Қазақстан монғол дәуірінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2014 в 20:35, реферат

Краткое описание

Монғол феодалдық мемлекетінің құрылуы
Шынғыс ханның жорықтары
Ұлыстық жүйе
Алтын Орданың саяси құрылымы

Прикрепленные файлы: 1 файл

практика 2.docx

— 29.67 Кб (Скачать документ)

Алғашқы кезде Алтын Орда ұлы моңғол хан иелігінде болды. Бірақ 1260 ж. Моңғол империясы тәуелсіз ұлыстарға таралды. Алтын Орда Берке хан (1256-1266 жж.), ағасы Бату кезінде  дербес мемлекет болып қалыпасты. Оның мұрагері менгу хан (1266-1280ж.) өз тиының соқты, ұлы хан Хубилайға қарсы Шағайтай Хайдуны қолдады. Алтын Орда тарихы ішкі өзара тартыстар және орыс книяздар, Кавказдағы Иран Хулагидтары, XIV ғ. 60-шы жж. Алтын Ордада бөлінген Ақ Орда мен Хорезм билеушілерімен үздіксіз соғыстарына толы. XIV ғ. 1-ші жартысынла Өзбек хан (1312-1342 жж.) және оның мұрагері Жәнібек хан (1342-1357 жж.) билігі кезінде Алтын Орда үлкен күшке ие болды. Хандар билігінің күшеюі құрылтай шақырылуының тоқтатылуында және биліктің кейбір орталықтыруында өз бейнесін тапты. 1312 ж. Өзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні етіп жариялады. Далалық түркі-моңғолдық мәдениеті Еділ (бұлғар мекені) және Орта Азияның (Хорезм) мұсылмандық дәстүрлерінің әсер етуінен исламдалды.

XIV ғ. екінші жартысынан бастап  Алтын Орданы сыртқа тебуші  күштер бос ұстай бастады. 1357-1380 жж. аралығында алтынордалық тақта  оннан астам хан ауысты. 1380 ж. Куликов  майданында Дмитрий Донскойдың  басшылығымен орыс әскері Алтын  Орданың билеушісі түмен басы  Мамайды өлтірді. Жошылық Тохтамышылық  хан Мамайдың жеңілуін пайдаланып, Алтын Орданың билігін жаулап  алды. Әскери жеңістермен өзінің  билігін нығайтуға тырысып, ол 1382 ж. Мәскеуді өрттеді, Мәуеренахр  мен Кавказға бірнеше жорықтарды  жасады. Ал әмір Темір Алтын  Ордаға бірнеше соққылар жасады. XV ғ. ортасына қарай бірнеше үлкен  ұлыстарда өз хандары тағайындалды, ал Алтын Орда өз өмірін  тоқтатты.Еділ мен Днепр арасындағы  Үлкен Орда (XV ғ. 30-шы жж. пайда  болды) ең ірі ұлыстардың бірі  болып қалыптасты. 20-60-шы жж. Сібір  хандығы, Ноғай хандығы. Казан хандығы. Крым хандығы және Астрахан  хандығы құрылды.

Оңтүстік-Шығыс Қазақстан үш ірі моңғол ұлыстары қосылған орталық болды. Жетісудің аумағы олардың арасындағы саяси түрде үзілген болып шықты: Жошы ұлысына Балқашқа шектесіп тұрған солтүстік бөлігі кетті, оңтүстік бөлігі Шағай ұлысының құрамына енді; Жетісудің солтүстік-шығыс аймағы Үгедей ұлысының маңызды бөлігін құрады. Жетісуда ұлыс хандарының маңызды ставкалары болды.

Шағатай ұлысында, яғни Жетісу аумағында Шыңғыстықтар – Шағатай мен Үгедей мұрагерлерінен шыққандардың ұлыс хан билігіне үміткерлердің үздіксіз соғыстары жүріп отырды. Өзара шайқасқа көшпелі феодалдардың топтары тартылды. 1251 ж. Үгедей ұлысы жойылды, жерлері ұлы Мөнке ханның (Моңғолияда «ежелгі киіз үйді» басқарған Шыңғысханның кіші ұлы Тулуйдың ұлысы) жақтаушыларына таратылды. Жерлердің қайта бөлінуі Шағатай ұлысында да болды. 1260 ж. Ариг-Буга және Хубилай өздерін ұлы хан деп жариялаған кезде, Мөңке қайтыс болғаннан кейін ондағы феодалдық өзара тартыстар күшейді. Күрестік нәтижесінде Арығ-Бұға өзінің әскерімен Шағатай аумағына келді6. Жалғасқан өзара тартыстар мен соғыстар соңында жергілікті қалалар мен егін алқаптарын жойды. ХІІ ғ. 60-шы жж. «Арығ-Бұғы әскерлері халықты соншама ығыстырды, нәтижесінде Іле жазығында аштық пайда болды, одан көптеген адам қаза тапты» - деп атап өтті Рашид ад-Дин7. 1269 ж. Хайду тәуелсіз мемлекеті пайда болғаннан кейін (оның пайда болуы жергілік тұрғындардың феодалдық басын қалпына келтіру дегенді білдірді), сол жылы Таласта болған құрылтайда келешектегі ойсыраудан отырықшы-жер шаруашылығын қорғау әрекеттері қолданды. Алайда батыс аумақтарға үміттенген ұлы хан әскеріне қарсы Шыңғысшылардың жалғасқан өзара тартыстары және Хайдуның ұзақ соғыстары құрылтай шешімін орындаусыз қалдырды.

XIV  ғ. екінші жартысында Хайду мұрагерлері кезіндегі өзара тартыстар Жетісудағы экономикалық құлдыраудың бұрын басталған процесін аяқтады. Моңғол уақытына дейін дамудың жоғары деңгейіне жеткен Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы атақты қалалардың көбі – Баласағұн, Тараз, Алмалық, Алматы, Қаялық, Ілебалық, Екі-Оғыз және т.б. үлкен және кішкентай қалалар, мекендер аймақ картасынан жойылды.

Моңғол хандары арасында жергілікті басқарған басшылыққа, отырықшы-егін шаруашылығы мен қала мәдениетінің дәстүріне сүйенген,  орталық биліктің жақтаушылар болғанын атап өту керек. Шағайтайлық Дувының баласы Кебек хан (1318-1326) олардың арасында ең атақты болды. Ол көшпелі салттарды бұзды, Жетісудан Мәуеренахрға көшті, ақша және әкімшілік реформаларды өткізді, Орта Азия қалаларын қалпына келтіруге және құрылысына көмектесті. Оның қызметі Шағатайлықтар мемлекетіне кірген оңтүстік қазақстандық қалаларға жақсы әсер етті. XIV ғ. ортасынла Шағатайлық мемлекеттен (Хайду мемлекеті) Моғлстан бөлінді.

Моңғолдардың жеңісі өндірістік күштерді бұзу және адамдарды жаппай қырып жоюмен жүрді. Қалалар мен мекендер, сарайлар мен мешіттер қиратылды, жер суландыратын жүйелер жойылды, өнделген егіндер қараусыз қалған. Мыңдаған шебер қолөнершілер құлдыққа алынды. Тұрғындар жайппай кедейлік пен аштыққа тап болды.Өткенмен салыстырғанда, пайдаланудың одан да қатал нысандар орнатылды. Моңғол жаулап алушылардың үстемдігі өздері жаулап алған елдердегі халықтардың экономикалық және мәдени өрлеуін ұзаққа ұстады. Қазақстанның егін шаруашылық жіне қалалық мәдениеті аса ауыр шығынға ұшырады. Марко Полоның айтуын бойынша жаулап алынған елдерде моңғол үстемдегін орнатқаннан кейін қалаларға «әскерлердің енуі кедергі жасамау үшін қабырға мен дарбаздарды салуға тыйым салдырды... Осылай өмір сүруге мәжбүр болған халықтар сабырлықты сақтады».

Жетісуда шапқыншылық кезінде қалалардың тікелей жойылуы болған жоқ. Бірақ Жетісу арқылы өткен үлкен әскер тәртіпсіз тонаушылықпен жүрген шапқыншылық кезіндегі осы облыстың шаруашылығына қырғын әсер етті. Осы аймақта моңғол үстемдігін орнатқаннан кейін жақын арадағы онжылдықта қалалар мен егін шаруашылығының маңызды құлауы және мәдени жерлерді өрістерге айналдыру жағдайлары жүрді. Осы оқиғадан кейін отыз жыл өткеннен кейін ғана Іле жазығын аралаған Вильгельм Рубрук былай мәлімдеді: «Жоғарыда аталған тегістікте бұрын көптеген қалалар болған, бірақ татарлар «моңғолдар» өздерінің малын бағу үшін оны жойып тастаған, себебі онда ең жақсыө өрістер болған». Моңғол феодалдары үстемдігінің бір жарым жүз жылдығынан кейін мәдениеті және отырықы егін шаруашылығы, мал шаруашылығы дамыған Қазақстанның осы бөлігіндегі аумағы өзінің экономикалық, саяси және мәдени маңызын жоғалтты. Оған бірнеше себеп болды.

Оңтүстік-Шығыс Қазақстан өзінің стратегиялық күшіне қарай моңғол хандарының жаулап алу жоспарының маңызды бөлігі болып табылды. Осында ұлыс хандарының көа адамдық «ордасымен» маңызды ставкалары, яғни сарайы, нөкерлері, көптеген әскерлері болды. Өзінің шаруашылық нысанын сақтаған (200 мыңға дейін), кең пайдаланылатын жерлерді талап еткен көптеген моңғол көшпелілер осы жерге келген. Жетісудағы көптеген көшпелілердің шоғырлануы ұлыстардың пайда болуынан кейін егін алқаптарының тезарада қысқартылуын шақырды, отырықшы мал шаруашылығының секторы арқылы көшпелі сектордың экономикасын күшейтті. Ауылдардың бұзылуы, табындармен егіндерді жайпауы, бақшалар мен жер суландыратын жүйелерді жоюы, қалалардағы сауда өмірінің тына қалуы және көрші қалалар мен округтермен олардың экономикалық байланысының тоқтатылуы – осының барлығы бірте-бірте Жетісудағы қалалардың өмір сүрудің экномикалық және әлеуметтік негізін бұзды. Сонымен қатар әрқашан қалалық және отырық-егін шаруашылық мәдениетіне қарсы болған, жаулап алған елдердің жыртқыштық пайдалану әдісін ұстанған моңғол феодал ақсүйектер тобы ұзақ уақыт бойы осында үстемдік етті. Жетісу аумағында саяси жағдайдың тұрақсыздығы осы аумақтағы шаруашылық пен мәдениеттің келешектегі құлдырауға көмектесті. Жаулап алушылар осы жерде билікті, заңдықты, бейбітшілікті орната алмады.

Моңғол шапқыншылығы мен үстемдігі Жетісу мен Оңтүсік Қазақстанның тұрақты шаруашылық дамудың экономикалық негізін бұзды, осы аудандардың бірігу процестерін, олардың арасындағы шаруашылық, этникалық, мәдени өзара байланысын, оған шектес далалармен байланысын баяндатты және тұрақсыздандырды. Ол жаулап алынған елдерді, соның ішінде Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық қатарда белгілі шегіністі шақырды. Қоғамдық қатынастарда ең артта қалған нысандар, құл иленушілік құрылысқа дейін нысандар бекітілді. Моңғолдар жаулап алынған егіншілік елдерде, әсіресе Орта Азиямен Оңтүстік Қазақстанда (онда енші жері дамыған жүйесі бар феодализм, шартты егіншілік алым-салықтар бұрыннан бері үстемдік еткен) жаңа қоғамдық қатынастарға ештеңе енгізген жоқ. Феодалдық қатынастар әлі құрылуы кезеңінде болған дала мал шаруашылық аудандарында моңғол жеңісі патриархалдық салттармен жасырынған феодализмнің артта қалу нысандарының нығаюына және сақтауына әкелді. Жаулап алынған елдердің көшпелі және жартылай көшпелі тұрғыны Шыңғысдықтар ұлысына кірді және жергілікті тұрғындардың ру-тайпалық құрылымын есептеуімен ондаған, жүздеген, мыңдаған және т.б. бөлінді, ол оның ұзақ уақытқа нығаюына көмектескен маңызды фактор болып табылды.

Жаулап алынған мекендер ауыр алымдар пен міндеткерліктерге салық салынды. Зерттеушілер моңғолдар орнатқан салықтардың 20 түрін санады.

Моңғол шапқыншылығы апаттық жағдайлармен бірге кейбір оң жақтарға ие болды. Моңғол билеушілер сауданың дамуын, халықаралық байланыстарды ынталандырды, барлық жерлерде  пошталық және жәмшік қызметті енгізді. Алыс халықтар арасында сауда және мәдение байланыстар орнатылды. Ұлыстар аумақтары бойынша сауда керуендері, дипломатиялық миссиялар жүрді, саяхатшылар алыс жерлерге барып, Еуропаға бұрын белгісіз болған Азияның елдері мен халықтары туралы мәліметтерді әкеліп отырды. Моңғолдар далаға орталық биліктің идеясын әкелді, бұрын ұйымдаспаған тайпаларды біріктірді. Көшпелі өмірдің нормаларын Шыңғысханның «Ясасы» реттей бастады, бұл – жаңа жағдайларға бейім қарапайым құқықтың кодификацияланған жинақ. Нәтижесінде «Ясалардың» нормалары «Жеті Жарғы» қазақ кодексінің заңдарын құрастырған кезде белгілі деңгейде қолданылды. Әлеуметтік ұйымның көптеген нормалары мен мемлекеттіліктің нысандары моңғол дәуірінен кейінгі Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттерде пайдалана басталды. Моңғолдың жеңісі Қазақстан аумағындағы этникалық процестердің барысына күшті әсер етті. Алайда Шыңғысхан және оның мұрагерлерінің соғысы жаулап алынған елдердің ғана емес, Моңғолияның өзінің өндірістік күштерінің құлауына әкелді.

 


Информация о работе Қазақстан монғол дәуірінде