Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2013 в 14:32, реферат
Ататүрік осы ойларды тек айтып қана қойған жоқ, оны орындаған да! Және қалай орындады десеңізші!! Өз ұлтының мерейі мен мәртебесін көтере білген Ататүрік өзінің ақыл-ойы мен іс-әрекеті арқылы халық сүйіспеншілігіне бөленді. Халықтың ықыласына ие болды. Ататүріктің халық ықыласына бөленуінің сыры неде! Енді осы ретте қазақ оқырмандарын Ататүріктің өмірімен жөне қызметімен, саяси-идеологиялық ұстанымдарымен, көзқарасымен таныстыра кеткенді орынды көріп отырмыз.
***
Ататүрік айтқан төмендегі көзқарастар да әлі күнге маңызын жойған жоқ.
- Жаңа Түркияның мәні - ұлттық егемендігінде!
- Жұртымыздың иесі
және қоғамымыздың негізгі
- Түрік ұлтының табиғатына және ұлттық ерекшеліктеріне ең сай басқару жүйесі - республикалық басқару.
- Дүние жүзінде өмір
сүрген және өмір сүріп
- Бізге шабыт көктен, я ғайыптан келген жоқ, біз оны өмірдің өзінен алдық.
- Жолда кетіп бара
жатқан жолаушының көкжиекті
ғана көруі жеткіліксіз.
- Бостандық және тәуелсіздік
- менің мінез-құлқым. Мен ұлтымның
және ұлы бабаларымның ең
- Мен диктатор емеспін.
Менде күш бар екендігі
- Мен істе қалай
табысқа жететінімді
- Менің күшім және
қуатым халықтың маған көрсетке
- Балаларымызға және
жастарымызға берілетін
- Республиканың сіздерден
(мұғалімдерден - Ф.Ә.) ой-пікірі - озат,
ар-ожданы - азат, ғылым-білімі - озық
ұрпақ күтетінін ешқашан
- Өнердің ең қарапайымы - ең құрметтісі. Етікші, тігінші, ағаш ұстасы, ерші, темірші, тағашы... - әлеуметтік өмірімізде де, әскери өмірімізде де сыйлауға және құрмет көрсетуге әбден лайық шеберлер.
- Түркия республикасының негізі - оның мәдениеті. Ұлттық мәдениет - біздің басты мұратымыз.
- Біздің дініміз - ең парасатты, ең табиғи дін. Міне, сондықтан да ол соңғы дін болып отыр. Діннің табиғи болуы үшін ол ақылға, ғылымға, білімге және логикаға үйлесімді болуы қажет. Біздің дініміз осының бәріне үйлесімді.
- Әскеріміз - түрік тірлігінің, түрік құдіреті мен талантының, түрік отаншылдығының құрыштанған көрінісі. Әскеріміз - түрік жерлерінің және Түркия мемлекеті мұратын шындыққа айналдыру жолында біздің сарп еткен жүйелі еңбегіміздің жеңілмейтіндігінің сенімді кепілі. Мен әскери қызметтің өнер сипатында болуын көбірек ұнатамын.
- Біздерді «ұлтшылдар»
дейді. Бірақ біз ұлтшыл
- Түрік ұлтының мінезі - асқақ. Түрік халқы - еңбекқор халық. Түрік халқы - зерек халық. Өйткені, түрік халқы ұлттық тұтастықтың және бірліктің арқасында басқа күштерді жеңе білді. Түріктің түріктен басқа досы жоқ. "Мен түрікпін" деген адам қандай бақытты!
- Әлем бізді құрметтесін
десек, өз ұлтымызды және
Ататүрік осындай саясаткер болған. "Алтынды тот баспайды", Ататүріктің көзқарасы мен ұстанымдары - қазақ халқына да қымбат.
Жаулары басып алып, қиратып тастаған бір кездегі ұлы империяның жұртта қалған жұқанасына айналған, дамыған державалардың алдында экономикалық жағынан кіріптарлыққа ұшырап, төменшік күйге түскен Түркияның етектегі басын төрге сүйреп кеткен есіл ерді – өзінің Тұңғыш Президентін түрік халқының қандайлық қастерлейтіні кім-кімді де ойға қалдырады деп сенеміз.
***
Мұстафа Кемал Ататүріктің билік құрған он бес жылының, бүкіл әлем үшін демей-ақ қояйық, түрік ұлты үшін, ал енді көбіне-көп Еуропа үшін де тарихи маңызын Оттоман портасының оған дейінгі жеті ғасырымен салыстыруға әбден болады.
Константинополь Мехмед ІІ-нің мұздай темір құрсанған шеріктерінің қолынан құлаған 1453 жылдың мамырынан Еуропа одағы (ол кезде Еуропа экономикалық қоғамдастығы) Түркияны Еуропа клубына мүшелікке алу жөнінде уәде еткен 1963 жылға дейінгі аралықты бес жүз жыл бөліп жатыр. Сонан бері түріктер төрешілдік шешімдерінің кезегін күтіп, Еуропа дарбазасының алдында тұр. Ол дарбазаның жеңімпаз Кемал-паша ұрпақтарының алдынан айқара ашылатынына үміт барған сайын артып келеді.
Түріктердің өткен дәуренінде бірнеше ғасырларға созылған күш-қуат пен даңқ жолы жатыр. ХVІІ ғасырдың екінші жартысына дейін өзіне теңдесер ешкім болмаған Осман империясы әлемнің аса ірі мемлекеті еді, оның билігі Солтүстік Африкаға, Таяу Шығысқа, Шығыс және Оңтүстік Еуропаға жүріп тұрды. Алайда, ХVІІ ғасырдың аяқ шеніне қарай әртүрлі ішкі және сыртқы себептерге байланысты бір кездегі қуатты державаның ыдырау үдерісі басталды. Оның жан тәсілім етуінің өзі екі жарым ғасырға созылды.
Он тоғызыншы ғасырдың
аяғында тарих майданына
Осман империясының соңғы соғысына айналған бірінші дүниежүзілік соғыстың басында-ақ Уинстон Черчилль: “Осынау зілзалада даудан басы арылмаған, қирап, қаусаған, қалтасы тесік Түркияның күні не болар екен?”, деген еді. Түркияның жеңілісі Осман империясы аумағының тез арада-ақ бөлініп алынуына әкеліп соқтырды. Антантаның әскери флоты Босфор мен Дарданелл бұғаздарына кірді. Ағылшындар мен француздар Мосул мен Искандерун маңайын басып алды. Италиялықтар Оңтүстік-Батыс Анадолыны және маңайлас жерлерді, соның ішінде Антальяны бақылауда ұстады. Антанта флотының көмегімен грек қарулы күштері 1919 жылдың мамырында Измир маңына келіп түсті де, Батыс Анадолыдағы гректерді қорғаймыз деген сылтаумен ашықтан-ашық соғыс интервенциясына кірісіп кетті.
1919 жылдың мамырында Эгей теңізіне жақын жердегі таулы өңірде партизан соғысы өріс алды. Қарсылықтың бастауында неғұрлым білімді және отаншыл топ – әскери кадрлар тұрды. Олардың көбі жас түріктердің жаңғыртушылық көзқарасын қолдайтын. Күресті таяуда ғана аяқталған соғыстың батыры, “Ыстамбұлдың құтқарушысы” атағына ие болған генерал Мұстафа Кемал басқарды. Әскер мен халықтың көмегіне сүйенген Кемал уақытша үкімет құрып, интервенттерге қарсы соғыс қимылдарын өрістетті. Кемалшылдық революциясы басталды. Сұлтан Кемал жасақтарына қарсы “ғазауат” жариялады. Ел азамат соғысының отына оранды.
1920 жылғы 10 тамызда Севрде Антанта державалары мен сұлтан үкіметінің арасында бейбіт шартқа қол қойылды, осы арқылы Түркияның бөлінуі мен кіріптарлыққа түсуі құжатталды. Сұлтан үкіметіне іс жүзінде Анкара мен Қара теңіз жағалауы арасындағы жер ғана қалдырылды. Түркияның басым бөлігі Антанта елдерінің бақылауына және ықпалына түсті.
Жаңа парламент –
Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы (ТҰҰЖ)
Анкарада шақырылды, жиналыс М.Кемалға
қосымша өкілеттіктер берді. 1922 жылдың
26 тамызында түрік әскерлері
1920-1922 жылдар аралығында
М.Кемал және оның жақтастары
шығыстағы, оңтүстік пен
1923 жылдың 29 қазанында Түрік
Ол Осман империясының жеті жүз жылдық тарихын тәмамдаған, жаңа мемлекет – Түркияны құрған адамға айналды.
Соғыс барысында қол жеткізген беделі мен Түркияны азат етуші деген даңқына арқа сүйей отырып, М.Кемал батыл және түбегейлі өзгерістерге еш жалтақсыз кірісті. Кемалшылар өткен күнмен ат құйрығын кесісу және жаңа тұрпатты ұлтты қалыптастыру алға басудың міндетті шарты деп санады. Отаншыл күштерді біріктірудегі ұйымдық бастау ретінде түрік ұлтшылдығы идеясы ұлт-азаттық соғысы жылдарында дүниеге келді. Ол ұлыдержавашыл османшылдықтың, жас түріктік пантүркизм мен панисламизмнің орнын алмастырды.
Оның алдындағы екі ғасыр бойында үнемі дерлік жеңіле бергеннен, империяның іштей іріп-шіруінен түріктердің ұлттық сағы әбден-ақ сынған еді. Оны қайта көтеруді алдымен зиялы қауым сөз етті. Сондықтан да Ататүріктің: “Түрік болу қандай бақыт!” деген атақты сөзі әлемдегі басқа жұрттарға қыр көрсетудей естіліп, қайта өрлеп жатқан елдің ұлттық идеясының арқауына алынды.
Ішкі саясатта ұлтшылдық бұқара халықты революциялық жаңғыруларға жұмылдырудың басты тетігіне айналды. Түрік ұлтшылдығы қағидаты конституцияға және билік құрушы Халықтық-революциялық партияның бағдарламасына енгізілді.
Ататүрік алға қойған міндеттердің
соншама жойқындығын түсіну үшін
1920-шы жылдарда христиандық Еуропа
мен мұсылмандық Түркияның
Осының бәрі түрік лидерін беделге салып, белден басуға, өз реформаларын жүргізуде ең алдымен өзіне шын берілген армияға арқа сүйеуге мәжбүр етті.
1920 жылдың сәуірінде
сайлау нәтижесі бойынша
Түрік мемлекеті республика деп жарияланды. Меджлис депутаттар арасынан сайлайтын президент қызметі енгізілді. Республиканың тұңғыш президенті болып М.Кемал сайланды, ол кейін бұл қызметке 1927, 1931 және 1935 жылдарда қайта сайланды.
1924 жылы меджлис қабылдаған
Негізгі заң бойынша елдің
барлық азаматтары түріктер
Кемал өзінің парламенттік
тобын Халықтық-республикалық
Жаңа үрдістерді жұртшылықтың
қабыл алуын жеңілдеткен
Түркиядағы демократияның орнығуы – даму деңгейі және саяси мәдениет дәстүрлері жағынан әрқилы мемлекеттердің әмбебап демократиялық құндылықтарға қол жеткізуінің қандайлық сан түрлі болуы мүмкін екендігінің жарқын мысалы.
Ататүрік Еуропаға ашылар өз терезесін елде батыстық зайырлы мұраттарды жападан жалғыз жүріп деуге болатындай жағдайда зорлап шығарды. Оның дінге қарсы жасаған жаңарыстары аянбас қарсылыққа ұшырады, бұл бағытпен келіспейтіндер жазалаудан қорыққаннан ғана іштен тынды. Сол жылдарда түрік халқына өз тағдырын өзі шешу құқы берілген болса, көпшілік дауыспен Түркия классикалық тұрпаттағы мұсылман елі күйінде қалар еді деген де пікір бар.
1920-шы жылдардың басында
бұрын да ешқашан онша күшейіп
көрмеген түрік экономикасы