Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 14:32, реферат
Ататүрік осы ойларды тек айтып қана қойған жоқ, оны орындаған да! Және қалай орындады десеңізші!! Өз ұлтының мерейі мен мәртебесін көтере білген Ататүрік өзінің ақыл-ойы мен іс-әрекеті арқылы халық сүйіспеншілігіне бөленді. Халықтың ықыласына ие болды. Ататүріктің халық ықыласына бөленуінің сыры неде! Енді осы ретте қазақ оқырмандарын Ататүріктің өмірімен жөне қызметімен, саяси-идеологиялық ұстанымдарымен, көзқарасымен таныстыра кеткенді орынды көріп отырмыз.
Оқу кезінде Мұстафа және оның достары революциялық идеяларды ұстанатын құпия “Ватан” (“Отан”) қоғамының негізін қалайды. М.Кемал әскери адамның биік мансабына тез-ақ жеткен. Ол – 1911-1912 жылдардағы итальян-түрік соғысының, 1913 жылғы Екінші Балқан соғысының және 1914-1918 жылдардағы Бірінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бұрқ ете қалған кезде М.Кемал өзі шайқасқан майдандардың бәрінде де сеніп тапсырылған әскерлерге шебер басшылық ете білді. 1915 жылдың сәуірінен ол Галлиполи түбегінде британ қолын жарты айдан астам уақыт бойы ұстап тұрды, сол шайқастан кейін “Ыстамбұлдың құтқарушысы” деген атқа ие болды. Бұл түрік әскерінің бірінші дүниежүзілік соғыстағы сирек жеңісінің біреуі еді. Жауынгерлерді жеңіске жігерлендірген: “Мен сендерге шабуылға шығыңдар деп бұйырмаймын, мен сендерге шайқаста жан тапсырыңдар деп бұйырамын!” деген атақты сөзін ол дәл сол жерде айтқан.
Осман армиясының Антанта әскерлерін шайқаста жеңген жалғыз генералы М.Кемал десе де болады: 1916 жылы ол басқарған командование орыс әскерлерінің Эрзурум түбіндегі шабуылын тойтарған. Сакарья өзені бойындағы жеңістен (1921 жылдың 23 тамызы мен 13 қыркүйегінің арасы) кейін М.Кемал ұлттық батырға айналды. Ұлы ұлттық жиналыс оған маршал атағына қоса құрметті “Ғази” (Жеңімпаз) лауазымын берді.
1922 жылдың тамызында
түрік әскерлері барлық майданд
1923 жылдан бері ол
– Түрік Республикасының
1938 жылы 10 қарашада көз жұмды. 1938 жылғы 26 желтоқсанда Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы Ататүрікке қайтыс болғаннан кейін “Мемлекеттің мәңгілік Басшысы” атағын берді.
Кемалдың ресми өмірбаянының ұзын-ырғасы осы. Оның сыртында көзі тірісінде-ақ ол жайында аңыздар қалыптаса бастаған. Осынау дара тұлғаның бөлек бітімін және ол қатысып, ол ұйымдастырған оқиғалардың оқшаулығын ескере келгенде бұған таңданудың да жөні жоқ.
Оның өмірі мен бейнесі қандай да бір мифологиялық архетиптің аясына сыйғандай. Ол ұлттың Азат етушісі, Құтқарушысы, Жауынгері, мемлекеттің Ұйыстырушысы, Дана әмірші, нұрлы болашақ жолындағы Күрескер, түріктердің Атасы болды.
Пұтқа бас ұрғандай қастерленіп келген неше түрлі тұлғаларға табынудың тас-талқаны шыққанын көрген осы заманғы скептик байқаушыға түрік көшбасшысының киелілендірілген кейпі аңызға алданғыш сананың кезекті бір сарқыншағындай сезілуі мүмкін. Жоғарыда айтылған атақтардың бәрін ол миығынан күле тұрып тыңдайды.
Онысы қате. Неге десеңіз, бұл жағдай – классикалық мифология парадигмасының сұлбасы нақты адамның шын атқарған істерінің ұзын-ырғасымен сәйкес келетін аса сирек жағдай.
Ол адамдарға заңдар
мен қоғамдық құрылым тәртібін әперді.
Отбасылық қарым-қатынас
Ататүрік ұлы адам еді, сонымен бірге ол адамға тән нәрсенің бәрі де тән пенде де болатын. Барлық бөлек бітімді тұлғалар сияқты, Ататүріктің артықшылықтары да, кемшіліктері де бадырайып көрінетін, сонысымен де оның атын аңызға айналдыруға қызмет ететін.
Алғыр ақылды, әзіл сөзге ұста болғандықтан да, талай тұста сөздің отына өзі май құйып тұратын. Ілгерішіл офицерлердің көбі сияқты, Кемал күшті ішімдіктерді дұрысырақ көретін, осы арқылы да дәстүрлі моральдің қасаң қағидаларына жаны қастығын және бір байқатып қоятын. Француздың бір журналисі Түркияны жалғыз маскүнем, жалғыз саңырау (премьер-министрді айтқаны) және үш жүз керең-мылқау (яғни, парламент) басқарады деп жазғанда Ататүрік былай деген: “Ол адам қателеседі, Түркияны жалғыз ғана маскүнем басқарады”.
Кемалды Петр І-мен жиі салыстырып жатады. Аңызға айналған орыс патшасы сияқты, Мұстафа Кемал да жаңа жөн-жосықтарды енгізгенде дәйім өзі жеке үлгі көрсетіп отырған. Сол жылдардағы фотографияларға және замандастарының естеліктеріне қарағанда, Кемалдың өте кербез екендігі, талғаммен киінгені көрініп-ақ тұр. Оның әйелдердің көз құрты болғандығы, жақсы дастархан мен көңіл көтеретін жөндемді жер десе жанып түсетіндігі жайында жайылған талай әңгіме бар.
Республиканың бірінші жылдығында-ақ ол би кешін ұйымдастырады. Жиналған ер азаматтардың көпшілігі офицерлер еді. Мемлекет басшысы олардың бикештерді биге шақыруға бата алмай тұрғанын байқайды. Әйелдер болса ұялшақтап, билеуден бас тартып жатады. Сонда ол оркестрді тоқтатады да, даусын көтере шығарып былай дейді: “Достарым, мына әлемде түрік офицерімен билеуден бас тарта алатын тым болмаса бір әйел табылады дегенге мен сенбеймін! Ал енді – кеттік, бикештерді биге шақырыңыздар!”. Солай дейді де өзінің бикешін ортаға шығарып, үйіріп ала жөнеледі.
Ататүріктің кез келген әрекеті оның өз басының ынтызарлығының көрінісі ғана емес, ең алдымен өмірінің басты мұратынан айнымастығының айғағы. Тұрмыста да, өзімен-өзі оңашада да ол бүкіл ел білетіндей реформатор күйінде қалған. Оның бауырға басқан сегіз баласы – жеті қызы мен ұлы болған. Қыздардың бірі – Сабиха Гекчен түріктің тұңғыш ұшқыш әйелі. Мұндай мысалдарды Ататүріктің өмірінен көптеп келтіре аламыз.
Мұстафа Кемалдың идеялары мен қағидаттары, оның реформалары бүгінгі Түркияның саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірін өзгертті. Кемалшылық қағидаттары түрік қоғамын жедел жаңғыртуда басты бағыт-бағдар болды. Бүгінгі Түркия өткен ғасырдың басында күлден көтерілген Феникс құстай болып тұрған ахуалдан атымен бөлек ел. Осыдан біраз уақыт қана бұрын құрлықтағы ең артта қалған елдің қарқынды экономикалық дамуы құрметпен қаратпай қоймайды. Ұлттық психологиядағы өзгерістер қайран қалдырарлықтай. Мәдениет пен спорттағы, сауда мен құрылыстағы, халықаралық саясат пен қызмет көрсету саласындағы жетістіктер тәнті еткізеді. Бүгінгі Түркия толық құқықпен экономикалық жағынан дамыған елдердің қатарына қосылуда, Еуропа достастығына одан әрі кіріге түсуге дайындалуда және кеудешіл үмітпен болашаққа көз тастауда.
Осының бәрінің бастаушысы бір адам – Мұстафа Кемал Ататүрік. Барша түріктердің Атасы.
Авторы: Сауытбек АБДРАХМАНОВ.