Қытай каллиграфиясының ерекшелігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 07:45, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың басты сипаттамасы. Өзіміз күнделікті тұтынатын тауар- лардың сипаты жазылатын қағаздарда бейнеленген бедердің қытай жазуы екенін елдің бәрі де біледі.Бірақ онда не жазылғанын аңғара бермейсің.Бұл түсініксіз,кішкентай, төртбұрыш пішінді суреттердің әрқайсысының өзіндік мағынасы бар.Олардың оқу әдістері, жазу тәртібі болады.Каллиграфия өнері- нің өзегінен пайда болған,Аспанасты елінің бір жарым миллиард тұрғыны- ның бір-бірімен ұғысуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі – осы иероглифтер. Иероглифтер – Қытайдың бай мәдениетінің түп негізі.Ие -роглиф деп оқылуы да, жазылуы да қиын жазулар аталған. Иероглиф жазу таңбасының не белгісінің атауы.

Содержание

КІРІСПЕ 3
I ТАРАУ.ҚЫТАЙ ЖАЗУЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ ДАМУЫ
ТАРИХЫ
Қытай жазуының пайда болу тарихы 8
Қытай жазба үлгілерінің қалыптасуы мен даму тенденциялары 12
Қытай жазуының даму кезеңдерi 15
1.2.1.Пиктографиялық кезең 15
1.2.2.Архаикалық (көне) кезең 16
1.2.3. Ежелгі кезең 17
1.2.4. Қазіргі кезең 19
1.4 ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы 24
Қытай жазу үлгісі мен бүгінгі Қытай жазуы
1.5 Қытай жазуының және иероглифтер құрылымының 28
ерекшелігі


II. ҚЫТАЙ КАЛЛИГРАФИЯСЫНЫҢ ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ
ОРНЫ
2.1 Қытай каллиграфиясының ерекшелігі 37
2.2 Қытай каллиграфия өнеріндегі 4 құнды заттары 40
2.3 Графикалық сызықтар: көркем жазу тәсілі 47
2.4. Қытай мөрлері 49
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломка.docx

— 807.13 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ   МИНИСТРЛІГІ

 АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Шетел тілдері және халықаралық  қатынастар факультеті

Шығыс тілдер кафедрасы

 

 

 Қорғауға жіберілді

 Кафедра меңгерушісі,ф.ғ.д профессор____________ Мирзоев К.И.

 

 

Дипломдық жұмыс

 

Тақырыбы: ҚЫТАЙ  ТІЛІНДЕГІ  КӨРКЕМ  ЖАЗУ          

                   КАЛЛИГРАФИЯСЫНЫҢ   ГРАММАТИКАЛЫҚ  

                                               ҚҰРЫЛЫМЫ

(ҚЫТАЙ  КӨРКЕМ  ЖАЗУ  КАЛЛИГРАФИЯСЫНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІГІ)

 Мамандық  050119 – «шет  тілі: екі шет тілі

 

Орындаған:  4курс студенті

 Науканова  Әйгерім

                                                                            Ғылыми жетекші: PhD докторы

Айтқазы  Сажида

 

 

 

 

                                                                                      Алматы 2013

МАЗМҰНЫ

 КІРІСПЕ                                                                                                               3

I ТАРАУ.ҚЫТАЙ   ЖАЗУЫНЫҢ   ШЫҒУ  ТЕГІ  ЖӘНЕ  ДАМУЫ  

  ТАРИХЫ

    1. Қытай  жазуының  пайда болу  тарихы                                                        8                       
    2. Қытай  жазба  үлгілерінің  қалыптасуы  мен  даму  тенденциялары        12
    3. Қытай  жазуының  даму   кезеңдерi                                                             15

1.2.1.Пиктографиялық  кезең                                                                        15

1.2.2.Архаикалық  (көне) кезең                                                                     16

1.2.3. Ежелгі   кезең                                                                                        17

1.2.4. Қазіргі  кезең                                                                                         19

   1.4 ХХ  ғасырдың бірінші жартысындағы                                                      24

         Қытай  жазу  үлгісі мен бүгінгі  Қытай жазуы

   1.5 Қытай  жазуының  және  иероглифтер  құрылымының                            28

          ерекшелігі

 

 

II. ҚЫТАЙ КАЛЛИГРАФИЯСЫНЫҢ  ӘЛЕМ   МӘДЕНИЕТІНДЕГІ

    ОРНЫ

  2.1 Қытай  каллиграфиясының  ерекшелігі                                                       37                           

  2.2 Қытай каллиграфия   өнеріндегі   4  құнды заттары                                 40

  2.3 Графикалық   сызықтар:  көркем  жазу  тәсілі                                            47

  2.4. Қытай  мөрлері                                                                                               49

        Қорытынды

         Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

 

 

 

 

 

 

                                                 КІРІСПЕ

         Жұмыстың  басты  сипаттамасы. Өзіміз  күнделікті  тұтынатын тауар- лардың  сипаты  жазылатын  қағаздарда  бейнеленген  бедердің  қытай  жазуы  екенін  елдің  бәрі  де біледі.Бірақ  онда  не  жазылғанын  аңғара  бермейсің.Бұл  түсініксіз,кішкентай, төртбұрыш  пішінді  суреттердің  әрқайсысының  өзіндік  мағынасы  бар.Олардың оқу әдістері, жазу  тәртібі  болады.Каллиграфия  өнері- нің  өзегінен  пайда  болған,Аспанасты  елінің  бір  жарым  миллиард  тұрғыны- ның  бір-бірімен  ұғысуын  қамтамасыз  ететін  негізгі  факторлардың  бірі – осы иероглифтер. Иероглифтер – Қытайдың  бай  мәдениетінің  түп  негізі.Ие -роглиф деп оқылуы да, жазылуы да қиын жазулар аталған. Иероглиф жазу таңбасының не белгісінің атауы. Иероглиф – буын жүйесіндегі жазу таңбалары. Бір буынды сөздерге арналған. Басқа тілдерде қытай иероглифтері сияқты жазбаша таңбалар, үш негізгі мінездемемен: жазумен, оқумен және мәнмен ие болып жатыр. Әрбір иероглифтің оны құрайтын бөліктердің графикалық бейнесінде таңба және сурет  арқылы, өзара байланысып мәндер иероглифтер арқылы берілетін.Иероглиф — идеографиялық жазудың таңбасы. Иероглиф (грекше hieros - қасиетті, qiyphe - қиылып алынған) жазу таңбасының,не белгі -сінің атауы. Қытай иероглифтері адамзат тарихында адам санасынан туындаған шығармашылықтың үздік туындысы болып табылады. Қытай иероглифтері төртбұрыш пішінді, фонетикалық, пиктографиялық және семантикалық-функционалдық қызметке ие.Шығыс мәдениетінде иероглифтер- көркемдік шығармалар моделінің идеалды түрі болып есептелінеді.Иероглифтік жазу- дың  ықпалын сәулет өнері, қолданбалы өнер туындыларынан айқын аңғару- ға болады. Қытай жазбасының негізі иероглифтер  тек  фонетикалық  емес, мағыналық  мәнге  ие  болатын  белгілер  болып  саналады. Сол  себептен  қыт- айлық  жазуды бізге үйреншікті  әр белгі  тек  дыбысты  білдіретін  алфавиттік  жүйеге  қарама-қайшы  болып, қытай  иероглифтері  немесе  идеографиялық  жазу  деп те атайды.Бастапқыда  иероглифтер  жай ғана  сурет бейнесінде 

болды  және  де  олардың  мағынасын  аңғарып  түсінуге  ешқандай  қиыншы –

                                                            3

лық  туғызбады,бірақ  кейін  қытай  жазуының  дамуына  байланысты  берілген  суреттер  нобайланып, дамып,басқаларымен  бірігіп,көп  мағыналы  бейнелерге   өзгерді. Ал қазіргі  қытай  тілінде  иероглиф сырт пiшiнi бойымен оның мағы- насы туралы iс -жүзiнде түсіну  мүмкін  емес.Қытай  тілінің  жазуы  арнайы  көлбеу, тiк, көлбеу  пішінді сызықшадан, iлмек пішінді және нүктеден  құрал- ған  иероглифтерден  тұрады.Тіптен  оларды  жазудың  иероглифтерге    белгілі бір көрінісіне тән арнайы  жазу  ережелері  қолданылады. Соған орай  иерог-

лифтердің  бірегей  пішіні   қытай  өнерінде  ерекше  мәнге  ие  болды. Содан  қытай  иероглифтерінің көркем,әрі әдемі жазылуын  каллиграфия  деп  атады.

       Каллиграфия (грек. kallіgraphіa – көркем жазу) – көркем әрі анық жазу өнері. Каллиграфия тарихы қаріп және жазу құралдары, стилистика өнері

дамуы тарихымен тығыз  байланысты. Каллиграфия оқуға қолайлы  ғана емес, сонымен қатар хатқа  графикалық эмоционалды-бейнелі ұғым беру мақсатын көздейді. Каллиграфия  стилі қашықтан оқуға мүмкіндік  беретін таңбаларының анық болуына, шапшаң жазылатын курсивке немесе оқуға  қиын, бірақ сәнді өрнекке бейім  болып келеді.

        Қытай жазуы - әлемдегі тарихы аса ұзақ жазулардың бірі. Ол қытай қоға- мының дамуынан бастап, қытай тілінің өркендеуінде көрнекті рөл атқарып келгені тарихтан белгілі. Қытай халқы өзінің ұзақ тарихы барысында рухани құндылықтардың аса мол түрлерін өмірге әкелгені ақиқат. Олар осы бай құндылықтарды өз жазуларының көмегімен бүгінге жеткізіп отыр. Демек қытай жазуы бүгінде қытай халқының ғана емес әлем халықтарының да баға жетпес қазынасына айналып отыр. Қытай жазуын бұрын соңды тек қытайлар ғана емес, маңайындағы  көршілес   халықтар Корея, Вьетнам, Жапония секілді елдер де қолданылған. Бұл тұрғыдан келгенде қытай жазуы ел мен елдің арасындағы мәдени алмастыруды тереңдетті. Қытай жазуы иероглифтік жазудың бүгінгі күндегі ең дамығаны болып есептелінеді.                           

    Каллиграфия  немесе  көркем  жазу – қытай  халқының  мақтан  тұтар өнерінің  бірі.Аспанасты  елінің  бұл  өнерінің  мыңдаған  жылдардан  тамыр

                                                       4

тартатын  тарихы  бар.Қытай  жерінде  жүргізілген  қазбалар  нәтижесінде  табылған  каллиграфиялық  кесікіндерінің  ең  көнесі  б.з.д. 4 мыңжылдыққа тиесілі.Бұл  Баньпо   жерінен  табылған  саздан  жасалған  ыдыс  қалдықтары- ның  бетіне  бейнеленген  алғашқы  Қытай  иероглифтері.Бұндай  иероглифтер  тек  ыдыс  қалдықтарында  ғана  емес,кейбір  ірі  жанурлардың  сүйектерінде,   тіпті  тасбақаның  сауыттарында  да  бейнеленген  көрінеді.Мұндай  дүниелерді  Қытай  ғалымдары  шамамен б.з.д. 16 ғасырға,Шаң  династиясы  дәуіріне жатқызады.Тарихи  деректер   бойынша, дәл  осы  кезеңде  Қытай  мәдениеті  жоғары  деңгейде  дамып,алғашқы  иероглифтер  жазу  жүйесі  пайда  болған. Ол  иероглифтер  жануар  сүйектері  мен тасбақа  сауытына  ойылып  жазылған. Шаң  династиясы  кезінде  патшалар  маңызды  бір  шеш-ім  қабылдар  алдында 

ол  шешімнің  дұрыстығын   тексеру  үшін  тасбақа  арқылы  бал  ашатын   болған.Ол  үшін  арнайы  балгер  ұстаған.Бал  ашар  алдында  тасбақа сауыты  мейлінше  тазаланып, өңдеуден  өткізілген.Өндел-ген  сауыт бетіне  балгер  өз  көргенін  бейнелеп,қырып,шимайлап,бірнеше таңба салған.Таңбаланған сауытқа түскен  сызықтың  бойымен қыздырыл-ған қола  таяқты  жүргізген.  Сонда  сауыт  белгіленген  жерінен  жарылып, балгердің   ойында  тұрған  бейне   анық  көрінген.Сол  бейненің  мағынасын балгер  түсіндіргеннен  кейін  ғана  басқарушы  шешім  қабылдаған.Кейіннен бұл сауыттар  империя   мұра- ғатына  жіберіліп, құнды  құжат  ретінде  сақ-талып   отырған.Деректерге  жүгінсек, қытай  археологтары  шамамен  160 тасбақа  сауытының  қалдықта -рын  тапқан.Бұларда  4 мыңға  жуық  ежелгі  иероглиф  бейнеленген.Оның  мыңға  жуығынан  жан-жақты  сипат  беріліп, мағынасы  жобалап  анықталған. Қалған  үш  мыңы  жөнінде  біраз  дауласқан археологтардың  ойы  ақыры  бір  жерде  тоғыспай,мағынасы  ашылмай  қал- ған.Дегенмен  алғашқы  анықталған  мың  иероглифтің  арқасында  археолог  ғалымдар  Шаң  династиясының  бастапқы   кезеңіндегі  империясының  сая-си,экономикалық  және  мәдени  ахуалы  туралы  бірқатар  мәлімет  алған. Сөйтіп, бүгінде  бір  жарым  миллиард  тұрғын  қолданатын  иероглифтер  алғаш  тасбақа  сауытына  балгер   бейнелен-

                                                            5

ген  шимайлардан  бастау  алған   десек  те  болады. 

 Кейіннен  Қытай  жерінде  қола  өңдеу  өнері  дамып, иероглифтер  қоладан  жасалған  тақталарға ,ыдыс  бұйымдарға  жиі  бедерленген.Бұл – Шаң    динас- тиясы  дәуірінің  орта  кезеңіне  тиесілі  нәрсе.Жазулар  тасбақа  сауыты мен жануар  сүйектеріндегі  таңбалардан анығырақ, әрі   жетілдірілген күйінде  түсіріліген.Қытай  жазуының  түрлі  даму кезеңдері  де  болған.Олардың ең  бастылары  Сяучжуань   және  Лишу  деп  аталған.Сяучжань  кезеңінде  қола

бетіне  түсірілген  бейненің  артық  сызықтары  алынып, белгілі  бір  сөз мағы -насын  білдіретін  нақты  иероглифтер  шыққан.Ал  Лишу кезеңінде  сол иероглифтер  одан  әрі  дамытылып, жеңілдетілген.Стандартты  төрт  бұрыш- ты  пішіні  қалыптасып,сызықтардың  жазылу  реті  бекітілген.

       Иероглифтер  өз  тарихында  бірнеше  өзгерістен  өтті.Жеңілдетілді, өң-

делді,пішінін  өзгертті, қысқартылды.Дегенмен  ескішілдігін,бастапқы  мағы- насын  сақтап  қалған.Мұның  ерекшелігі  де  сонда.Алайда  бұл  иероглифтер   арқылы  тек  Аспанасты   елі  тұрғындары  ғана  өзара  түсініп  қоймаған. Оны -мен  көршілес  жатқан  жапон,корей, въетнам  халықтары  да  алып державаның  иероглиф  үлгілерінің  негізінде  өз  жазу  жүйелерін  құраған. Әсіресе  жапон  иероглифтерінің  тек  айтылуында  ана  өзгешеліктері болмаса, көптеген  таңба- лары  бірдей  болып  түсіріледі.

        Қытай   жазуының  бір  ерекшелігі, ол  жай  ғана  жазу  үлгісі  емес, нағыз  өнер  болып табылады.Каллиграфтар  иероглиф  салу  арқылы  өзінің  көңіл- күйін  білдіріп, жан  дүниесін  аша  білген.Бұл  өнер  адамнан  асқан  сабыр - лылықты, білімді, ұстамдылықты, ұқыптылықты  талап  етеді. Сондықтан  да  ежелгі Қытай мектептерінде иероглиф  жаздыру  ісі  тәрбиелеумен  қоса, жа -залау  шарасы  ретінде  де  жүргізілген.

        Көркем жазудың әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Көркем жазуды Қытайда  ұлттың мәдени ерекшеліктерінің бірі деп таниды. Қытай халқы елінің жеңісімен ғана емес,адам қолымен кестеленген мыңдаған жылдық тарихы бар жылнамасымен де мақтанады.Каллиграфияға

                                                            6

осынша мән берілгені  соншалық, оны өнердің  жеке саласы деп те қарастыр- ған.

         Зерттеу   тақырыбының  өзектілігі  қытай  мәдениетінің  дамуда  қытай  көркем  жазу  мағынасы  орасан  зор  жағдайға  негізделеді.Қытай көркем  жазуы  қытай  мәдениетінің  ажырамас  және  қытай  өнерінің  ерекше  бөлігі  болып  есептелінеді.Бұл  жазбашалық  арқасында  қытай  рухани мәдениетінің  қазынасы,көне  өркениеттің  шығармаларына  және  де  ең  бай   әдеби  ескерт- кіштерге  дейін  жеткізілген.

       Қытай каллиграфиясы – иероглифтерді  жазудың  практикалық техника- сы ғана емес, ғылымның өзiмен таныстыратын бiрегей шығыстың  мәнерлi өнері.Ғылым  бола  қытай  каллиграфиясы  үнемі  даму барысында  стилі 

эволюциясына,ережелеріне,жазу  техникасы  мен  тарихына  ие.Ғылым  ретінде  қытай  мәдениетінде үлкен,әрі  маңызды  рөл  атқарады.

         Дипломдық  жұмыстың  мақсаты мен  міндеттері. Зерттеудің  мақсаты- қытай  жазуының  даму  тарихын, шығу тегін  зерттеу  негізінде, оның  қалыптасу мен  даму  кезеңінде  орын  алған сапалық өзгерістерді зерттеу. Зерттеудің  мақсаты  ретінде  келесі  міндеттер  қойылады:

- қытай  көркем  жазуын  шығу-тегін  зерттеу;

- қытай  жазуының  даму  кезеңіндегі  негізгі  бағыттарын  анықтау;

- қытай  көркем  жазуын  қытай  өнерінің  басты  салаларының  бірі  екенді –

    гін   талдау;

        

 

                                                                                     

       

 

 

 

                                                      7

            I. Қытай  жазуының  шығу  тегі  және  дамуы

          1.1 Қытай жазуының  пайда болу  тарихы

      Археологиялық  мәліметтерге  сүйене отырып,ертеден қытай  жазуының  пайда  болуы  қытай  мәдениетінің  барлық неолиттік қазбаларында  табылған  керамикалық  ыдыстардағы  оюлардан  бастау  алды. Негізінде  неолиттік  кера- микада  болған  оюлар  ыдыстың   түбінде  орналасқан.            

Информация о работе Қытай каллиграфиясының ерекшелігі