Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы.(1941-1945)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 19:28, реферат

Краткое описание

1941 жылдыц 22 маусымында фашистік Германия эскері Кецес Одагына түтқиылдан, согыс жарияламастан басып кірді. Кецес халқыныц ¥лы Отан согысы, ягни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету согысы басталды. Кецестік эскери күш бейбіт уақыт жоспа- рынасайорналасқандықтансогыс қимылдарыбасталганаумаққатар- тылуы барысында, жау согыстыц алгашқы бес айында мемлекеттіц 5% халқы түратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-га қарсы барлық қарулы күшініц 70% — 5,5 млн адамнан түратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мыц үшақ шогырландырды

Содержание

Негізгі бөлім.
1.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы.(1941-1945)
1.1 Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.
1.2 Мәскеу шайқасындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтар.
1.3Ленинград,Сталинград шайқасындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тарихххх.docx

— 37.72 Кб (Скачать документ)

Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық партизандар эртүрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді. А.С.Егоров пен Ф.Ф. Озмительге Кеңес Одагының Батыры атагы берілді.

Согыстан кейінгі жылдары орталық партизан штабының шешімімен тәжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері аумагын аттандырды. Оларга партизан отрядтарын үйымдастыру тапсырыл- ды. Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны, ал А.С.Егоров Словакияны, С.О.Төлешов, Н.Супронов, Сарсенгалиев, А.Г.Акимин — Польшаны жаудан азат етуге ат салысты. Жүздеген қазақстандық согыс түтқындары Франция, Италия, Бельгия, Югос- лавия, Греция жэне т.б. Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне белсенді қатысты. Соңғы мәліметтерге сай, тек Франция, Бельгия, Италия аумақтарындағы партизан қүрылымдары қатарында 180 қазақстандық болган.

Согыстың алдында Розенберг идеясы бойынша, Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Иран, Ауганстан аумақтарын біріктіріп ислам пан- түріктік “Гросс Туркестан” немесе “Пантуркестан” мемлекетін қүру көзделеді. Бірақ та “Гросс Туркестан” идеясы жүзеге аспа- ды. Оныц орнына рейх 26 жаяу батальон, 111 рота жэне жүк тасу- шылар колоннасынан түратын Түркістан легионын қүруды жо- спарлады. 1942 жылы қүрылган Түркістан легионы қүрамында неміс эдебиеттерінде 1 миллион, тарихшы Раух 650 ООО адам, ал қазақстандық мамандар 180 000 — 250 000 адам болган деген мәлімет береді. Түркістан легионын қолдаушы қазақ зиялысы — М.Шоқай Түркістан легионы қүрамындагы эскери қүрылымдарды қажет деп таппаган. М.Шоқай фашистер лагерінде зардап шеккен жандарды қайтадан майданга жіберу адамгершілікке жатпайды, керісінше, оларды Германия зауыт-фабрикаларына жіберіп, болашақ Түркістан мемлекетіне маман-кадрларды даярлау идеясын үсынады. Өкінішке орай, М.Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болып, бүл идеясы жүзеге аспайды. Фашистер Түркістан легионы қүрамындагы бір батальонды 1942 жылы алғаш рет Воронеж майданы маңында қызыл Армияга қарсы согысқа қатыстырады. 193 легионер согыспай Қызыл Армия жагына шыгып кетеді, ал батальон басшысы Бақыт Байжановты фашистер түтқындайды. Өйткені, легион қүрамына эскери түтқындардың басым бөлігі фашистік концлагерьлерден шыгу мақсатымен гана кірген. Олардың көбі жергілікті парти- зандармен байланысып, фашистерге қарсы партизан қозгалысы қүрамында согысады. Майданга түскен жагдайда Қызыл Армия жагына өткен. Өкінішке орай, бүл жагдай ескерілмеген. Отанында олар “РКФСР Қылмыстық істер кодексінің” 58-1 б, 58-3, 58-9, 59-10, 58-11 баптарымен жазаланып, “сатқын” деген лақапқа ие болып, үрім-бүтақтарына дейін қудаланды. Француз тарихшысы Клод Дельпла түркістандықтар партизандық қозгалыстарга көптеп тартылып, үлкен ерліктер танытты дейді. Ал, неміс тарихшысы Патрик фон Мюллер олардыц қиын тагдырын аяп, свастика мен қызыл жүлдыз арасында қалгандар деген сипат береді.

1.2 Мәскеу шайқасындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтар.

Күзге қарай дұшпан Балтық жағалауын, Белоруссияны, Молдованияны, Украинның едәуір бөлігін жаулап алып, Ленинград пен Қырымды қоршады. Батыс бағыттағы кеңес әскерлерін тас-талқан ету, Мәскеуді алу және соғысты қысқа қарай жеңіспен аяқтау мақсатымен «Тайфун»  операциясына дайындық асығыс-үсігіс аяқталды. Шабуылға дайындалған әскерлер кеңес әскери бөлімдерінен адам саны бойынша 1,4 есе; танк бойынша 1,7 есе; қару-жарақ пен миноменттер бойынша 1,8 есе; ұшақтар бойынша 2 есе асып түсті.

Немістер шабуылды 28 қыркүйекте бастап, кеңес әскерлерінің қорғанысын бұзды және Вязьма түбіндегі Батыс майданның, Трубчевск түбіндегі Брянск майданының негізгі күштерін қоршап алды. Бірақ оның Мәскеуге лап қою және оны алу жоспары орындалған жоқ: кеңес әскерлерінің вяземдік құрамалары 7-10 күнге дұшпанның отызға жуық дивизиясын құрсауға алды, ал Брянск майданының құрамалары үлкен шығындарға ұшыраса да, толық құрамда дерлік қоршауды бұзып шықты. Инженерлік әскерлердің және Мәскеу іргесіндегі тұрғын халықтың Можайск қорғаныс шебін алдын ала жасауы екінші себеп болды, оған Жоғарғы Бас командованиесінің ставкасы резервтен және басқа майдандардан 14 атқыштар дивизиясын, 16 танк бригадасын, 40 артиллерия полкін және басқа да бөлімдері және басқа дат бөлімдерді жеткізді. Біздің әскерлеріміздің кейінгі ұрыстарда көрсеткен қиян-кескі қарсылықты дұшпанның жоспарларының сәтсіздікке ұшырауының үшінші, аса маңызды себебі болды. Можайск қорғаныс шебінің бекініс аудандары соғыс учаскелеріне айналды, оған келіп жатқан құрамалар мен бөлімдер сап түзеді.

Малоярославль соғыс учакесіне полковник А.Ф.Наумовтың ақтөбелік 312-атқыштар дивизясы орналасты. Ақмола станциясы  казагының ұлы, Сарысу болысының, содан кейін Пішпек уезінің бұрынғы кеңсе хатшысы болған ол, Ташкенттегі прапорщиктер мектебін бітіргеннен кейін Бірінші дүнеижүзілік соғысқа қатысып, екі орден алды. 1918 жылғы қаңтардан Қызыл Армияда қызмет етті, герман және поляк әскерлеріне, басмышыларға қарсы соғысты. Орта Азияда әскери қызметте болды. Ол Шығыстану жоғары әскери мектебін бітірді және дивизия командиріне дейінгі бүкіл командалық сатылардан өтті.

А.Ф. Наумовқа, соғыс учаскесінің бастығы ретінде, Подольск жаяу әскер және артиллерия училищелерінің курсант полктері, 108-қосалқы атқыштар полкінің екі атқыштар батальоны, екі пулеметшілер батальоны, шегінген және тобымен немесе жеке-жеке қоршаудан шыққан солдаттар мен офицерлерден құралған ондаған еркін отрядтар, 5 артиллериялық полк, реактиві пқондырғылардың 3 дивизионы, 4 от атқыш рота бағынды. Олардың көпшілігі қорғаныс ауданына дивизиядан бұрын келді, сондықтан дивизия бөлімдеріне позицияларға үзік-үзік жайғасуға тура келді де, бұл келесі ұрыстарда оларды басқаруды қиындатты.

11 қазанда-ақ Павлищево  және Юрьевское селоларының шебіне  қарай жылжыған капитан А.М. Автандиловтың 1083-атқыштар полкі Боровсіден 25 км  оңтүстік-батыс тұста жаудың алдыңғы  шептегі бөлімдерімен бірден  шайқасқа түсті. «Командир Наумовтың  жауынгерлері, — деп жазды 28 қазанда  «Красная звезда» газеті,- дұшпанға  тегеурінді шабуыл жасады. И. (Ищейно. – авт.) пункті іргесінде немістер  артиллериядан, минометтен және  пулеметтен оқ жаудырып, тегеурінді  қарсылық көрсетті. Біздің жауынгерлеріміз  ерен ерлікпен шайқасты». Екі  күндік шайқас барасында село  бірнеше рет қолдан-қолға өтті. Жүздеген адамдары оққа ұшып, жараланған, сондай-ақ 2 ұшағы, 13 танкі  және 10 автомашинасы қираған жау  қорғанысқа көшті.

Сол ауданда Тяпино селосының түбінде дивизияның 859-артиллерия полкінің 2-батареясы өшпес ерлік жасады. Ол жаяу әскердің бір батальонға тарта адамдарын және дұшпанның шабуылға шыққан 39 танкісінің 10-ын жойды. Қиян-кескі шайқастан кейін сапта небәрі 13 адам және батареяның командирі В.И. Житников қана тірі қалды. Юрьевское селосының П.И. Брагина бастаған комсомол қыздары 17 жаралыны оқ астынан алып шығып, емдеді.

Сол жақ қанатта подполковник К.М. Андрусенконың 1081-атқыштар полкі қорғаныс құрды. Осы маңға 12 қазанда келіп жеткен жау әскері Калуга облысының аудан орталығы Детчино селосын алуға ұмтылды. Қорғаныстағылардың қатты қарсылығынан тойтарыс алған жау селоның оңтүстік іргелеріне бекінуге тырысты. Алайда  13 қазанда таңертең полк батыл қарсы шабуылымен дұшпанды бірнеше километрге кейін шегіндірді. Тек 16 қазанда ғана немістер екі жаяу әскер дивизиясымен Детчиноны үш жақтан қоршап алды. Қазақстандықтардың қолдарында штабпен және дивизияның тылымен байланыстыратын тар дәліз ғана қалды. Оны ұстау барған сайын қиындай түсті. Наумов өзінің жаяу әскерлермен шайқасқан ең соңғы резерві – барлау ротасын, байланысшылар мен зенитшілерді көмекке жіберді. Бір күннің ішінде олар жаудың 4 шабуылын тойтарды. Дивизия командирі кешке армия командирінен Детчиноны қалдыруға рұқсат сұрады. Бірақ рұқсат қоршаудың шеңбері тарылғаннан соң, бір тәуліктен кейін ғана келді.

Полк үш тәулік бойы селоны ұстап тұрды, содан кейін қоршаудың шеңберін бұзып өтіп, Нара өзенінде бекініп жатқан дивизияға айдың аяғында ғана келіп қосылды.

Ильинское селосының шығыс жағындағы Варшавское тас жолынан Калуга тас жолына дейін подполковник А.А. Бурковтың 1079-атқыштар полкі бекініс құрған дивизияның қорғаныс шебіне жау әскері 12 қазанда жетіп, Машкино селосын басып алды.

Келесі күнне шайқас полктің бүкіл учаскесінде жүрді, тек 17 қазанда ғана кешке қарай жағдай өте қиындап кетті. Немістің моторландырылған корпусы бекініс белдеуінің көршілес оң қанаты тұсынан Малоярославецке қарай лап қойды, ал Детчиноны алған жаудың жаяу әскер дивизиясы Ерденово және Караськово селоларына жақындады.  Дивизияның штабы, тылдары мен 1079-полкі жартылай қоршауда қалды. 18 қазанда түнге қарай шегінуге бұйрық келді. Көршілермен байланыс үзілген, оқ-дәрісі мен азық-түлігі тапшы халде орман іші жолымен және батпақты жерлермен шегінуге тура калді. Дегенмен бөлімшелер 25 қазанда Нара өзеніне қарай шегініп, Чернишня және Ильино деревняларының түбінде жауды тоқтатты.

Ақтөбелік 312-дивизия қысқа уақыт ғана қатарда болды, алайда командование тарапынан жоғары баға алды. Мәскеу шайқасын еске алған маршал Жуков: «Малоярославец түбінде полковник А.Ф. Наумовтың 312-атқыштар дивизиясының бөлімшелері асқан ерлікпен шайқасты»,- деді.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Сырдария облысы Әулиеата уезі Күйік болысының №3 ауылында дүниеге келді. 1928 жылы 7 жылдық мектепті бітірген ол мұғалім, ауаткомның хатшысы және оның төрағасының орынбасары, республика мемжоспарлау комитетінің әкімшілік-қаржы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 1932-1934 жылдарда қатардағы жауынгер, бір жылдық курсты бітіргеннен кейін Термезде атты әскер полкінде взвод командирі болып қызмет етті. Әскер қатарынан қайтқаннан кейін Мембанктің республикалық кеңсесінің аға кеңесшісі болды. 1936 жылдың наурыз айынан әскерге қайта алынды, алдымен Қиыр Шығыста, содан кейін Украинада әскери міндетін өтеді. Танкіге қарсы батарея взводының командирі, толық емес ротаның командирі, полк штабы бастығының орынбасары болды. 1941 жылы қаңтарда оны өз өтініші бойынша Қазақстанға ауыстырып, республикалық әскери комиссариаттың әскерден тыс дайындық жөніндегі аға нұсқаушысы етіп тағайындайды.

Аға лейтенант Момышұлы 316-дивизияға 1073-атқыштар полкінің 1-атқыштар батальонының командирі болып ең алғашқылардың қатарында қабылданды. Сол батальонмен Руза өзенінің шығыс жағасында Новлянское, Лазарево селоларының төңірегіндегі 207,9 биіктікте орналасты. 18 қазанда 100 адамнан тұратын отрядпен неміс әскерлерінің тылында Середа селосындағы жолдардың торабына шабуыл жасады. Осы ойдағыдай шабуылдан кейін командир мен жауынгерлер өз күштері мен қаруына сеніп, жігерлене түсті.

Байқап отырғанымыздай, полктің барлық солдаттары мен офицерлері табандылықпен шайқасқан. Соғыстың тарихына енген ұжымдық ерлікті осы полктің жауынгерлері Дубосеково разъезінің түбінде де жасады, олар ақырғы қасық қаны қалғанша айқаласып, дұшпанның танктері мен әскерлерін ішке бір табан да аттатпады. Кейіннен солардың 28-іне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сол күні Строково деревнясының түбіндегі ұрыста 1077-атқыштар полкісінің саперлері кіші лейтенант П.И. Фирстов, саяси жетекші А.М. Павлов, аға сержант А.Н. Зубков, сержант Д.К. Маторкин және қатардағы жауынгерлер П.П. Гениевский, Е.А. Довжук, П.Г. Калюжный ерліктің ерен үлгісін көрсетті.

Дивизия бөлімдерінің солдаттары мен офицерлері көрсеткен осы және басқа ерліктерін бағалауға сөз жетпейді. Алайда осындай командирлерді де, атап айтқанда, дивизияның командирі И.В. Панфиловты да естен шығармау парыз. Солдаттар оны жақсы көріп, жауынгерлерге жасаған қамқорлығы, ықыласы, әсіресе тактикалық біліктілігі, тапқыр да ақылды әскери басшылығы үшін «батя» деп атаған. Генерал И.В. Панфилов танкіге қарсы тірек орындарын және оларға атыс қаруларын орналастырудың жүйесін жетілдірді. Осы тәсіл арқылы электр жылытқышының өзегін орағандай танк қаупі төнетін жолдар мен бағыттарға бекініс шебін «шырмай»  орналастырды. Қорғаныс шебінің бірнеше қабат болуы арақасында ол ұрысқа оңтайлы әрі төзімді келді. Дивизия осы тәсіл арқылы қазан-қараша айларындағы ұрыстарда жаудың танк, моторландырылған және екі жаяу әскер дивизиясын тас-талқан етіп, 9 мың басқыншыны, 80-нен аса танкін және басқа да көптеген соғыс техникасы мен қару-жарақтарын жойды. 316-дивизия республикада жасақталған ең бірінші гвардиялық дивизия болды және ол Қызыл Ту орденімен марапатталды. Сол күні Волоколамск ауданының Гусенево деревнясындағы дивизия штабының ғимараты жанында мина жарықшағы тиіп, өте ауыр жараланған генерал-майор И.В. Панфилов госпитальға апара жатқан жолда қайтыс болды. 1942 жылы 12 сәуірде марқұмға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Одан бұрын құраманың әскер құрамының өтініші бойынша, 16-армия мен Батыс майданы әскери кеңестерінің қолдауымен 8-гвардиялық атқыштар дивизиясына оның бірінші командирінің есімі берілді.

Мәскеу шайқасындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтар.

Е.П.Рыков.

  • Дивизия комиссары.
  • 1941 жылғы қыркүйекте оңтүстік-батыс майдан Әскери Кеңесінің мүшесі басқарған 800жауынгер 3 тәулік бойы шайқасып, бәрі қаза тапты.
  • Киевтегі орталықтағы көшеге жане Катонқарағай орта мектебінде Е.П.Рыков есімі берілді.

К.А.Семенченко.

  • Танк әскерлерінің генерал-майоры.
  • 1941 жылы 22 шілдеде соғыс тарихында алғаш рет Кеңес одағының Батыры атағын алған қазақстандық.

Бақытораз Бейсекбаев.

  • Ұшқыш.
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында бірінші болып жанған ұшағын жау тобына бағыттап ерлік көрсеткендер А.Маслов экипажы болды. Соның құрамында олда болған.
  • Ресейдің батыры.
  • 1998 жылы Қазақстанның Халық Қаһарманы атанды.

Л.А.Владимирский.

  • Қара теңіз флотының контр-адмиралы.
  • Атыраулық батыр, ерлігімен ерекшеленді.

В.Г.Клочков.

  • Ротаның саяси жетекшісі.
  • «Ресей кең-байтақ, брақ шегінерге жол жоқ, артымызда Мәскеу» ұраның көтерді.

И.В.Панфилов.

  • 316 дивизия командирі, генерал.
  • 1941 жылы 18 қараша ерлікпен қаза тапты.

Б.Момышұлы.

  • Батальон қолбасшысы, жазушы.
  • Соғыста ерлікпен шайқасты.
  • Б.Момышұлына 1990 жылы қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

Мәлік Ғабдуллин.

  • Ротаның саяси жетекшісі.
  • Ерлігі: ол басқарған автоматшылар тобы жау танкісін жойып, бөлімшелерін жау қоршауынан алып шықты.
  • Кеңес Одағының Батыры.

1.3Ленинград,Сталинград шайқасындағы ерлік көрсеткен қазақстандықтар.

Сталинград майданының көптеген әскери белімдері, материалдық, техникалықбазалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты. Батыс Қазақстан жерінде 20-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн сом шығын келтірді.

Информация о работе Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы.(1941-1945)