда, Парижде жаңа бейбітшілікке ұмтылушылықты жақсы қабылдамады. Германия үкіметі өз тандауын жасады. 1917 жылы 17 қаңтарда соғыс нәтижелерін кайзерлер мен канцлерлер арасында талқыланып, адмиралистік өкілдері енді субмарин көмегімен Британияны тізе бүккіземіз деп ойлады. Жеңіске жеткізер басқа жол жоқ болғанан соң неміс лидерлері 1- ақпанда әлсіз сауда соғысты жалғастыруда шешті. Германиямен дипломатиялық қатынастардың үзілгендігін жариялады. Бұл Нью-Йорк биржа курсын төмендетті. Соғысқа көптеген миллиондаған әскерлердің жабдықталып қатысы үлкен олжаға әкелетіндігі белгілі болды. Бұдан басқа да әскери саяси оқиғаларда болды: Ресейдегі революция Антанта лагерінде келешекте Ресейдің қалуын күмәндандырды. АҚШ-қа Германияның жеңуі өте қауіпті болды. Соғыс жариялаудың басты себебі германдық сүңгуір қайық американдық кемелердің шабуылдарының жиілеуі. Бірақ баспасөз сөздеріне қарамастан көптеген американдықтар соғасқа қарсы болды. Бірақ билеуші таптар монополияның жағдайын ойлап 1917 жылы 6 – сәуірде АҚШ соғысқа кіретіндігін жариялады. |
Информация о работе Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық