Бөкей ордасының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 12:49, реферат

Краткое описание

Кең байтақ қазақ даласының батыс бөлігінде орналасқан шежіресі бай, табиғаты сұлу өлке - Бөкей ордасы ауданы. XIX ғасырда мәдениет, өнер, білім орталығы болған ғажайып өлкенің тарихы тереңнен бастау алады.

1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп - қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 жылдың 11 наурызында "Қырғыз - Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын" деген жарлық-рескриптісін шығарады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

орда тарихы.docx

— 314.21 Кб (Скачать документ)

 

 

Еліміздің ең шалғай аймағы Орда ауылына барсаңыз сол ескі үйлер, көне ғимараттар ХІХ ғасырдың жәдігеріндей. Керек десеңіз, Орда ауылы мұражай-қалаға сұранып тұрғандай. Әр көшесінде тарихтың ізі сайрап жатыр. Ауылдың кереметі саналатын Бөкей Ордасы тарихи мұражай кешеніндегі ғимараттардың әрбірінің тарихы бар. Жәңгір салдырған хан ордасы сол кездегі хан дәуірінен сыр шертеді. Бір ауланың ішіндегі Жәңгір жинаған бабалар қару-жарағынан құралған «қару-жарақ палатасы» да бар мұнда. Бұл – қазақ елінің алғашқы мұражай ісінің бастамасы. Қалпына келтірілген хан мешіті, қазыналық үйі мұражай кешенінің тарихи нысандары. Ханның жеке дәрігері Сергачевтің үйі – мұражай кешенінің әкімшілік қызметін атқарады. Халыққа білім беру музейі де – құнды жәдігерлердің бірі. Мұражайға айналған «Қыздар училищесінде» Бөкей Ордасы білім беру жүйесіне қатысты деректер топтастырылған. Тарихи маңызы зор ғимараттардың төртеуі ғана мұражайға айналған. Бұл қатарға қосылудан үміткер көненің көзі мол. Қазақ жеріндегі алғашқы баспахана жөндеуден өтіп жатыр. Алаш қайраткері Сейітқали Меңдешевтің үйі де бұл қатарда. Дәріхана ғимаратының да мұражайға айналғанын көрер күн алыс емес шығар. Бөкей Ордасындағы мұражай кешенінің аяқтан тұруына атсалысқандардың басында А.Ахметжанов тұр. Ш.Сиранов, Т.Махимов, Ғ.Темірболатұлы сынды басшылар игі бастаманы жалғастыруда ерен еңбектерімен ерекшеленді.  
 
Нұржан Төлепов, Жәңгір хан атындағы Тарихи-этнографиялық мұражайдың меңгерушісі: 
 
– Бөкей ханның да өмірін зерттеуге енді кірісіп жатқанымыз рас. Бөкей ханға қатысты деректерді Орынбор, Қазан, Астрахань мұрағаттарынан тарихи кітаптардың көшірмелерін әкеліп жатырмыз. Мәселен, біз Қазан қаласы мұрағатынан Бөкей хандығы қазақтарының мақалдары мен ертегілерін әкеліп, ғалымдарға ұсынып жатырмыз.  
 
Бөкей хандығының құрылуына Сырым бабаның байланысы барын бірі білсе, бірі біле бермейді. Сырым баба Бөкей сұлтанды қолдап, Хиуаға кетті деген деректер бар. Бұл жерде өз бағасын алмаған ақтаңдақтар көп.  
 
Бөкей хан қазаққа қандай жақсылық берді дегенде алдымен айтарымыз: қазақтың жері кеңейді. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары болатын осы Бөкей хандығына қараған. Қазір нарық заманында Жәңгірді қалай сынаса да, бірде-бір бастамасын жойып тастаған жоқпыз. Әлеуметтік салада құрылған жоспарларын, өркениет тұрғысынан халыққа керек реформаларды дамытып келеміз.  
 
Жәнібек Исмурзин, М. Өтемісов атындағы Мемлекеттік университеттің аға оқытушысы, тарихшы: 
 
– Кеңестік тарихнамада Бөкейдің саяси өмірі, қызметі зерттеуден тыс қалды. Зерттеушілердің пікіріне сүйенетін болсақ, Бөкей хандығының құрылуы Сырым Датұлы қозғалысымен байланысты: кіші жүздегі саяси шиеленіс; әлеуметтік экономикалық жағдай; Бөкейдің билікке ұмтылысы. Шөке Нұралыұлы мынадай бір жақсы дерек келтіреді. Жайықтың сол жағалауына өтуін қолдаған екі адам болған. Бірі – Шығай сұлтан, бірі – Сырым батыр. Хан өмірін, саяси қызметін мұрағат құжаттарымен айқындап, Ресей федерациясымен байланысып, Орынбор, Астрахань құжаттарын жинақ ретінде жарық көрсету қажет. Жанымызға бататыны, әлі күнге дейін Бөкей хан туралы монография жарық көрмеді. Бөкей сұлтан бодандық санадан арылып, жерімізді ұлғайтуға күш салып, хандық билікті жандандырғысы келді. Қалай десек те біз осынау тұлғаны тарихтан бөліп қарай алмаймыз.

Автор: Айзат МЕҢДЕШЕВА

 


Информация о работе Бөкей ордасының тарихы