Таңба және таңбалық жүйенің адам өміріндегі қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2014 в 21:46, реферат

Краткое описание

Семиотика ғылыми тілде (гр. семеіон – белгі, танба) (семиология) — таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт – дәстүр , кино т.б.), табиғаттағы(жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән

Содержание

Семиотика туралы жалпы түсінік.
Белгі және таңба.
Белгі және таңбаның түрлері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат семиотика.docx

— 38.83 Кб (Скачать документ)

Белгі мен таңба өзара бір-бірімен етене байланысты ұғымдар. Сондықтан, кейде ол екеуі бірінің орнына бірі жүре беретін сияқты болып көрінеді. Дегенмен, олардың аражігін ашып алмаса тағы да болмайды. Меніңше, белгі ұғымының мағынасы таңба ұғымының мағынасынан әлдеқайда кең әрі дерексіздеу, абстрактілі. Белгі нақты шындықтағы зат пен оны қабылдаушы адамның санасын жалғастырушы құрылым. Өз сезім мүшелерімен қабылдаған шындық әлемінің нысанын адам өз санасында белгі арқылы – ең алдымен, тілдегі сөз арқылы көз алдында ұстайды. Сондықтан да біз тілді белгілер жүйесі деп айтамыз.

Ал таңба қазақи тілдік санада, оның мал шаруашылығымен айналысқан тұрмысында нақты күнделікті қажеттіліктерді өтеу үшін қажет әрекет нәтижесі ретінде көрініс тапқан. Демек, таңба әлдененің белгісі деп қабылданғанды бейнелеп, бірдеңеге басып беру қызметін атқаратын құрылым және сонысымен де ол абстрактылық деңгейі одан жоғары жатқан белгі ұғымымен салыстырғанда “жерге жақынырақ” тұрған сияқты. Осы орайда малдың кімнің жеке меншігі екендігін анықтау үшін қойылатын рутаңбаның жалпы адамзаттың жазу-сызуының пайда болуына әкелуі мүмкін екендігін бірнешеме әліпбилер түпнегізінде жатқан белгілерді салыстыру арқылы дәйектеген ғылыми еңбектер барлығын да айта кеткіміз келеді. Таңба интернационалдық термин “штамп” дегенге барып саяды. Бірдеңені алдын ала кескіндеп алып, соны әлдененің белгісі ретінде үсті-үстіне басып отыру – таңбалау қызметі. Осы орайда, тіл болмысты таңбалайтын белгі деген ойтұжырым орынды болмақ. Расында, тіл сөзден болмыстың бүкіл алуан түрлілігінің таңбаларын жасап алып, оны сөйлеу барысында, мәтін жасау барысында қайта-қайта таңбалап тұрған іспетті. Сөз ету дегеніміз таңбалау, есім беру дегеніміз – таңбалау, атау қою дегеніміз – таңбалау.

Конвенционалды белгілер, аты айтып тұрғандай, адамдардың өзара келісімге келуі нәтижесінде қалыптасқан белгілер. Ол белгілерді басқашалай, шартты белгілер деп те атай аламыз. Мысалы, мектептегі қоңырау үні, зілзала кезіндегі дабыл соғу, шіркеу звонницасының үні, жұма намаз алдындағы азан шақыру, жедел жәрдем мәшинесінің үстіндегі қызыл айшық крест және т.т. Конвенционалды белгілерді өз алдына тағы да сигнал, индекс деп тарамдатып жіберуге тағы болады. Сигнал, немесе ишаралар әрбір мәдениетке сай қалыптасады. Оларды адам балалық шағынан көріп-біліп, үйреніп өседі. Мысалы, біздер үшін бас шайқау ишарасы – әлденемен немесе әлдебіреумен келіспеу дегенді білдірсе, болгарлар үшін ол, керісінше, мақұлдау ишарасы болып табылады. Ал индекстер – ақпаратты сығыңқы түрде орналастыру үшін белгілі бір жағдайларда арнайы пайдаланылатын белгілер. Әдетте, атауынан-ақ, біз пошта индексін еске түсіреміз, карталардағы, схемалардағы, графиктердегі белгілерді де индекске жатқызамыз.

Белгіні онтология терминдерімен анықтау қиынның қиыны. Ол – үнемі анықтамадан ысырылып шығу күйінде болатын сусымалы шындық. Вербалды, немесе табиғи тілдік белгілер – адамзат мәдениетінің іргетасы. Ол мәдениеттің семиотикалық негізін құрайды. Сонымен, тілді орталық семиотикалық (белгілік) жүйе деп жалпылама анықтама береміз. Осы жерде семиотика, сол сияқты, онымен бірдеңгейлес семиозис, семиология деген терминдерге тоқталып кету абзал. Семиотика мен семиологияны синоним деуге де болады, өйткені олардың зерттеу пәні біреу ғана, ол – белгі.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 www.wikipedia.ru

2 Семиотика. Хрестоматия: Уч. – методич. модуль/под ред. Л.Л.Фёдоровой. М.: Изд – во Ипполитово, 2005. – С. 500.

3 Пирс Ч.С. Логика как семиотика: теория знаков. // Метафизические исследования. Вып. 11. Язык. СПб, 1999. – С. 199 – 217.

4Соссюр Ф. де. Труды  по языкознанию. — М., 1977. – С. 266.

5Моррис Ч. Значение  и означивание // Семиотика. М., 1983. – С. 490.

6Моррис Ч. Основания  теории знаков // Семиотика. М., 1983. – С. 256.

7 Степанов Ю.С. Структура современной семиотики и её основные понятия. // Язык как знаковая система особого рода. Материалы к конференции. М., 1967. С.73-77

8 Эко У. Отсутствующая структура. Введение в семиологию. СПб, 1998. – С.456.

9 Лотман Ю.М. Статьи по семиотике культуры и искусства. СПб, 2002. – С. 266.

10 С. Панкин. История и теория религии. – Москва, 2008. – С. 19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Таңба және таңбалық жүйенің адам өміріндегі қызметі