Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 13:49, лекция
Бөкей хандығының құрылуы - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі
көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845 жылға дейін өмір сүрді.
Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері
XVIII—XIX ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз
беттерінше жаппай көше бастады, Мұның бірнеше негізгі себептері бар еді.
ұлы Ресей императорының ақшалай жәрдемін алып тұрды. Олардың бәрі де Императорлық паж корпусында
арнаулы курстарда оқып, сол кездегі ең тамаша білім алып шықты.
Жәңгір қайтыс болғаннан кейін Еділ мен Жайық арасына хан тағайындау тоқтатылды. Патша үкіметі Ішкі
Орданы Ресейдің отаршылдық басқару жүйесіне енгізу саясатын жүргізе бастады. 1846 жылы Ішкі Орданы
басқару үшін Әділ сұлтан (Бөкейдің ұлы) төрағасы болып тағайындалған Уақытша Кеңес құрылды. Оның
құрамына сұлтандар тобынан екі өкіл және мемлекеттік мүлік министрлігінен бip кеңесші енді. Кейіннен
Уақытша кеңесті басқару үшін Ресей шенеунігі тағайындалды. Сөйтіп патша үкіметі бұл аймақтағы
отаршылдық әкімшіліктің жағдайын нығайта түсті. 1872 жылы Ішкі Орда Астрахан губерниясының құрамына
берілді.
Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны
Ішкі Орданың немесе Бөкей хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында орасан зор рөл атқарды. Кіші
жүз қазақтарының бір бөлігінің күш-жігер жұмсауымен қазақтар Жайық өзенінің оң жақ бетіндегі бедерінің
бұрынғы атамекеніне қайта қоныс аударып, бекініп алуының, кейінірек дәстүрлі қазақ жерінің бір бөлігін
біржола иемденіп қалуының сәті түсті. Жәңгір хан Ішкі Ордада хан билігін сақтап қалды, сол арқылы Қазақ
мемлекеттілігінің 1845 жылға дейін өмір сүруін қамтамасыз етті. Жәңгір ханның ағартушылық және
реформаторлық қызметінің арқасында Еділ мен Жайық арасындағы қазақтар өздерінің
әлеуметтік-экономикалық және мәдени-ағарту салаларында елеулі табыстарға кол жеткізе алды. Сонымен
қатар жер мәселесінің асқынуы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліске алып
келді.[1]
Пайдаланылған әдебиет
Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е.,