Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 19:18, реферат

Краткое описание

Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.

Содержание

КІРІСПЕ
1.МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ
1.1Мұхаммед Хайдар Дулати
1.2 Мұхаммед Хайдардың еңбектері
1.3 ТАШКЕНТ —БҰХАРА. 1499—1508 ЖЫЛДАР.
1.4 ҚАЛА-И ЗАФАР. 1508—1509 ЖЫЛДАР.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мухаммед Хайдар Дулати.doc

— 266.50 Кб (Скачать документ)

 «Тарих и Рашидидің» бірінші дәптерінде сөйтіп сол Тоғылық Темір ханнан бастап өзін Жаркенттен кетуге мәжбүр еткен Әбд ар-Рашид ханға дейінгі Моғолстанда екі ғасырға жуық уақыт арасында болған тарихи оқиғалар әңгімеленеді. Мысалы, Шағатай текті Шер Мухаммед хан (1415 қ .б.) мен Уәйіс ханның (?—1429) Моғолстанның тағы үшін болған қанды айқастары, Уәйіс ханның тілегіне жеткені, оның қалмақтармен болған сансыз соғыстары да баян етіледі.

 Хайдар мырза жазбаларының ішіндегі ең қызықтысы - әрине, халқымыздың тарихына қатысты мағлұматтары. Ғалым нағашы атасы Жүніс хан мен Уәйіс ханның кенже ұлы Есейбураның (1418—1462) билікке таласар тұстарын сөз еткен. Дешті Қыпшақ әміршісі Әбілхайырдан көп қысым көрген Жәнібек хан мен Керей ханның одан бөлініп, Моғолстандағы Шу мен Қозыбасыға келуі, Есенбұғаның оларды жылы қарсы алуы, соңынан Әбілхайыр қайтыс болған соң оның ұлысынан үдере көшкен елдің, Жәнібек хан мен Керей ханға келіп қосылуы жайлы айтуды да автор ұмытпаған. «Олардын, ұзын саны екі жүз мыңға жетті. Олар өзбек-қазақ деген атқа ие болды. Қазақ сұлтандарының билік құра бастауы 870 (1465) жылдан басталады. (Бірақ оны) Алла (бізден) артық біледі» — деп жазады Хайдар мырза..

Сөйтіп, қазақ халқының тарих сахнасына көтерілген кезі 1465 жыл екенін Хайдар мырза шегелей көрсеткен. Одан әрі ол: «содан қазақтар 940 (1533—34) жылға дейін Өзбекстанның (көшпелі өзбектер жөнінде айтып отыр — Ә. Д.) көпшілік бөлігін тұтастай биледі. Керей ханнан кейін Мұрыңдық хан болды. Сонан соң Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Ол өз билігін Дешті Қыпшаққа да жүргізді. Оның әскері миллионнан да көп еді. Жошы ханнан кейін бұл үйден одан қүшті хан шыққан емес. Қасымнан соң оның баласы Мамаш хан болды. Одан кейін Тақыр хан болды. Осы Тақыр хан тұсында қазақтар көп қиыншылықтарға ұшырады. Одан кейін оның бауыры Бұйдаш хан болды. Қысқаша айтқанда, Есенбұға ханнан бастап Рашид ханға дейінгі аралықта моғолдар мен қазақтар тату-тәтті, тыныштықта өмір сүрді, бірақ оны Рашид сұлтан бұзды» деп жазады ол. Ол рас та еді. Өйткені Рашид сұлтан қазақтардан гөрі шайбандарға көп мойын бұрған, солардан одақ іздеген.

 Сөйтіп, қазақ хандығының  пайда болуы мен тыныс-тіршілігі,  өмір сүрген ортасы һәм көршілерімен болған қарым-қатынасы жайлы Хайдар мырза секілді дәл ссылай жүйелі де нақтылы жазған қаламгерлер кемде-кем-ақ.Ғалым бабамыз сондай-ақ өз жазбаларында көп ретте әдеби тәсіл — шегініс жасауды да шебер пайдадана білген. Мысалы, ол Жүніс ханның тақ үшін таласта жеңіліске ұшырағаннан кейін Иран (жаққа кетуі, соңынан Моғолстанға оралған соң Мір Қажы кеншінің қызы Исан Дәулат бегімге үйленуі, Сырбойында Әбілхайырдың,ұлы Бұрыж оғланмен шайқасып, кейін Ташкентке келуі, шейх Жамалдың тұтқынына түсіп қалуы, бірақ арада бір жыл өткен соң дулаттардын шейх Жамалды өлтіріп, Жүніс ханды құтқаруы, оның Моғолстанға қайтып оралуы кино жолағындай рет-ретімен көз алдыңнан өте береді. Оның ара-арасында Хайдар мырза Жүніс ханнық үш қызының тұрмысқа шығуы, Әмір Темір ұрпақтарының өзара қақтырыстары жайлы да айтып өтеді. Одан кейінгі тарауларда Жүніс ханның ұлы Ахмет ханның өмірі, қалмақтардың шабуы, өзбек-қазақ мәселесі, мырза Әбу Бәкір Дулатимен болған соғысты сипаттауда да шеберлік таныта алған.

 Хайдар мырза Сайд ханның өмірі мен жорықтарына да тарау арнаған. Ол не айтса да, қайсы тақырыпты сөз етсе де міндетті түрде баяндап отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіріп кетеді.

 Сөйтіп, ол Моғолстанның хандары, дулаттан шыққан әмірлері мен бектері, онда өмір сүрген түркі тайпаларының, тыныс-тіршілігі, Әбілхайыр хан негізін салған Дешті Қыпшақ мемлекеті, ханның өзі және ұрпактарының Мәуераннаһрде, сондай-ақ казак хандары һәм сұлтандарымен жүргізген соғыстары жайлы тәптіштей баяндаған. Хайдар мырзаның бір ерекшелігі ол тек шындықты ғана жазады. Тарихшы ғалымдардың барлығы да Хайдар мырзаның осы бір қасиетіне ерекше мән береді.

 Ал екінші дәптердің тарихи-мемуарлық сипаты бар. Мұңда ол өз өрмірбаянын тілге тиек еткен, әрі оны бірінші дәптерден бұрын туындатқан. Мұнда автор өзі көріп куәсі болған, басынан өткен немесе естіген жәйттар мен оқиғаларды қаз-калпында баяндаған.

 

 

 

 

Қорытныды

 

Шоқан Уалиханов (1835—1865) Хайдар мырза еңбегін зерделей оқып, құрметпен қараса, В. В. Вельяминов-Зернов (1830— 1904) Хайдар мырзанын қазақтар туралы деректеріне қатты мән бере келе: «Мұхммед Хайдардың жазғандарының барлығы дерлік — жаңалық және мейлінше қызғылықты. Әңгімелері қай жағынан қарағанда да үйлесімді және жауапкершілігімен ерекшеленеді»,—дейді. Әрі ол бабамыздың жазбаларын өз зерттеулеріне молынан пайдаланған. Орта Азия мен Қазақстан тарихын кенінен зерттеген В. В. Бартольд те Хайдар мырзаның еңбегіне зор мән берген. Кеңес дәуірінде «Тарихи Рашиди» жайлы әр жылдары Ә. X. Марғұлаң, Н.Н. Мингулов, Т. И. Сұлтанов, Б.Қожабеков, өзбек оқымыстыларынан Р.Г.Мукминов,С. Ә. Әзімжанова, X. Хасанова және тағы басқаялардың үлкенді-кішілі зерттеулері жарияланды. Әлкей Марғұлан Хайдар мырзаны казақтың тұңғыш тарихшысы деп атаған. «Тарихи Рашидидің» кейбір үзінділері ағылшын, орыс қазақ тілдеріне аударылып жарияланғанымең, күні бүгінге дейін ол толық бас-па бетін көрген жоқ.

Мухаммед Хайдар Дулатиді бiз негізінен тарихшы ретінде танып, бағалап келдік. Солай бола тұрса да, оның ақын, болғанығы жайлы айтылғанымен, поэзиясы жайлы ешқандай нақтылы деректер жоқ. Сол себепті енді әңгіме арнасын осы мәселегебұрайық. 

 Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі жылдардың бірінде башқұрт ғалымы Ахмет Заки Уәлиди бірде Берлин кітапханасының қолжазба қорынан Хайдар мырзаның жоғалдыға саналған «Жнһан наме» атты дастанын кездестірген. Оқи, зерделей келе ол дүниенің шынында да Хайдар мырзайык қаламынан туғанына көзі жетеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

 

1 Тарих толқынында. –  Алматы: Атамұра, 

2 Қозыбаев М.Қ. «Өркениет  және ұлт». – Алматы: «Сөздік», 2001. – 369 б.

3 Бекмаханов Е. –Алматы: «Санат», 1994.-416 б.; Вяткин М.П. Батыр Срым. -Алматы: «Санат»,1988.-344 с.

 




Информация о работе Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар