Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 15:34, курсовая работа
Енді ұлт тілінің мемлекеттің қолдауымен ортақ тілге айналу процесі бұрынғыдан да тереңдей түседі. Алдымызда өзіміздің ғана емес, өзгелердің де осы тілде, ана тілімізде сөйлейтін шағы тұр. Ол - республика тұрғындарының қазақ ұлтының төңірегіне топтасып, рухани мүдде тоғыстыратын тұсы. Бұл үрдістің республикадағы ішкі ахуалға тәуелді эволюциялық пісіп-жетілу жолы бар. Оған тосыннан араласу, саяз ғылыми пәлсапалық тұжырымдармен килігіп, қазақтың ұлт болуы елдің бірлігіне кедергі келтіретіндей этносқа айналдыруға әрекеттену, сондай-ақ ұлттық қызба сезімдерге бой ұру мемлекеттің нәтижесін беріп отырған саясатына кері ықпалын тигізеді. Ұлттық мүдде ұлттық биіктен қарауды талап етеді.
КІРІСПЕ..........................................................................................................4
1 ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС.........................................................6
1.1 Тәуелсіздік тұғырында....................................................................6
1.2 Тіл мен ұлт тұтастығы.....................................................................8
1.3 Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық мемлекет құрудағы ролі.........................................................................................13
1.4 Тәуелсіздік толғаныстары..............................................................19
1.5 Тарихи кезең сабақтары..................................................................23
1.6 Қазақстан – әлемдік қоғамдастық мүшесі......................................27
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…................................……33
Н.Назарбаевтың жетекшілігімен «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» әзірленіп, мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды. «Қазақстан даму стратегиясының» іске асырылуының нәтижесінде 1999 жылдың аяғына таман Қазақстанда экономиканың тұрақты және шапшаң өсімі, өндіріс көлемінің ұлғаюы, қаржы ресурстарын жинақтау үрдісі белгіленді.
1997 жылы 20 қазанда
Н.Назарбаев Ақмола қаласын
Н.Назарбаевтың экономист және саясаткер ретінде жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Экономиканың қарқынды өсуі мемлекет басшысына ауылды дамыту, кедейшілікпен күрес, тұрғын үй құрылысын дамыту т.б. шараларды көздейтін ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Осы реформалардың нәтижесінде Қазақстан экономикасына 30 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды. Президенттің тапсырмасы бойынша Индустриалды-инновацияның даму стратегиясы әзірленіп, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды.
Елдің ішкі саясатында Н.Назарбаев Қазақстан қоғамын демократияландыру мәселесіне мән береді. Қазақстанда демократиялық институттардың дамуы дәйекті жүргізілді, елде саяси плюрализм мен көп партиялық жүйе орнықты.
Н.Назарбаев
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
және мемлекеттілікті сақтап қалу ең
басты мақсат деп санайды. Оның бастамасымен
ұлттық қауіпсіздікті нығайту
Н.Назарбаев
қазіргі заманғы әлемдік
Н.Назарбаевтың түрлі мәдениеттер, діндер, өркениеттер арасында жүйелі сұхбат орнату бағытында жүргізіп отырған салиқалы саясаты ерекше мәнге ие.
Н.Назарбаев ғылымның дамуына, білім беру жүйесін реформалауды іске асыруға қомақты үлес қосып келеді. Ол Қазақстан халықтары ассамблеясының жетекшісі (1995) және Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы (1992), сондай-ақ Орта Азия мен Қазақстан халықтарының достығы қорының құрметті төрағасы ретінде елде азаматтық келісім ахуалын орнықтырып, Еуразия кеңістігінде, күллі әлемде бейбітшілік пен татулықты сақтауға, халықаралық, саяси, экономикалық, мәдени ынтымақтастық аясын кеңейту үлесін қосып келеді.
1992 жылы Назарбаевқа «ТМД-дағы
аса маңызды
1998 жылы Желтоқсанда Түркия
Республикасының 75 жылдығына орай
«Түркі әлемі халықтарының
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасуы мен қарқынды дамуының және қоғамды жаңаша реформалаудың нақты стратегиялық, концептуалдық үлгісін ұсынып, оны жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсап, саналы ғұмырын арнап келе жатқан ұлы қайраткер.
Бодандықтан бостандыққа қадам басқан жаңа тұрпатты мемлекеттің күрделі кезеңінде Президент еліміздің ертеңі мен болашағы үшін ұлттық мемлекеттің мызғымас негізін қалап, ғасырлар бойы аңсаған азаттықтың баянды болуы мақсатында тың жол – қазақстандық жолды қалыптастырды.
Елбасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің бай тәжірибесін таразылай отырып, тәуелсіздігін жаңа алған еліміздің жаһандық өркениет көшіне қосылуының бірден-бір дұрыс жолын нұсқап және жүзеге асыруды өз жауапкершілігіне алып, оны жыл сайынғы халыққа арналған Жолдауларында егжей-тегжейлі баяндап келеді. Сонымен бірге, Президент тәуелсіздіктің толыққанды шежіресін жазу міндетін де ұлт зиялыларының алдына талап етіп қойды.
«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» көптомдық жас мемлекеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұлан-ғайыр еңбегін, дүниежүзілік қауымдастықтың осыны қалай мойындап отырғанын дәлелдейтін құжаттарға, дерекнамаларға негізделген.
Кітаптың бірінші томы еліміздің тағдыры үшін және Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке басы үшін орасан зор маңызы болған тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының құрылуы мен орнығу тарихының алғашқы жылдарындағы мемлекеттік мүдде, ұлттық қауіпсіздік, аймақтық және әлемдік шынайы келбеті мен бағыт-бағдары сияқты өзекті мәселелерге арналған.
«Тәуелсіздік шежіресіне» Елбасы қол қойған мемлекеттік маңызы бар құжаттар – Жарлықтар, Заңдар, Өкімдер, Қаулылар енгізілген.
«Елбасы жолдады – елі қолдады» делінетін серияда Президенттің 1996–2008 жылдар аралығындағы Қазақстан халқына Жолдаулары толық қамтылған.
"Елмен сырласу” Елбасының Қазақстан Республикасы Парламенті отырыстарында, баспасөз конференцияларында, ел алдында сөйлеген сөздері, көгілдір экранда тікелей эфир арқылы еліміздің көркеюі жолындағы көкейкесті мәселелерді көтерген баяндамалары, сөздері, ел және шетел журналистеріне берген сұхбаттары жинақталған.
Еліміздің Егемендігін жариялаған кез есіме түссе, тұтастай Ұлттық қуанышты көргендей боламын. Бабалардың талай ғасыр аңсаған арманына біздің ұрпақ қол жеткізді. Бұдан артық қуаныш бар ма? Бұл – бақыттылыққа қол жеткізген ұлттың қуанышы еді. Адамның ең басты бақыты – Тәуелсіздік. Ұлттың да басты бақыты – осы. Ендеше мен бүкіл қазақ өз бақыты үшін қуанды десем қателеспеспін. Осынау қуанышты көтеріңкі көңіл-күй көпке созылмады. Себебі, бір-бірімен шиеленісе байланысқан Кеңестік экономика республикалар оңаша отау тігіп шыққан кезде жекелеп күн көруге дәрменсіз болып шықты. Бұл – тек біздің Қазақстанның ғана басынан кешкен құқайы емес, тіпті құламас алып теректей болып көрінетін Ресей Федерациясы да теңселіп кетті. Экономикалық кері кету, асқынған инфляция басталды.
Сол бір қиын
шақта Елбасымыз Нұрсұлтан
Ел әлденіп, тұрақты даму арнасына түскен кезде Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан бәсекелестікке қабілетті әлемнің елу елінің сапында болуы керек», – деген мәлімдеме жасады. Осы мәлімдемесін жүзеге асыру барысында «Интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру» идеясын өмірге әкелді. Байқап отырсақ, Президентіміз о бастан-ақ «Гүлденген Қазақстанды» қалай жасауға болатынын жоспарлап қойған секілді. Сондықтан да дамуымыз секірістік сипатта болмай, ырғақты эволюциялық мәнге ие. Міне, осындай табиғи даму бағдарламасының жүзеге асуы әлемді «бір тарының қауызына сыйдырған» дүниежүзілік дағдарыс кезінде өміршең және төзімді жол екенін дәлелдеп шықты. Дағдарыстан енді «индустриялды-инновациялық» жолмен жүреміз деген қорытынды жасадық. Бұл ел мерейін одан сайын өсіре түсетін жол екені анық.
Таяуда Елбасымыз шетелдік инвесторлармен жиырма екінші арнайы ресми кездесуін өткізді. Сонда табиғи байлықтарымызды игерушілерге былай деді: «Осы уақытқа дейін Қазақстан – шикізаттық, аграрлық ел болып келді. Енді бұлай жүре бермейміз. Экономиканы көптараптандырып индустриялды-инновациялық дамуға басымдық береміз. Бұған сіздер де үлес қосуға тиіссіздер. Келіспейтіндеріңізбен әңгіме басқаша болады. Мәселен, көмір сутектерін өндіріп, экспорттаушылар елімізде мұнайгаз химиялық кешенін өмірге әкелсін, металлургия саласындағылар руданы тереңдете өңдеп, экспорттасын».
Ғалымдар мен мамандардың көптен айтып жүрген ойын енді Нұрсұлтан Әбішұлы қуаттап, қолдап шықты. Былай қарағанда, Қазақстан осы уақытқа дейін 1000 метр тереңдіктегі теңіз астынан мұнай өндіруге қол жеткізіп, онсыз да индустриясы дамыған елдер қатарында тұр. Ал, Президентіміз бұған тоқмейілсімей, Қазақстанды мұнайгаз химиясы ерекше дамыған елдер қатарына қосуды жоспарлаған. Қазіргі зерттеулерге қарағанда, шикі мұнай экспортына қарағанда оны тереңдете өңдеп, алған өнімді экспорттаудан түсетін пайда 10-15 есе мол екен. Олай болса, Елбасымыз Отандастарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын осындай жаңа жолдар арқылы сапалық биікке көтеруді күн тәртібіне енгізген деп қарастыру керек. Мұндайда қазақ: «Алла, алдымыздан жарылқағай», – деп тілейді. Бұдан 18 жыл бұрын қол жеткізген Тәуелсіздікті баянды етуде бұдан артық жол бар ма?!
1.4 Тәуелсіздік толғаныстары
«…Уақыт қарқыны
зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар
бүгінде тарих беттеріне
Адам адам
болып жаралғаннан бері ұлан-
Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.
Қазақстан
Республикасы Еуразия
Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Батырлар жырындағы:
Атам күйеу болған жер,
Анам келін болған жер,
Кіндік қаным тамған жер,
- деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген.
Қазақ батыр
халық, ержүрек халық,
Информация о работе Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы мемлекеттік ұлттық құрылыс