Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 12:31, реферат
СЫРЫМ ДАТҰЛЫ (1723-1802) - қолбасшы батыр, би, шешен, 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі.
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында дүниеге келген. Тегі - 12 ата Байұлына жататын байбақты руынан. Сырым Датұлының атасы Шолан байбақты руының белгілі батыры болған. Ол батырлығымен, бірбеткейлігімен дараланып, төрелердің қолынан қаза табады. Шоланды төрелер кескілеп өлтіріп кеткенде, төртінші баласы Дат шешесінің құрсағында қалған екен. Шешесі аман-есен босанған соң, төрелермен арадағы зіл ұмыт болмас үшін баланың атын Дат қояды. Ел аузында сақталған әңгіме-аңыздарда Сырым Датұлы тана руының Малайсары, беріш руының Алдар, есентемір руының Есет секілді билерінен бата алған көрінеді. Мұның өзі Сырым Датұлының Кіші жүз қазақтарының арасында өзіндік беделге ие болғанын аңғартады. Асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен «Бала би» атанды.