Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 20:06, реферат
ӘмірТемір 1336 жылы 8 сәуірдеМаураннахрдағыКешқаласында, қазіргіШахрисабзда, Самарқанныңоңтүстігіндеорналасқанжердедүниегекелгендесе, кейбірзерттеулердеТемір 1333 жылы 7 мамырдадүниегекелген. АлГрановскийөзеңбегіндеТемірСамарқанда 1336 жылы 9 сәуірдеШыңғысханныңұлының, Шағатайдыңиелігіндедүниегекелгендепкеліп, олқолынақануыстап, шашыақболыптуылғандепкөрсетеді. ОныңанасыШыңғысхантұқымынаншыққан, аләкесішағатайтұқымындағыәміршілердіңбіріболған, бірақоғанүлкенмұрақалдырмаған
Оқиға З. Қинаятұлының еңбегінде төмендегіше баяндалады: «Темір Мауреннахрдан аз адамымен қашып шығып Парсының Сеистан өлкесіне өтер жолында болған бір шайқаста садақ оғынан оң қол, оң аяғынан жарақат алады. Осы оқиғадан кейін оны парсылар «Тимурленг» немесе «Ақсақ Темір» атандырады. Оның бұл лақап аты жер жүзіне тарап, орыстар – Хромой Тимур немесе Тимур десе қазақтар – Ақсақ Темір, Өзбектер – Әмір Темір деп атандырды [4, 619 б.].
Тоғылық Темірдің 1362-1363 жылы қайтыс болуына байланысты Хан тағына отырған Ілияс-Қожа 1365 жылдан бастап Шағатай иеліктерін біріктіру үшін жаңа әрекетке көше бастайды. Тоғлық-Темірдің өлімінен кейін Мәуреннахрдан қуылған Ілияс Қожа өз жағдайына көндікпей, Мәуреннахрға жорыққа дайындалды. 1365 жылы Хусейн мен Әмір Темір мұны біліп, Ілияс Қожаға қарсы әскер жинады. Темір өз әскерімен оны Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасында 1365 жылдың 22 мамырында қарсы алады. Шайқас тарихта «Батпайқы шайқас» («Джанг-и лой») деген атаумен белгілі, себебі шайқас күні қатты жауын жауған және де ол әскердің жағдайын қиындатып, аттар тайғанап құлай бастаған, алайда шайқаста жеңіліс тапты. Әмір Темірдің соғыс барысында жеңіліс табуының басты себебі Хұсайынның сенімсіздігі мен соғыс кезінде батыл әрекеттерге бармағандығы салдарынан болса керек [12]. Моғолдардың соғыста жеңіске жетуі әскердің Моғолстанға жолын ашты, Муин ад-Дин Натанзидің Моғолдардың Самарқандқа бара жатқан жолындағы тонаушылық әрекеттерін төмендегідей баяндайды: «Жеңістен кейін моғолдар елде тонаушылық, зорлық әрекеттермен айналысып, өлтіріп қарақшылық әрекеттермен айналысты» [13]. Темір мен Хұсайын Самарқандты тастап, Амударияға қарай кетті. Бірақ моғол ханы қаланы ала алмады, сербедарлар басқарған қала халқы қатты қарсылық көрсетті [11, С. 53]. Ұзақ қоршауға алу моғол әскерін қатты әлсіретті. Моғолстан аттарына індет кеселі тиіп, бұдан аттарының көбі қырылып, әрбір төрт жауынгердің арасында әзер ғана бір аттан қалды. Моғолдар қаладан шегінуге мәжбүр болды. Моғолдардың шегінуінің басты себебі қала халқынының қаһармандық күресі болған еді [13, С. 330].
Ақсақ Темір 1366 жылдың көктемінде
30 жасында Балықтың әмірі Хусейнмен
бірлесіп, Кан-Гиль аумағында болады.
Екі әмірдің арасында сербедарларға
қатысты түсінбестік туындайды,
онда Хусейн Темірдің сыбайластарының
біріне оған «қарыз» деген желеумен
ақша талап етеді. Олар «батпақты
шайқас» кезінде өз мүліктерінен
айрылып, қиын жағдайда болады, ал Темір
оларға көмек көрсету мақсатында
өзі келеді. Бұл Самарқан мен Мауреннахрды
азат етіп, ондағы Моғолстан билеушілерін
қуып шыққан және бас билік Хусейннің
қолына өтіп, Темір Кеш пен Қарши
билеушісі болып тағайындалады.
Осы кезеңде Темір мен
60-жылдардың соңында Хусейн
Балық қаласын нығайтуға
Темір мен Хусейннің арасындағы соңғы кездесу зерттеулердің бірінде былай баяндалады: Билікке көңілі толмаған Темір өз барластарын соңынан ертіп 1370 жылы Самарқанда төңкеріс жасап, Хусейнді өлтіріп, өзін Мауреннахр елінің билеушісі деп жариялайды. Осы кезден бастап Мауреннахр «Темір мемлекеті» атанады.
Темір Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болмағандықтан хан сайлануға құқы жоқ еді. Сондықтан ол Шыңғыс ханның ұрпағы Қазан ханның қызы, Хусейннің жесіріне үйленгендігін пайдаланып, өзін «Құтбуд-дин Темір гурген Саһиб қыран Ағзам Жаннат Макан» деп лауазымдайды. Бұл іс жүзінде елінің бас әміршісі, бас билік иесі деген мағына береді, солай болды да. Бірақ ол ел-жұртын өз қолынан тағайындалған хан ұрпақтары атынан басқарды. Алғаш Сурғатмышты (1370-1388), одан соң оның ұлы Султан-Махмудты (1388-1402) хандыққа тағайындады. Бірақ ресми деректерде ханның қолы Темірден кейінгі қатарда тұрды.
1370 жылы Темір осылайша
Мәуреннахрдағы билікті басып
алады, Темірдің жеке дара
Ақ Орданың әскери-саяси
күшінің әлсіреуін зерттеушілер
Ақсақ Темірдің жорықтарымен байланыстырады.
Бұл тарихи шындық және де осы кезеңде
билікке ұмтылған Тоқтамыс пен Едігенің
өзара тартыстары да Ақ Орданың құлдырауына
елеулі ықпал еткені сөзсіз. Тоқтамыстың
1382 жылғы Мәскеуге жорығынан соң
Куликово шайқасы ұмытылды. Орыс княздіктерінің
Алтын Ордаға бұрынғыдай салық төлеп
тұруына тура келді, ал орыс тарихында
аты аңызға айналған, атақты Дмитрий
Донской болса 1384 жылы өзінің ізбасары,
баласы князь ІІ Василийді Тоқтамысқа
кепілдікке берді. Мұнымен ғана шектелмей,
Алтын Орда ханы 8 мың сом алтын
ақша алып, оны да кепілдік ретінде
ұстап отырды. Осылай болып ұзақ
кете беруі әбден мүмкін еді, Ақсақ
Темірдің Алтын Ордаға қарсы жүргізілген
жорықтары бұған бөгесін
ХІҮ ғасырдың 90-шы жылдарының соңына қарай Темір орасан зор мемлекет құрды. Оған Мәуреннахр, Хорезм, Каспий өңірі ғана емес, сонымен бірге Ауғаныстанның, Иранның территориялары, Үндістанның, Ирактың, Закавказьенің және басқа елдердің бір бөлігі енді [16]. Қазақстан жерлері, Сырдария өңірі және Батыс Жетісуды қоспағанда, формальды түрде Темір мемлекетіне енген жоқ; Ақ Орда мен Моғолстан шын мәнінде өз дербестігін сақтап қалды, дегенмен Темір мұнда жергілікті Шыңғыс әулетінен өз қолшоқпарларын хан етіп тағайындар құқын өзіне алды.
Темірдің Қазақстан мен Қырғызстан аумағына жорықтары жергілікті халыққа қисапсыз қасірет әкелді. Жалпы алғанда Темірдің іс-әрекеті Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының тарихында жайсыз роль атқарды. Тонаушылық жорықтар Шығыс Дешті Қыпшақтың, әсіресе Оңтүстік Шығыс Қазақстанның демографиялық және экономикалық жағдайына теріс әсер етті: Халықтың бір бөлігі тұтқынға алынып, айдап әкетілді, бір бөлігі қаза тауып, халық саны едәуір азайып кетті; бұған дейін де моңғолдар үстемдігінің орнауының нәтижесінде зардап шеккен Жетісудың отырықшы егіншілік мәдениетінің қалдықтары құлдырап кетті; мал шаруашылығы аса ауыр шығынға ұшырады [12, 335 б.].
Темір өз заманының аса зұлым жаулаушысы, елдер мен қалаларды қиратушы әлемге қорқыныш ұялататын қолбасшы ретінде танылса, бір қырынан ол аса талғампаз сәулетші де болды. Осы кезеңде Әмір Темірдің басшылығымен зәулім бақты сарайлар мен қалалар, елді мекендер, көпірлер тұрғызылған. Ол жердің бос жатуына жол бермеген. Темірдің жасампаздық өнерінің туындылары қалалар, медреселер, мешіттерге тіпті сол кезеңде еропалықтардың өзі таңдана қараған (Клавихо). Ол өзіне дейінгі басшылар секілді парсы немесе араб құрылыстарын кайталамай, өзіндік ерекше мұсылман сәулет өнері тарихында бұрын жасалмаған дүниелерді тұрғызған [3, 488 с.].
Темір жаратылыстану-математика, астрономия ғалымдары мен тарихшы, ақын, лингвист, теология саласындағы ғалымдармен өз мемлекетіндегі Мауреннахр мен Хорезмнен басқа Алтын Орда Ақ Орда, Хорасан, Үндістан, Ирак, Иран, Түркия және Батыс Магрибті қосқандағы иелігіндегі өзекті мәселелерді талқылаумен өткізген [3, 47 c.]. Али Йезди тағы қызықты мәліметті келтіреді: жуырда ғана негізі қаланған Баилқан қаласында 806 ж. Темір атақты теолог ғалымдарды жинап: «Ғылым мен дін білгірлері патшаларға өз әрекетінде түрлі кеңес беру арқылы көмек көрсетіп тұрған, сендер бұл қызметті атқармайсыңдар. Менің мақсатым - әділетті шешім шығаруға жәрдем көрсетіп, менің бағыныштыларым бейбітшілікте өмір сүруіне жағдай жасап, мемлекеттің дамуына жағдайды жақсарту».
Темір сарайында Абдужаппар Хорезми, Шамсутдин Мунши, Абдулла Лисон, Бадриддин Ахмед, Нигманиддин Хорезми, Ходжа Афзал, Алаутдин Каши, Джалал Хаки және басқа да ғалымдар қызмет жасайды. Темір математика - риезнет, геометрия - хандас, архитектура - миморлик, астрономия - ханат, әдебиет, поэзия, тарих, музыка – мусики ғылым салаларының дамуына ерекше көңіл бөледі. Ол үлкен қызығушылықпен сахиб хунар (ғалымдармен) әңгіме дүкен құратын. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениетімен өнерінің өкілдері, ғалым ойшылдары Әмір Темір тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды.
Темір Самарқанда Сарай мен мешіт, медресе Бибі-ханым; мавзолей Шахи-Зиндті тұрғызады, ал қаланың айналасына бақтар мен сарайлар Шинар-Бағы, Шамал-Бағы, Дилкуш-Бағы, Бехишт-Бағын тұрғызады. Бибі ханымның салынуы жөнінде Клавихоның «Күнделігінде» атап өтіледі: «Дүйсенбі күні Темір Самарқанға аттанып, қалаға кіретін жердегі бір үйге тоқтады. Сол үйді өзінің қайын енесінің құрметіне (Бейбі-ханым) салдырады» [3, 313 с.].
Кухак пен Заравшан өзендері арқылы жолдар мен көпірлер салынады, ал кейін Әмудария мен Сырдария арқылы көпір жүргізеді, Сырдария мен Ахангаран арқылы канал жүргізіледі. Суландыру жүйесі мен керуен сарайлардың құрылысы Бұхара, Лахрисабзда, Ферғанада, Түркістанда жасалады. Өте үлкен көлемде қалалар, ауылдар, монша, медресе мен мавзолейлер салынады. Құрылыс жұмыстарына жергілікті сәулетшілерден - созиби хунарлармен қатар Темір жаулап алған мемлекеттердің сәулетшілері мен құрылысшылары әкелінеді (Якубовский). Темірлан басып алынған елдерден 150 мыңға жуық қолөнерші шеберді өз астанасы Самарқанға алып келді, оның бұйрығы бойынша қалада және қаланың сыртында көптеген әсем сарайлар салынды. Сарайларда Темірланның жеңісті жорықтары бейнеленді. Ол Самарқанда салынып жатқан құрылыстың өзіне дейінгі салынған ғимараттардан әлдеқайда кең көлемде болғанын талап етті.
Клавихоның «Күнделігінде»
Самарқан қаласының құрылыс жұмыстары
жөнінде қызықты жайттар
Клавихоның дерегіне сүйенсек, Самарқан қаласының құрылысы оған дейін-ақ басталған. Ал оны өз мемлекетінің астанасы етіп таңдаған Темір қаланың құрылысын жалғастырғанын білдірсе керек. Темірдің астананы ретінде Самарқан қаласын таңдап алуы турасында бірнеше пікірлер бар: бірі Самарқан алғаш Темір бағындырған қалалардың ішіндегі үлкені десе, енді бірі оған табиғаты қатты ұнады, ал үшіншілері ерте кезеңнен бері бұл аймақты Тұранды атақты Афрасиб билегендіктен қызықтырған деп есептейді. Аталғандардың барлығы шындыққа жанасады, бірақ объективті себебі ол Мәуреннахрдың орталығында орналасып, географиялық жағдайы қолайлы болғандығында. Қала бай су жүйесі мен жан-жағынан үш қаламен байланысты, мұнда тау, өзен және ормандар қатар орналасқан. Сонымен қатар Самарқанда сирек кездесетін түсті металдар мен құрылыс материалдарының мол қоры шоғырланған. Осының барлығы Темір мемлекетінің астанасы Самарқанды таңдауына әсер еткендігі сөзсіз.
Темір салдырған қалалардың ерекшелігі олар қалың дуалмен қоршалмады. Мысалы Самарқандағы Көк сарайда Темір жиі болмаған, бұл қазына орны ретінде жұмыс жасаған. Ақсақ Темір өзінің қала сыртындағы тамаша бақтарымен қоршалған сарайында болуды ұнатқан, ал ол жоқ кезде бұл аймақ қаланың бай және кедей тұрғындарының серуендейтін орны болған [13, 49 с.].
В.В. Бартольд, атап өткендей мұсылмандардың ең басты қаласы Самаркан, Темірдің ойынша, әлемдегі бірінші қалаға айналуы тиіс болатын. Темір өз кезегінде шаруашылыққа, жер жырту мен мал шаруашылығына, сауданың дамуына ерекше көңіл бөлді. Али-Йезди «Зарфарнамеде» Темір «Мауреннахрды үш жылға салықтан босатты», сол арқылы кәсіпшілер мен жер шаруашылығымен айналысушылардың экономикалық жағдайын жеңілдеткендігін айтады. Самарқанда бейнеленген Темірдің және оның ұрпақтарының жеңістерін салуда тақырыптық кескіндеме арқылы жасалған. Темір мен оның ұрпақтары кезеңіндегі (ХІҮ-ХҮ ғғ.) қабырға суреттері көлемі мен қатардағы миниатюрасы бойынша «Үлкен француз хроникасынан» (ХҮІ ғ.) асып түскен. Осы кезеңде Орта Азияда жергілікті және шет аймақтардан келген сәулетші безендірушілердің мектептері де ашылады [17].