Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 18:38, сочинение
Әр ұлттың ұлы тұлғалары болады. Олар қаншама ғасырлар өтсе де сол ұлттың мөрі секілді санаға соғылып, адамзаттың ортақ құндылығына айналады. Ағылшындар үшін – Шекспир, француздар үшін – Бальзак, орыстар үшін – Пушкин, үнділер үшін – Тагор, өзбектер үшін – Науаи, түркімендер үшін – Мақтымқұлы, әзербайжандар үшін – Низами, қазақтар үшін әрине – Абай. Сол Абайдың ұлылығы мен данагөйлігін ашқан Мұхтар Әуезов те өткен ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыбы.
Әр ұлттың ұлы тұлғалары болады. Олар қаншама ғасырлар өтсе де сол ұлттың мөрі секілді санаға соғылып, адамзаттың ортақ құндылығына айналады. Ағылшындар үшін – Шекспир, француздар үшін – Бальзак, орыстар үшін – Пушкин, үнділер үшін – Тагор, өзбектер үшін – Науаи, түркімендер үшін – Мақтымқұлы, әзербайжандар үшін – Низами, қазақтар үшін әрине – Абай. Сол Абайдың ұлылығы мен данагөйлігін ашқан Мұхтар Әуезов те өткен ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыбы.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұлт әдебиетінің алтын ғасырының бастауында тұр. Ол қазақ өркениетінің жаңа болмысын ашқан жазушы, ғалым, ұстаз, драматург, сыншы. Бір сөзбен түйіндеп айтсақ, энциклопедиялық ұшан-теңіз білім дариясының кемеңгері әрі ұлы қайраткері.
Ұлы суреткер феодалдық қоғам ыдырап, қазақ қоғамы капитализмді айналып өтіп, социалистік қоғамның орныға бастаған тұсында әдеби өмірге келді. Сондықтан да білімділердің бел ортасынан өз орнын ерте ойып алды, ерте жарқ етіп көрінді. Бірақ замана сұранысына дендеп кіріп, кеңестік әдебиеттің күрескері де, жаршысы да болып кете алмады. Қытай ойшылы Конфуцийдің: «Өтпелі кезеңде өмір сүрме», – деген даналығы дөп келді. Мұхтар Әуезов революцияның қызыл қыраны да, дауылпазы да бола алмады. Ол өзінің жан дүниесін баурап алған ұлы мақсаттарды бірте-бірте жүзеге асырды. Бұл жазушылық һәм ғалымдық жол еді. Осы жол Мұхтар Омарханұлын азапты жолға апарды, осы жол Мұхтар Омарханұлын әлем мойындаған қаламгерлердің сапына қосты, осы жол Мұхтар Омарханұлын академиктік дәрежеге, Лениндік сыйлыққа алып келді. Осы жол Мұхтар Омарханұлын шын мәніндегі халықтық жазушы деңгейіне көтерді. Ал халық жадына енген адамды уақыт та, заман да, қоғам да тарихтан сызып тастай алмайды. Бірақ осындай халық махаббатына жету үшін Мұхаң «тар жол, тайғақ кешулерден», жабыла қапқан аш бөрі сыншылардан, екіжүзді саясаттың, ауыр идеологияның қанды қақпанынан өтті.
Мұхтар Әуезов қандай адам еді? Халық махаббатына қалай жетті, оның озық ойлы дүниетанымын тану жолдары қандай? Бұл сұрақты қойып отырған себебіміз мынада. Жылдар жылжып өткен сайын, жаңа Қазақстанның жас ұрпақтары ұлы классик жазушы туралы көбіне интернеттік ақпаратпен ғана таныс болады да, оның өмір жолының сан соқпақ жолдарынан бейхабар қалады. Сондықтан…
Абай Мұхтарды әдебиеттің шыңына көтерді, Мұхтар Абайды әлемге танытты. Бұл − ақиқат.
Абайды тану арқылы
Мұхтар Әуезов қазақты, оның
тарихын, ұлттық құндылықтарын,
Ол қандай принциптер?
Өз ұлтының ұлы
мұраларын тану арқылы өз
Осылай Абайды тану
арқылы Мұхтар Әуезов қазақ
әдебиетінің классигі
Мұхаңның көзқарасын қалыптастырған тағы бір үлкен саяси мектеп бар. Ол – Алаш идеясы. «Бұл бала Мұхтардың көзі ашық, көкірегі ояу кезіне тап келді. 20 жасар Мұхтар Әуезов «Алашорда» үкіметінің мақсат-мүддесін өмірлік мақсатым деп түсінді әрі оның жұмысына белсене араласты» (И.Тасмағамбетов, Т.Жұртбай. Кіріспе сөз. М.Әуезов. І том. А. Ғылым. 1997,16 б.).
Атақты Мұхтар Әуезовтің қолжазба қорында «Өз жайымнан мағлұмат» атты жазбасы бар. Сонда Мұқаң:
«Арасында ауырып, оқуды бірлі-жарымды тоқтатып, доғарып қойып жүріп, семинарияны 1919 жылы шала-шарпы бітірдім. Бұл кездерде февраль төңкерісі болған. 19-жылдың аяғында кеңес өзгерісі болды, әлеумет қызметіне араласып кеттік. Содан кейінгі баспа сөзіне толығырақ араласқаным 1918 жылы «Абай» журналының шығуымен байланысты. Ондағы сөздер сырлы әдебиет емес, жалпы мақалалар, балалықтың, жастықтың, әр сайға басын соққан сандалысы, далбасалығы сияқты», – деп жазыпты. (Қолжазба қоры, 382-папка).
Тағдыр Мұхтарды «Абай»
журналына алып келіпті. Абай
жас Мұхтардың алдынан қайта
шықты. Атына заты келе
«Ендігі халық болумызға
ұйытқы болатын нәрсе – құрыш
құрсаулы әділ, қатал билік. Ендігі
хакімнің негізге құрылған
Мұхтар Әуезов Ресей
құрамындағы «Алашорда»
1919 жылдың 1 желтоқсанында
Семей губерниялық
«Осы күнде не қылса да оқығандардың бәрі де барын салып еңбек қылып, осы өкіметті сендіру керек. Сонымен бүгінгі мекеме атаулыда бос қалып жүрген қазақтардың мұң-мұқтажын орындау керек. Қашып бағудың ешбір себебі жоқ. Совет өкіметі үлкен жазығы бар адамдарды да қатарына кіріп, пайдалы қызметтерді істеймін десе – қумайды. Егер қазақ оқығандары Совет өкіметінің қабағынан қорқып қашса, айтатын сөзіміз осы: Оқығанның қайсысы болса да азғантай пайда келтіре аларлығы болса, тезірек қалаға келіп қызметке кіруі керек… Қазақтың қамын жейтін оқыған болса …бос жүргеннің бәрі келуі керек».(сонда.)
Бұл ұлттық патриотизмнің жарқын көрінісі. Қалай болғанда да оқығандар мемлекеттік қызметте көп болса, солғұрлым қазақтың, солғұрлым халықтың көзін ашады. Ол жаңа заманда адаспай өз орнын таба білгенін қалайды. Кейін большевиктер партиясының бір мемлекет құру идеясын жүзеге асыра бастағанын көрген соң, саяси жұмыстан бір жола қол үзеді. Жан күйзелісін жазудың бір ғана жолы бар еді. Ол – қалам, ол – әдебиет. Әдебиет − үлкен әлем. Оған қаламгер бәрін де сыйғыза алады. Ақ қағаз бен сия сауыт Мұхтар Әуезовті әдебиеттің шыңына көтерді, ол өз қиял-дүниесінің билеушісі болып, сөз патшалығының хакіміне айналды…
Мұхтар Әуезов халыққа
өз сөзін, өз көзқарасын
1921-1922 жылдар қазақтың басына қара бұлт болып келді. Елді аштық жайлады. Бұл жас Мұхтардың көзқарасын толықтай қалыптастырды. Енді шыдау да, үнсіз қалу да мүмкін емес еді. Ол қазақ қызметкерлері Одағы кеңесінің мәжілісінде запыран сөзін айтты.
«Шындығына көшсек, ашаршылық
жайлаған қырдағы елдің
…«Өкімет басында отырған қазақ қызметкерлері, бұл істі дәл сол күйінде қалдырып қоюға болмайтыны өз алдына, бұл сіздер үшін қылмыс, біз бұл үшін Қазақ елінің алдында, өзіміздің арымыздың алдында жауаптымыз». (ҚР МОА. 82 қор. 42-іс. 23-24 парақтар).
Мұхтар Әуезов халық трагедиясын өз трагедиям деп білді. Ащы шындықты ашық айтады, батыл айтады. Мұндай тақырыпты, әрине, жүрегінің түгі бар, ұлтжанды адам ғана қозғай алар еді. Міне, осындай жағдаяттар Мұхтар Омарханұлының жанын күйзелтті, мұндай қылмысты көру де, оған ортақтас болу да өліммен пара-пар еді. Сондықтан да Ташкентке барып, Орта Азия университетінің дәрісханасына отырды, бұдан кейін де пайыз таба алмай Ленинградтағы университетке ауысып кетті. Елден кеткенмен ел елесінен кете алмады. Біраз әңгімелері, атап айтқанда «Қыр суреттері», «Жас жүректер», «Заман еркесі», «Кім кінәлі», атты шағын хикаяттары бірден Мұхтар Әуезовтің атын шығарды. Топ жарып шыға келген жас дарынға біреулер қуанып, біреулер кектеніп қарады. Оның үстіне 1922 жылы «Шолпан» журналында Мұхтар Әуезовтің «Қазақтағы қалам қайраткерлеріне» атты ашық хаты жарияланды. Онда жазушы баспасөздің қоғамда алатын орны һәм оқырманға қаламгер қандай материалдар ұсыну қажеттігі туралы бүкпесіз ойын айтады. Әрі ұлттың басындағы жағымсыз әдеттерді сынап мінейді.
…«Бұл баспасөздің басылуы, күшейген уақыты деуге болады. Бірақ, қалың қазақтың тілегіне келгенде бұл, саны бар, сапасы жоқ сөздерге ұқсайды. Өте көп, өте қиын жаңа сөздер сөйленіп жатыр. Солардың әдебиет арқылы бірде-бірі қазақтың миына кеп, рухына сіңді ме? Сіңген жоқ. Себебі, бұл сөздер суықтық қылып отыр. Елдің қышулы жерін тауып, өзінің керек боларлық орнын білмегендіктен, оқушыны таба алмай отыр.
…Біздің осы күнгі баспасөзімізден арзан сөз жоқ…
…Жазушының міндеті: ел неге қызығады, нені көксейді, қандай рухы бар, соны ұғып алу, һәм соған лайықтап сөз жазу.
…Қазіргі кейбір баспасөздерде көбіне, қазақтың мақтаншақтығы шығатын болды.
… Шығып жатқан
газеттердің бұндай істерге
Мұхтар Әуезовтің
бұл хаты биліктегілердің
Осылай Мұхтар Әуезов
пролетарлық әдебиеттен
«Әуезовтің бұл кездегі
жан дүниесінің толғағын
Бұл дәл айтылған сөз, ащы да болса шындық.
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің «Абай» эпопеясына бастаған әдеби жолдың бірі оның «Еңлік-Кебек» пьесасы болды. Бұл пьесаның тарихы, архитектоникасы, көркемділігі мен бейнелілігі туралы көп зерттеу жүргізген, драма табиғатының тамыршысы, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали Нұрғали еді.
Рекең «Еңлік-Кебек» аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде төрт нұсқасы болғанын, және ол нұсқалардың барлығы да бір-бірімен алшақ еместігін мысалға ала отырып, Еңлік пен Кебек тағдыры найман-тобықты конфликтісінен туындаған махаббат трагедиясы екендігін дәйектейді. Нақты мысалдар келтіре отырып, Мұхтар Әуезов пьесасының кезінде сыншылар қаһарының ілігуінің себептерін түсіндіреді. Сөйтсек, мәселе мынада екен. М.Әуезов «Еңлік-Кебектің» алғы сөзін өзі жазыпты. Мұны бүгінгі ғалымдардың көбі біле бермейді:
«Айнымаған: кешегі күні жақынымен жатша жағаластырған алтыбақан алауыздық. Алаштың аты озғанша, ауылдасының тайы озсын деген берекесі, тыныштығы жоқ, бітімі, тынымы жоқ қазақ әлі сол қазақ. Өз қайратын өзі жойып, қасындағы туысқанын қарақтап, өз қолын өзі байлап берген қазақ әлі күнге сол қазақ, өшпеген мінезі осы. Ұмытылмаған әдет, жазылмаған дерт осы». (М.Әуезов. «Еңлік-Кебек» 4 перделі пьеса, 5 суретті трагедия. Орынбор, 1922, 2-б.)
Енді 1930-жылдарға келейік.
Бұл кезде Мұхтар
1947 жылы Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің Қазақ ССР
Ғылым академиясы Тіл және
әдебиет институты
Пікірталасқа шыққан
Мұхтар Әуезовтің көзқарасы