Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 13:49, лекция
Бөкей хандығының құрылуы - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі
көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845 жылға дейін өмір сүрді.
Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері
XVIII—XIX ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз
беттерінше жаппай көше бастады, Мұның бірнеше негізгі себептері бар еді.
Бөкей хандығының құрылуы
Бөкей хандығының құрылуы
Бөкей хандығының құрылуы - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі
көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845 жылға дейін өмір сүрді.
Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері
XVIII—XIX ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз
беттерінше жаппай көше бастады,
Мұның бірнеше негізгі
• Біріншіден, шекара шебіне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тамшылық көрді.
Патша үкіметі олардың жер жөніндегі өтініштеріне құлақ аспады. Мұның өзі орыс отаршылдығына қарсы
жаңадан көтерілістер тудыра бастады. Қазақтардың Қытайға қарай көшіп кету ықтималдығы пайда болды.
• Екіншіден, қазақтар өздерінің бұрынғы ата қонысына қайтып баруға тырысты. Ал ол қоныстар Ресеймен
шекаралық шептің ішкі жағында қалып қойған болатын. 1771 жылы Еділ қалмақтарының елеулі үлкен тобы
Шыңжаңға көшіп кеткеннен кейін Еділ мен Жайық аралығында босап қалған жерлер болды.
• Үшіншіден, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс күшпен басып-жаншылған соң оған қатысушыларға
сұлтандар мен ханның тарапынан қатты қысым көрсетіліп, қуғын-сүргін жиілеп кетті.
• Төртіншіден, Пугачев пен Датұлы бастаған көтерілістер аяусыз басып-жаншылғаннан кейін патша үкіметі
бұрыннан белгілі
«бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл принципі бойынша біртұтас Кіші жүзді әлсіретуге
тырысып бақты, Әбілқайыр ханның ұрпақтары болып табылатын бірнеше топтың арасында тақ таласын
шиеленістіре түсті.
Хан тағынан негізгі үміткерлердің бірі Бөкей сұлтан болатын. Бірақ 1797 жылы қартайған Айшуақ сұлтан
Кіші жүздің ханы болып шыға келді. Шыңғыс ұрпақтарының арасындағы қарым-қатынас шиеленice түсті.
Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы Жайықтың оң жақ бетіне көшіп бару ғана еді.
Бөкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң жақ
бетіне жаппай өтуі
Жәңгір хан және Пәтимә
1799 жылы Бөкей сұлтан Ресей императорының атына хат жазып, өзінің
қол астыңдағы қазақтардың бір бөлігінің Жайықтың оң жақ бетіне көшіп
баруына рұқсат сұрап, өтініш жасады. Сөйтіп 1801 жылғы 11 наурызда
Ресей монархы I Павелдің жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол
астындағы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне көшуіне рұқсат етілді.
Бөкейдің өзіне Ресей императорының суреті бар алтын медаль
тапсырылды. Көшіп барған қазақтардың қоныстанған аумағы 70 мың
шаршы шақырым шамасында болды. Бөкей сұлтанның қол астындағы
қазақтар орналасқан бұл аймақ Ішкі Орда деп аталды. Ішкі Орда
батысында Астрахан, солтүстігі мен шығысында Саратов және Орынбор
губернияларымен шектесті, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Каспий
теңізі мен Жайық шекара шебіне барып тірелді.
Әкімшілік тұрғысынан алғанда Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына
бағынышты болды. Бірақ оның орналасқан аумағы Астрахан
губерниясына қарайтын. 1801 жылы Жайықтың оң жағасына 5 мыңға
жуық отбасы көшіп барды. Олардың басым көпшілігі таяуда ғана болып өткен көтеріліске қатысқандар еді
және қазақ қоғамының ең кедей бөлігі болып табылатын. Сырым Датұлы қазақтардың Жайықтың оңБөкей хандығының құрылуы 2
жағалауына қоныс аударуына қатты қолдау көрсетті.
Ол тіпті халық арасында ата қонысқа көшу жөнінде ықпалды үгіт жүргізді. Жайықтың оң жағына көшіп
барғандардың 15 мыңға жуығы кейінірек оның жақтастары болып шықты. Жайықтың оң жағалауына көшіп
барушылардың саны бірте-бірте арта түсті.
Мәселен, 1897 жылғы Ресей империясының Жалпыға бірдей алғашқы халық санағының көрсеткен нәтижесі
бойынша, Ішкі Ордада 207 мың қазақ болды. Кейінірек қазақтардың Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағына
өтуіне тыйым салынды.
Сонымен қатар қазақтардың кең-
берілмеді. Далалық қазақтардың да Ішкі Ордаға өтуіне шек қойылды.
1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берілді. Жартылай тәуелді жаңа мемлекеттік құрылым епдігі жерде
Бөкей хандығы (Ішкі Орда) деген атқа ие болды. Патша үкіметі келешекте одан империяға толық тәуелді
мемлекеттік құрылым жасамақ ниетте еді. Бұл ретте хандықтың жаңа билеушісі Жәңгірге үлкен үміт артылды.
Жәңгірдің билік басына келуі
Бөкей хандығының негізін қалаған Бөкей хан 1815 жылғы 12 мамырда қайтыс болды. Ол өзінің көзі тірсінде
хан атағын өз ұрпақтарының мұрагерлікпен иелену құқығын белгілеп, бекітіп қойған еді. Оның өсиеті
бойынша, хан тағы оның ұлы Жәңгірге қалдырылған болатын. Бірақ ол әлі небары 14 жаста еді. Сондықтан ол
ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанша хандықты Шығатай сұлтан билеп тұрды.
Жас мұрагерді тәрбиелеуді патша шенеуніктері өз қолдарына алды. Жәңгір ер жетіп, кәмелеттік жасқа
толғанша Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тұрды, сол кездегі үлгілі саналатын білім мен тәрбие
алды. Ол хан тағына тағайындалар кезге дейін жан-жақты толық әзірліктен өткен билеуші болып та үлгерген
еді. Жәңгір қазақ тілімен қатар орыс, араб және парсы тілдерін білді. Ол Қазан университетінде жиі болып
тұратын. Жәңгірдің университетте болған сапарларының бірінен кейін ондағы жергілікті ғалымдар «Қазақ
ханы Жәңгірдің Қазанда болуы» деген кітап жазды. Жәңгір Қазан үниверситетінің кітапханасына араб, парсы
және түркі тілдерінде жазылған ежелгі 6 құнды қолжазба тапсырды.
Жәңгір 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды және хандықты 20 жыл бойы басқарды. 1827 жылы
ол хандықтың орталығы
— Хан ордасының негізін
салынды. Хандыққа біртұтас басшылық осы жерден жүргізілді. Ханның үлгісі бойынша және оның тікелей
нұсқауымен Хан ордасында сұлтандар мен билер, старшындар да үй сала бастады.
Жәңгір хан билік басында болған уақыт қазақтардың бүрынғы дәстүрлі тұрмысына елеулі өзгеріс жасалған,
хан билігі күшейген, ислам дінінің ықпалы артқан, тауар-ақша қатынастары айналымға енгізілген маңызды
кезең болды.
Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, саяси даму барысындағы
өзгерістер
Бөкей хандығының қазақтары орыс шаруаларының және казактардың жан-жағынан қоршауы жағдайында өмір
сүрді, олар Жайықтың сырт жағындағы тайпалас туыстарынан бөлініп қалды. Сондықтан да уақыт өте келе
олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде бірқатар елеулі өзгерістер қалыптаса бастады. Ондай
жаңалықтардың енгізілуіне көбінесе Жәңгір ханның өзі бастамашы болды.
1. мұнда аймаққа басшылық етудің кейбір өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады. Өйткені Жәңгір ханның
толық ішкі автономиясы және өз алдына дербестігі сақталды. Оның қолына бүкіл әкімшілік және сот билігі
шоғырландырылған еді. Жәңгірдің тұсында әр руды оларды басқаратын старшындары арқылы жекелеген
сұлтандар билеп-төстеді. Рубасылары мен старшындарды ханның өзі тағайындады. Старшындарға еңбекақы
халықтан жиналатын салықтың есебінен төленетін. Зекет және соғым ретіндегі бұрыннан бар төлемдер енді
«мал басына салынатын салық» деп аталатын бір-тұтас ортақ салықпен ауыстырылды. Әркімнің
меншігіндегі мал басы үш жылда бір рет есепке алынып отырды. Өзінің жеке билігін нығайта түсу үшін ханБөкей хандығының құрылуы 3
сот билігін өзі қатаң бақылауда ұстады. Барлық азаматтық және қылмыстық істер қаралатын сот ісіне
ханның өзі тікелей қатысып отырды. Соттың қабылдаған шешімі мен шығарған үкімі жөнінде шағым
жасауға рұқсат етілмеді. Бұл ретте орыстарды күштеп тұтқынға алып, құлдыққа сатып жіберуге,
қарақшылықпен ел тонауға, адам өлтіруге қатысты мәселелерге байланысты қылмыстық істер бойынша ғана
шағым жасауға рұқсат етілетін. Ал мұндай қылмысты істерді Орынбор шекаралық комиссиясы ғана
берілген шағым бойынша қайта қарай алатын. Неғұрлым ұсақ-түйек істердің тағдыры билер сотында
шешіле беретін. Жәңгір хан билер сотының өкілдігіне едәуір шек қойды.
2. Ішкі Ордада жер учаскесін жеке меншікке беру кеңінен орын алды. Бірақ Кіші жүздің далалық бөлігінде
мұндай тәртіп атымен жоқ еді. Ханға, оның туған-туыстарына, сұлтандарға, билерге, қожаларға және
старшындарға ең шұрайлы жақсы жер телімдері олардың қалағанынша мол мөлшерде берілді. Мәселен,
Жәңгір ханның өзінің жеке меншігінде 400 мың десятинаға жуық жері болды. Оның бауыры Меңдігерейдің
жеке меншігінде де осыншама жайылымдық жері бар еді. Би Балқы Құдайбергенұлының жері де 300 мың
десятинаға жетті. 25—30 ірі жер иеленушінің қолына хандықтағы бүкіл жер көлемінің 85 пайызы
шоғырланды. Мұның өзі кейіннен халық көтерілісіне алып барып соқтырды.
3. Бөкей хандығы қазақтарының арасында жерді жалға беру кеңінен орын алды. Жердің жетіспеушілігінен
қазақтар жылжи-жылжи көршілес Астрахан губерниясының аумағына дейін шығып кетті, Каспийдің
жағасына дейін барып жетті. Қазақтар Каспийдің жағасындағы бос жатқан жер телімдерін жалға ала
бастады.
4. жердің сатылуы мен сатып алынуы, жерді қауымдасып пайдалану жүйесінің бұзылуы қазақтардың жаппай
отырықшы өмір салтына көшу үрдісін күшейтті.
5. Бөкей хандығында, Кіші
жүздің басқа бөлігіндегіге
сауда-саттық қызу қарқынмен дамыды. 1832 жылы Жәңгір хан Бөкей хандығының өз жәрмеңкесін
ұйымдастырды. Ол жылына үш рет ашылып тұрды, ханның қол астындағы халық өздерінің малын тиімді
айырбастауды және сатуды үйренді. Сауда-саттықтың дамуына бұл аймақтың географиялық жағдайы да
оңтайлы ықпал етті. Жәңгір хан сауда жасау ісіне қолдау көрсетіп, көтермелеп отыру саясатын жүргізді.
Атап айтқанда, жәрмеңкеге саудагерлерді тарту үшін оған төленетін баж салығын ең төмен мөлшерде
белгіледі. Сату және сатып алу ісінде жазбаша келісімшарттар жасасу, тілхаттар беру тәртібін енгізді.
Ханның қол астындағы адамдардың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, орыс көпестеріне оның өзі
кепілдік беретіндігін мәлімдеді. Сөйтіп Ішкі Орда қысқа мерзім ішінде Ресейдің еуропалық бөлігіне мал
және мал өнімдерін бере алатын ірі орталыққа айналды.
Жәңгір ханның мәдени-ағарту саласындағы қызметі
Мешіттегі намаз.
Хан өзінің қол астындағы халықтың сауатын ашу, Еуропа мәдениеті
мен білімін енгізу саласында қыруар көп жұмыстар атқарды. 1835
жылы Жәңгір ханның тікелей нұсқауы бойынша мұсылман мешіті
ашылды. Хан қазақ ауылдарындағы молдалардың санын арттырды.
Олар хатшылық және рухани ұстаз міндеттерін қоса атқарды. Хан
Аллаға қалай кұлшылық етудің үлгісін өзі бас болып үйретті.
Ресейдің зерттеуші ғалымы А. Алекторовтың айтуына қарағанда,
“
хан бірде-бір рет намазын қаза қылмаған, жұма сайын сұлтандармен бірге мешітке барып тұрған, рамазан айындагы ораза
кезінде онда таң атқанша болып жүрген.
”Бөкей хандығының құрылуы 4
1841 жылы Жәңгірдің өз бастамасы бойынша алғашқы зайырлы мектеп ашылды. Жәңгір хан ондағы
шәкірттердің тізімі мен сабақ үлгеру бағаларын жылына үш рет өзі қарап, тексеріп отырған. Ол мектептің
бүкіл шығынын өз қаржысының есебінен өтеген. Жәңгір хан қазақ балаларының Ресейдің оқу орындарында
оқуын жақтап қана қойған жоқ, сонымен қатар балаларды Санкт-Петербургта, Мәскеуде, Астраханда,
Саратовта, Қазанда және Орынборда оқытуға жеке өзі көп күш-жігер жұмсаған. Мәселен, өзінің қол
астындағы халықтың балаларын оқыту үшін Орынбордағы Неплюев кадет корпусынан 10 орын берілуіне қол
жеткізген. Бөкей Ордасына барып оқығандардың бірқатары кейінірек көрнекті инженерлер, орманшылар,
әскери қызметшілер, ғалымдар ретінде даңққа бөленді.
Жәңгір хан барлық жерде іс қағаздарын жургізу тәртібін енгізді, жеке өзінің мурағат қызметін құрды.
Денсаулық сақтау саласында хан жұқпалы ауруларға қарсы егу практикасын енгізді. Оның күш-жігер жұмсауы
арқасында Ішкі Ордада аурухана және дәріхана ашылды.
Ол далалық жағдайда бірінші болып Ішкі Орданың топонимикалық және географиялық картасын жасатты.
Жәңгір хан аң аулауды өте жақсы көрді. Ол қару-жарақ палатасын ашу жөнінде де бастама көтерді. Бірақ оны
жасау ұзақ жылдарға созылды. Онда сирек кездесетін қару-жарақ түрлері, соның ішінде орыс патшаларының
қазақ хандары мен сұлтандарына сыйға тартқан мылтықтары мен қылыштары да болды. Палатада қымбат
бағалы, әшекейлі ер-тұрмандар, ат әбзелдері, жүгендер, сауыттар, дулығалар, қалқандар сақталды.
Қару-жарақ палатасында Жәңгір хан өзі бас болып,
экскурсиялар өткізіп тұрды, тіпті Хан ордасы жанындағы
мектептің оқушыларынан өзі емтихан қабылдап та жүрді.
Бөкей хандығының билеушісі көшпелі қазақтардың
отырықшылық өмір салтына көшуін қолдап, көтермелеп
отырды, шөп шабуды үйретті. Ол мал тұқымын асылдандыру
ісіне де белсене араласты.
Ресейдің еуропалық бөлігінен ауыл шаруашылық
құрал-саймандарын көптеп жеткізуге нұсқау берді. Жәңгір
ағаш отырғызу ісіне көп көңіл бөлді. Оның тікелей нұсқауы
бойынша 50 мың гектар жерге ағаш отырғызылып,
көгалдандырылды. Ағашты кескен, сындырып бүлдірген
айыпты адамға 25 рет дүре соғылған. Сөйтіп бір кездегі құм
басқан шөл дала гүлденген алқапқа айналды.
Жәңгір ханның прогресшіл мемлекет қайраткер ретінде
сіңірген еңбектері елеусіз қалмады. Ол Бөкей хандығын
басқару ісіндегі жетістіктері үшін 1-дәрежелі Қасиетті Анна
орденімен марапатталды. Жәңгір хан 42 жасында
генерал-майор шеніне ие болды, ал 43 жасында Қазан
университеті Ғылыми кеңесінің құрметті мүшесі болып сайланды.Бөкей хандығының құрылуы 5
Жәңгір ханның қайтыс болуы
Жәңгір хан 1845 жылы қайтыс болды. Оның отбасында екі әйелі, алты ұлы, үш қызы қалды. Жәңгірдің төрт