Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 20:06, реферат
ӘмірТемір 1336 жылы 8 сәуірдеМаураннахрдағыКешқаласында, қазіргіШахрисабзда, Самарқанныңоңтүстігіндеорналасқанжердедүниегекелгендесе, кейбірзерттеулердеТемір 1333 жылы 7 мамырдадүниегекелген. АлГрановскийөзеңбегіндеТемірСамарқанда 1336 жылы 9 сәуірдеШыңғысханныңұлының, Шағатайдыңиелігіндедүниегекелгендепкеліп, олқолынақануыстап, шашыақболыптуылғандепкөрсетеді. ОныңанасыШыңғысхантұқымынаншыққан, аләкесішағатайтұқымындағыәміршілердіңбіріболған, бірақоғанүлкенмұрақалдырмаған
Қазақстан аумағындағы Темірдің ең үздік салдырған туындысы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Ол Қазақстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына жағдай жасаған. Ахмет Яссауи тек насихатшысы емес, XII ғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама мейірімді кішіпейіл ойшыл акын ретінде түркі жұртына танымал болды. Ахмет Яссауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті әулие. Оның мазараты мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы.
Бұл құрылысты салу себебі, 1390-95 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып астанасы - Сарай Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Ахмет Иасауидің ескі мазарының орнына жаңа зор мемориалды ескерткіш орнатуды ұйғарды. Осы тұрғыда мұсылманшыл Темір тек діни мақсат мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге және дала жақ сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді. Сонымен қатар қазіргі күні бұл кесене тек қазақ халқы ғана емес барша түрік-мұсылман әлемінің мақтанышына айналып отыр. Кесене қазақтың Ақ Орда мемлекетінің оңтүстік бөлігі, Сыр бойы қалаларын Темір жаулап алған жеңісінің белгісі ретінде тұрғызылды.
Кесене құрылысы жайлы негізгі жазба деректер Йездиден шыққан Шериф ад-диннің «Зафарнама-ий Теміри» («Темір жеңістері») атты кітабында баяндалған. Бұл кітапта 1397 жылы Темірдің Қызыр Қожа ханның қызы сүйіктісі Тәукел ханымға аттанғандығы жайлы жазылады. Самарханнан Ташкентке барар жолда Ясы қыстағындағы Қожа Ахмет Ясауи басына зиярат етуге бұрылады. Мұнда ол ескі мазардың орнына зәулім кесенені тұрғызуға әмір етеді.
Түркістандағы Қожа Ахмет
Яссауи кесенесі – отрағасырлық сәулет
өнері ескерткішінің тамаша туындысы.
1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен
Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына
тұрғызылған. Көптеген жазба деректерге
қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын
жасауда Әмір Темірдің тікелей өзі
қатысып, өлшемдерді өзі анықтаған
көрінеді. Кесене – үлкен порталды-күмбезді
мемориалдық құрылыс. Архетектуралық
жергілікті дәстүрді жете меңгерген
парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа
негіз етіп алынған. Кесенені тербездік
Шараф ад-дин Тербездің баласы
Абд ал-Азиз құрылыс жұмысын салған.
Кесене құрылысы жайлы Шериф ад-дин
былай деп жазады: «Әзірбайжан, Парсы,
Үнді және т.б. елдерден әкелінген 200-ге
жуық тас қалаушылар жұмыс істеп,
тауда 500 адам тас өндірді. Тасты
жеткізуге Үндіден әкелінген 95 піл
пайдаланылды. Құрылыс барысына жиі
қатысқан Темір жұмыс сапасына көңілі
толмаған жағдайда кінәлілерді қатаң
жазалап отырды. Темір заманында
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сияқты
құрылыс жоқтың қасы еді. Кесененің
әрбір кірпіші қолдан жасалып, сапасы
өте жоғары болды. Кесене оңтүстік-шығыстан,
солтүстік-батысқа қарай
Бүкіл құрылыстың мағыналық
кіндігі – қабірхана ортасында
Қожа Ахмет Яссауиге құлпытас қойылған.
Қабірхана есігі жұқа темірмен қапталып,
оған алтынмен жазулар түсірілген.
Кесене мешіттің 16 терезесі, қос қабат
күмбезі бар. Мешіттің батыс жақ
қабырғасында Меккедегі Қағба іспетті
3,5-2,5 метрлік мозаикалық михраб орнатылған.
Кесененің оңтүстік-батыс
Темір «Қалаларда мәдениетті адамдар неғұрлым көп болса, оның өсіп-өркендеуі, дамуы тез жүреді, Мауреннахр мен Түркістан қалалары мейлінше көркейе түседі деп есептеді». Мауреннахр мен Самарқанда бой көтерген жаңа құрылыс нысанында пейзаж көркем өнері кең тарады. Бұндай тамаша көркем суреттер Ширин-бика-ага (1385), Бибі-ханым (1404), Туман-ака (1405) қабырғаларында бейнеленген. Олардың барлығы көк бояумен ақ жолақтармен және алтын түстермен көмкерілген. Пейзаждық туындыларда ХІҮ-ХҮ ғасырдларда көркем өнер метаформасы әлемде жоқ «фирдаус» - жұмақ бақтары бейнеленді [19]. Мауреннахрда қолданбалы өнер кеңінен тарады. Ол әсіресе, Ясыда, Самарқан пен Бұқарда жақсы таралды. Сонымен қатар Әмір Темірдің мұсылманшыл екендігі және он екі жасынан бастап намазға жығылғандығы, мұсылмандық салт-дәстүрді ерекше ұстанғандығы және өз мемлекетінде мұсылман дінінің таралуына жағдай жасағандығы деректерден белгілі. Темір өзі таққа отырып, мемлекет билігін өз қолына ұстаған сәттен бастап мемлекеттің негізгі тірегінің бірі дін екендігін мойындаған. Ол Темір түзіктері («Уложение Тимура») атты шығармада дін туралы былай дейді: «Маған тәжірибе көрсетті. Дін мен заңға бағынбаған мемлекет ешқашан өзінің күші мен қуатын сақтай алмайды... Дінсіз мемлекетті шатыры жабылмаған, есіксіз, қоршаусыз, кез-келген арам пиғылды адам кіре беретін қорғансыз үймен салыстыруға болады.
Мен сондықтан өз ғимаратымды
ислам дінінің ұлылығына
Сен пайғамбар ұрпақтарын қол астыңдағы өзге халықтан жоғары ұста. Оларға үлкен құрмет көрсет. Оларға берген сыйыңды дүние шашу деп есептеме. Сенің құдай жолына жұмсаған қаржың босқа дүние шашу емес. Сен өз қол астыңдағы халықты 12 топқа бөл. Ол сенің мемлекетіңнің сәулеті де, тірегі де болады» [3, С. 118.].
Әмір Темір пірінің
осы айтқанымен қоғамды он екі
сатыға бөледі. Сол он екі сатылы
жүйенің алғашқы сатысында
Темір өз заманында тек соғыс өнерімен ғана ерекшеленіп қоймай, жасампаздық өнерімен: өз мемлекетінде сәулет өнерінің өркендеп, жаңа мешіттер мен медреселер, бақтар мен суландыру жүйелерінің дамуына және жер шаруашылығын өркендетуге жағдай жасаған. Сонымен қатар, Тарихта мұсылман сәулет өнерінің ең бір дамыған кезеңі де Темірдің есімімен тығыз байланысты. Мұсылман діні салтанат құрып, ғылымның дамуына жағдай жасаған тұлға екендігін байқауға болады.
Темір 1405 жылы Отырар қаласында дүниеден өтеді. Ол парсы деректері бойынша «өкпесіне суық тигендіктен», ал қытай деректері бойынша «іш сүзегі ауруынан дүние салған» деседі. Бұл Шариф ад-дин Йездидің еңбегінде жақсы баяндалған. «Сейхунның жағасынан кеткен Темір (1405 ж. қаңтардың 14) Отырарда Берді-бектің сарайына тоқтайды, оның жанындағы ханзадаларға, әмірлер мен жақындарына жеке-жеке бөлме береді...». Осы әңгімеден кейін «Зафарнамеде» Темірдің өліміне арналған арнайы бөлім бар онда: «Бүкіл Азияны дерлік бағындыруға жұмсаған жеті жылдық жорығынан кейін Темір өзінің ендігі ойын әлемде әділеттілік орнату мәселесіне арнайды. Өзінің бұрынғы қателіктерін жуып-шаю мақсатында ол Самарқанға келіп, бұл жерде 5 айға жуық уақытын өткізіп, идолдарға табынатын Қытай еліне қарсы жорыққа дайындалады. 1405 жылы ол Отырарға келіп, жолда қатты суық тиіп денесі қызады. Маулян Фазл-Аллах Тебрези тамаша дәрігер болғанымен, оның шипа беретін дәрілері еш көмек бермейді. Дәрігерлер тағдырмен жазылған өлімге еш араша бола алмағандары жазылады».
Шығармада Темірдің көз жұмған кезеңін 1405 жылдың 14 ақпан деп көрсетіледі. Бөлім Темірдің дүниеден өткен шағында 71 жаста болғандығын және оның 36 жыл билік құрғандығын хабардар етеді [3, 504 с.].
Ал Клавихоның «Күнделігінде»
Темір Қытайға жорыққа
Темірдің денесі түнде қаладан шығарылып, 6 ай жол жүріп сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне мұсылман дәстүріне сай жерленген. Дегенмен Темір ұрпақтарына ерекше ықылас танытып, олардың болашағы мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгенімен, Шыңғыс хан балаларымен салыстырғанда Әмір Темір балалары аса қуантпаған. Балаларының бағынбауы, ханзадалардың бүлік шығаруы да, тіпті немересі Сұлтан Хусейіннің опасыздығы да болған. Америкалық зерттеуші, Чикаго университетінің профессоры Джон Вудстың есептеуі бойынша, Темірдің тікелей ұрпақтарының жалпы саны оның өмірінің соңына қарай жүзге жуықтаған [20].
Оның төрт ұлы болған: Жаһангер, Омар Шайх, Мираншах, Шахрух. Осы төртеуінен Темір династиясы тарайды (4 қосымша). Ұлының алғашқы екеуі ерте қайтыс болады (Ғияс ад-дин Жаһангер мен Омар Шейх). Ал оның үшінші ұлы Мираншахқа Темір 1393 ж. шенін жоғарылатып, ол «Хулагу патшалығын» бағындырғандықтан, бұл аймақты ұлына береді. Мираншах әкесі секілді батырлығымен, қатал әрі қатыгездігімен ерекшеленеді. Бірақ 1399 жылы от аң аулау кезінде аттан құлап ақыл-есінде ақау пайда болады... осы жайттардан кейін Мираншахтың иелігі оның екінші ұлы Омарға беріледі. Ал оның төртінші ұлы Шахрухтың есімі жиі аталмайды.
Әлемді жаулап алып, Үлкен империя құрған Әмір Темір бин Тарағай Бахадүрдің өмірінде Шарафуддин Али-Йезди екі кезеңде ерекше атап өтеді. Бірінші кезең (1360-1386 гг.) Темірдің өзінің түрік және тәжік ақсүйектерімен Маңғол билігі мен Мауреннахрдағы феодалдық мемлекетіне тәуелсіз билік құруға бағытталса, екінші кезең (1386-1402) үш жылдық, бес жылдық, жетіжылдық соғыстар жүргізуі ретінде сипатталады. Бірақ шығармада Темірге деген идеологиялық көзқарас басым болып келеді. Оның кез-келген басқыншылық және тонаушылық соғыстарынан объективті себепті желеу етіп, барынша оны мадақтап көрсетеді.
Темірдің отыз бес жыл ел билеген кезеңі (1370-1405) көрші аймақтар мен елдерге басыншылық жорықтарға, дүниежүзілік империя құру әрекеттеріне толы. Жаулап алу соғыстары нағыз тағылық әдістермен жүргізілді. К. Маркс былай деп жазды: «Темірдің саясаты әйелдерді, балаларды, еркектерді, жігіттерді мың-мыңдап қинау, бауыздап, қырып-жою, сөйтіп барлық жерді үрейлендіру болатын... Ол барлық жерде қалаларды қиратып, өртеді, ал тұрғындарын өлгенше қинады» [21]. Темір соғыстарда өзінің айналасындағы көшпелілер ақсүйектерін бағынышта ұстаудың әдістерін іздестірді, ал бұл үшін оларға жаулап алған елдердің халқын тонау және еңбекші бұқараны аяусыз қинау есебінен баюға мүмкіндік берді. Темірдің жаулап алған халықтарға деген қаталдығын, оның бейбіт халықты жаппай қыруын тіпті сарай шежірелері де (Низам ад-дин Шами, Ғийас ад-дин Али Йазди, Шараф ад-дин Йазди) және әсіресе араб елдерінің тарих зерттеушілері (Ибн Арабшах, әл-Айни, әл-Асади) армян, грузин және орыс шежірелері де
Ақсақ Темір шектен асқан аса қатал адам болған. Аса қаталдық мұсылмандыққа шет нәрсе екенін күллі мұсылман баласы білсе керек. 1398 жылы исламдық Үндістанға қарсы жорық үстінде қажет болар деп тұтқынға алынған 100 мың адамды жарлық беріп, бір сағаттың ішінде түгел қырып тастайды [3, 112 c.]. Ақсақ Темір 1383 жылы Ғират қаласын алғанда адам басынан мұнара тұрғызады. 1387 жылы Иранның ежелгі қалаларының бірі Исфаганда жеңіске жеткеннен кейін қаланы жазаға кеседі. Мұндағы 70 мың әскеріне бір-бірден бас кесіп әкелу міндеттеледі.
Темір жаулап алған елдер күйзелді, көптеген қалалар жермен жексен қиратылды, баға жетпес мәдениет ескерткіштері құртылды, суландыру жүйесі, сонымен бірге суармалы егіншілік құлдырап кетті. [12, 156-157 б.].
Әлеуметтік жіктеліс айқын байқалып, салық көбейтілді. Темірдің талан-таражға салған көптеген жорықтарында қолға түсікен орасан зор байлық Орта Азияда негізінен сән-салтанатты қоғамдық, әсіресе діни ғимараттарды – мешіт, медресе, мавзолей және т.б. салуға жұмсалды, атап айтқанда ХІҮ ғасырдың аяғында Ясы қаласында Қожа Ахмет Йассауи мавзолейі салынды. Жалпы алғанда Темірдің Қазақстан территориясына жасаған жорықтары жергілікті халықты қисапсыз апат ауыртпалықтарға ұшыратты. Бұл жорықтар тонау, олжа түсіру, халықты қырумен қатар, саяси және шаруашылық өмірді құлдыратуға әкеліп соқты. Темір жаңа жерлерді, соның ішінде қалаларды өз мемлекетінің солтүстік шекараларындағы қамалға айналған Ақ Орда мен Моғолстанның Сырдария өңіріндегі, Шу-Таластағы иеліктерін өз қол астында нығайту мақсатын қойды.
Темір басқыншылық жорықтары
нәтижесінде Еділ, Жайық, Кавказ, Азов
арқылы батыс пен шығысты жалғап
жатқан сауда, экономикалық, мәдени, дипломатиялық
қатынастардың ара жібін үзіп
оны Маураннахр, Самарқанға аудармаққа
әрекеттенді. Әрине басында мұндай
мүмкіндікке қол жеткізе алды,
бірақ Темірдің жеңісті жолы ұзаққа
созылмады. Оның ойлаған әлемдік
стратегиясы 1405 жылы өзімен бірге жерленді.
Темір өлген соң оның қарудың
күшімен құрған империясы әулеті
арасында ізінше бұрқ ете түскен күрестің
нәтижесінде ыдырап кетті, бірақ
оның ұрпақтары жаулап алған территорияны
өз қолдарында ұстауға тағы да біраз
уақыт әрекет жасады. Моғолстанда
феодалдық бытыраңқылықтың
Темір Қазақ мемлекетінің өсіп өркендеуіне кереғар рөл атқарды. Сығанақ, Сауран, Сарайшықты қиратты, Жетісуды басып алды, Ақ Орда мемлекетін әлсіретті. Қыпшақ-Қазақ даласында тонаушылық, басқыншылық жорықтар жасады. Темір өзінің атақ абыройын асқақтату үшін Мауераннахр, Самарқанда ескерткіш мұнаралар, зәулім мешіттер тұрғызды.