Қазақ халқыны ңшаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 14:34, реферат

Краткое описание

Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының түп-тамыры сонау қола дәуірінен бастап пайда болып, одан ертерек темір дәуірі кезінде қалыптасып, орта ғасырларда әбден орныққанын біз 10-сынып материалдарынан білеміз. Сондықтан дәстүрлі мал шаруашылығының XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қалпын қарастырамыз.Дәстүрлі мал шаруашылығы XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың басында қатты күйзеліске ұшырады. Жоңғар шапқыншылығының кесірінен қазақтың көп тайпалары жерінен ауды, малынан айырылды.

Содержание

Кіріспе
1. Қазақ ауылы
2. Қазақтардың қысқы және жазғы тұрғын үйлері
3. Мал шаруашылығы
4. Өрт қою
5. Жұт
6. Халықтық мал емдеу тәсілі
7. Шөп шабу ісінің дамуы
8. Егіншілік кәсібі
9. Аңшылық
10. Балық аулау
11. Пайдаланылған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (6).docx

— 749.32 Кб (Скачать документ)

Суармалы егіншілік Шығыс Қазақстан, Жетісу, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аймақтарында жақсы дамыды. Қазақстанның өзге аудандарында тәлімі егін шаруашылығы кеңінен етек алды.

Қазақтар негізінен бидай, тары, сұлы, күріш және жүгері дақылдарын екті. Шымкент және Перовск уездерінде мақта, Верный уезінде азын-аулақ темекі, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында бақша дақылдары - қарбыз, асқабақ, пияз бен сәбіз өсірілді. Орыс-украин халықтарымен қатар алқаптарда тұратын қашқтар аздап болса да картоп, қияр және басқа дакөкөніс түрлерін егумен айналысты. Мал азықтық дақылдардан жоңышқа егу кеңінен етек алды. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы қазақтар өз шаруашылықтарында бау-бақша дақылдарын өсірумен айналысты.

Аңшылық

Қазақстанның байырғы жергілікті тұрғындары аңшылықпен ерте заманнан бері айналысқан. Ресейдің XVIII ғасырдағы белгілі зерттеушілерінің бірі И.Г. Андреев бұл жөнінде былай деп жазады: «Аңшылық кәсібі аңдардың көптеген түрлерін аулауға бейімделген. Мәселен, қасқыр, түлкі сияқты аңдарды кең далада атпен қуып жүріп аулайды». Қазақ шаруашылығында аңшылық қосымша кәсіп сипатында болды. Ауқатты бай қазақтар аң аулаумен көңіл көтеріп, көмек ету, уақыт өткізу үшін айналысты. Аң аулауға қыран құстар салу, құмай тазылар жүгірту, қақпан және тұзақ құру сияқты толып жатқан тәсілдер қолданылды. Қазақтар қақпанды көбінесе қазақтар мен қоныс аударып келген орыс шаруаларынан сатып алды. XIX ғасырда аң аулауға мылтық пайдаланыла бастады. Қасқыр, түлкі, қарсақ ату кеңінен етек алды. Қымбат бағалы аң терілерін жәрмеңкелер мен сауда орындарына шығарып сататын болды.

 

Балық аулау

Ірі көлдер мен өзендерде, сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінде балық аулау едәуір дамыды. Бұл кәсіппен кедей Қазақтар айналысты. Қазақтар балықты тағам ретінде тұтынды және сату үшін аулады. Ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруаларының көбеюіне байланысты балыққа деген сұраныс арта түсті. Балық Ертіс пен Жайықта көп ауланатын. Бірақ онда балық аулауға қазақ офицерлері қатаң бақылау орнатты. Қазақтардың бұл кәсіппен айналысуы үшін ендігі жерде солардың рұқсат қағазын алуына тура келді. Балық аулау әсіресе Сырдария өзені мен Арал теңізінде күшті дамыды. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде онда 10000-ға дейін балықшы қазақтар болды. Балық аулаудың қарқынды дамуынаОрынбор-Ташкент темір жолының салынуы қатты ықпал етті. Балық аулау және оны темір жолмен жөнелту үшін 1905 жылы Арал поселкесі салына бастады

 

 

 

 

 

 

 

 

Падаланылған әдебиет:

  1. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы.
  2. Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы, 2007.

 


Информация о работе Қазақ халқыны ңшаруашылығы