Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 22:48, курсовая работа
Тақырып өзектілігі. XVғ. 80-жылдары – XVIIғ. 40-жылдары орын алған абсолютизмнің Ұлыбританияда ерекше маңыздылығы болғаны белгілі. Абсолютизм қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық үрдістердің алға қарай дамуына ерекше ықпал етті. Сондықтан, абсолютизмнің орнау тарихын, оның барысында халықтардың өз басынан өткерген абсолютті монархияның әсерлері мен қоғамдық-саяси өзгерістеріне ұшырауын, және көптеген себептердің нәтижесінде Бірінші Стюарттар кезінде дағдарысқа ұшырап, соңында Карлдан кейін абсолютистік режимнің ыдырауын атап көрсету және білу маңызды. Сонымен қатар, XV ғ. аяғы – XVII ғ. ортасындағы абсолютизм кезенінің әр түрлі әлеуметтік таптарға, Англияның экономикасына, даму ерекшелігіне жағымды немесе жағымсыз әсерін айқындау. Осы тұрғыдан алғанда, ағылшын абсолютизмінің халықаралық жүйедегі орын алуымен үлкенді-кішілі шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынасын орнату саясатымен, белсенді саясатқа өзінің сыртқы саясатымен әсер етуін көрсету.
Кіріспе...............................................................................................................3-5
I. Ағылшын абсолютизмінің орнауы.............................................................6-16
1.1. Тюдорлардың абсолютті монархиясы...................................................6-11
1.2. Елизавета Тюдор кезіндегі абсолютизмнің шарықтау шегі...............11-16
II. Бірінші Стюарттар кезіндегі ағылшын абсолютизмі...............................17-24
Стюарттар абсолютизмінің кризисі.....................................................17-20
Абсолютті монархияның құлауы.........................................................20-24
Қорытынды.......................................................................................................25-28
Деректер мен әдебиеттер тізімі.......................................................................29
Тек мықты король үкіметі ғана Англияның Европадағы жағдайын нықтап, теңіз жолдарын және басқа жердегі рыноктарды жаулап алып, сонымен қатар, ағылшын сыртқы саудасының мүдделерін қамтамасыз ете алды.
Күшті король билігінің
тенденциялары Эдуард IV-ші Йорк
кезінен-ақ байқала бастады.
Генрих VII-ші (1485-1509) жаңа дворяндар, буржуазияның және көптеген орта феодалдық дворяндардың көмегімен таққа отырған соң кәдімгі абсолютистік саясатты жүргізе бастайды. Ал оның алдында болған король узурпатор болған.
Генрихке біріншіден тақта өзінің позициясын нықтау және король билігінің мәнің жоғары дәрежеге көтеру қажет болды. Роза соғыстары кезінде ірі феодалдық барондар әлсіресе де толығымен жойыла қойған жоқ. Осы бағынбайтын барондар бірнеше рет көтеріліс жасап король жағдайын қиындатқысы келген. Сонымен қатар бұндай көтерілістер Ирландияда және Корнуольде де болып отырды /15/.
Сөйтіп, 1487 ж. Дублинде 11 жасар
Симнельді йоркистер Кларенс
герцогінің қашып кеткен
1497 ж. Корнуолледе екінші көтеріліс болып өтеді. Бұл көтерілістің басшысы Перкин Варбек болған. Барондардан басқа, бұл көтерліске салықтың жоғарлауына наразы болған шаруалар да қатысады. Перкин Варбек өзін Эдуард IV-ң баласы Йорктік Ричард герцогінің (шынында Тауэрде қайтыс болған) кіші баласы деп санаған. Оның талабын көптеген феодалдар және Шотландияның королі мойындаған. Алайда көтерілісті басып тастағаннан кейін, оны тұтқынға алып, дарға асады /16/.
Буржуазияның, жаңа дворяндардың
көмегімен басып тастаған
Ереуілшіл барондарға қарсы күрес жүргізген Генрих VII-ші 1488 ж. Мемлекеттік опасыздық биллі бойынша 8 мың адамды соттайды. Сонымен қатар, олардың жерлерін, мүлігін конфискілеудің және көптеген штрафтардың арқасында король қазынаны байытады. Генрих VII-ші ақша алу үшін және король қаржысын көбейту үшін әртүрлі жолдарды пайдаланған. Ол тіпті әскери іс жүргізбесе де, парламентті әскери мүдделерге қаржыны бөлуге міндеттеп, ал байлардан төменгі тапты эксплоатациялағаны үшін, субсидия алып отырады. Нәтижесінде Генрих VII-шінің өлімінен кейін қазынада тек 15 жыл бойы жинала алатын 2 млн. фунт стерлинг қалады. Ол сонымен қатар, кеме жасауға қаржыны көптеп бөліп, жаңа кемелердің жасалуы үшін субсидиялар бөліп отырды /17/.
Барондармен күрес жүргізе отырып, король ливрейі бар феодалдық ақсүйектерге тыйым салатын заң шығарады. Ал көптеген лордтарда осындай ливрейлік ақсүйектер өте көп болған. Себебі, господиннің бұйрығы бойынша олар барлығымен күресуге дайын болған. Уорикте - «король дайындаушыда» өзінің сарайында вассалдар және парламентпен ере жүретін 600 әскери отрядтары болатын. Ливрейлік ақсүйектер – феодалдық соғыстарға, өзара қырқыстарға дайын әскерлер деп саналатын. Сол себепті Генрих VII-ші ақсүйектерді ұстауға тыйым салып, ал бұған бағынбайтындарға үлкен Алым-салықтар салатын. Енді корольдің осы заңына байланысты ақсүйектер тарқатылып, барондардың саяси үстемдігі біртіндеп әлсірей бастайды.
Бұдан басқа Генрих VII-ші
барондардан артиллерия ұстау
құқығын алып тастап, енді артиллерияны
тікелей тек өзіне бағындырады.
Осы кезде «Жұлдызды палата» - яғни, саяси сатқындық және ереуіл жасағандарға жоғарғы корольдік сот құрылады. Бұл сотқа билль бойынша тіпті жоғарғы шенді адамдар да тартылатын. Сонымен қатар, король администрациясы күшейіп, солтүстік және Уэльс істері бойынша кеңес құрылады. Ал парламент өз жұмысын жалғастырса да, Генрих VII-ші өзінің қаржысын көбейткен сайын одан көмек сұрауды азайтады: соңғы 13 жыл бойы оның басқаруы кезінде парламент тек екі рет жиналады. Жалпы Генрих VII-шінің билігі кезінде қастандық жолмен болса да, саяси және экономикалық прогресс болды және ол өзінің мұрагеріне бай қазынаны және ретке келтірілген мемлекеттік биліктің аппаратын қалдырды.
Сыртқы саясатта ағылшын
үкіметі соғыстардан бас
Генрих VIII-ші (1509-1547ж.) таққа отырғаннан кейін өз әкесінің жоспарын жалғастыра отырып, король болып сайланған соң Фердинанд пен Изабелла Испанскийлердің қызына үйленіп Испаниямен одақ құрады да Франциямен әскери күрес жүргізе бастайды. Екі жылдан кейін ол Испания, Венеция және рим престолымен одақ құрғаннан кейін, «Әулие лигасына» бірігеді /19/.
Бұл жағдай 1525 ж. Павиидегі күрестегі испан королінің
жеңісінен кейін өзгеріп, оны континенттің
үстем етуші жағдайына әкеледі. Осы кезден
бастап, Англия және Испания арасында
қарама-қайшылық пайда болғандықтан,
Генрих VIII-ші Франциямен одақ құруды жөн
көреді /20/.
1530 жылға дейін
ағылшын үкіметінің ішкі
Кардинал Уолсидің
салықты көбейту идеясы қауым
палатасының наразылығын
20ж. Уолсидің
жағдайы нашарлайды, ондағы себебі
Англия өзінің сыртқы
Рим папасымен
байланыс үзілген соң, король шіркеулерді
жауып, олардың жерлерін тартып алып, өз
пайдасын арттыра бастайды. Осындай антикатоликтік
саясат арқылы ол Испаниямен байланысты
үзіп, Англияда реформация жасап,
шіркеу мүлігін толығымен өз қолына алады.
1529 ж. - 1536ж. Жиналыс жасаған парламент
бірнеше акт қабылдап, («Акт о верховенстве»
1534ж.) корольді ағылшын шіркеуінің басшысы
деп тағайындап, Рим мен Англия арасындағы
байланыс үзіледі.
Генрих VIII-ші билеген кезде саяси және конституциялық нәтижелерінің маңыздылығы зор болды. Ол лордтар палатасынан епископтарды алып тастаған соң бұл органды ақсүйектердің органына айналдырады. Сонымен қатар ерте кезден орнатылған мемлекет пен шіркеу байланысын тоқтатып, ұлтшылдықты дамытады. Генрих VIII-ші басқаруы барысында ағылшын абсолютті монархиясының белгілері анық байқала бастады.
Эдуард VI-шы 1547ж. таққа отырған кезде, ол он жасар бала болатын. Ол Генрих VIII-шімен оның үшінші әйелі Джейн Сеймурдің баласы болатын. Эдуард VI-шы өзінің кәмелеттік жасына жетпегенінше оның әкесінің інісі герцог Сомерсет «корольдіктің протекторы» міндетін атқарып, бұл лауазымда 1550ж. дейін отырады. Сомерсеттің Англия мен Шотландияны біріктіру идеясы сәтсіз болып, тіпті шотландықтарды өзіне қарсы қояды. Ол Шотландияға басып кіріп, Пинки-клейде жеңіске жетсе де, бұл істен басын тартуды жөн көреді. Осы кезде Шотландықтарға көмекке француздар келіп, Мария Шотландская мен Франция дофині өзара неке құрады. Сомерсеттің ішкі саясаты да сәтсіздікке толы болған. Әлеуметтік және экономикалық жағдайды жақсарту талпыныстары керісінше оны әлсіретеді. Ал 1550ж. ол кеткен соң Эдуард VI-шы басқаруы кезінде граф Уорвик мемлекеттік істермен айналысады. Бірақ Уорвик жас корольдің өлетінің біле тұра таққа Марияны отырғызбас үшін, 1553ж. өзінің ұлына Генрих VII-нің кіші қызының немересін Джейн Грейнді үйлендіреді. Алайда бұл ойы сәтсіздікке ұшырайды.
Эдуард VI-шы
басқарған кезде Англияда
Эдуард VI-шы қайтыс болған соң жаңа ақсүйектер католичка Мария Тюдордың таққа отыруын болдырмас үшін, мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырмақшы болады. Алайда ол 1553ж. 19 шілдеде Лондонда королева деп жарияланады. Жаңа королева ескі дінді қабылдай отырып, шығыс графтігтерде реформа жүргізіп олардың көмегін өзіне қамтамасыз етеді. Ол Эдуард VI-шы кезіндегі епископтарды қайтадан приходқа алып, ал олардың орның алып отырғандарды өздерінің орындарынан босатады. Сонымен қатар Мария реформаторларды Англиядан қуады, ал жаңа дінді қайта қабылдағандарға ешқандай зорлық-зомбылық жасамайды. Парламенттік акт бойынша Эдуард VI-шы қабылдаған діни шешімдерді өзгертеді: сыйыну кітабындағы священниктерге неке құру құқығына және епископтерді патент беру арқылы сайлауға тыйым салады. Генрих VIII-шінің соңғы дәстүрлі өмір сүру салтына көшу барлық жерде жүргізіледі. Бұл кезде оппозиция болған, бірақ қоғам ескі тәртіпке өтуге қарсы шықпаған. Алайда кейін папа билігінің орнауы және оларға жерлерді қайтарып беру мәселелері үшін халық арасында толқулар басталады. Жалпы осы Мария Тюдордың ең үлкен қателігі – Филипп Испанскиймен неке құруы. Өйткені, осы неке құру туралы хабарлама, халық көтерілісіне әкелді. Көтерілісшілердің негізгі күші Лондонға жылжып келе жатқанда королева оны тоқтата алған. Осыдан кейін Мария өзінің саясатын қатаң жүргізе бастайды. 1554 ж. оның некесі заң жүзінде қабылданады. Ал папа билігінің рухани юрисдикциясының көтерілісі оның наразылығын одан сайын өрістетеді. Енді осыған байланысты Үшінші парламент еретиктерге қарсы заң қабылдап, (1528ж.) Англияда папа билігінің кеңеюіне тыйым салады. Бұл заңдарды жүзеге асыру үшін бұрын шіркеулерге қатысты болған жерлерді тиіспеуге үәде беру керек болды. Алайда бұл шаралар керісінше оппозицияны күшейткеннен кейін, Мария Тюдор репрессия жолына түседі. Сонымен қатар оның сәтсіз болған некесі Англияны Франциямен соғысқа әкелген: 300 еретик өрттелінеді, королева авторитеті түсіп және экономикалық әлсіздікке әкеледі. Сөйтіп, 1558 ж. 17 қарашада Мария Тюдор қайтыс болады /23/.
1.2
Елизавета Тюдор кезіндегі
Мария Тюдор
қайтыс болғаннан кейін,
Елизавета билегенде Англия толығымен аграрлы ел болған. Халықтың көп бөлігі: 4,5 млн. адам деревняларда тұратын. Жалғыз ірі қала Лондон болатын. Оның тұрғындарының саны 1534 – 1660 ж. 8 есе көбееді (60 мыңнан 460 мыңға дейін). Осыған байланысты Англияда шаруашылық өмірдің интенсивті түрде дамуы қарқынды жүреді. Ол негізінен аграрлы облыстарда байқалынды. Сонымен қатар Тюдорлар реформалары «ақшалы адамдардың » қолына, яғни джентрилерге көптеген жерлер бөліп берді. Нәтижесінде кедей шаруалар өздерінің азық-түліктерінен және жерлерінен айырылады. Деревняларда жерлердің ірі капиталистік арендасы таралады, және феодалды тәртіпке бағынбаған фермерлер көбее түседі.
Елизавета I-ші
таққа отырғаннан соң, оның
үкіметі ағылшын шіркеуінің
Королева шіркеу
істерін реттеу және
XVIғ. 60ж. протестанттар-