Түркі
дәуіріндегі обалардың адамдарды
киімдерімен жерленгендер белгілі.
Мәселен, Солтүстік, Шығыс Қазақстан
жеріндегі зираттардан былғары
қамзолдар табылған. Зираттардан
жүннен токылған көйлектер, теріден
жасалған тон, ішіктердің қалдығы кездеседі. Түркілер тамаша
етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің
ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер
және кебіс қалдықтары кездескен. Сол
сияқты теріден белдіктер, тамаша безендірілген
кеселер де болды. Әсіресе, кеселер алтын,
күміс және қымбат бағалы тастармен безендірілген.
Материалдық
мәдениеттің көрінісінің бірі сәулет
өнері. Тараз маңындағы Бабаджа
– хатун кесенесі (Х–XII ғғ.) орта
ғасырдағы сәулет өнерінің ең ертедегі
ескерткіші болып табылады. Осыған
жақын орналасқан Айша бибі кесенесі
(Х– XII ғғ.) және Тараздың
өз ішіндегі Қарахан кесенесі де көне
заман ескерткіштері.
Сырдария,
Талас, Шу, Іле, Испиджаб, Отырар, Тараз,
Сығанақ, Баласағұн, Суяб, Мерке, т.б
қалалар және егіншілік оазисі мен
көшпенділер даласы арасындағы Ұлы
Жібек жолында Батыс пен Шығыс арасында қолөнер,
сауда және байланыс орталықтары болды.
Сонымен
VI–XII ғғ. Қазақстан жерін мекендеген
тайпалар қыпшақ –оғыз, қарлұқ–ұйғыр
тілдерінде сөйлеп, осы тілдерде тарихи-әдеби
шығармалар шығарып, өмір сүрген.
Х–XII ғғ.
материалдық мәдениетін өркендету ісіне елеулі
өзгерістер енгені байқалады. Қазақстанның
Оңтүстігі мен Жетісуды халифаттың, Саманилер,
Қарахандар мемлекеттерінің саяси экономикалық
және мәдени қарым–қатынастары аясына
тарту әрекеті біз зерттеп отырған халықтарды
Орта Азиямен жақындастырады. Қала мәдениетін
өркендетуде енді жаңа дін–ислам маңызды
роль атқара бастайды.
Оғыз мемлекеті (IX-XI ғғ. басы)
Қарлұқ
қағанатының солтүстік-батыс жағында,
Сырдарияның орта және төменгі бойында,
оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан
далаларында IX-X ғасырларда Оғыз
тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті
қалыптасты. Оғыздардың ата-бабаларының
әуелгі қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің
маңы. Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына
келіп орналасады, бірақ ондағы кангар-печенег
бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға тура
келеді. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22 кейбір
деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және
әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын
айтады.
IX ғасырдың
аяғы мен X ғасырдың бас кезінде
оғыз тайпалары Сырдарияның орта
ағысынан Еділдің төменгі бойына
дейінгі орасан кең жерлерді
мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері
Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында,
Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб
шегіне дейін жеткен. Олар Сырдарияның
орта және төменгі ағысы бойында, арал
өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып
қоныс тепті.
X ғасырда
Оғыз мемлекетінің астанасы –
Янгикент немесе Жаңа Гузия
деп аталатын қала болды. Ол
Қимақ даласы арқылы Сарысу, Есіл
және Нұра бойларына баратын
сауда жолының үстінде орналасқан.
Оғыз мемлекеті өзінің саяси
және әлеуметтік тұрмысы
жағынан көне феодалдық мемлекет болды.
"Жабғы” атағы бар жоғарғы билеуші
Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды.
Оғыз жабғыларының орынбасарларын Көл-еркін
деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге
беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау
кеңестерде өткізілген. Жабғудың "инал”
деген атағы бар өз мұрагерлері болған.
Жас кезінде оларды тәрбиелеу үшін арнайы
қамқоршылар (атабектер) тағайындалған.
Оғыз жабғыларының әйелдері сарай маңындағы
өмірде айтарлықтай рөл атқарған. Оларға
"қатын” деген атақ берілген. Сарайда
әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің
бастығы (Сюбашы) маңызды орын алған.
965 жылы
Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен
одақтасып хазарларды талқандады. 985 жылы
оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ
Булғариясын күйрете жеңді. IX-X ғасырларда Оғыз
мемлекетінде ескі рулық-тайпалық институттардың
тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық
қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен
XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты
тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын
алды, бұл – мемлекетте тұрақты басқару
аппаратының құрылғанын көрсетеді. Оғыздардың
көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал
шаруашылығы болды. Оғыз тайпаларының
бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын
қыстап, жайлауға Каспий маңындағы далаға
көшкен. Оғыздар негізінен жылқы, қой,
ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіресе,
қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған.
Сондай-ақ оғыз бай-феодалдары жер қайыстырған
қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі
оғыздар түйе, оның ішінде айыр өркешті
ірі түйелер өсірген. Оғыздар аңшылықпен
де айналысты. Оғыз кедейлері Арал теңізінен,
Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден
балық аулап кәсіп қылған. Қалалардағы
үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан
тұрғызылды. Оғыздардың Сырдарияның төменгі
ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдарияның
орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб,
Сығанақ және Сауран т. б. қалалары болған.
Оларда қолөнер кәсібі, соның ішінде мал
өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыды.
Оғыздарда құмырашылық өндірісі де өркендеді.
Олар мекендейтін аумақтарда темір, күміс,
алтын, мыс және асыл тастар өндірілді.
XI ғасырдың
басында Оғыз мемлекеті құлдырай
бастады. Оған алым-салықты жыртқыштықпен
аяусыз жинауға наразылық білдірген
оғыз тайпаларының көтерілісі
себеп болды. Бұл жағдай X ғасырдың
екінші жартысында өкімет басына
келген Әлиханның билік құрған кезіне
жатады. Жабғының өкіметіне қарсы халық
наразылығын, Жент маңына келіп қоныстанған
салжұқтардың көсемдері пайдаланды. Салжұқ
көсемдері Янгикенттегі оғыз билеушілеріне
қарсы көтерілісті бастап, Жент қаласын
басып алды, бірақ оны ұзақ ұстап тұра
алмады. Осы кезде ел басына Әлиханның
мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір
кұшейді. 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап
алады. Алайда, арада екі жыл өткеннен
кейін оғыздардың соңғы жабғысы Шахмәлік
салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі.
Салжұқтармен жүргізілген ұзақ жылғы
соғыстар Оғыз мемлекетін қатты әлсіретті.
Аяғында келіп Жабғы мемлекеті қыпшақ
тайпаларының соққысынан біржолата құлады.
Оғыздардың бірсыпыра топтары осыдан
кейін Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға қоныс
аударды. Енді біразы Орта Азияға, Оңтүстік
Қазақстандағы Қарахан әулетінің және
Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол
астына көшті. Ал XI ғасырдың ортасында
қыпшақтар талқандаған оғыздардың кейбір
қалдықтары кейін келе Дешті Қыпшақтардың
түркі тілдес тайпаларына сіңіп кетті.
Кимақ қағанаты
(IX-XI ғғ. басы)
Қытай
деректемелерінде көрсетілгендей (Кимектер)
Қимақтар тарихы VII ғасырдан басталады.
Ондағы аталатын яньмо тайпасы зерттеушілердің
шамалауы бойынша кимек тайпасы
болып саналады. Теле тайпаларының
бірі болған яньмолар (кимектер) VII ғасырдың бас кезінде
Солтүстік Моңғолияны мекендеген, ал VII
ғасырдың ортасына таман кимектер Алтай
тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне
көшіп барады. Кимек тайпаларының басшысы
"шад татұқ” деп аталған. VIII ғасырдың
екінші жартысы – IX ғасырдың басында кимек
тайпалары үш бағытта: солтүстік-батыста
Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыста Сырдария
аңғарымен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте
Солтүстік Шығыс Жетісу аймағына қарай
қоныс аударады.
766 және
840 жылдар аралығында кимектер Батыс Алтай,
Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін
жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін
тоғыз оғыздардың теріскей шебіне дейін
жетеді. Осы кездері жеті тайпадан: эймур,
кимек, қыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ,
ажлардан тұратын кимек федерациясы құрылды.
Кимек тайпаларының басшысы "байгу”
(жабғы) деп аталады. Бұл атақ өзінің лауазымдық
дәрежесі жағынан шадтан жоғары болған.
IX ғасырдың
бас кезінде кимектер Сырдарияға
қарай жылжиды. Бұл жерде олар
қарлұқтармен одақтасып, Сырдария
бойындағы және Арал өңіріндегі
қаңғар-печенег тайпаларын талқандайды. Печенегтерді
бұл жерлерден ығыстырып, осында қоныс
аударған оғыз тайпаларына оларды батысқа
қарай қуып жіберуге пәрменді көмек береді.
Мемлекет ішінде тайпалар ақсүйектерінің
өкілдерінен билеушілерді тағайындап
отырған.
IX ғасырдың
аяғы – X ғасырдың бас кезінде,
яғни Кимек қағанатының құрылған уақытынан
бастап, олардың ханы түріктердің ең жоғарғы
лауазымы хакан деп аталған, немесе хандардың
ханы деген мағынаны білдіреді. Хаканнан
кейінгі билік Қимақ мемлекетінің құрамына
енген тайпалар бірлестігін басқарған
жабғулардың қолында болған. Олардан кейінгі
жеке-жеке ру-тайпаларды шад-түріктер
билеген.
Кимек
мемлекетінің қалыптасып өсуіне қарай,
олардың тайпаларының құрамы да өзгеріп
отырған. Тарихи деректердің көрсетуі
бойынша, бұл кезде қағанат құрамына кірген тайпалардың
саны 12-ге жеткен. Кимектердің 16 қаласы
болыпты, бастылары Кимекия, Қарантия,
Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар,
Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді
қызыл және сары жібектен киетін болған,
кедейлері жұпыны киінген. Қимақ қоғамында
мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде
көшпелі ақсүйектер пайда болады. Малы
аз қимақтар кедейге айналады. Қимақтар
қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен
шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын
мекендерде тұрған, бұл мекендер бірте-бірте
қалаға айналған.
Қимақтар
жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік
жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен
жазған. Қимақтар табиғаттың әр түрлі
күштері мен құбылыстарын пір
тұтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына
сиынған. Олар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға
да табынған. Ертіс өзенін қасиет тұтып,
"өзен – адамның тәңірі” деген. Өлгендерді
өртеп жіберген. Оларға тас сымбат (мүсін)
қойып, оған табыну салты кеңінен тараған.
XI ғасырдың
бас кезінде Орталық Азиядан
шыққан тайпалардың бірінен соң
бірінің шабуыл жасауы Қимақ
мемлекетін әлсіретті. Бұдан
басқа қағанаттың өз ішінде де билік үшін
талас-тартыс күшейді. Сондықтан оның
құрамына кірген қыпшақтар өзінің қоныстанған
жерлерін тастап, Сырдария бойындағы,
Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік
өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап,
оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына
көшуге мәжбүр етті. Оғыз жерін басып алғаннан
кейін, қыпшақ хандары күшейе түсті.
Осы оқиғалардың
барысында қимақтар саяси үстемдігінен
айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар
қыпшақтарға тәуелді болып шықты. Қимақтардың бір бөлігі
Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан
және Орта Азия аймағына қоныс аударды,
енді біразы қыпшақ тайпаларымен батысқа,
оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды.
Сөйтіп, қыпшақтар қимақ мемлекетінің
орнын басты.
6 сұрақ. Наймандар, Керейттер
және Жалайырлар
Наймандардың, керейіттердің, жалайырлардың ертеректегі мемлекеттері — Орталық
Азияның шығысында — Қазақстанға шектесіп жатқанМонғолия аумағында пайда болса да, олардың
тарихының Қазақстан тарихына тікелей
қатысы бар. Көшпелі мемлекеттіліктің
бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында
жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде
мекендеген халықтар мен тайпалардан
басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тон болды.
Найман тайпалар
одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы
Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз
(яғни «сегіз тайпаның одағы») деген
атаумен пайда болган. Сегіз-оғыздар
Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен
наймандар деп атайтын жерді алып жатты.
X ғасырда Орталық
Азия даласын, «Ляо-шиге» қарағанда,
жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген,
бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ
атаумен аталады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға
дейінгі Орталық
Азияаумағына қоныстанған. Қидандардың Ляо
әулеті кезеңінде «Ляо-ши» беттерінде
«найман» атауы пайда болады, ол, бәлкім,
цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін.
Түрікше мағынасында «сегіз тайпаның
одағы» деген баламасы бар, яғни найман
деген монғол атауын да оларға Ляо әулеті
кезінде монғол тілдес қидандардың бергені
күмәнсіз. Найман тайпалар одағы XII ғасырдың
бірінші жартысында Елюй Даши бастаған
қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты
аталады. Елюй Даши күштерін батысқа жинап,
чжурчжэндерді қуып шығып, қидандардың
Ляо империясын қалпына келтірмекші болды.
Елюй Дашиді ұйғыр идикуты қабылдаған
кезде найман билеушілері оның әскерлерінің
қажеттері үшін оған мал әкеліп берген.
X—XII ғасырдың басында
наймандар Ляо империясына вассалдық
тәуелділікте болып, оның батыс шетінде,
яғни Шығыс Қазақстан мен Батыс Монголия
жерінде тұрған. Жетісуда қарақытайлар
мемлекеті құрылғаннан кейін наймандардың
жерлері солардың иеліктерімен көрші
болды. Рашид ад-Дин наймандар жөнінде
бір бөлігі «өте тау-тасты жерлерді», ал
бір бөлігі жазира-жазықтарды мекендеген
көшпелілер дейді. Деректемелердің көрсеткеніндей,
кеш дегенде XI ғасырда найман тайпалары
Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемдеріне
дейінгі шығыстан батысқа қараған аумақты
алып жатқан.
Керейіттер туралы алғашқы
мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне
жатады, олардың христиан дінін қабылдауына
байланысты айтылады. Олар Тола өзенінің
аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы
ауданын және Онғын өзенінің аңғарын алып
жатқан. Шыңғысхан
шапқыншылығы қарсаңында керейіттер бүкіл
қазіргі Моңғолия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, монғолдар
да солардың қол астында болған. Жалайырлар Шыңғысхан империясының өрлеу
кезіне қарай Хилок және Селенга өзендерінің бойын,
дәлірек айтқанда, Селенгаға құятын Орхон сағасын мекендеген.
Шаруашылық-экономикалық
құрылысы
Наймандар, керейіттер, жалайырлар негізінен мал шаруашылығымен
айналысқан. Олардың өз малына жайылым
іздеп, бір жерден екінші жерге жылына
бірнеше рет көшіп жүруіне тура келді.
Көші-қон шалғайлығы жер жағдайы мен мал
санына байланысты болған. Қысқа пішен
қоры жасалмады, бірақ көшіп-қону қыстыгүні
малдың азықты өзі тауып, өз аяғынан жайыла
алатындай етіп реттеліп отырылды. Деректемелер
жалайырлардың, наймандар мен керейіттердің
көшіп-қонуын екі түрге белуге мүмкіндік
береді. Бір жағынан, азды- көпті үлкен
топтар болып кешкен (күрен әдісі) және
екінші жағынан, жеке әулеттер оқшауланып
немесе шағын бірлестіктер болып көшіп
жүрген. Шыңғысханимпериясының құрылуына байланысты
көшіп-қонудың күрен әдісі жойылып, әскери
ұйымдык түрі ғана қолданылады. Наймандардың
басты байлығы үйірлі жылқы болды, жылқы
болмайынша далада шаруашылық жүргізу
мүмкін емес еді. Көшпелі үшін жылқы қатынас
құралы, соғыста және қаумалап аң аулағанда
мінер аты болды. Көшпелілер оның етін
жеп, сүтін ішті, терісі мен жүнін пайдаланды.
Ірі қара да көлік ретінде пайдаланылды:
күркелі арбаға өгіздер мен сиырларды
жекті. Қой малы еті, терісі мен жүні үшін
ұсталды. Бірақ наймандар, керейіттер,
жалайырлар бір ғана мал шаруашылығымен
тіршілік ете алмайтын еді, ейткені тамақ
жетіспеді. Бұл тапшылық алуан түрлі жабайы
аңдар мен ішінара балық аулаумен толықтырылып
отырды.
Мемлекеттің
құрылуы
Орталық
Азияның көшпелі тайпаларының XII ғасыр
бойында күш-қуатының артуы олардың ең
ірілерінде — наймандарда, керейіттерде,
жалайырларда — алдыңғы феодалдық мемлекеттік
құрылымдар — ұлыстардың пайда болуына
жеткізді. Б. Я. Владимирцовтың көрсеткеніндей, ұлыс алғашқы
қауымдық құрылыстың институты болған
жоқ. Ұлыс ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық
институттардан жоғары тұрды. «Ұлыс» ұғымы
ол кезде «халық» дегенді білдірді. Ұлыстың
құрамында қандас туысқан адамдардың
болуы міндетті емес еді, оған хан руының
өкілдері ғана емес, сонымен бірге бөгде
адамдар да енді. Әрбір ұлыс белгілі бір
аумақты иеленді, наймандар мен керейіттердің
ең үлкен күшті ұлыстарының өз шекаралары
болып, олар ара-тұра болса да қорғалып
отырды. Шыңғысхан талқандаған керейіттер ұлысының
билеушісі Ван-ханның наймандар иелігін
қорғаған найман қарауылымен қақтығыста
қаза тапқаны мәлім. Армян авторы Степанос
Епископ монғол сарайы жанындағы жоғары
лауазымды қайраткерлердің бірі жайында
айта келіп, былай дейді: «Бұл адам саны
ең көп және күшті джалакир (жалайыр) тайпасынан
болатын...». «Бұл жалайыр тайпасы үлкен-үлкен
он тармақтан тұрады, олардың әрқайсысы
жекелеп алғанда үлкен халыққа айналды...».