Қазақ халқыны ңшаруашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 14:34, реферат

Краткое описание

Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының түп-тамыры сонау қола дәуірінен бастап пайда болып, одан ертерек темір дәуірі кезінде қалыптасып, орта ғасырларда әбден орныққанын біз 10-сынып материалдарынан білеміз. Сондықтан дәстүрлі мал шаруашылығының XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қалпын қарастырамыз.Дәстүрлі мал шаруашылығы XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың басында қатты күйзеліске ұшырады. Жоңғар шапқыншылығының кесірінен қазақтың көп тайпалары жерінен ауды, малынан айырылды.

Содержание

Кіріспе
1. Қазақ ауылы
2. Қазақтардың қысқы және жазғы тұрғын үйлері
3. Мал шаруашылығы
4. Өрт қою
5. Жұт
6. Халықтық мал емдеу тәсілі
7. Шөп шабу ісінің дамуы
8. Егіншілік кәсібі
9. Аңшылық
10. Балық аулау
11. Пайдаланылған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (6).docx

— 749.32 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе

  1. Қазақ ауылы
  2. Қазақтардың қысқы және жазғы тұрғын үйлері
  3. Мал шаруашылығы
  4. Өрт қою
  5. Жұт 
  6. Халықтық мал емдеу тәсілі 
  7. Шөп шабу ісінің дамуы
  8. Егіншілік кәсібі
  9. Аңшылық
  10. Балық аулау
  11. Пайдаланылған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының түп-тамыры сонау қола дәуірінен бастап пайда болып, одан ертерек темір дәуірі кезінде қалыптасып, орта ғасырларда әбден орныққанын біз 10-сынып материалдарынан білеміз. Сондықтан дәстүрлі мал шаруашылығының XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қалпын қарастырамыз.Дәстүрлі мал шаруашылығы XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың басында қатты күйзеліске ұшырады. Жоңғар шапқыншылығының кесірінен қазақтың көп тайпалары жерінен ауды, малынан айырылды.Дегенмен XIX ғасырда мал шаруашылығы біршама бұрынғы қалпына келді.ғасырдағы мал шаруашылығы көшпелі, жартылай көшпелі жөне отырықшы болып ұш турге бөлінеді. 1868 жылғы патша окіметінің әкімшілік реформасынан кейін қазақтардың отырықшылыкка карай ауысуы күшейді, егіншілік пен мал шаруашылығының үлес салмағы артты. XIX ғасырдың соңында көшпелі мал шаруашылығы, негізінен, Үстіртте, Батыс және Орталык Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Қызылқұм мен Мойынқүмда ғана біршама таза сақталды. Ал Қазақстанның көпшілік аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.Мал шаруашылығының бұл түрі әсіресе Қазақстанның оңтүстік оңірінде кең таралды. Ал Каспий, Арал теңіздері, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Шалқар көлдері маңында, Сыр, Шу, Іле өзендері жағалауындағы қазақтар мал өсірумен қатар балықшылықпен де, кейде егіншілікпен де айналысты.Қазақтар кой, жылқы, сиыр, ешкі, түйе өсірді. Түліктердің ішінде қазақтың тұрмысында қой малы маңызды орын алды. Қойдың еті мен Сүті жүні мен терісі киім, үй тұрмысы заттарына пайдаланылды. Қазақтар кылшық жүнді, қүйрықты қой өсірді. Аймақтық табиғат ерекшеліктерге қарай қойдың бұл түрінің жергілікті түқымдары да болды. Мысалы, Батыс Қазақстанда -адай, Орталық Қазақстанда -бағаналы, еділбай, Шығыста зайсан, Жетісуда-жетісу тұқымды қойлары.Ғасырдың басында Солтүстік Қазақстанда-сібірлік биязы жүнді қой,Қызылқұмда қаракөл қойы өсіріле бастады.Қазақ халқының мал шаруашылығында жылқы малының алатын орны ерекше. Қазақ жылқысының түрқі аласа, кеудесі ауқымды, жүні ұзын, тарпақ тұқымдас жылқы болды. Ол мініске шыдамды, тебіндеп жайылуға қалыптасқан, аса күй талғамайтын. Олардың тұқымдары да әр түрлі: адай, батысқазақстандық, орталық қазақстандық, жетісу, найман, т.б. Оңтүстік Қазақстанда «қарабайыр» деп аталатын жылқы тұқымы да ұсталды.Ірі қара малды, негізінен, кедейлер мен орта шаруа ұстады. Олар ірі қараны өзен-көлді, сулы-нулы жерлерде көбірек өсірді, мысалы, Сырдың бойы, Жетісу аймақтарында.Қазақ өсірген енді бір түлік түйе. Оның екі түрі бар. Бір өркешті-«нар», екі өркештісі-«айыр». Дегенмен қазақ екі өркешті айыр түйені көбірек өсірді. Оның жүні қалың, суыққа төзімді келеді. Ал бір өркешті нар күшті, шыдамды болғанымен суыққа төзімсіздеу, ол Қазақстанның оңтүстік-батыс аудандарында кең таралды.Сиыр малы мен түйе қазақ тіршілігінде маңызды орын алды. Екеуінің де еті, сүті тамаққа, терісі, жүні шаруашылықка пайдаланылды. Оларды көлік ретінде де кең пайдаланды.Қазақ ешкіні аз ұстады. Ешкі көбіне отырықшы не жартылай көшпелі шаруашылықтарда ғана өсірілді.Қазақтың мал шаруашылығы жыл мезгіліне тәуелді болды. Қыстау, әдетте, қары аз тауларда, өзеннің талды, ықтасын жағалауларында болады.Көктеу, әдетте, қыстаудан алыс болмайтын, қары ерте кететін, көгі ерте шығатын жерлер. Орталык, Солтүстік Қазақстан малшылары жазда жайлауға Солтүстікке қарай көшсе, қыстаулары көбіне оңтүстік жақта болатын. Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жерлерінде жаз жайлауға биік тауларға-Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле, Талас Алатау тауларына, Тянь-Шанға шығатын.XIX ғасырдағы мал шаруашылығында көшудің төрт түрі болды. Біріші түрі меридиан бойымен көшу. Бұл жазда Солтүстікке карай, ал қыста оңтүстікке карай көшу. Көшпеліліктің бұл түрі әсіресе арқа қазақтарына тән. Олар жаз айларында салқын аймақтарды (солтүстікті) жайлап, кысқа карай жылы оңтүстікке қарай көшіп, сонда қыстады. Көшіпеліліктің бұл түрінде малшының жылдық көшу қашықтығы 1000 шақырымға дейін баратын.

Қазақ ауылы

Аталмыш кезеңде қазақтар шағын елді мекендерде — ауылдарда тұрды. Қыруар көп малды бағу үшін олар шағын ауыл болып тұруға мәжбүр еді. Әр ауылдағы шаруашылық 5-20 отбасынан аспады. Әдетте ауыл ең жақын туыстардан құралды. Әр отбасындағы жан саны орта есеппен 5-7 адамнан келді. Ауылды ең жасы үлкен кісі, би немесе құрметті ақсақалбасқарды. Әр ауыл көбінесе белгілі бір рубасының атымен аталды. Ауыл орманның шетінде, өзеннің не көлдің жағасында, ал таулы жерлерде шатқалдың ішінде орналасты. Орман ментау қысқы суықтар мен борандар кезінде малды аман сақтаудың табиғи қорғанысы саналды. Ол жерлерден отын мен құрылыс материалдарын жинап алуға да мүмкіндік мол еді. Қоныс таңдаған кезде қазақтар су көздерінің - өзендер мен көлдердің, мол сулы бұлақтардың болуын мұқият ескерді. Олардан ауыз су алды, мал суарды. Ондай су көздері болмағанжағдайда құдық қазып алуға тырысатын.

 

 

Қазақтардың қысқы және жазғы тұрғын үйлері

Қазақтар жаз кезінде киіз үйлерде тұрды. Киіз үй кей жағдайларда кедей қазақтардың қысқы баспанасы да болды. Мұндай кезде ол үйді бірнеше қабат киізбен қымтап, іргесін қарменбастырып тастайтын. Ал елдің оңтүстіктегі жылы аймақтарында киіз үйде қысы-жазы бірдей тұра беруге болатын. Неміс ғалымы Ф. фон Шварц былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтардың қысы-жазы бірдей тұра беретін бірден-бір баспанасы киіз үй болып табылады. Киіз үй адамның қашаннан бергі ойлап тапқан ең ғажайып практикалық өнер табысының бірі екенінде дay жоқ». Киіз үйдің ағаштанжасалатын бөліктерін арнаулы шеберлер - үйшілер, ал киізден жасалатын жабдықтарын киіз басатын әйелдер әзірлейтін. Үйдің бау-шуларын құрастыру, тігу мен жығу да әйелдердің үлесіне тиетін.

Қазақтардың қалмақы төбесі шошақ үйлері де болды. Бірақ олар өте сирек пайдаланылды. Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын болып төр саналды. Төрге ең сыйлы адамдар мен қадірлі қонақтар шығарылады. Үйге бас сұққан қонақ қандай дін ұстанатынына, қай ұлттың өкілі екендігіне қарамастан, сол үй иесінің сенімді қорғауында болатын.

XIX ғасырдың 30-50-жылдарында  қазақтарда отырықшы өмір салтына көшуге байланысты тұрақты баспана салу үрдісі орнықты. Қазақтар қыста тұратын баспанасын қыстаулеп атады. Қыстау топырағы құнарлы жерлерге салынды. Оған жақын жерде, әдетте, рулық зират тұрғызылды. Қыстаудың маңында егістік және шабындық жерлер болды. Далалықтар қыстауды адам өлімі көбейіп кеткен немесе мал қырылып, жұт болған кездері ғана тастап кететін. Қыстау әр түрлі құрылыс материалдарынан: тастан, ағаштан, шымнан және шикі кесектен салынатын.

XIX ғасырдың соңына қарай қазақтар төбесі екі жақты беткейлі шатырмен жабылатын үй салуды үйренді. Үйдің ішіне қазан асылатын, әрі үйді жылытатын пеш орнатылды. Терезенің көздері малдың тақыр қарнымен керш тасталды. Қысқы баспана екі бөліктен тұрды. Олардың арасында пеш болды. Оның бір жағы кіре берістегі ауыз үй, екінші жағы адамдар тұратын төр үй деп аталды. Төр үйдегі жер еденнің үстіне нарағаштан салынған аласа орын жасалды. Ауқатты қазақтардың үйіндегі бөлмелердің саны 3—4-ке дейін жетті. Ағаштан қиып салынатын, ағаш едендері бар үйлер де пайда бола бастады. Әдетте ондай үйлерді орыс ұсталары салатын. Қазақтар киіз үй мен қысқы тұрғын үйдің ішін қамыс пен құраған ағаш және тезек жағып жылытатын. Қазақтарда өсіп тұрған ағашты кесуге қатаң тыйым салынатын.

Тұрғын үйлер мен мал қоралары бір-бірімен жалғасып жатты. Құрылыстың мұндай жинақылығы қысқы суық пен боран кезінде ыңғайлы болатын. Аулада шаруашылыққа арналған төбесі күмбез тәріздес щошала тұрғызылды. Онда ет және басқа да азық-түлік өнімдері сақталды, ас пісірілді. Қыс кезінде қолға қарап қалатын мал түн мезгілінде мал қораға қамалатын. Мал қораның үстіне көбінесе пішен жиналатын.

Мал шаруашылығы

Қазақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал өсіру болды. Олар көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанды. Қазақтардың көші-қонының қашықтығы әр түрлі болып келетін. Жаңа қонысқа көшуден бұрын ауылдың тәжірибелі адамдары жер шолып, малға жайлы жайылым іздестіретін. Онда жерінің шөбі шүйгін, міндетті түрде су көзінің болуы қарастырылды. Аталас туыстар әдетте белгілі бағытта бірлесіп көшетін. Қыс кезінде үйір-үйір жылқылар ашық далада қарды тұяғымен аршып, тебіндеп жайылатын. Жылқы тебіндеп жайылған соң ол жерлерге мүйізді ірі қара, түйе және уақ мал жіберілетін.

Мал басы көшпелі қазақтарды ішіп-жем, тағаммен қамтамасыз етті. Қой мен құлын, ешкінің иленген терісі түрлі сырт киімдер мен аяқ киім тігуге пайдаланылды.Қойдың және түйенің жүнінен киіз басылды, жіп иіріліп, шекпен тігілді, арқан-жіп есілді, баушулар жасалды, кілем тоқылды. Ешкінің түбіті әдемі де жылы шәлілер тоқуға пайдаланылды. Малшылар серкенің, өгіз бен жылқының терісінен құдықтан су тартатын ыдыс — қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятынторсықтар жасады. Қазақтар малдың тезегін отын ретінде пайдаланды. Көшпелі қазақтардың өсіретін малының негізгі түрлері қой-ешкі, жылқы мен түйе болды. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтарда сиыр өсіру де елеулі түрде дами бастады.

Қой қазақтың ең басты байлығы саналды. Қазақтар қылшық жүн ді әрі құйрықты қой тұқымын өсірді. Қой қандай қиындыққа да төзімді түлік. Ол ыстыққа да, суыққа да, аштыққа да шыдамды келеді. Ірі қойлар 2 пұтқа дейін ет, 1 пұтқа дейін құйрық майын, 4 қадаққа дейін жүн бере алады.

Қазақ жылқысы тұрқы аласа, кеуделі келеді. Ол жыл бойы өз аяғымен тебіндеп жайылады. Қазақ жылқысы жүйрік әрі өте төзімді, сондықтан да ол ішкі Ресейденқоныс аударып келген орыстардың арасында өте жоғары бағаланды. Жылқы малы қазақты етпен, қымызбен қамтамасыз етті, салт мінуге және ауыл шаруашылығында күш көлігі ретінде де пайдаланылды.

Сиыр  малы қалмақ сиырлары сияқты ұсақтау болып келеді. Сүтті де көп бермейді. Сиыр елдің солтүстік аймақтарында көбірек өсірілді. Оны қоныс аударып келген орыс шаруалары көптеп сатып алатын. Отырықшы және жартылай отырықшы шаруашылықтарда ол жер жырту кезінде соқаға жегілетін күш көлігі ретінде пайдаланылды. Қазақ байлары өз сиырларын ежелгі дәстүрбойынша кедейлерге сауын ретінде таратып беретін. Кедейлер сиырдың сүтін сауып ішетін. Оның есесіне ол сиырларды жемшөппен қамтамасыз етіп, бағып-күтуді, төлін аман өсіруді өз міндеттеріне алатын. Мәселен, Перовский уезінің атақты байы Біләш жыл сайын өзінің 700-ге тарта сиырын тап осылай «сауынға» беріп тұрған.

Қазақтар ешкіні негізінен тамаша түбітіне бола өсіретін. Атақты Орынбор шәлілері қазақ ешкілерінің түбітінен тоқылып келгені белгілі. Қазақта әр отар қойды бастайтын серке болады. Түйе түлігі негізінен айыр өркешті болып келеді. Жалғыз өркешті нар түйелер Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында өсірілді. Қазақтар түйені көші-қон, егін шаруашылығында күш көлігі ретінде де пайдаланды. Түйені Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары аз да болса сатып алып жүрді.

XIX ғасырдың бірінші жартысында  Қазақстандағы ең ірі байлардың  бірі Азынабай болды. Баянауыл сыртқы округында тұратын оның 25 мыңға жуық малы бар еді. Ал 1917 жылға қарай Қазақстандағы алты облыста тұратын қазақтардың қолындағы малдың жалпы саны 18 миллион басқа жуық болатын.

Өрт қою

Жазғы жайлаудан қайтқан қазақтар әдетте құраған күзгі шөпке өрт қоятын. Кейде мұндай өрт ерте көктемде де қойыла беретін. Далалықтардың пікірі бойынша ондай өртенді жерде көктем кезінде шөп қалың шығады. Оны жеген мал тез қоңданып, семіреді де салмағын арттырады. Рас, ондай өрттердің бой бермей кетуі салдарынан, әсіресе желді күндері, талай ауыл, қысқа дайындап қойған мая-мая пішендер өртеніп те кететін. Күзде және көктемде ондай өрттердің болуына жол бермеу үшін қазақтар қыстаулардың төңірегіндегі құраған шөптерді күзге қарай өртейтін болды. Қазақстан аумағына қоныс аударып келген орыс шаруалары санының арта түсуіне байланысты патша үкіметінің әкімшілігі ондай өрт қою шараларына біржолата тыйым салды.

Жұт

Қазақтар үшін ең ауыр кез жұт жылдары болды. Кейде көктайғақ мұздардың немесе шөп шықпай қалудың салдарынан бүкіл мал қырылып қалатын. Өйткені мал көкпеңбек болып қатып қалған қалың мұздың қабатын бұзып, шөп жей алмайтын. Ондай жұт кезінде мал мың-мыңдап қырылатын. Ең сұрапыл апатты жұт 1880 жылы болды. Сол жылы тек Торғай облысында ғана 1,5 миллионнан астам мал аштан қырылды. Қазақтардың байқауынша, мұндай ауыр жұттар әрбір 10-12 жылда бір рет қайталанатын «қоян» қылына сәйкес келеді. Ондай жұттардан аман қалу үшін қазақтар шекара шебіндегі қазақтар мен орыс шаруаларына жақын келіп қонуға тырысатын. Станицалар мен деревня тұрғындарынан пішен мен сабан сатып алатын. Жұттан кейін күйзеліп, қайыршыланған қазақ шаруашылықтары ендігі жерде егіншілікпен айналысуға мәжбүр болды.

Халықтың  мал емдеу тәсілі

Қазақтар мал емдеу ісінде орасан зор тәжірибе жинақтады. Қазақ даласы әрбір тұрғынының мал емдеуден едәуір хабары болды. Мәселен, олар күйдіргі, шешек, қарасан және оба сияқты жұқпалы ауру пайда болған кезде тез қоныс аударады, мал жайылымын өзгерте қояды. Мұндай аурудан өлген малды жерге терең етігі көміп тастайды. Ал аусыл болған малдың ауыз қуысы мен тілін қыздырылған ас тұзымен және мыс тотығымен, яғни тотияйынмен қаны шыққанша ысқылайды. Кейде тілінің астындағы күре тамырынан қан алады. Ауру малды көлеңкеде ұстап, оған жаңа орылған жұмсақ шөп салады, қалағанынша тұз жалатады. Қотыр болған малды жілікмайымен емдеген немесе тұзды көлге тоғытқан. Қотыр малды кейде улы өсімдік тамыры қайнатылған судың арнайы түнбасын жағып та жазып алған. Мұндай ауруларды емдеу кезінде керосин мен темекі қосып қайнатылған судың түнбасы да пайдаланылған.

Шөп шабу ісінің дамуы

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақтар шөп шабумен айналыса бастады. Алайда көшпелілердің шабындық жерлері Ресейден қоныс аударып келген шаруаларға, қазақтардың станицаларына, әскери бекіністер мен жаңадан салына бастаған қалаларға беріле бастады. Мың-мындаған мал басын қырып салатын жұт жылдары жиі қайталанатын болды. Ал ондай кезде мал басын алдын ала дайындалған шөп қоры мол болған жағдайда ғана аман сақтап қалуға болатын еді. Қоныс аударып келген орыс шаруалары қазақтардан сиырды көптеп сатып ала бастады. Мұның өзі мүйізді ірі қараның санын арттыра түсу қажеттігін тудырды. Ал сиырды қолда ұстап бағумал азығын дайындауға деген ынта-ықыласты күшейтті.

Шөп темір шалғылармен шабылды. Қоныс аударып келген орыс шаруаларынан үлгі алған ауқатты қазақтарда негізінен атқа жегіліп, шөп шабатын машиналар да пайда болды. XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанның солтүстік, орталық, солтүстік-шығыс аймақтарында шаруашылықтардың 90 пайызға жуығы шөп шабумен айналысуды кәсіп етті.

Егіншілік кәсібі

Сырдарияның екі жақ өңірінде, Жетісу жерінде, сондай-ақ Қазақстанның Солтүстік, Солтүстік-шығыс және Орталық аймақтарындағы кейбір өзендер мен көлдердің жағалауларында қазақтар егіншілікпен сонау ерте заманның өзінде айналысқан болатын. XIX ғасырдың аяқ кезінде елдің Орталық, Солтүстік және Солтүстік-шығыс аймақтарында егіншілікпен айналысуға жаппай бет бұру байқалды. Ішкі Ресейден қоныс аударушы шаруалардың көптеп келуіне және Қазақстандағы қала халқы санының арта түсуіне байланысты мал жайылымдарының көлемі қысқара бастады. Отбасы мүшелерін асырау мен қолда бар малды жемшөппен қамтамасыз ету ендігі жерде егін егуді ұйымдастыру мен дамытуға байланысты болып қалды. Отырықшы егіншілік кәсібімен айналысуға көшу қазақтарды ежелден қоныстанған жерлерінен күштеп көшіру және басқа жаққа қуып шығу әрекеттеріне тыйым салатын еді. Патша үкіметі қазақтардың тұрақты отырықшы өмір салтына көшуге деген ынтасын қолдап отырды. Патша үкіметінің пікірі бойынша, бұл шаралар Ресейден қоныс аударушы шаруалар үшін қыруар көп жер төлімдерін босатып беруі және қазақтарды басқару үшін қолайлы жағдайлар туғызуы тиіс болатын. Қазақтар бірте-бірте орыс шаруаларының үлгісімен егін егуді игере бастады. Негізгі еңбек құралдары соқа, тырма, қол орақ, ағаш айыр, күрек пен кетпен болды. Егістік жерді суару үшін әр түрлі қүрылғылар (атпа, шыгыр) қолданылды. XIX ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың бас кезінде қазақтар мен орыс шаруалары қатар қоныстанған аудандардағы шаруашылықтарда темір соқалар мен тырмалар пайда болды. Уезд және кейбір болыс орталықтарында ауыл шаруашылық техникасының паркі ашылды.

Информация о работе Қазақ халқыны ңшаруашылығы