Қазақ хандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 16:13, реферат

Краткое описание

Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.

Содержание

І.Кіріспе
• Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар.
ІІ.Негізгі бөлім
• Қазақ халқының қалыптасуы: алғышарттары, кезеңдері, этникалық құрамы
• Жүздік құрылым туралы
• Ұлы жүз тайпалары
• Кіші жүз тайпалары
• Орта жүз тайпалары
• «Қазақ» этнонимінің әлеуметтік, саяси мәні
ІІІ. Қорытынды
• Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақ хандығы.docx

— 33.82 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

 

І.Кіріспе

    • Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар.

ІІ.Негізгі бөлім

    • Қазақ халқының қалыптасуы: алғышарттары, кезеңдері, этникалық құрамы
    • Жүздік құрылым туралы
    • Ұлы жүз тайпалары
    • Кіші жүз тайпалары
    • Орта жүз тайпалары
    • «Қазақ» этнонимінің әлеуметтік, саяси мәні

      ІІІ. Қорытынды

    • Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ хандығының құрылуы және

Керей мен Жәнібек cұлтандар.

 

Хандықтың құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.

 Қазақ хандығының құрылуы  қазақ халқының тарихындағы төтенше  маңызды оқиға болды. Ол улан  – байтақ өңірді мекендеген  қазақ тайпаларының басын қосып  шоғырландыруда, қазақтың этникалық  территориясын біріктуде, қазақтың  байырғы заманнан басталған өз  алдына жеке ел болып қалыптасуын  біржолата аяқтауда аса маңызды  және түбегейлі шешуші роль  атқарды. 

1456 жылы Керей мен Жәнібек  ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне  қарсы күрескен қазақ тайпаларын  бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан  батыс Жетісу жеріне қоңыс  аударуы қазақ хандығының құрылуына  мұрындық болған маңызды тарихи  оқиға болған еді. Бұл оқиғанның  мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы  Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ  ішкі феодалдық қырқыста қаза  болған соң, Ақ Орда мемлекеті  ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге  бөлінгенде өкімет үшін өзара  қырқыс үдей түсті. Бұрынғы  Ақ Орданың орнына Әбілхайыр  құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті  пайда болды. Осы мемлекеттің  территориясы XV ғ. орта шенінде  Сырдариядан Сібір хандығына  дейінгі Ұлан байтақ жерді  алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің  ішіндегі өкімет үшін күрес  бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр  хан өзінің саяси душпандарын-Жошы  әулетінен шыққан султандарды  құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін  күрес барысында Дешті – Қыпшақтан  өздерін қолдайтын жеткілікті  күш таба алмаған Ұрыс ханның  шөберелері-Керей мен Жәнібек  XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы  ауылдарымен Шу өзенінің бойына  көшіп кетуге мәжбүр болды.  Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед  Хайдар Дулати өзінің “Тарихи  -Рашиди” атты шығармасында былай  деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ  Әбілхайыр хан биледі және  Жошы әулетінен шыққан султандарға  күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей  мен Жәнібек Моғолстанға көшіп  барады. Есенбұға хан оларды құшақ  жая қарсы алып, Манғолстаның  батыс жағындағы Шу мен Қозыбас  аймақтарың берді. Олар барып  орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының  щаңырағы шайқалды. Ірі –ірі шиеленістер  басталды. Оның үлкен бөлігі Керей  мен Жәнібекке көшіп кетті.  Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың  саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ  султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей  бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу  мен Талас өзендерінің алқабында  Қазақ мемлекетінің негізін салған  дербес қазақ хандығы құрылды.  Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады..

 

 Қазақ хандығының нығаюы. Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті – қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады.

 Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды:

1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.

2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын.

3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.

 Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті – Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр хан еді. 1468 жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілқайырдың қаза болуы қазақ хандығының ңығайуына және территорияның көлемінің кеңеуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде қиян-кескі феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының» шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Жәнібек бұдан 12 жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қоңысы Шығыс Дешті-Қыпшаққа қайта оралды. Қазақ хандары Әбілхайыр ханың мұрагерлеріне қарсы күресті. Олардың саяси қарсыластары- Ахмед хан мен Махмұд Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан мен сондай-ақ Ноғай одағын билеген мырзалармен одақтасып, бірге күрес жүргізді.

 Әбілхайыр ханың орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар бұл күресте мүлде жеңіліп, өлтірілді, ал Әбілхайырдың немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд султан Астраханға барып паналады. Әбілқайыр ханның мұрагерлермен күресте толық жеңіске жеткен қазақ хандығы Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті –Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп, қазақ хандығының территориясын әлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.

 Алайда, Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани мен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Ол осы соғыстарда бірде Әмір-Темір әулетіне, бірде ноғай мырзаларына, ақырында Моғолстан хандарына сүйенді.

XV ғасырдың ақырында Отырар Яса (Түркестан) Орхон, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниге қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Туркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігіне қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы султан Махмұд биледі.

 Қазақ хандары Дешті –Қыпшақты басып алуға умтылғандардың бірінен соң бірін жеңіп, өз иеліктерін едәуір ұлғайтты. Қазақ хандығының нығайюы Шайбани ханды Шығыс Дешті –Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігінен Мауараннахрға ығысуға мәжбүр етті. Ол 1500 жылы ондағы Әмір Темір әулетін талқандап, Мауараннахрды жаулап алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мауараннахрға енген көшпелі тайпалар бірте – бірте жергілікті отырықшы халыққа сіңіп, олардың тілі мен мәдениетін қабылдап, өздерінің бұрынғы Дешті –Қыпшақтағы өзгешіліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл көшпелі тайпалар Дешті –Қыпшақтан ала келген «өзбек» деген атау бірте-бірте Мауараннахрдың байырғы тұрғындарына жалпыласты. Бірақ олар «өзбек» деген аты болмаса, жергілікті халықтың тұрмыс- тіршілігіне ықпал жасай алмаған.

XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті –Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында қолданылған «өзбек- қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Шығыс Дешті –Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды.

Қазақ хандығы кезеңінің көптеген сәулеттік ескерткіштерінің арасында қазақтармен достық қарым-қатынаста  болған ойрат ұлыс князьдары XVII ғасырда  лама дінінің пұтханасы ретінде  салдырған Қызылкеніш сарайы (Қыз  Әулие сарайы) бар.

Қызылкеніш сарайы Қарағанды қаласынан  оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының  территориясындағы Кент тауында  орналасқан.

 

Сарай Қызылкеніш сайында, өзеннің  оң жағалауында орын тепкен. Ертеден  бері жергілікті қазақтар оны «Қыз Әулие» деп атағанымен, зерттеушілер өз жұмыстарында «Кызыл-Кенчский дворец», «Кызыл-Гянчский дворец», «Кзыл-Кенч, «Кызыл-Кенш», «Кызылкентский дворец», "Қызылкеніш сарайы" деп атап келді.

Қызылкеніш сарайы өзінін архитектуралық стилі жағынан (2 қабат, балкон, колонналар), сондай-ақ археологиялық қазба барысында  табылған заттарына қарағанда да кейіңгі кезеңде салынған қазақ  құрылысына ұқсамайды. Сарайға жүргізілген 3 жылдық зерттеулер көрсеткендей, ескерткіш  ғұрыптық құрылыс болып табылады. Соған қарағанда ол ойраттардың 17-ғ. тұрғызған ламаистік ғибадатхана, яғни монастырь (храм) болса керек.

Сарайды өткен ғасырдың 50-жылдарында Республикалық Археологиялық карта  құрастыру барысында Қазақстан  ҒА экспедициясы зерттеді.

Қызылкеніш сарайына археологиялық  казба 1985 ж. басталды. Оны Қазақстан  мәдениет Министрлігінің "Казпроектреставрация" Институтының археологиялық отряды жүргізді.

Ескерткіштін бұдан кейінгі  зерттелуін 1986-1987 ж. Қарағанды Мемлекеттік  университетінін археологиялык  экспедициясы жалғастырды (профессор  А.К.Әбілов бастамасымен құрылған «Эврика» студенттік отряді).

Зерттеу барысында негізгі сарай 3 жеке кұрылысымен толық аршылып. ескерткіш манында орналасқан қорымнан 10 жерлеу орны қазылды. Қазбаға дейін  сарай қирандысы диаметрі 25 м-ге, биіктігі 2,7 м-ге дейін жететін тасты-топырақты  төбе түрінде болып келген. Зерттеу  барысында үстіне қалың шөп пен  итмұрын бұталары өскен оның айналасынан  үш жеке құрылыстың қирандысы мен  қорым тіркелді. Сарайдың оңтүстік-шығыс  жағында, яғни кіре берісінде тереңдігі 2 м-ге жететін сопақ пішінді екі  шұңқыр бар.

Қазбадан кейін, тамбуры бар. 4 бөлмеден тұратын негізгі сарай жобада айқыш (крест) тәрізді құрылыс болып  шықты. Сарайдың қабырғалары өңделмеген тақта тастардан қаланған. Тақталардың  қалыңдығы 0,10 - 0,20 м. Құрылысты салу барысында онын бұрыштарына ұзындықтары 0,6 - 0,7 м, ендері 0,4 - 0,5 м болып келетін  үлкен тақта тастар пайдаланылған.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ескерткіш  өте қыска уакыт өмір сүрген. Адамдардың узақ уақыт өмір сүрген іздерінің  жоктығы. тек шамалы гана күл қабаты, жануарлар сүйектерінін аздығы мен  табылган олжалардың мардымсыздығы  ескерткіштің тұрақты мекен-жайға  айналмағандығын меңзейді.

Археологиялық қазба барысында  табылған оймышты ағаш әшекейі Монғолияның  ламаистік храмдарының әшекейлеріне (өрнектеріне) ұқсас. Оларда бұл өрнектер "фасадтар мен интерьерлерді әшекейлеуде" кеңінен қолданылған. Әсіресе, сарай қирандысының қыш заттары туралы мәліметтері қызықты. Ол жөнінде Н.Коншин өзінің "От Павлодара до Каркаралинска" деген мақаласында былай дейді: "в развалинах дворца находятся вещицы из белой глины в виде конуса с расширенным основанием и закругленной верхушкой. Внутри этих вещиц постоянно оказываются зерна пшеницы". И. Чеканинский бойынша Қызылкеніш сарайының қирандысынан табылған осы заттардың біреуі бұрын Семей музейінің археологиялық коллекциясында сақталған. И. Чеканинский оны "цаца" деп санап, оның суретін Қызылкеніш сарайына арнаған еңбегінде берген. И.Чеканинский бойынша оның өлшемдері мынадай: "Цацанің" биіктігі 43,0 мм, негізіндегі диаметрі 44,0 мм, беліндегі диаметрі 54,0 мм». «Мұндай "цацалар", -деп жазды И.Чеканинский, «ғұрыптық маңызға ие және олар монастырьлардағы құлпытастарға қойылады». Қазба барысында табылған мыс ақша манжур императоры Сюаиь-Е-нің (1662-1722 жж.) билік құрған кезеңіне жатады.

Ескерткіште адамдар өте қысқа  мерзім тұрған. Түрлі себептерге байланысты ол өзінің өмір сүруінің алғашқы кезеңінде-ақ қиратылып тасталуы мумкін. Қорымның зерттелген жерлеу құрылыстарының көпшілігі  бос. Бірақ, жерлеу құрылысының құрылымы көрсеткендей, олар мұсылмандық ғұрып  бойынша салынған. Үстіндегі тас  үйінділері, жерленгендердің батыс, солтүстік-батыс тұрақты бағыттары, жерлеу заттарының жоқтығы мұсылмандық  жерлеу ғұрпы туралы айтады. Бұл  жерде қазақтар өздерінің тумаларын  жерлеген деп болжам жасауға негіз  бар.

Келтірілген ойларды сәл қорытар  болсақ, Қызылкеніш сарайы ламаистік  монастырь ретінде XVII ғ. салынған. Тек  болжам бойынша, оны XVII ғ. 40-жылдарында хошоуттік Хундулен-Убаши немесе осы ғасырдың 70-жылдарының бірінші  жартысында Очирту-Цецен-хан салдыруы мүмкін.

Сонымен XVI ғасырда Орталық Қазакстан  экономикалык жағынан біртұтас, этникалық  кұрамы біртектес Қазақ хандығының құрамына енді. XVII ғ. қазақ халкының жоңғар шапкыншылығына қарсы ерлік  кезеңі, Орталык Қазакстан жерінде  қазақтардын әскері екі ірі жеңіске  жеткенімен қазақ-жоңғар соғысы әлі  жүз жылга созылды (к. Аңырақай шайқасы, Бұланты шайқасы). Қалмактар мен  қазақтардың өзара жауластығы калмактардың бір одакқа (1400) бірігуінен баста-лып, оларды қытайлыктардың түгел жойып  жі-берген (1757 ж.) кезеңіне дейін ұласты.

Абылайдың билігі кезеңінде Сарыарка даласында Қазыбек би (1667-1763) және Бұкар жырау (1668-1781 ж. ) үлкен рөл  атқарды. Казыбек би, Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында  мемлекет басқаруға белсене араласты. Абылайды жоңғар тұтқынынан босатып  алуда ерен еңбек сіңірген Қаз  дауысты Қазыбек би Абылай хан  билікке келген кезеңнен бастап мемлекет ісіне белсене катысты. Ол ханның бас кеңесшісі және беделді би болды. Бұкар жырау есімі ұрпакка  ақылгөй жыршы ретінде белгілі. Өз шығармаларыңда Бұкар жырау үш жүздің бірігіп, мықты мемлекет болуын армандады.

Жүздік  құрылым туралы

Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде  ғалымдардың арасында әлі ортақ  пікір жоқ.

 

Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын  Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде  қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған". Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".

В. Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда  болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің  мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.

Информация о работе Қазақ хандығы