Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 16:13, реферат
Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.
І.Кіріспе
• Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар.
ІІ.Негізгі бөлім
• Қазақ халқының қалыптасуы: алғышарттары, кезеңдері, этникалық құрамы
• Жүздік құрылым туралы
• Ұлы жүз тайпалары
• Кіші жүз тайпалары
• Орта жүз тайпалары
• «Қазақ» этнонимінің әлеуметтік, саяси мәні
ІІІ. Қорытынды
• Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
М. П. Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.
С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш
жүзге монғолдарға дейінгі
Шығыстанушы Т. И. Сұлтанов жүздердің
құрылуы жөнінде нақты
Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына қарай кездеседі. Махмүд бен Уәлидің 1634—1641 жылдарда жазылған еңбегінде: "Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады... ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі", — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.
М. С. Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік организмнің жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз.
Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:
а) ішкі аумақтық тұтастық;
ә) этностық туыстық;
б) шаруашылық-мәдени бірлік;
в) саяси басқару ортақтастығы.
Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі.
Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте
қазақ халқының шаруашылық, саяси
аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда
ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың
көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп
жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің
арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этностық
байланыстар болмады деген
Ішкі шекаралас аудандарда жер
дауы, жесір дауы мәселесі де болып
тұрды. Сондықтан жүздердің ішкі
шекаралық аудандары қазақ
Жүздер жөніндегі нақты
Үштік бөлініс қазақ жерін мекендеген көне тайпалардан келе жатқан дәстүр. Сақтар: тиграхаудау хаомаварға және парадарайя болып үш бөлікке бөлінген. Көне үйсіндерде, көне түркі-монғол көшпенділерінде үштік одаққа бөліну дәстүрі болған. Бұдан біз, жалпы, үштік бөлініс қазақтардың арғы тектерінің дәстүрінде бар екенін көреміз.
Кең-байтақ қазақ жерінде мұндай
үлкен одақтар құру саяси, әскери-қорғаныс,
шаруашылық-ұйымдастырушылық, басқару
қажеттіліктерінен туындаған. Мұндай
одақтар қазақ жерінде
Ұлы жүз тайпалары
Қазақ шежіресі бойынша Ұлы жүз мынадай тайпалардан тұрады:
сарыүйсін; шапырашты; ошақты; ысты; албан; суан; дулат; сіргелі; қаңлы; жалайыр; шанышқылы.
Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы — Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдарияның орта ағысы. XIX ғасырдың аяғында Ұлы жүз қазақтарының саны 700 мыңдай болды.
Кіші жүз тайпалары
Кіші жүз қазақтарына: байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кірді. Кіші жүз қазақтарының жері бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр. Шығыста Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендері мен Мұғалжар тауларынан батысында Каспий теңізі мен Еділдің орта, төменгі ағысына дейінгі жерді, оңтүстігінде Сырдың орта, төменгі ағысы мен Маңғыстау түбегі, Үстірттен солтүстігінде Тобыл, Жайық өзендеріне дейінгі аймақты алып жатты. Кіші жүз қазақтарының XIX—XX ғасырлар шегіндегі саны 1 млн 200 мың адам болды.
Орта жүз тайпалары
Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды "алты арыс" дейді):
арғын; найман; қыпшақ; қоңырат; керей; уақ.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың
басында Орта жүз тайпаларының
жан саны мөлшермен 1 млн 350
мыңдай болды. Ал Қытайдағы,
Монғолиядағы керей, уақ,
Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы — Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы аймағы. Орта жүздің арғын, найман тайпалары Жетісудың солтүстік-шығысында, Шу өзені мен Сыр өзенінің аралығында әр жерде шоқ-шоқ болып та жайғасқан.
Пайдаланған әдебиеттер