Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 15:34, курсовая работа
Енді ұлт тілінің мемлекеттің қолдауымен ортақ тілге айналу процесі бұрынғыдан да тереңдей түседі. Алдымызда өзіміздің ғана емес, өзгелердің де осы тілде, ана тілімізде сөйлейтін шағы тұр. Ол - республика тұрғындарының қазақ ұлтының төңірегіне топтасып, рухани мүдде тоғыстыратын тұсы. Бұл үрдістің республикадағы ішкі ахуалға тәуелді эволюциялық пісіп-жетілу жолы бар. Оған тосыннан араласу, саяз ғылыми пәлсапалық тұжырымдармен килігіп, қазақтың ұлт болуы елдің бірлігіне кедергі келтіретіндей этносқа айналдыруға әрекеттену, сондай-ақ ұлттық қызба сезімдерге бой ұру мемлекеттің нәтижесін беріп отырған саясатына кері ықпалын тигізеді. Ұлттық мүдде ұлттық биіктен қарауды талап етеді.
КІРІСПЕ..........................................................................................................4
1 ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС.........................................................6
1.1 Тәуелсіздік тұғырында....................................................................6
1.2 Тіл мен ұлт тұтастығы.....................................................................8
1.3 Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық мемлекет құрудағы ролі.........................................................................................13
1.4 Тәуелсіздік толғаныстары..............................................................19
1.5 Тарихи кезең сабақтары..................................................................23
1.6 Қазақстан – әлемдік қоғамдастық мүшесі......................................27
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…................................……33
Қазақстан – Европа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастық Ұйымына (ОБСЕ) төрағалық ететін бірінші ТМД елі. Сондай-ақ, бірінші түркі елі, алғашқы мұсылман елі және тұңғыш азиялық мемлекет.
1.2 Тіл мен ұлт тұтастығы
Еліміз тәуелсіздік алған күннен бері қазақ ұлты мен тілін тарихи тағына отырғызып, мәртебесін биіктету жолындағы күрес, негізінен, екі бағытта көрініс тауып келеді. Оның бірі - республиканың этникалық құрамы мен Қазақстанның халықаралық қатынастағы саяси-әлеуметтік ұстанымдары терең зерделенген мемлекеттік қадам.
Екіншісі - кейбір қоғамдық ұйымдар мен жекелеген ұлт зиялыларының тіл мен ұлт үстемдігіне қол жеткізудің шұғыл шараларын жедел жүзеге асыруға шақырған ұшқыр талаптары арқылы жүзеге асуда. Осы екі таңдаудың мән-мазмұнын ашып көрсету қазіргі күннің рухани-философиялық қажетіне айналып отыр. Бұл ұлтты, оның ішінде мемлекет құрушы ұлттың тілін тарихи және саяси-әлеуметтік, рухани категория ретінде талдауға жетелейді. Осы орайдағы зерттеулер ұлт пен тілдің тәуелсіздікті сақтау мен нығайтудағы ықпалын жан-жақты анықтауға, соған сәйкес оның мәртебесін көтеру жолындағы қадамдарды айқындауға арналса, біз бүгінгі күнде кездесіп жүрген көп түйіннің күрмеуін шешер едік.
Тіл мен ұлт және тәуелсіздік ұғымдары бір-бірінен бөліп қарауға келмейтін егіз ұғым болғандықтан, олардың өзара байланысына аз-кем тоқтала кетейік. Әлемде «Тәуелсіздік» атты саяси-философиялық ілім бар. Ол ықылым заманнан бері қарай толығып келеді. Уақыт озған сайын жаңа ғылыми пайымдармен жаңаруда. Осы саладағы қыруар зерттеулердің мына үш түйіні аса маңызды.
Бірінші түйін: Тәуелсіздік бүкілхалықтық, ұлттық ауқымда болуы керек. Оның ұлттық ауқымын үш азаттық айқындайды: саяси, рухани және тіл азаттығы. Бұлар бірін-бірі толықтырады және өзара ажырамас бірлікте. Бірінің олқы соғуы екіншісінің мәртебесіне нұқсан келтіреді. Бәрі қатар, үндесе өркендемеген жерде толық тәуелсіздік те жоқ.
Екінші түйін: Тәуелсіздік ұлттық дәстүрлі бостандықты қалпына келтіруі керек. Ұлттық дәстүрлі бостандық дегеніміз - елдің сан ғасырлық бағзы салт-дәстүрлерінің мемлекет ауқымында құрметтелуі, сол дәстүрлерден бастау алатын ұлттық мәдениеттің ардақталуы және ана тілінде жасалған рухани құндылықтардың қастерленуі.
Батыс философы
әрі тіл зерттеушісі В.
Үшінші түйін: Тәуелсіздік ұлттық ар-ождан бостандығынсыз баянды бола алмайды. Ар-ождан бостандығы дегеніміз - өмірді ұлттық мінез арқылы танып, сыртқы саяси-рухани ықпалдардан ұлттың мәдениеті мен дәстүрін, тілін, ділі мен дінін қорғау еркіндігі. Тәуелсіздік елдің ұлттық мінезімен өзгелердің санасуына кепілдік беруге тиіс. Ал ұлттық мінезді қалыптастыруда ұлт тілінің маңызы ерекше. Біз егер белгілі бір төңіректе қауымдасқан, бір мемлекеттің туы астында одақтасқан адамдардың этникалық әркелкілігіне қарамай, рухани-психологиялық бірігуін, мемлекет құрушы елдің ар-ожданын құрметтеуін қаласақ, олардың өмір тану талғамының үйлесуіне қызмет етуге міндеттіміз. Бұған ұлт тілінің баршаға ортақ болуы арқылы жетесің.
Біз бүгінде
тіл мен ұлт төңірегінде
Ұлт және сол ұлттың белгілі бір кезеңдегі мүддесі туғызатын ұлтшылдықты зерттеумен нақты айналысып келе жатқан әлем ғалымдарының интегралистік әдісі он екі ережеге негізделген. Осы он екі сараптаудың бәрінде де ұлт - этностан биік, оның ең жоғары сапалық көрсеткіші. Ғаламды өзіне барынша тиімді демократиялық өлшемдерге бейімдеп, сол арқылы саяси-экономикалық тиімділікке жетуді ойлаған Еуропа философтары қазіргі еркін қарым-қатынас заманында ұлттық мемлекет идеясы неге ерекше мәнге ие болып отырғанын, ең ұсақ халықтарға дейін тәуелсіздікке неге жойқын құштарлықпен ұмтылып жатқанын, осындай талпыныс ұлт ұғымы сұйыла бастады деуге әуес кәрі құрлықтың өзінде неге өршіп кеткенін, шотландықтар мен уэльстіктердің, валлондар мен фламандықтардың, баскілер мен каталондықтардың тәуелсіздікке ұмтылысын зерттей келе адамдарды қауымдастыру үшін жайлы жұмақ өмір де, территориялық ортақтық пен мақсат бірлігі де аздық ететініне, тұтастық пен бауырластықтың құдірет күші ұлт ретінде ұйытқан тіл болып табылатынына ден қойды. Ұлттық қауымдастықты этностың тарихи формасы түрінде қараған, осы заманғы ішкі және сыртқы факторлардың эволюциясын егжей-тегжейлі талдаған, әлеуметтік-тұрмыстық салдарлардың белгілі бір этностың генетикалық ерекшеліктеріне әсерін екшеген, этнос, халық, ұлт, мәдениет және тіл категорияларын жеке әрі өзара байланыста саралаған еуропалық философтар М.Манн («Нации - государства в Европе и на других континентах: разнообразие форм, развитие неугосания»), З.Бауман («Национальное государство - что дальше?»), Ресей ғалымы М.Мнацаканян («Культура. Этносы. Нации. Размышления об истоках и природе национальной общности») және басқалары осы түйінге тіреліп отыр. Олардың ұлт жөніндегі пайымдары жаһандану арқылы жаңа жаһандық ұлт туғызуға барын салып жүрген әріптестері Э.Гидденстің («Навстречу глобальному веку») «ұлттық құндылықтарды сақтауға ұмтылған ұлтшылдық атаулының бәрі күйретуші сипатқа ие, сондықтан бізге космополиттік мемлекет пен космополиттік ұлт керек» деген идеясын жоққа шығаруда. Э.Гидденс Еуроодақты космополиттік мемлекеттің үлгісі деп біледі. Оның шамалауынша осы одақтағы жаңа мәдени қарым-қатынас тарих пен тарихи сезімді сұйылтып жатқандай. Алайда Еуроодақ елдерінің өзі бұл байламға қарсы. Франция мен Голландия Еуропа Конституциясын қолдаған жоқ. Одаққа кірген ұлттық мемлекеттер саяси-экономикалық, тілдік тәуелсіздіктерін сақтаумен бірге, көздің қарашығындай қорғап отыр.
Космополиттік ұлт ешқашан да қалыптаспайтынын дәлелдеушілер: «Әлемде жоталы Қытай, Жапон, Ағылшын мен Француз ұлттық мемлекеттігінен жаһанданудың жолы осы екен деп неге бас тартуы керек» деген сауал қояды да оның мүмкін емес екендігін қайта-қайта дәлелдейді. Негізгі дәлелдері - қытай да, жапон да, ағылшын да, француз да этнос емес, тарихи шыңдалған ұлт. Ұлтты этностың деңгейіне түсіргісі келетіндер Еуропаның космополитизміне емес, ұлт жайындағы парасатты ғылымына назар аударуы қажет. Сол Еуропада ұлттық белгілер бойынша болып жатқан дау-дамайлардың себеп-салдарын терең зерделегендері жөн. Кәрі құрлықта 90-жылдары ғана оннан астам жаңа ұлттық мемлекеттер пайда болды. Олардың біразын, атап айтқанда, Хорватия мен Словенияны, Македонияны ұлттық қозғалыстарды жақтырмайтын Еуропаның өзі мойындады.
Сонымен, адамзат бой түзегелі тарих сахнасынан түспей келе жатқан, дербес өмір сүріп, бүгінгі ғаламдық өркениетті жасауға қатысқан, ғасырлардың талай сұрапылдарына төтеп беріп, өзінің табиғи-тарихи болмысын сақтап қалған ұлт дегеніміз не? Бұл сауалға осы заманғы ғылыми-философиялық жауап мынандай: Ұлт - адамдардың буржуазиялық дәуірдің шарттары мен факторларының қуатты ықпалы арқылы модернизмнің айрықша тарихи жағдайында туған, ұлттық тілімен дараланатын мәдени-психологиялық қауымдастығы. Ұлт қуатты интеграторға, яғни ұлттық қайратқа ие, ол ұлттың ішкі байланыстарын уақыт талабына сай жетілдіруге және қайта ұйымдастыруға қызмет етеді, ұлттық дамуға нұқсан келтіретін кедергілердің бәрін күйретумен болады. Бұл интегратор, Мұстафа Шоқайдың сөзімен айтсақ, «ұлттың зиялы қауымы мен ол тән болып отырған халық бұқарасы арасындағы ортақ сана». Осы Алаш қайраткері атақты алман философтары Кант пен Фихтлердің еңбектеріне сүйене отырып, «Ұлттық зиялы» мақаласында: «Халық - бірін-бірі және өзін-өзі басқара алмайтын, басқалардың басқаруында ғана болатын тобырлар. Ұлт басқаларға тәуелді болмаған, өзінің мекемелеріне ие және өзінің бірыңғай мүддесі бар халықтар жиынтығы. Философияның тұжырымдауынша, халық - объект, ұлт - субъект» деген еді.
Этнос туралы өркениетті елдер ғалымдарының байламдары әртүрлі. Фредрик Барт «этностың негізгі белгісі ортақ мәдениет емес, этнос - әлеуметтік қауымдастық» деген пікірде. Ю.Бромлей («Человечество - это народы») әлі рухани тұтастығы жоқ тайпаның ішінде рулар пайда болып, дәстүр ортақтығы жақындастырған топ түрінде қарастырады. Л.Дробижеваға сүйенсек («Ценности и символы в контексте новых концепции этничности»), этнос - этнографиялық әрекеттер формалары ұқсас, дүниетаным жақындығы қауымдастырған бірлік. Ал М.Вебер сыртқы бейнелерінің, әдет-ғұрыптарының ұқсастықтарына қарай немесе отаршылдық не көші-қонды басынан өткерген тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің бір екендігіне сенетін топты этносқа жатқызады. Кейбір зерттеушілер этносқа аумақ, тіл, дін ортақтығы бойынша анықтама беріп келсе, Л.Гумилев бұл белгілердің этностың бәріне бірдей тән емес екенін дәлелдеген болатын («Саяси түсіндірме сөздік»).
Аталған пайымдардан шығатын қорытынды - жекелеген ұқсас қасиеттеріне қарамастан, ұлт пен этностың арасы жер мен көктей. Ұлтты этностың деңгейіне дейін төмендету - сол биікке дәуірлер бойғы қыруар қиындықтарды еңсере отырып жеткен ұлттарды, оның ішінде қазақты тарихи мәртебесінен, мемлекет құру бақытынан, халықаралық саяси субъект болу мүмкіндігінен айыру, республикада тұрып жатқан диаспоралардың санатында қарау деген сөз. Ұлт пен этносты шатастыру мемлекеттің республика тұрғындарын қазақ ұлтының төңірегіне топтастыруға арналған, ұзақ мерзімге белгіленген, төзімділік пен парасаттылықты қажет ететін саясатын қатардағы көпшіліктің дұрыс түсінбеуіне әкеліп соғады. Этносты ұлттан жоғары қойғандардың қателігін кейбір қозғалыстар мен ұйымдар биліктің кінәсі ретінде қарай бастады. Бұл бізді ойландыруға тиіс.
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаслелең), Шамалған ауылында дүниеге келген. Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы.
Мектеп табалдырығын аттағаннан соң барып Сұлтан бала (бала кезінде президентті ел осылай атаған) әке-шешесінің қамқоршысы болды. Басқа балалардай ол да асық ойнап, доп тепті. Мектепте озат оқыған Нұрсұлтан сыныптағы оқушылардың ақылшысы әрі ұйтқысы еді. Әкесінің қамқоры Нұрсұлтан ісіне тындырымды, асықпайтын орнықты, әрі сабырлы, жаңалыққа жаны құмар болатын. Бауырлары Сатыбалды, Әнипа, Болатқа үнемі жанашырлық жасап, көмектесіп жүреді екен. Жасынан пысық, ойлы, талапты жаралған Нұрсұлтан алдағы алар межесін, асатын асуын ерте іздеді. Ол алғашқыда ұшқыш, бірде геолог, енді бірде химик болғысы да келді. Кейінде бұл шешімінен бас тартып, 1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп 1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді.
Еңбек жолын
Теміртау қаласындағы «
1990 жылы 25 наурызда
КСРО-да президенттік басқару
институты енгізуіне орай 12-сайланған
республика Жоғарғы Кеңесі «
Мемлекет басшысының
алғашқы маңызды заң
1991 жылы 16 желтоқсанда
«Қазақстан Республикасының
1995 жылы 29 сәуірде
өткізілген бүкілхалықтық
Мемлекет басшысының алдында елде нарықтық экономиканы қалыптастыру, демократия, саяси тұрақтылық, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға бағытталған кең көлемді шараларды іске асыру міндеттері тұрды.
Назарбаевтың ішкі саясаты, ең алдымен, елдегі демократиялық институттарды дамытуға бағытталған. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, т. б. азаматтық құндылықтары енгізіле бастады. Жергілікті Өкілетті органдардың өкілеттіліктерін кеңейту бағытында қомақты іс-шаралар жүзеге асырылды.
Назарбаев халық шаруашылық кешенінің құлдырауынан кейін үлкен дағдарысқа ұшыраған Қазақстан экономикасын түбегейлі реформалауға баса назар аударды.
1992 жылдың басында
«Қазақстанның егеменді
Информация о работе Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы мемлекеттік ұлттық құрылыс