Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 19:18, реферат

Краткое описание

Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.

Содержание

КІРІСПЕ
1.МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ
1.1Мұхаммед Хайдар Дулати
1.2 Мұхаммед Хайдардың еңбектері
1.3 ТАШКЕНТ —БҰХАРА. 1499—1508 ЖЫЛДАР.
1.4 ҚАЛА-И ЗАФАР. 1508—1509 ЖЫЛДАР.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мухаммед Хайдар Дулати.doc

— 266.50 Кб (Скачать документ)

Хайдар Дулатидін бабалары кезінде  осы елдін тарихында үлкен рөл атқарып, биік мансапқа ие болған Жетісу мен Қашғарды мекендеген дулат тайпасының белгілі бектері еді. Олардық Моғолстан тағына өз адамдарын отырғызған сәттері де болған. Қалық қол басқарып, ерлік көрсеткеніне риза болган хан әулеті Шағатай тұсында-ақ ғалым бабаларына Маңлай Сүбе деп аталған осы күнгі Қашғар жерін сыйга тартқан. Олар онда жеке патшалық құрды. Бірақ тақ, үшін таласта Дулат тайпасы да өзгелер секілді өзара тартыскатүскен. Соның салдарынан Қашғарияны ғалымның Мұхаммед Хайдар ныспылы аттас бабасынан Әбу Бәкір Дулати деген тағы бір атасы 1480 жылы тартып алып, Ақсақ Темір ұрпақтары билеп тұрган Орта Азияға кетуге мәжбүр еткен.

Бірақ жаңа мекенінде де ғалым бабасының  тыныш өмірі ұзаққа созыла қоймаған. Жошы ханнын батыс Сібірді мекен  еткен кіші ұлы Шайбанидің әулеті Ақсақ Темір ұрпақтары арасындағы алаусыздықты пайдаланып, олардың жерлерін тартып алуға әрекеттене бастаған. Бүл іс Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан (1412—1468) тұсында басталғанымен, оны ханның немересі Мұхаммед Шайбани ғана жүзеге асыра алды . XV ғасырдың соңына таман Дешті Қыпшақ елінің басын кұрап, үлкен күшке айналдырған ол, енді ат басын Мәуеранахрға қарай бұрды. Бұл ретте Ашанас, Сығынақ,Өзкент, Аққорған, Қыпшақ, Сауран секілді Сырбойы қалалары мен қоныстарын өздеріне бағындырған көшпелі өзбектерге тақ үшін таласып қырық-пышақ болған Темір әулеті жөнді тойтарыс бере алмады. Орта Азияға бірнеше бағытпен сыналап енген шайбандықтар бірте-бірте Ташкентке жақындай түсті.

 

1.3 ТАШКЕНТ —БҰХАРА. 1499—1508 ЖЫЛДАР.

 

 Мухаммед Хайдар 1499 жылдың осындай қиын-қыстау күндерінің бірінде Ташкент қаласында Мұхаммед Хусайын Дулатидің (?-1508) отбасыңда дүниеге келді. Мұхаммед Хұсайын ұлына жоғарыда айтылғандай өз әкесі Мұхаммед Хайдар Дулатидің атын берген. Өйткені Әбу Бәкір Дулати Қашғариядан қуып жіберген Мухаммед Хайдар Дудати ол кезде тірілер санатында жоқ еді.

 Хайдар мырзаның әкесі Мухаммед Хұсайын да жастайынан билікке араласқан. Оның үстіне есейіп, оңы мен солын таныған кезде Моғолстанның билеушісі Шағатай ханның ұрпағы Жүніс ханның (1415—1487) кіші қызы Хуб Нигар ханымға үйленеді.

 Жүніс ханның үлкен әйелі Исан Даулат бикеден екі ұл (Султан Махмұт хан (1443—1508); Сұлтан Ахмет хан (1465-1503), үш қызы (Миһр Нигар ханым, Құтлык Нигар ханым, Хуб Нигар ханым) бар еді. Миһр-Нигар ханым Әмір Темірдің Жалал ад-Дин Миран шаһ (?—1408) атты үшінші ұлының шөбересі Сұлтан Ахмет мырзаға (?—1494) ұзатылған-ды. Ал Құтлық Нигар ханьімға оньің інісі Омар шейх (1455—1494) үйленіп, одан атақты ойшыл, акын, қолбасшы Мухаммед Захир ад-Дин Бабыр (1483—1530) туған, яғни ол Мүхаммед Хайдар Дулатиға бөле еді.

 Хайдар мырза шыр етіп дүниеге келгеннен-ақ тағдыр тауқыметін көп тартқан, 1501 жылы ол екі жасқа толғанда анасы қайтыс болады. Ол жайлы Бабыр өзінің атақты, «Бабырнамасында»: «Менің шешемнің сіңлісі Хуб Нигар ханым жарық дүниемен қоштасыпты, оны анамыз екеумізге Ұратөбеде естіртті»-дейді. 
Бабырдың әкесі Омар Шейх Ферғана уалайатының билеушісі болатын. Сырдарияның жағасына орналаскан астанасы Ахсикентте 39 жасында «жардан үшып жан тәсілім еткен соң», оның иелігіндегі жерлерді Шайбани хан басып ала бастайды.«Бұл-«байтал түгілі, бас қайғы» болған заман еді.

 Ташкентті 1482—1485 жылдары Жүніс хан басып алғанымен, соңынан оны (1490) Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Хусайын Дулати кайнағасы Махмұт ханның атынан билеп тұрды. Мұны ағылшын шығыстанушысы Ч. А. Стори де (1888—1967) «Мұхаммед Хусайынды Ташкенттің билеушісі етіп қашғарлық Махмұтхан қойып еді» деп растайды.

Мухаммед Хусайын Омар шейхпен көңілі жарасқан достар екен. Сондықтан да ол Ахсикентте баз бір кездері онымен екі жыл бірге тұрыпты. Артында калың елі дулаттар тұрғандықтан да, ол өз иелігін мығым ұстаған. Айтқаны орындалып, дегені жүрген, халқының қадірлі адамы болған. Сөйткен МұхаммедХұсайын ұлына Маула Мухаммед атты білімді де білікті кісіні тәрбиеші етеді. Ол бала құран кәрім сүрелерін жаттатып қана қоймай, әліппе де оқытып, сауатын ашқан, жазу, сызуға үйреткен. Ч.А. Стори Хайдар мырзаның дәріскерлері ішінен Мұхаммед Кади ныспылы Мухаммед бин Бурһан ад-Дин Самарқанди (?—1516) атты белгілі оқымыстының да атын атап кеткен.

Хайдар мырза бірақ  Мұхаммед Шайбани зобалаңына байланысты оқуын жалғастыра алмаған. Өйткені  оның балалық шағы, жоғарыда айтылғандай, Мұхаммед Шайбанидің Орта Азияның қалалары мен қоныстарын, елді мекендерін басып алып,ӘмірТемір ұрпактарын куа бастаған кезге тұс келді.Шынында да Мухаммед Шайбани аз ғана уақыт ішінде, яғни 1500 жылы Бұхара, 1501 жылы Самарқан, 1503 жылы Ахсикентпен Ташкентті, 1504 жылы Әндіжан, 1505 жылы Хорезм, 1507 жылы Герат, Астрабад, Гурганға да ту тігіп үлгерді.Басқыншының тегеурініне шыдай алмаған Бабыр соғыса-соғыса Кабулға қетуге мәжбүр болды. 

 1508 жылы осындай аласыпыран кездері Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Шайбани кісілерінің қолынан қаза табады. Жетім қалған Хайдар мен әпкесін туыстары әуелде Бұхараға паналатқызады. Соңынан тәрбиешісі екеуін Бадахшанға аттандырады.

 

1.4 ҚАЛА-И ЗАФАР. 1508—1509 ЖЫЛДАР

 

 Шайбандардың құрығы жете қоймаған жерлердің бірі таулы Бадахшан мен оның астанасы Қала-и зафар болатын. Әмір Темір ұрпақтарының асуы киын таулар ортасындағы иелігі болған осы шаһар — «Қала-и зафар», яғни «Жеңіс қаласы» деп тектен-текке аталмаған-ды. Соңғы жылдары ол Сұлтан Махмұт мырзаның Хан мырза, кейде бірак Мырза хан деп те аталып кеткен. 9жасар Хайдар мырза, сөйтіп жауға оңай алдыра қоймайтын.

Қала-и зафар қамалына 1508 жылдың соңғы айларында келген. Содан мұнда ол 1509 жылдың қарашасына дейін болған. Хайдар мырзаның мұнда өткізген кезеңі жайлы әлі-әзір қолымызда деректер жоқ. Оның мұнда бір жылға жетпей-ак тағы да өзге мекен іздей бастауының да себебін білмейміз. «Жау кай жақта'» деп елеңдеумен күндері өтті ме, кім білсін?! Ақыры ол Кабулдағы бөлесі Бабырға кетеді. 

Арып, ашып жол азабын көріп барған Хайдар мырзаны Бабыр жақсы қарсы алған.Бауырына басып жас мырзаның басынан сипап, бетінен сүйіп өз баласындай көрген еді. Әйтпесе Бабырдың өзі де қиын жағдайды бастан кешіп жатқан-ды. Қабулға келіп коныстанғанымен іштен шыққан дұшпандары мен ізіне түскен жауларының оны жан-жақтан аңталап тұрған кезі болатын. Соған қарамай, Бабыр жас бөлесіне қолынан келген жақсылығын аямаған. Кейінірек Бабыр ол жайлы: «Жүніс ханның үшінші қызы — Хуб Нигар ханым. Оны Мұхаммед Хұсайын... Дулатқа атастырған. Одан ол бір қыз, бір ұл көтерді. Қызын Убайд хан (Убайдаллаһ хан,,Мұхаммед Шайбанидың немере інісі, 1539 ж. қ. б.— Ә. Д.) алды..Мен Бұхара мен Самарқанды басып алғанымда, ол орнын ауыстырмай сонда қалды. Оның немере ағасы Сейіт Мухаммед мырза маған Саид ханнан елші болып, Самарқанға келгенде, ол соған еріп кетті. Кейін оған сұлтан Сайд хан үйленді.

. Осы ретте айта кететін жайт— Бабырдың ол жайлы: «байсалды азамат болып жақсы жолға түсіпті деп естідім» деген жолдарында бір сыр бар сияқты. Хайдар мырза туралы оның бұлай жазуына не себеп болды? Оған жауап беру үшін сәл шегініс жасау керек сияқты.

 Балалық шағының өзінде-ақ өліспей беріспес айқас, тақ үшін таластың талайын көрген Хайдарды ешқандай да соғыс, еш қандай да майдан шошыта алмаған еді. Кабулға келген соң ол Бабырмен бірге талай жорықтарға қатысып, жас та болса «етікпенен саз кешіп, ауыздықпен су ішкен» күндер мен түндерді өткізді. Сөйтіп жүргенде ол сарай адамдарының бірінен әкесі Мухаммед Хұсайын Дулати мен Бабыр арасында тап осы Кабулда 1506—1507 жылдар арасында болған жайсыз оқиға туралы естіген сияқты. Оқиға былай болып еді. Ташкентті Шайбани басып алған соң Мұхаммед Хұсайын Қаратегіндегі Хұсрау шаһқа қашады. Одан әрі ол 1506—1507 жылдар шамасында Қабулға келеді. Бірақ шайтан түртті ме, кім білсін, Бабыр хазарлықтарды шабуға кетқенде, біреулердің азғыруынамақ астанасы Сринагарға кештеу жететін. Халқы егін жэне мал шаруашылығымен-айналысқан. Бұл жағынан да ол Орта Азия, халқының тіршілік тынысына ұксап кететін.

 Һұмаюн мемлекет тізгінінен ажырап, үкімет басына Шерхан келгелі Кашмир уалайаты басшырыз қалып,жергілікті әкімдер халықты тонап, езе бастап еді. Елде тәртіпсіздік орнады.Сол себепті де Кашмир халқы өздері бұрыннан білетін Хайдар мырзаға қарсылық көрсетпеді. Тарихшылардың көпшілігі Хайдар мырза Кашмирді өзінің туа бітті мәмлегерлік қасиет, парасаттылығы мен алғырлығының арқасында бір оқ та шығармай өзіне қаратқанын айтады. Әрине, Хайдар мырзаның Кашмирді

 алуына һұмаюн берген әскер косындарының да әсері болмай қойған жоқ. Сөйткен бабамыз 1540 жылдың қараша айында Сринагар қаласына келіп туын тікті. Соңыра ол өзінен Кашмир өлкесін тартып алу үшін Шерхан жіберген Қажы шаһ әскерін талқандап, жағдайын одан әрі нығайтып, жақсарта түсті.

 Хайдар мырза Кашмирді 10-11жыл билеген. Ол өзіне қараған қалалар мен қоныстардың әл-ауқатын көтеріп, жолдарын жақсартты. Әдебиет пен мәдениеттің өркендеуіне жағдай жасады. Кашмир өлкесін гүлдендіріп абат баққа айналдыру ойымен талай жерлерге өкілдерін аттандырып, қолынан іс келетіндерді өзіне шақырды. Бірте-бірте ол Тибетті де өз иелігіне қосы алды.

 1556 жылдан бастап Үндістанның тізгіні һұмаюнның ұлы Акбарға (1537-—1605) тигенде оның кеңесшісі, әрі досы болған Әбу-л-Фазл Әллами (1551-1602) атты тарихшы өзінің «Акбар нама» атты еңбегінде Кашмирді билеген Хайдар мырзаға да бірнеше бет арнаған.

 Үнді тарихшысы Хайдар мырза «үлкен бір қателік жасады. Өзі патша болып тұрса да, ол Нәзік шаһ атынан хұтпа оқып, оның аты жазылған теңгелер соқтыра берді»,-дейді. Яғни Әбу-л-Фазл Әллами «өзі патша болған -соң Хайдар мырзаның өз атынан хұтпа оқып, өз атынан ғана теңгелер соқтыруы керек еді. Бірақ олай етпей, уақытша отырған, уақытша билік құрған кісінің тіршілігін істеді» дегісі келетін сияқты.

 Әллами Хайдар мырзаның өмірінің соңғы кездері жайлы да біршама деректер қалдырған. Оның айтуынша сарай төңірегіндегі арамзалар ақкөңіл де кеңпейіл, жомарт та мәрт Хайдар мырзаны алдап соғып, сатқындық жасаған.

 Әллами сондай-ақ Хайдар мырзаны «бейқам өмір сүрді, кісіге сенгіш еді» деп жазғырады. Жаулары Хайдар мырзаны алдап, серігі Қара Баһадурды әскерінің бір бөлігімен Тибет пен Ауғанстанға жіберткізеді. Әміршінің іс басқарушысы Қожа кажы мен сарай күзетіндегі әскер басыларын пәрелеп, Хайдар мырзаға айдап салады. Сөйткен олар бірде Сринагар мен Хирапур аралығындағы Ханпур маңыңда Хайдар мырзаға кенет шабуыл жасайды. Хайдар мырза көтерілісшілердің көсемі Қожа қажыдан олар тұтқындаған Қара баһадурды босатуды талап етіп тұрғанда Камал Дуби деген сатқынның қолынан қаза табады. Қейбір деректерге қарағанда Хайдар мырзаны күтушілерінің бірі уланған жебемен атқан. Ол содан қаза тапқан. Хайдар Мырза Дулати сөйтіп 1551 жылы 52-ге қараған шағында қапыда қазаға ұшырайды. І

 Мухаммед Қасым һиндушаһ Астрабади (XVI f.), Мухаммед Ағзам (XVIII ғ.), Мухаммед Уәли (XVII ғ.), Сайф Челеби (XVI ғ.) және т. б. үнді, парсы, түрік тарихшылары Хайдар мырзаның жақсы дипломат, шешен, ойшыл, не істесе де ақылмен шешетін, өмірге, өнерге үлкен ой, терең парасатпен қараған мәдениетті де білімді адам болғанын жазады. Әбд ар-Рашидтен көп жәбір көрсе де, ол жауықпай, оған қолынан келгенінше жақсылық істеуге тырысқан. Тіпті өзінің атақты шығармасы «Тарихи Рашидиді» де соған арнаған. «Саид ханнан көп нәрсе үйрендім, ал өзім тәрбиелеген Әбд ар-Рашидтен көп жәбір көрдім» деп жазады ол өз еңбегінде. Сөйтсе де Хайдар мырза ,оған ешқандай жаманшылық тілемепті. Туған-әкесіндей мәпеле-ген Саид ханның рухы үшін ол өз шығармасын оның баласына арнаған. Бұдан асқан адамгершілік, бұдан асқан кешірімділік, будан өткен кішіпейілділік жоқ-ақ шығар. Осы бір жәйттің өзі-ақ Хайдар мырзаның бүкіл болмысын ашып, оның үлкен жүректі азамат екендігін анық керсетіп тұр.

 Хайдар мырза белгілі бектің отбасында дүниеге келіп, Бабыр, Саид хан секілді өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу адамдарының сарайында тұрғандыктан да өз кезі, өз заманы үшін жақсы білім алған. Оның түркі тілінен баска араб, парсы, тілдерін де білгендігінде дау жоқ. Ол өзіне дейін ғұмыр кешкен мұсылман ғалымдары мен шежірешілері,ақындары мен сөз зергерлері шығармаларын зердесіне жете тоқыған.Сондай- ақ оның тарих ғылымы һәм әдебиетпен де айналысуына белгілі бір шамада бөлесі Захир ад-Дин Мухаммед Бабыр еңбектері де әсер еткен. 

 Жоғарыда біз Мухаммед Хайдар Дулатидің 1540 жылы Кашмирге туын тігіп, көңіл жайлағаннан кейін сарайына өнердің талай саңлақтарын жинағанын айттық. Сөйткен дарын иесі көптен бері өзіне маза бермей, тынышын алып жүрген өз басынан өткен жайттар мен Моғол мемлекетінің шежіресін жазуға кіріседі. Ол ойын іске асыруға, жоғарыда айтылғандай, терең білімі көмектескен. Хайдар мырза көбінесе өз құлағымен естіген немесе өзі білетін, көзімен көрген оқиғаларды ғана хатқа түсірген. Оны ол Орта Азиядағы, сол кездегі сарай тілімен парсыша жазған. Еңбегін жазу үстінде ол сондай-ақ Қаршылық жерлесі Жамалдың «Мулхақат ас-сурах» («ас-Сурах» сөздігіне «Қосымшалар»), Әла ад-Дин Ата Малик Жуайни (1226—1283) мен Рашид ад-Дин немесе Әмір Темірдің жорықтарын хаттаған шараф ад-Дин Әли Йаздидің «Зафар намесіне» («Жеңіс нама») сүйенген. Оның үстіне олардың көпшілігі Хайдар мырзадан бар болғаны екі жүз жылдардың ар жақ-бер жағында ғана өмір сүрген дарындар еді. «Тарих- и-Рашидиді» Хайдар мырза 1544—1546 жылдар шамасында Кашмирде жазған. Ол екі дәптерден, яғни екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде Мәуераннаһрдегі Шағатай әулеті құрған мемлекеттің XIV ғасыр ортасына таман бір жола ыдырап, екіге бөлінуі, Моғолстан деген атпен белгілі болған шығыс бөлігіне Жетісу, Тараз-Талас маңын мекендеген беделді де белгілі тайпа - дулаттардың күшімен дербес мемлекеттің негізі қаланғаны жайлы баяндайды.. 1348 жылы осы мемлекетке дулаттардың қолдауымен Тоғылық Темір (1330—1362) хан болады.

 «Дулаттар... Жетісудағы ең ірі түркі тайпаларының бірі болатын және едәуір жерді алып жататын. Дулаттардың шонжар үстем тобы XIV ғасырда Шығыс Түркістандағы отырықшы егіншілік жерлерге де иелік етті. Мырза Мухаммед Хайдар дулат руының шонжарлары Шығыс Түркістандағы өз иелігін (иқта) XIII ғасырда-ақ алған» деп жазады. Шағатай хан өз мемлекетін (ұлыстарға) бөлгенде, ол Өртебеге (Өрте Бараққа), әмір Полатшының атасына Маңлай Сүбені берді... Оның шығыс шекарасы Құсан — (Құша) мен Тарбүкір, батыс шекарасы — Шаш (Ташкент), Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы Ферғана уалайатына орналасқан; солтүстік шекарасы -Ыстық көл, ал оңтүсті-гінде Жарқан мен Сарыұйғыр. Әмір Полатшы билеген осы аталмыш жер Маңлай Сүбе деп аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше калалар болды. Олардың ішіндегі ең үлкендері Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Әндіжан, Аксу, Атбасы,Құсан.Осы қалалардың ішінен Әмір Полатшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды»

Информация о работе Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар