Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 10:09, лекция
Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды.
Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды.
Көрші халықтармен езара қатынастары
Деректемелер
наймандар мен керейіттердің
көрші тайпалармен соғыстары
туралы мәліметтерге толы. Рашид ад-Дин
былай деп жазады: «...Керейіттер
көптеген тайпалармен, әсіресе найман тайпаларымен
көп жауласты... Бұл кезде басқа тайпаларға
қарағанда олардың күші басым әрі құдіретті
болатын... керейіттердің Ван- ханымен
наймандар қырғыздардың аймағы бойынша және ұйғырлар
елі- мен шектесіп жатқан шел далаға дейін
үнемі қырқысып, жауласып жүрді». Рашид
ад-Дин наймандардың қырғыздармен,
керейіттердің Цзинь мемлекетімен соғыстары
туралы мәліметгер келтіреді. Соғыс кезендері
көршілер- мен бейбіт қатынастар жағдайымен
алмасып та отырды. Қытай деректемелерінде
керейіттер мен наймандардың көшпелі
көршілерімен ғана емес, сонымен қатар
отырықшы мәдениеті бар мемлекеттермен
— Танғұт мемлекетімен (Си Ся) және ұйғыр
иелігімен тығыз мәдени және саяси байла-
ныстар жасағаны туралы мәліметтер де
бар. Наймандар мен керейіттерді 11 билеуші
тобы ұйғырлардың ықпалымен несториан
бағытындағы христиан дінің, ұйғыр жазуын,
сондай-ақ мемлекеттіліктің басқа да элементтерін
қабылдады. Керейіттердің танғұттармен
қатынастары да осы байланыстардың дәлелі
болып табылады. Мысалы, керейіттер ұлысының
билеушісі Ван-ханның інісі Қарабітай
(Керандай) бала кезінде танғұттарға тұтқынғы
а түсіп, кейін Танғұт мемлекетінде аймақ билеушісі
қызметіне дейін осксі Оның қыздарының
біреуі танғүттар билеушісінің әйелі
болған. Керейіттердің танғұтта
7 сұрақ Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы.
Мемлекеттің құрылуы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.
Моңғол
тайпалары әлеуметтік–
ХІІ–ХІІІ
ғасырлардың межесінде монғол қоғамында
феодалдық қатынастардың
1206 жылдың
көктемде Орхон өзенінің
Шыңғыс-хан құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципіалынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратынкешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.
Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдынақойған басты мақсаты – ішкісаяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің мудделеріненшығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа салу.
Шыңғыс - хан шапқыншылығы. Моңғолдардың
Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.
1211 жылы
Жетісуда Шыңғыс-ханның
Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуді
Шыңғыс-хан аса көп
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды.
1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.
1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады.
Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.
Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.
Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі.
Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты.
Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.
Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы.
Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды.
Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты.
Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен ( далалық ) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
Батыйдың (Бату) Европаға шабуылы . Алтын Орда.
Батыйдың жорығы. 1227 жылы 25 тамызда Тангуттарға қарсы 2-ші рет жасаған жорық кезінде ауырып Шыңғыс-хан қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін балалары мен немерелері соғыс жорықтарын жүргізе берді.
1225 жылы
Қарақорымда моңғол ақсүйектері
Батыйдың самсаған әскері 1236 жылы Кама өзені бойындағы Булгарияны, Мардваларды талқандап, 1237 – 1240 жылдары орыс жеріне келді. Орыс халқы моңғол басқыншыларына ерлікпен қарсылық көрсетті. Рязань, Москва, Владимир түбінде монгол әскерлерімен кескілескен ұрыстар болды. Орыстың шағын ғана қаласы Козельск тұрғындары жеті апта бойы монгодарға жан аямай қарсылық көрсетті. Бірақ сан жағынан әлдеқайда көп монгодар қаланы басып алып, оны жермен жексен етті.
1239 жылдың басында моңғол әскерлері Еділ өзенінің ту сыртынан Руське қарсы екінші жорыққа аттанды. Қызу ұрыстар жүргізе отырып моңғолдар Переяславль қаласын, одан кейін Чернигов жеріндегі Глух қаласын алды. 1239 жылғы қазан айында олар Чернигов қаласын қоршауға алып, оны өртеп күлге айналдырды. 1240 жылдың күзінде Батый әскерлері Киевті қоршады. Киев халқы ұзақ уақыт қаланың сыртында, тіпті моңғолдар қала ішке басып кіргеннен кейін де қарсылығын тоқтатпады. Олар түгелімен дерлік қырғынға ұшырады. Аса бай мәдениет ескерткіштері бар ертеден келе жатқан орыс қаласы тағылықпен талқандалды.
Онан
соң, моңғол армиясы батыс Европаға
үздіксіз ілгерілеп, Польшаны, Германияны,
Австрианы, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны,
т. б. ойрандап, Еділ бойына қайта оралды.
Жеті жылдық жорық (1236 – 1242 жж.) нәтижесінде
батыста Днестрге, шығыста Ертіске, Оңтүстікте
– Солтүстік Кавказға дейінгі жерлер
Батыйдың қоластына кірді. Батый иеліктерінің
құрамында Оңтүстік шығыста Солтүстік
Хорезм мен Сырдарияның төмен жағындағы
жерлер енді. Орыс княздіктері де (Русь)
Батыйға тәуелді бодан (вассал) болды.
Орыс княздары Алтын ордаға кіріптар екенін
мойындап, оның хандарының қолынан « кіняздік
құруға жарлық» алады. Алым – салық төлейді,
бірақ толық болмаса да дербестігін сақтап
қалады.
Алтын Орда (1236 – 1242 жж.). Жеті жылдық жорықтан
орналған кейін Батый орталығы төменгі
Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи
әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған
зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы
Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында)
болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге
көшірілді.