Сырым Датұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 12:31, реферат

Краткое описание

СЫРЫМ ДАТҰЛЫ (1723-1802) - қолбасшы батыр, би, шешен, 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі.
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында дүниеге келген. Тегі - 12 ата Байұлына жататын байбақты руынан. Сырым Датұлының атасы Шолан байбақты руының белгілі батыры болған. Ол батырлығымен, бірбеткейлігімен дараланып, төрелердің қолынан қаза табады. Шоланды төрелер кескілеп өлтіріп кеткенде, төртінші баласы Дат шешесінің құрсағында қалған екен. Шешесі аман-есен босанған соң, төрелермен арадағы зіл ұмыт болмас үшін баланың атын Дат қояды. Ел аузында сақталған әңгіме-аңыздарда Сырым Датұлы тана руының Малайсары, беріш руының Алдар, есентемір руының Есет секілді билерінен бата алған көрінеді. Мұның өзі Сырым Датұлының Кіші жүз қазақтарының арасында өзіндік беделге ие болғанын аңғартады. Асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен «Бала би» атанды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

СЫРЫМ ДАТҰЛЫ.docx

— 62.78 Кб (Скачать документ)

 

 

СЫРЫМ ДАТҰЛЫ (1723-1802) - қолбасшы батыр, би, шешен, 1783-1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі.

Батыс Қазақстан облысының  Сырым ауданында дүниеге келген. Тегі - 12 ата Байұлына жататын байбақты руынан. Сырым Датұлының атасы Шолан байбақты руының белгілі батыры болған. Ол батырлығымен, бірбеткейлігімен дараланып, төрелердің қолынан қаза табады. Шоланды төрелер кескілеп өлтіріп кеткенде, төртінші баласы Дат шешесінің құрсағында қалған екен. Шешесі аман-есен босанған соң, төрелермен арадағы зіл ұмыт болмас үшін баланың атын Дат қояды. Ел аузында сақталған әңгіме-аңыздарда Сырым Датұлы тана руының Малайсары, беріш руының Алдар, есентемір руының Есет секілді билерінен бата алған көрінеді. Мұның өзі Сырым Датұлының Кіші жүз қазақтарының арасында өзіндік беделге ие болғанын аңғартады. Асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен «Бала би» атанды. Сондықтан да Нұралы хан батырды бауырына тартып, оның беделіне арқа сүйеуге тырысты. Ол әуелі Сырымның әпкесіне үйленіп, оған жезде болады, кейін «ақсүйек тұқымы қара халыққа қыз бермейді» деген ата дәстүрін бұзып, Орын деген әйелінен туған қызы - Айғараны батырға қосып, оны күйеу бала етеді. Бірақ патшалық Ресейдің далалық өлкеде әкімшілік-саяси реформа жүргізіп, хандық билікті күшейту арқылы қалың бұқараның Жайық өзенінен өтуіне тыйым салып, шұрайлы жайылым мен өрісінен айырып табиғи құқыларын шектеуі, жергілікті билік органдары арқылы алынатын салық көлемін көбейтуі Сырым Датұлы мен орыс патшасы тағайындаған Нұралы ханның арасын ашып жіберді. Патша әкімшілігінің озбырлығына, хан-сұлтандардың дәрменсіз халіне ашынған батыр рубасыларының қалауымен қолына қару алып, қалыптасқан саяси жүйеге қарсы шықты. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында: «Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі» деп жазады. Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады. С.Датұлы Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысты. Орал казак-орысы Ф.Куричын 1774 жылы Пугачев әскерінің құрамындағы қазақ жасағын Сырым батыр бастағанын мәлімдейді. Е.Пугачев өлтірілгеннен кейін де ол патша үкіметінің жазалаушы отрядына қарсы күресін жалғастыра берді. Оған генерал Ф.Суворовтың 1775 жылы граф П.Панинге: «Сырым батыр бастаған қырғыздарды қай жерде кез келсе де, қандайлық алысқа қууға тура келсе де оның өзін ұстап алып, тамырына біржола балта шауып немесе сол жерде өлтір дедім, оның басты жолдастарына да осыны істеңдер, әскерлік ант бойынша өздеріңнің күштеріңді де, өз бастарыңды да аямаңдар деп тапсырдым» - деген мазмұнда жолдаған баянхаты дәлел. Дегенмен батыр араға уақыт салып Ресей әкімшілігімен келісімге келді. Бұған белгілі дәрежеде 1775 жылы қарашаның 7-інде Ресей Сыртқы істер алқасының Сырымның Еділ-Жайық арасына, Каспий теңізінің жағалауына, Жем-Сағыз атырабына қоныстануына рұқсат берген жарлығы ықпал етті. Бірақ Ресейдің жасаған «кеңшілігі» ұзаққа созылмады, әсіресе, Орал казак-орыс әскерлері қазақтардың жер-су иелену құқыларын кеңейтуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Осыған орай 1782 жылы желтоқсанның 27-інде патша үкіметі қазақтардың мал жаюына рұқсат еткен аудандарын енді тек жалға беру туралы жарлық шығарды. Бұл өз кезегінде ұлт-азаттық қозғалыстың қайта өрістеуіне алып келді. 1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жіберді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, сол жылдың күзінде Cырымды қолға түсірді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алды. Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен Oрал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырды. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етті. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болды. Міне, осы кезден, яғни 1784 жылдан бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталды. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шықты. 1785 жылдың күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартты. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болды. Оның ақыры сол жылы Екатерина ІІ-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соқты. Хан тағынан Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмеді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түсті. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастады. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмады. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшті. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алды. 1797 жылы көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болды. Есімнің орнына Айшуақ хан сайлағаннан кейін, ол Eсімнің кегін алмақ болып, арнайы отряд жасақтап, Сырымға қарсы аттанды. Соңынан індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне өтіп кетті. Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасады. Ақыры оның есебін тауып улап өлтірді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі әңгімелер айтылады. 1803 жылы Сырым Датұлына арналып ас берілді. Бұл астың өзіндік маңызды оқиға ретінде аталып өткендігін сол кезде Бұхарға сапар шегіп бара жатқан Ресей елшісі поручик Я.Гавердовский өз күнделігінде жазып қалдырған. Батыс Қазақстан облысында Сырым Датұлы атындағы аудан бар. 

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс


Кіші жүздегі көтерілістің басталу себептері және оның барысы

ХVIII ғасырдың аяғына қарай  Ресей империясының отаршылдық саясатының күшеюі халықтың əлеуметтік-шаруашылық жағдайының нашарлауына алып келді. Қазақтар өздерінің ежелгі қоныстарынан ығыстырылып шығарылды. Аймақтағы  саяси жəне экономикалық билік барған сайын Ресей əкімшілігінің қолына шоғырлана берді. “Бөліп ал да , билей  бер” принципі бойынша құрылған жүйе аймақтағы барлық қайшылықтарды  шегіне жеткізе шиеленістірді.

Жайық бойындағы жақсы  жерлерге жайғасып алған казак-орыстар  қазақ ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасап, малдарын айдап әкетіп, адамдарына зорлық-зомбылық жасады. Оның үстіне патша  өкіметінің шенеуніктері мал өсіріп отырған шаруалардың шұрайлы  жерлерін тартып алып, қысым көрсетті. Патша өкіметі қазақтарды «ішкі  жаққа» Жайық сыртына өткізбей, оған тиым салды, қазақ ақсүйектері бір  бөлігінің құқықтарына қысым  жасалды. Сонымен қатар, империяның өлкедегі отаршылдық үстемдігін нығайту  мақсатында жаңа актілер қабылданды. Мəселен, казактарға қазақтардан адамдары мен малын өз бетімен тартып алуға, күдік тудыратын кез-келген қазақты  ұстауға ресми түрде рұқсат етілді. Ал казактар ретінде тақ қызметінде жүрген қалмақтардың, башқұрттардың, татар-мещеряктардың  қолымен ұлтаралық араздық саясаты  жүзеге асырылды. Кіші жүздің ханы Нұралының  да халыққа тізесі батты. Оның адамдары елдегі шаруаларды алым-салықпен зар  илетті. Осының бәрі халықтың наразылығын  күшейтіп, жаппай көтерілуге әкеп соқты. Көтерілістің басты қозғаушы күші —  қарапайым көшпенділер болды. Сонымен  қатар азаттық қозғалысқа патша  өкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар қатынасты.

Көтерілістің басты мақсаты  — ғасырлар бойы Кіші жүз жерінде  қалыптасқан жерді пайдалану  жүйесін қалпына келтіру, Орал казак-орыс әскерінің қазақ жерлерін басып  алуын тоқтату, Нұралы хан мен  оның сарайындағы ақсүйектердің  озбырлығына шек қою.

Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан Сырым батыр (1742-1802 ж.ж.) тұрды. Қазақтың дəстүрлі мəдениетінде Сырым атақты би жəне шешен ретінде  белгілі. Ол ішкі өмірдің көптеген мəселелерін  шешкен, ал оның шешендік өнері талай  ұрпақтарға үлгі болған. Жеке басының  ержүректілігі, ерлігі, табандылығы  жəне сирек кездесетін қайрат-күші оған батыр даңқын əперді. 1783 жылы бұл  көтеріліс басталғанда — Сырым  Датұлы осы жақсы қасиеттерінің  бəрін танытты.

ХVIII ғасырдың 80-жылдарының басында  даладағы жағдай əбден шиеленісіп кетті. 1782 — 1783 жылдың қысындағы жұт қазақ  шаруашылықтарына қатты соққы болып  тиді, мал қырғынға ұшырады. Осындай  жағдайды пайдаланған казак əскерлері  ішкі жаққа көшіп барған қазақтардың  малын тартып алса, өкімет орындары қазақтарды үлкен көлемде айып төлеуге  мəжбүрледі. Осы əрекеттерге жауап  ретінде қазақтар Орал бекінісіне толассыз шабуыл жасай бастады. Мұндай əрекеттерде  сəттілік те, сəтсіздік те болып  тұрды. 1783 жылғы шапқыншылықтардың  бірінде батыр орал казактарының қолына түсіп қалып, оны босату үшін Нұралы хан үлкен көлемде өтем төлеуге мəжбүр болды. Осы әрекеттің себебі де Сырымның ел ішіндегі беделі болатын.

1784 жылдың қарашасына қарай  Сырым батыр Сағыз өзенінде 1000 адамнан тұратын ірі жасақ  жинады, оның маңызды міндеті  патшалық өкімет орындарына қарсы қимылдау болатын. Сырымның өз бетімен іс-əрекет етуі оның Нұралы ханмен ара-қатынастарының алшақтауына себеп болды. Көтерілісті басып-жаншуға генерал-майор Смирнов бастаған орынбор казактары мен башқұртардан тұрған жазалаушы отряд жіберілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты басты мақсатына жете алмаған жазалаушы отряд қайтар жолда бейбіт қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратып, малдарын айдап əкетті. Жазалаушылардың көрсеткен жəбірі халықтың ашу-ызасын күшейтті. Сол кезге дейін көтеріліске қатыспаған көптеген ауылдар көтерілісшілерге қосылды. Көтерілісшілердің негізгі күші Сағыз өзені бойында шоғырландырылды. Сырым Датовтың қоластына 2700 адам бірікті, ал жалпы көтерілісшілердің саны 6000 жетті.

1785 жылдың көктемінде көтерілісшілер  Антонов форпостына, кейіннен Сахарная бекінісіне шабуыл жасады. Алайда гарнизондар алдын-ала дайындалып отырғандықтан бұл шабуылдар сəтсіз аяқталды. Кейін шегінуге мəжбүр болған көтерілісшілер алысқа кетпей, орыс бекіністеріне жиі-жиі шабуылдар жасап тұрды. Осы жағдайлардың барлығы Нұралы ханның беделін түсіріп, билігінен шеттеті.

Патша үкіметі қалыптасқан жағдайды пайдаланып, хан билігін жою ойымен, Орынбор генерел-губернаторы Игельстромның дайындаған  “Игельстром реформасы” атты жобасын 1786 жылдың көктемінде мақұлдап, бекітеді. Осы “Реформа” бойынша ең ықпалды ақсақалдарға “бас ақсақал” атағы енгізілді. Олар барлық руларды қадағалап отыру міндеті болатын.

Алайда беделді ақсақалдар мен билердің көпшілігі “реформаға” қарсы шығып, хан билігін сақтап қалғысы келді.

Патша өкіметі тарапынын қаншама тыйм салынса да, әрқашан еркін болуға ұмтылған қазақ халқы орта жүз сұлтандарымен ақылдаса, бірікті. Сөйтіп, Кіші жүзде жүргізіліп жатқан басқару реформасының күткендегідей нəтиже бермегенін көрген олар хандық билікті қалпына келтіруге бағыт алды.

1790 жылы Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп оның інісі Ералыны хан көтерді. Бірақ халықтың қамы одан жақсара түскен жоқ. Бұл өз кезегінде көтерілістің жандануына себеп болды. 1792 жылдың жазына қарай көтеріліс бүкіл жүз аумағын қамтыды. Сол жылдың күзінде Сырым Датұлы Елек қалашығын шабуылмен алмаққа əрекет жасады, бірақ ол сəтсіз аяқталды.

1794 жылы жек көрінішті Ералы хан өліп, оның орнына 1796 жылы хан тағына отырған Есім де езгіні жеңілдеткен жоқ. Бұрыннан қаталдығымен аты шығып жүрген ол халықты одан әрі қан қақсатты. Осының бәрі ұлт-азаттық қозғалысының жаңа күшпен өрлеуіне, жандануына жол ашты. Оның дем беруші көсемі Сырым болды.

1796 жылдың қысы аса ауыр болып, мал жұтқа ұшырады, халық арасында аштық жайлады. Осыған қарамастан Есім хан көтерілісті басу үшін белсенді əрекеттер жасап отырды. Оған жауап ретінде 1797 жылдың наурызының 26-нан 27-не қараған түні көтерілісшілер отряды хан ауылына шабуыл жасап, Есім ханды өлтірді. Бірақ ханның өліміне Сырымның жеке басының ешқандай қатысы болмаған. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Жазалаушыларға ханның туыстары, соның ішінде Бөкей сұлтан басқарған жасақтар қосылды. Алайда, Сырым жасақтарының Ойыл өзені бойына көшіп кетуі жазалаушылардың жоспарын іске асырмады. Сөйтіп, жазалаушылардың тағы да бір қимылы сәтсіздікке ұшырады.

Көтерілістің жеңілуі, оның себептері мен тарихи маңызы

Есім хан өлгеннен кейін кіші жүз сұлтандарының бір бөлігі — Нұралының ұлдарының бірі — Қаратайды хан етіп сайлауды қалады. Сырым батыр бұл мәселеден тыс қалмай, хан сайлауда халықтың пікірін ескеруді талап етті. Хан мәселесі төңірегіндегі тартыс Кіші жүздің би, сұлтан, старшындарын екіге бөлді. Осындай жағдайда Орынбор генерал-губернаторы Игельстром хан сайлауын тоқтатып, жүзді басқаруды хандық кеңеске беруді ұсынды. Кеңестің төрағасы болып Айшуақ сұлтан тағайындалды. Кеңес мүшелігіне төрт адам кірді, оның құрамына Нұралы ханның бірде-бір ұрпағы енгізілмеді. Кеңес құрамына Сырым батыр да кірмеді.

Хан кеңесі жиналған кезде Нұралыға жақын феодалдар оның баласы — Қаратайды хан деп жариялады. Бұл — Нұралыға қарсы старшындардың Сырымның төңірегіне қайтадан топтануын күшейтті. Оның ықпалының өсуі патша әкімшілігін қатты үрейлендірді. 1797 жылдың күзінде патша үкіметі Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды, сөйтіп Айшуақты хан етіп бекітті. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адаммен Қаратай сұлтан қосылды. Бірақ Сырымға олармен шайқасудың сәті түскен жоқ, ол Сыр бойына барып, көтерілісшілерді таратып өзі Хиуа хандығына өтіп кетті. Сол жақта Сырымды 1802 жылы қазақ сұлтандарының итаршылары у беріп өлтірдi.

Сырым батыр бастаған 1783-1797 жылдар арасындағы Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы патшаның отарлау саясатына қарсы бағыт алған, қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болғанын айтуымыз керек.

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші феодалдық және отаршылдық езгіден, хандардың, сұлтандардың және патша әкімшілігінің зорлық-зомбылығынан құтылуға талпынған шаруалар еді. Олар Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы өздерінен тартып алынған жерлерді қайтарып алуға тырысты. Көтеріліске бірқатар билер мен ағамандар қосылды. Олар өздерінің таптық мүдделерін — Кіші жүздегі жағдайды нығайтуды, хан мен сұлтандарды билікті өздерімен бөлісуге мәжбүр етуді көздеді. Сырым халық бұқарасының жер үшін күресін қолдады, хандық билікті жойып, оны халық съездерімен алмастырып, ал съездер аралығында билікті ағамандардың қолына беретін қазақ мемлекеттілігінің жаңа формаларын құруға талпынды.

Сырым Датұлы бастаған көтерілістің жеңіліске үшырауының көптеген себептері бар. Оның жеткілікті үйымдаспаған стихиялы сипатта болуы, айқын бағдарламасының жоқтығы, қозғалысты мақсатына жеткізе алған жоқ. Балтамен, айбалтамен, айырмен, найзамен т. б. қаруланған қазақ шаруаларының мұздай жарақтанған, зеңбірекпен және мылтықпен каруланған патша әскерлеріне қарсы тұруы ешқандай мүмкін емес еді, ол көтерілістің жеңіліске ұшырайтынын алдын-ала айқындап берді. Көтерілістің жеңілуінің тағы бір себебі жергілікті қауымдық-рулық меншік ру ақсүйектерінің қоныстарға иелік етуіндегі кедергі, қайшылықтар еді. Осыдан келіп халық бүқарасы мен басшыларының қолға қару алып, күресу мақсаттарындағы көзқарастары әртүрлі болды. Жеке көтерілген топтардың арасындағы байланыстар әлсіз еді. «Жақсы ханға» сенушілік Сырымды да құтылдырмады. Патша әкімшілігімен келіссөз жүргізу кезінде, хан билігін қалпына келтіруге келісім беріп, көнімпаздыққа барды.

Бірақ тәуелсіздікке ұмтылған Сырым бастаған көтерілістің қазақ халқының азаттық идеясын шыңдауда үлкен әсері мен ықпалы тиді. Көтеріліс Кіші жүздегі  хандық биліктің негіздеріне зиян келтіріп, оның түпкілікті жойылуын жақындатқан ірі аттаныс еді. Көтеріліс және оның көсемі туралы хабар ой мен қырға, қазақ даласына кеңінен жайылды. Бүкiл үш жүздің басын құрайтын қазақ халқы Сырымның, оның сарбаздарының ерлігі мен батырлығын, тапқырлығын аңыз етіп, айтып жүрді. Қазақтың ауыз әдебиетінде Сырымға, ол бастаған ұлт-азаттық қозғалысына байланысты тамаша жырлар, әндер туды. Сырымның, оның төңірегіндегілердің шешендік сөздері ауыздан-ауызға тарап кетті.

Қорытынды

1797 жылдың аяғына дейін  жалғасқан стихиялы көтеріліс  әлсіреп, бірте-бірте бәсеңдеп, көп  ұзамай тоқтады.

Кіші жүз қазақтарының арасындағы үзілістерімен қоса он төрт жылдай уақытқа созылған қозғалысы  сәтсіздікке ұшырады. Оның құлдырауының негізгі себептері стихиялылығы мен ұйымдаспағандығы, күрестің айқын  мақсаттарының болмағандығы еді. Сонымен  қатар сұлтандармен жең ұшынан жалғасқан  билер мен старшындардың сатқындығы, көтеріліс басшыларының, атап айтқанда, Сырым Датұлының толқуы, күретің  ақырына дейін тұрақты болмауы  да жеңіліске себепкер болды.

Бұған қоса патша үкіметінің Жайық пен Еділ арасындағы жердегі  жайылымдарды пайдалануға рұқсат беруі  көтерілістің бір себебі болған жайылымдар туралы мәселені уақытша бәсеңсітті.

Халық бұқарасының 1783—1797 жылдардағы күресі қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға болды. Ол хандық билікті  көксеген көшпенділердің ұтылысынан кейін  зымияндық орыс саясаты хандық билікті  мүлде жойып қазақ жерлерін бөлшектеп  тастап билеуге көшті. Көтерілістің ішкі қайшылығы, әлсіз жақтарына  қарамастан, оның ұлт-азаттық сипаты әрі прогрестік маңызы болды. Сырым  батыр көтерілісі қазақтың рухының  мықтылығын, оның еркіндікті аңсайтынын көрсеткен белді белес еді. Орыстың  зиялы адамдарының бірі, белгілі  тарихшы Михаил Порфирьевич Вяткин: «Тарих мынаны айқын көрсетеді. Ол – Сырымның өз халқына білдірген асқан сүйіспеншілігі; өз халқын сатқан ел басшыларымен ешқашан ымыраласпайтындығы; өз Отанының бостандығы үшін, оның мемлекеттігі нығайып, дамуы үшін жанын аямай күрескені… Қазақтар халық қамы үшін күрескен осы бір батырды ешқашан есінен шығармақ емес», – деп жазып еді.

Информация о работе Сырым Датұлы